Сабақ кезеңі/Уақыты
| Педагогтің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.
| Ұйымдастыру кезеңі:
(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру. Топ ережесін еске түсіру. Топтастыру.
| Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:
Фигуралар көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру.
I – Үшбұрыштар тобы
II – Дөңгелектер тобы
III – Төртбұрыштар тобы
| Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
| Фигуралар салынған конверт
|
Ж аңа сабаққа кіріспе
| (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
| 1.Тұрмыстық химия дегеніміз не?
2.Тұрмыстық химия өнімдеріне не жатады?
3. Агрегаттық күйіне қарай тұрмыстық химия қаншаға бөлінеді?
| Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
| Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
| Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
| Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады
| Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. Тәжірибе жұмыстарын орындайды.
| Презентация
|
| Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
| 1.Сарамандық жұмыс
Қажетті заттар: кіржуғыш ұнтақ, ыдыс жууға арналған құрал, тазартқыш құрал, су, әмбебап индикатор, шыны таяқша, қалақша, элодея балдыры.
Үйренеді: қышқылдық ортаны анықтау, бейтараптандыру үдерісін жүргізу. 1-тәжірибе.
Синтетикалық жуғыш құралдардың тірі организмге әсері
Тапсырма. Элодея балдырының тіршілік әрекетіне кіржуғыш ұнтақтың қалай әсер ететінін анықтайды.
Біреуінде кәдімгі су, екіншісінде кіржуғыш ұнтақ ерітіндісі бар 2 стақанға элодея балдырын салады. Өзгерістерді бақылайды.
20 минуттан кейін байқаған өзгерістерді жазады.
2-тәжірибе.
Кіржуғыш ұнтақтың, ыдыс жууға арналған, тазартатын құралдың (немесе кез келген басқа құралдың) ерітінді ортасын анықтайды.
Ұсынылған тұрмыстық химия құралдарының пайдалану ережелерін зерттейді. Олар қандай қауіптілік дәрежесі тобына жататынын анықтайды.
| Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1.Сарамандық жұмысты орындатады.
| ДК экраны
6-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
| Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
| 1.Кестемен жұмыс Берілген барлық тұрмыстық химия құралдарының ерітінділері қандай орта екендігін анықтайды.
| Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1.Кестені сызады
2. Талдау жасап айырмашылықтарын анықтайды.
| ДК экраны
6-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
| «Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.
| Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.
| Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.
|
|
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?
| Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу». Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.
| «Мадақтау сөзі» әдісі
| Денсаулық сақтау технологиялары.
Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.
Осы сабақта қолданылатын
Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.
|
Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?
1:
2:
|