Главная страница
Навигация по странице:

  • Барометр

  • ҚОРЫТЫНДЫ

  • ӘДЕБИЕТТЕР

  • Кысым өлшеу аспатары. Кысым олшеу. ысым бір дене екінші дене бетіне мысалы, имарат іргетасыны грунта, сйытыты ыдыс абырасына, озалтыш цилиндріндегі газды піспекке, т б


    Скачать 359.17 Kb.
    Названиеысым бір дене екінші дене бетіне мысалы, имарат іргетасыны грунта, сйытыты ыдыс абырасына, озалтыш цилиндріндегі газды піспекке, т б
    АнкорКысым өлшеу аспатары
    Дата05.12.2019
    Размер359.17 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаКысым олшеу.docx
    ТипДокументы
    #98735
    страница3 из 3
    1   2   3

    Физикалық вакуум

    Жоғары вакуумдағы газ қасиеті тек молекулалардың қабырғаларға не басқа қатты денелерге соқтығысуымен ғана анықталады. Өйткені молекулалардың өзара соқтығысуы өте сирек болғандықтан мұнда ол шешуші рөл атқармайды. Молекулалар қабырғалар аралығында түзу сызық бойымен қозғалады. Тасымалдау құбылысы қабырғаларға тасымалданатын шамалар градиенті секірмесінің пайда болуымен сипатталады. Мысалы, ыстық және салқын қабырғалар арасындағы кеңістіктегі молекулалардың жартысына жуығының жылдамдығы салқын қабырғаның температурасына сәйкес, ал қалған бөлігінің жылдамдығы ыстық қабырғаның температурасына сәйкес келеді. Басқаша айтқанда, барлық көлемдегі газдың орташа температурасы бірдей, бірақ ол ыстық және салқын қабырғалардың орташа температурасынан өзгеше. Тасымалданатын шаманың (жылудың) мөлшері газдың қысымына тура пропорционал. Жоғары вакуумдағы ток тек электродтар бөліп шығаратын (эмиссия) электрондар мен иондарға ғана тәуелді. Бұл жағдайда газ молекулалары иондалуының екінші дәрежеде ғана рөлі бар.

    Орташа вакуумдағы газ қасиеті төмен және жоғары вакуумдағы газ қасиеттерінің аралығында болады. Аса жоғары вакуумның ерекшелігі газ молекулаларының соқтығысуымен емес, вакуумдағы қатты дене бетіндегі процестерге байланысты болып келеді. Кез келген дене беті жұқа газ қабатымен қапталған. Дене бетіндегі осы газ қабатын қыздыру арқылы жоюға болады. Газдан арылған дене бетінің қасиеті күрт өзгереді: үйкеліс коэффициенті күшті артады, кейбір жағдайларда бөлме темп-расының өзінде-ақ материалдарды диффузиялық тәсілмен балқытып біріктіру мүмкіндігі туады. Вакуумды алу және оны пайдалану жөнінде вакуумдық техника мақаласын қараңыз.

    1. Вакуум жүйе

    Вакуум жүйе латынша: vacuum - бос - сорғы корпустарын және сорғыш құбыр желісінің қуыс-қуыстарын суға толтыруды қамтамасыз ететін жүйе. Бос кеңістіктерді суға толтыру, ондағы қысымды сирету арқылы атқарылады. Ондай жүйелер вакуум сорғылармен, эжекторлармен, көтеріңкі сорғыш құбырлармен, шанақ-аккумуляторлармен жабдықталады. Орталықтан тепкіш сорғыға су құятын тетіктің деңгейі суару көзінен жоғары болу қажет. Вакуум сорғы, эжектор, су сорғыш құбыр білігі жоғары көтеріліп пайдаланылады. Вакуум сорғымен және вакуум қазандықпен жабдықталған вакуум жүйелер ең көп тараған түрге жатады. Вакуум сорғының құю шанағы қызметін атқаратын вакуум қазандықтың төменгі бөлігіне суды құбыр желісі арқылы кол сорғымен береді, ал сорғыш келте құбырлары толтыру шанағына және вакуум-қазандық қақпағына жалғасқан негізгі сорғылар корпусына су вакуум-сорғылармен беріледі. Вакуум сорғылар жұмыс атқара бастағанда, қазандықтың вакуумды бөлігінде қысым төмендей бастайды, сөйтіп су көзінен ауаүрлегіш арқылы негізгі сорғылар корпусына су сорыла бастайды. Вакуум-сорғының жұмысы вакуум қазандықтағы су деңгейі жоғарғы шегіне жеткенше жалғаса береді. Қазандықта судың үш бақылау деңгейі орнатылады екінші вакуум-сорғы апатты жағдайда іске қосылады, бірінші вакуум-сорғы апатты жағдайда іске қосылады, вакуум-сорғылардың жұмысы тоқтатылады.

    1. Барометр

    Барометр - ауырлық және metreo - өлшеймін - атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал. Ең көп таралғаны - сынапты барометрлер. Олар ыдыстарының пішініне қарай табақшалы а, сифонды ә және сифонды-табақшалы б болып ажыратылады. Сынапты барометрдің жұмыс әрекеті атмосфералық қысымның барометрлік түтіктегі сынап бағанасы қысымымен теңгерілуіне негізделген. Барометрдің сезгіштігі - 1 Па. Атмосфералық қысымның өзгерісін жазу үшін барограф қолданылады.



    Барометр (грекше ауырлық өлшеу) — атмосфералық қысымды өлшейтін аспап. Сынапты барометр, анероид және дифференциалды барометрлер деп бөледі. Құрылысы бойынша сынапты барометр шыны аяқты және сифондық болып бөледі. Барометрлік нивелирлеу - барометр арқылы жер бетінің белгілі бір нүктелеріндегі атмосфералық қысымды өлшеп және ауа температурасын ескере отырып нүктелердің биік айырымын анықтау әдісі. Үйлесімді байқау әдісін екі байқаушы жүргізеді. Бастапқы нүктеде барометрлердің, термометрлердің және сағаттардың көрсеткіштерін салыстырып, бір байқаушы сонда қалады да, уақыттың тең аралығы сайын, мысалы, 30 мин. сайын барометрден,термометрден және сағаттан есептеу алады және жазады. Екінші байқаушы анықталатын нүктелерде өлшеу уақытында осындай есептеулер алады және жазады. Биік айырымын есептеу үшін бірінші байқаушының барометрінің және термометріні көрсеткіштері екіншінің өлшеу мерзіміне интерполяцияланады.

    Адандарды нивелирлегенде аудан ортасында таңдалған станцияда келіскен мерзімде байқаулар жүргізіледі, одан анықталатын нүктелерге дейін бағытжолдар салынады да, аспаптардың көрсеткіштерін тексеру мақсатымен станцияға қайтып келеді. Нивелирлеудің ең дәл әдістерінде изобаралық беттердің еңістігін және температуралық градиенттің өзгеруін ескереді.

    Э. Торричелли тәжірибесіндегі сынапты түтікке вертикаль шкала орнатса, қарапайым сынапты барометр пайда болады. Сынапты барометрдегі сынап бағанының биіктігі 1 метрге жуық әрі оны тік етіп орнату немесе іліп кою керек. Сондықтан ондай барометрді алып жүру қиын әрі ыңғайсыз және қауіпті де, өйткені сынаптың буы - улы. Әсіресе кемеде, ұшақта, барометр өте қажет болған басқа да жағдайларда оны қолдану тіпті мүмкін емес. Сондай кездерде атмосфералық қысымды өлшеу үшін барометр-анероидтар (грекше анероид - сұйықсыз) кеңінен колданылады. Барометр-анероид беті толқын тәрізді қатпарланған дөңгелек жұқа металл қорапшадан тұрады. Оның ішіндегі ауа сорып шығарылған. Атмосфералық қысымның әрекетінен қорапша қабысып қалмауы үшін оны серіппе арқылы керіп қояды. Атмосфералық қысым өзгергенде қорапшаның көлемі де өзгереді. Соның салдарынан серіппе созылады немесе сығылады. Мысалы, атмосфералық қысым артқанда қақпақ төмен қарай майысады да, серіппе керіліп ұзарады. Ал қысым кемігенде қақпақ қайтадан орнына келеді де, серіппе, керісінше, жиырылады. Беріліс тетігі серіппенің осы қозғалысын құралдың шкаласы бойымен жылжып отыратын көрсеткішке береді. Шкала миллиметр сынап бағанымен кейде килопаскальмен 103 Па түрленеді. Атмосфералық қысым атмосфералық құбылыстармен байланысты болғандықтан, барометр шкаласына қарап ауа райын да болжауға болады.

    ҚОРЫТЫНДЫ

    Мен, есеп беру жұмысты орындау барысында нұсқа бойынша екі әдістемелік нұсқауды пайдаландым. Жұмыс барысында көптеген қиындықтарды кездестірдім. Берілген нұсқамада көрсетілген вариант бойынша және формулалар бойынша жұмыс жүргіздім соған сәйкес тапсырмаларды орындадым.

    Соңына тапсырмаға сәйкес кесте толтырдық, графиктер тұрғыздық. Барометрмен, нөлге жуық қысым вакуумметрмен өлшенеді құрылысымен, жұмыс істеу принципімен таныстым.

    Әр түрлі технологиялық процестерді бақылау, автоматты реттеу және басқару жүйелерінде пневматикалық немесе электрлік шығу сигналдары үйлестірілген шкаласыз манометрлер пайдаланыладық. Техникада көбінесе сұйықтың, газдың немесе будың қысымын өлшеу үшін металл манометр қолданылады, кейде оны Бурдон манометрі деп те атайды. Оның жұмыс істеу принципі үрлеген кезде түзулене түсетін сыбызғы тәрізді ойыншыққа ұқсайды.
    ӘДЕБИЕТТЕР

    1. Ұлттық энцклопедия - Ә. Нысанбаев.

    2. Уикипедиа ашық энциклопедиа.

    3. Ғаламтор жүйесі қазақша сайттар.

    4. Физика және Гидравлика кітаптары.

    1   2   3


    написать администратору сайта