Главная страница
Навигация по странице:

  • Білімі ң ді қ олдан

  • Диагноззз. 13 тақырып Асқорыту жүйесінің аурулары-Өмірзақ. Iv блім. оректену 13. Асорыту жйесіні аурулары жне оларды алдын алу жолдары


    Скачать 141.37 Kb.
    НазваниеIv блім. оректену 13. Асорыту жйесіні аурулары жне оларды алдын алу жолдары
    АнкорДиагноззз
    Дата10.05.2022
    Размер141.37 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла13 тақырып Асқорыту жүйесінің аурулары-Өмірзақ.docx
    ТипДокументы
    #521280

    IV бөлім. Қоректену

    § 13. Асқорыту жүйесінің аурулары және олардың алдын алу жолдары

    А сқорыту жолының аурулары неден пайда болады?

    Аурудың алдын алу үшін қандай шаралар қолдану қажет?

    Асқорыту жүйесінің аурулары. Адам ағзасындағы асқорыту жүйесі – негізгі құрылымдардың бірі. Асқорыту жүйесі ағзаны қоректік заттармен және энергиямен қамтамасыз етеді. Асқорыту жүйесінің бұзылуы ағзаның ахуалын нашарлатады. Егер адам асқорыту жүйесінің ауруларына назар аудармаса, олар күрделі асқынуларға әкелуі мүмкін.

    Асқорыту жүйесімен байланысты аурулар – ең көп таралған аурулар. Құсу, жүрек айну, кекіру, дене салмағының артуы немесе азаюы, тәбеттің ашылуы немесе керісінше төмендеуі, жалпы әлсіздік– асқазан-ішек ауытқуларының белгісі.

    Адам ағзасының асқорыту жүйесінің аурулары әртүрлі себептермен пайда болады. Мысалы, дизентерия, ботулизм, холера, сальмонеллез бактериялар арқылы туындайтын аурулар болса, аскаридоз және энтеробиоз ауруларын паразит құрттар таратады. Гепатит, панкреатит, гастрит, холецистит аурулары дұрыс тамақтанбау салдарынан болады.

    Дизентерия – біржасушалы паразиттер (амеба) немесе бактериялардың (дизентерия таяқшасы) тоқ ішектің қабырғасын зақымдайтын жұқпалы ауру. Дизентерия ауруын жұқтырған адамның дене температурасының көтерілуі, бұлшықеттер мен буындардың ауырсынуы, қан аралас іштің өтуі байқалады. Дизентерия таяқшасы тазалықты сақтамағаннан, таза емес суды ішкеннен және жеміс-жидекті жумай жегеннен жұғады.

    Ботулизм – уланудың ауыр формасы, ол ауру тудыратын бактерияларымен зақымдалған балық, ет, сирек жағдайда көгөніс консервілерін жегеннен болады. Аурудың белгілері 12-24 сағаттан кейін білінеді, адамның жүрегі айнып, құсып, іші ауырып, іші өте бастайды. Бірте-бірте көздің көруі төмендеп, тынысы тарылып, соңы өлімге дейін әкелуі мүмкін. Қақпағы көтеріліп кеткен консервіленген тағамды жеуге мүлде болмайды.

    Холера – холера вибриондары (бактерия) арқылы пайда болатын ауру. Бұл ауру әдетте лас тоғандарда шомылғанда және қолы лас адаммен амандасқанда жұғады. Холера ауруының белгілері: іш өтеді, қатты құсудан ағза сусызданады, жүрек пен бүйректің қызметі бұзылады, дененің құрысуы мен демікпе пайда болады. Жұқпалы аурулардың алдын алудың негізгі жолы – тазалық ережелерін сақтау.

    Сальмонеллёз – сальмонелла бактериясы тудыратын ауру. Сальмонелла мерзімі өтіп кеткен ет, жұмыртқа, сүт және сүт өнімдері арқылы жұғады. Сальмонеллез ауруының негізгі белгілері: температураның көтерілуі, іштің ауруы, жиі дәретке бару, жүрек айнып, құсу. Етті, жұмыртқа мен сүтті әбден қайнату керектігін ұмытпа!

    Асқазан-ішек инфекциялық ауруларымен қатар ішекқұрт аурулары да кездеседі. Ол аурулар паразит құрттар немесе гельминттер арқылы таралады. Гельминттер арқылы таралатын аурулар қатарына аскаридоз бен энтеробиоз жатады. Аскаридоз ашішекті, энтеробиоз тікішекті зақымдайды. Паразит құрттар ішекті зақымдап, улы заттар бөледі. Паразит құрттардың жұмыртқалары асқорыту жолына кір қол немесе дұрыс піспеген балық, ет арқылы түседі.

    Гепатит – бауырдың вирустармен зақымдануы немесе дұрыс тамақтанбаудан пайда болатын ауру. Холецистит өт қабында тастардың пайда болып, өт қабының қабырғаларын тітіркендіреді және қабындырады. Осы тастар ұйқы безін де қабындырып, панкреатит ауруын тудырады.

    Гастрит – әртүрлі себептермен (бактериялар, психологиялық соққы алу, дәрі-дәрмектерді ретсіз пайдалану т.б.) тұз қышқылы мен пепсиннің әсерін реттей алмауынан асқазанның сілемейлі қабықшасының қабынуы. Гастриттің асқынуы асқазан жарасына (язва) әкеледі.

    Асқазан-ішек ауруларының алдын алудың ең маңызды шарасы – салауатты өмір салтын ұстану, зиянды әдеттерден бас тарту, жеке бас гигиенасын сақтау, еңбек және демалыс тәртібін қадағалау, уақтылы ұйықтау.

    Дұрыс тамақтану. Адамның денсаулығы көп жағдайда оның тамақтануымен тікелей байланысты. Тағамның түрі әртүрлі болып, құрамында адамға қажетті нәруыздар, майлар, көмірсулар, витаминдер және минералды тұздар болуы керек. Дұрыс тамақтану жұмсалған энергияны толықтырып, адам ағзасын қажетті мөлшердегі заттармен қамтамасыз етеді. Тәулігіне адам ағзасына шамамен 100-150 г нәруыз, 400-500 г көмірсу және 80 г май қажет.

    Дұрыс тамақтанудың негізгі ережесі – артық тамақ жемеу. Тағамды шектен тыс көп жеу асқорыту мүшелеріне үлкен салмақ салады, сондықтан асықпай, аз мөлшерде қоректену керек. Диетологтер тәулігіне 4 рет тамақтануды, тәуліктің бірінші жартысында нәрлі тамақ жеуді ұсынады. Тәуліктік тағамның мөлшері таңғы аста 25%, түскі аста 50%, түстен кейінгі аста 15% және кешкі аста 10% болғаны дұрыс.

    Тәбет – тамақтанумен байланысты болатын жағымды түйсік. Егер тағам дәмді әрі жағымды иісі бұрқырап тұрса, онда адамның тәбеті ашылады. Бұл жағдайда асқорыту сөлдері белсенді бөлініп, асқорыту жолында тағам тез қорытылады және ішек қабырғасымен жақсы сіңіріледі. Тағам жылы күйде болуы абзал. Ыстық тағам ауыздың немесе өңештің сілеймелі қабықшасын күйдіреді. Ыстық пен суық тағамды араластырып ішкеннен тістің эмалі бұзылады. Майлы тағам, ащы дәмдеуіш, қуырылған картоп, сірке қышқылы, тәтті өнімдер сияқты азық-түлікті көп мөлшерде пайдалануға болмайды. Құрғақ тағамнан кейін сусын ішу керек, ол өңеш пен асқазанның сілемейлі қабықшасының зақымдануының алдын алады және асты жақсы қорытуға септігін тигізеді.

      

    Қантышқақ

    Ботулизм

    Тырысқақ

    Сальмонеллез

    Гепатит

    Панкреатит

    Гастрит

    Холецистит

    Дизентерия

    Ботулизм

    Холера

    Сальмонеллез

    Гепатит

    Панкреатит

    Гастрит

    Холецистит

    Dysentery

    Botulism

    Cholera

    Salmonellosis

    Hepatitis

    Pancreatitis

    Gastritis

    Cholecystitis







    Түсінгеніңді тексер

    1.Асқорыту жүйесінің аурулары неден пайда болады?

    2. Асқорытудың инфекциялық ауруларының таралу ерекшеліктері неде?

    3. Денсаулықты сақтауда дұрыс тамақтанудың қандай ережелерін ұсынасың?

    4. Ішек-құрт ауруларының алдын алуда қандай шаралар қолдану керек?

    5. «Ас дәмді болсын» дегеннің мәні неде?
    1. Асқорыту жолында патогенді бактериялар тудыратын аурулар

    - дизентерия

    - холера

    - гепатит

    - холецистит

    - ботулизм

    2. Гепатит ауруынан зақымдалатын мүше

    - жүрек

    - бүйрек

    - бауыр

    3. Сальмонеллез ауруының белгісі

    - іштің ауруы

    - көздің көрмеуі

    - жүректің айнуы

    - қатты жөтелу

    - жиі дәретке баруы

    4. Тәулігіне адам ағзасына қажет нәруыз мөлшері

    - 50-80 г

    - 100-150 г

    - 400-500 г

    - 650-700 г

    5. Дұрыс тамақтанудың ережесі

    - дәмдеуіштерді көп пайдалану

    - тамақ алдында қолды жуу

    - тағамды ыстықтай жеу

    - кешкі астың мөлшерін азайту

    - көкөніс дақылдарын тұтыну

    - майлы тағамды жиі қолдану



    Біліміңді қолдан

    1. Асқорыту жүйесінің аурулары бойынша кестені толтыр.

    Асқорыту жүйесінің аурулары

    Аурудың белгілері

    Алдын алу шаралары











    2. Асқорыту жүйесінің аурулары мен олар зақымдайтын мүшелерді сәйкестендір.

    1) дизентерия

    2) гепатит

    3) гастрит

    4) энтеробиоз

    5) аскаридоз

    6) холецистит

    а) тік ішек

    ә) аш ішек

    б) өт қабы

    в) тоқ ішек

    г) бауыр

    ғ) асқазан

    Жауабы: 1-в; 2 -г; 3- ғ; 4 -а; 5 - ә; 6 - б

    3. Сызбадағы денсаулық сақтау шаралары бойынша мысалдар келтір.






    Ойыңды түйінде

    Табиғат аясындағы демалыс

    Жазда балалар табиғат аясына демалуға шықты. Олар өзімен бірге нан, айран, жұмыртқа, консервіленген өнімдер мен жеміс-жидек алып барды. Күн ыстық болғандықтан, орман жанындағы тоған суға шомылды. Түскі уақытта жеміс-жидекті ағын суға жуып, алып келген азық-түлікпен тамақтанды. Табиғатта балалар әртүрлі ойындар ұйымдастырып, көңіл көтерді.

    Алайда кешке қарай төрт баланың дене қызуы көтеріліп, жүрегі айнып, құсып, дәретке жиі барып, әбден мазасы кетті. Олар дәрігердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болды.

    1) Табиғатта балалардың тазалыққа қатысты жіберген қателіктерін ата.

    2) Балалар далада тамақтанғанда қандай тазалық ережелерін бұзғандығын айт.

    3) Дәрігерге жүгінген балалардың ауру белгілері қандай ауруды көрсетеді?

    4) Табиғатқа шығар алдында тазалық гигиенасы мен дұрыс тамақтану бойынша кеңестер ұсын.


    написать администратору сайта