Главная страница
Навигация по странице:

  • І.Ұйымдастыру кезеңі: а)

  • Мақсаты

  • Саралау

  • Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп

  • «Еркін микрофон» әдісі.

  • Тиімділігі

  • Қысқамерзімді жоспар Сабақтың тақырыбы: « Заттардың жіктелуі»

  • Барлық оқушылар үшін

  • жаратылыс. Жаратылыстану. 6-сынып. 2-тоқсан.. ысамерзімді жоспар Сабаты таырыбы Заттарды рылысы мен асиеттері


    Скачать 5.96 Mb.
    Названиеысамерзімді жоспар Сабаты таырыбы Заттарды рылысы мен асиеттері
    Анкоржаратылыс
    Дата27.09.2022
    Размер5.96 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЖаратылыстану. 6-сынып. 2-тоқсан..docx
    ТипДокументы
    #701480
    страница4 из 12
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

    Сабақтың барысы:

    Сабақ кезеңі/Уақыты

    Педагогтің іс-әрекеті

    Оқушының іс-әрекеті

    Бағалау

    Ресурстар

    Сабақтың басы

    Қызығушылықты ояту

    7 мин.

    І.Ұйымдастыру кезеңі:

    а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу үшін «Өрмекшінің торы» әдісін пайдаланып, оқушылар бір- біріне жақсы тілектер айту арқылы жіпті лақтырады.

    ә). Топ ережесін еске түсіру.

    б). Топтастыру.

    Сап түзеп тұру арқылы 1, 2 санын реттілікпен саналу арқылы екі топқа бірігеді.

    І-топ:

    ІІ-топ

    Топтың ережесі:

    1. ТҚЕ сақтау.

    2. Топ басшысына бағыну.

    3. Белсенді болу.

    4. Бір-бірін тыңдау, өз пікірімен ашық бөлісу, басқалардың пікіріне құрметпен қарау.

    5. Уақыт шегінде жұмыс жасау.




    Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

    Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

    Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.




    Тоқыма жіп


    Жаңа сабаққа кіріспе



    (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

    Өзгенің пікірін толықтырады.

    Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

    1. Қайнау кезінде сұйықтықтың температурасы өзгере ме?

    2. Сұйықтық қайнаған кезде неліктен көпіршіктер көбейіп, судың бетіне көтері леді?

    3. Булануды қайнауға жатқызуға бола ма? Неліктен?

    4. «Ашудан зығырданы қайнау» деген сөз бар. Ол нені білдіреді?

    5. Ашудан зығырданы қай нау – жақсы, жаман немесе бейтарап нәрсе, сенің ойыңша қалай?

    Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

    Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

    Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

    Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

    Сабақтың ортасы

    Мағынаны ашу.

    26 мин.

    Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

    Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады. Оқулықтағы сызбаны сызып алады.

    Дескриптор: Жалпы - 3 балл

    1. Тапсырманы орындайды.


    Видеоролик




    Оқулықта берілген орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

    1-тәжірибе.

    Қысқышпен алюминий немесе мыс тілімін (сым) алады. Бірнеше минут бойы оттың үстіне ұстап, қыздырады. Затты балқыта алдың ба? Қалай ойлайсың, неліктен?


    2.Сызбамен жұмыс

    Қандай жағдайда температура артатынын, ал қай кезде төмендейтінін анықтайды. Қандай жағдайда қайнау үдерісі, ал қай кезде

    балқу жүзеге асады?




    Дескриптор: Жалпы - 3 балл

    1.Тәжірибені орындайды

    2.Сызбаны талқылайды.

    ДК экраны

    6-сынып оқулығы.

    Жұмыс дәптерлері.



    Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

    1-тәжірибе.

    Сынауыққа 1–2 қасық қант салады. Сосын оны ұстағышқа бекітеді, спиртті шамның жалынымен қыздырады. Нені байқадың? Қыздыруды жалғастыратын болсақ, одан әрі қандай жағдай болуы мүмкін?


    Дескриптор: Жалпы - 3 балл

    1.Тапсырмаларды талдап сипаттайды

    2.Дайындалған тест сұрақтарын орындайды.

    ДК экраны

    6-сынып оқулығы.

    Жұмыс дәптерлері.

    Сабақтың соңы

    Ой толғаныс.

    Рефлексия

    7 мин.


    «Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
    Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

    Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

    Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

    Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


    Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.





    Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

    Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

    Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


    «Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».
    Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

    «Мадақтау сөзі» әдісі

    Денсаулық сақтау технологиялары.

    Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

    Осы сабақта қолданылатын

    Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

    Жалпы бағалау

    Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

    1:

    2:

    Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

    1:

    2:

    Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

    1:

    2:



    Қысқамерзімді жоспар
    Сабақтың тақырыбы: «Заттардың жіктелуі»

    Бөлім:

    6.2А Заттар және материалдар

    Педагогтің аты-жөні:




    Күні:




    Сыныбы:

    Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

    Сабақтың тақырыбы:

    Заттардың жіктелуі

    Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

    6.3.2.1 заттарды органикалық және бейорганикалық заттар күйінде жіктеу

    Сабақтың мақсаты:

    Барлық оқушылар үшін:

    Заттарды органикалық және бейорганикалық заттар күйінде жіктейді.

    Көпшілік оқушылар үшін:

    Органикалық заттардың ерекшеліктерін және олардың

    қасиеттерін сипаттай алады.

    Кейбір оқушылар үшін:

    Бейорганикалық заттардың ерекшеліктерін біледі.

    Құндылықтарға баулу:

    «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


    написать администратору сайта