процесс ответ (1) (1). ыздыру, салындату, жылу беруге анытама берііз. ыздыру
Скачать 40.27 Kb.
|
Қыздыру, салқындату, жылу беруге анықтама беріңіз. Қыздыру - оларға жылу беру арқылы материалдардың температурасын арттыру процесі аталады. Жылу беру- екі жылу тасымалдағыштың арасындағы олардың қатты қабырғасы арқылы жылу алмасу. Салқындату - салқындатқыш әдетте зат болып табылады сұйықтық немесе газ, бұл жүйенің температурасын төмендету немесе реттеу үшін қолданылады. Жылу мөлшерінің формуласын жазып, сипаттаңыз. Жылу алмасу кезiндегi iшкi энергияның өзгеруiнiң мөлшерлiк шамасын жылу мөлшерi деп атайды. Жылу мөлшері – сол заттың температура өзгерісіне, массасына, және жылу сыйымдылығына тура пропорционал. Физикалық шаманың формуласы: Q = cm(t2 – t1) Физикалық шаманың өлшем бірлігі (SI жүйесінде): Q –[Дж], Жылу беру процестерінің түрлерін атаңыз және сипаттаңыз Жылуалмасу тәсілдері: жылуөткізгіштік, конвекция, жылулы сәулелену. Жылу өткізгіштік - дененің температура айырмасы бар нүктелері арасында бір нүктеден екінші нүктеге жылу энергиясын жеткізу қасиеті; дененің температурасы жоғары жақтан температурасы төмен жағына қарай жылу өткізу қабілеті. Конвекция - сұйықтың немесе газдың ағыны арқылы энергияның тасымалдануы барысында жылу алмасу процесі. Жылу сәулеленуі Бұл дененің температурасы арқасында және электромагниттік спектрдің инфрақызыл толқын ұзындығы арқылы берілетін энергия. Барлық денелер температурасы қаншалықты төмен болса да, кейбір инфрақызыл сәуле шығарады. «Балқу» және «кристалдану» анықтамаларын жазыңыз. Балқу мен кристалданудың байланысын көрсетіңіз. Балқу- қатты кристалдық заттың сұйық күйге ауысуы. Кристалдану –ерітінділер мен балқымалардан қатты фазаны кристаллдар түрде бөлу Балқу мен кристалдану температура арқылы байланысады. Себебі, балқу мен екеуі де тұрақты температурада өтеді. Ол дегеніміз зат қай температурада балқыса, сол температурада кристалданады. «Булану» және «конденсация» анықтамаларынжазып, булану мен конденсация арасындағыбайланыстыкөрсетіңіз Конденсация - буды салқындату арқылы оны сұйықтыққа айналдыру процессі. Буды сұйылта жүретін аппараттар конденсаторлар деп аталады Булану- заттың сұйық немесе қатты агрегаттық күйден газ тәрізді (бу) күйге (бірінші текті фазалық ауысу) ауысу процесі. Газдар температура азайғанда сұйықтыққа айналады. Мысалы сутегі не оттегі газдары төменгі температуралард сұйық күйінде болады. Немесе фильмдерде талай рет көрсетілетін сұйық азот: Бұл азот арнайы тоңазытқышта, төмен температурада сұйық күйінде болады. Бірақ температура жоғарлаған сайын азот буланады да газға айналады.Сұйық күйіндегі азот өте қауіпті зат! Сұйық азотқа салынған заттар мұз болып қатып қалады да, бір соққымен үгітіліп қалады. Булану және конденсация дегеніміз осы!Сублимация бұл қатты заттардың газға айналуы. Мысалы - сабын, аяқкиімдітазалайтын крем, ас және басқаларыбуланады. Газ-сұйық жүйені бөлудің қандай жолдары бар? Бірнеше жолды қысқаша сипаттаңыз. Газдарды дымқыл тазарту Центрифугалау. Центрифугалау дегеніміз біртексіз жүйелерді (эмульсия және суспензия) центрден тепкіш күш өрісінде бөлу процесі. Мұнда сұйықтар үшін жалпы және өткізгіш бөлгіштер қолданылады. Центрифугалау процестері центрифуга деп аталатын машиналарда жүзеге асырылады. Тұндыру. Бөлу процесі, мұнда сұйықтағы немесе газдағы бөлшектер жалпы фазадан ауырлық күші, инерция күші немесе электростатикалық күштер әсерінен бөлінеді. Ауырлық күші әсерімен өтетін тұндыру тұну деп аталады. Дымқыл бөлу- газдағы бөлшектерді қандай да бір сұйықпен бөлу процесі. Бұл процесс ауырлық күші немесе инерция күші әсерімен жүзеге асырылады және газдарды тазартуда, супензияны бөлуде қолданылады. Адсорбция және абсорбция дегеніміз не? Олардың айырмашылығы неде? Адсорбция - газдың, будың немесе ерітіндінің компонентін қатты кеуекті сорғышпен сіңіру, яғни бөлу үрдісі заттың газды немесе сұйық фазадан қатты фазаға өтуімен сипатталады. Абсорбция- газды сұйықпен сіңіру, яғни газ фазасынан сұйық фазаға заттың өтуімен сипатталатын бөлу үрдісі. Абсорбция және адсорбция сорбциялық процестердің екі формасы болып табылады. абсорбция мен адсорбция арасындағы айырмашылық, сіңу кезінде бір зат (зат немесе энергия) басқа зат алады, ал адсорбцияда тек беткі деңгейдің өзара әрекеттесуі жүреді. Газ - қатты жүйені қалай ажыратуға болады? Бірнеше жолды қысқаша сипаттаңыз Фильтрлеу. Сұйық немесе, газды өткізуге, бірақ ортадағы қатты бөлшектерді ұстап қалуға қабілетті кеуекті тежегіштер көмегімен немесе центрден тепкіш күш әсерімен жүзеге асырылады және суспензиялар мен шаң тозаңды бөлуде қолданылады. Газдарды фильтрлеу арқылы тазалау. Фильтрлеу арқылы тазалауда ауыр бөлшектері бар газ кеуекті тежегіштер арқылы өткізіледі. Бұл бөлгіштер газды өткізіп, өзінің бетінде қатты бөлшектерді ұстап қалады. Фильтрлеуші бөлгіштердің түрінен тәуелді газдарды фильтрлеудің келесі түрлері бар: а) табиғи, синтетикалық және минералды талшықтардан жасалынған иілгіш кеуекті бөлгіштерден тұратын фильтрлер, маталы емес талшықты материалдардан (киіз, картон, т.б.) кеуекі жапырақты материалдар (резина, пенополиуретан, т.б.), металды маталар; б) жартылай кеуекті қатты бөлгіштер (талшықтар қабаты, торлар, т.б.) в) дәнді материалдардан жасалынған қатты кеуекті бөлгіштері (кеуекті керамика, пластмасса, металл ұнтақтары, пісірілген немесе пресстелген) бар фильтрлер. г) кокс, кварц құмынан кеуекті қабаттары бар фильтрлер. Экстракция дегеніміз не? Шығару түрлерін атаңыз. Бір немесе бірнеше түрді қысқаша сипаттаңыз. Экстракция - сұйықта еріген затты бірінші сұйықпен араласпайтын немесе бөліктеп араласатын басқа сұйықпен бөлу. Араластыргышты-тұндыргыш экстракторлар.Бұл экстрактордың әрбір сатысы араластырғыштан тұрады, онда тұндырғыш тепе-теңцікке жақын уақытқа дейін сүйық араласады да экстрактан рафинатты бөліп алады. Тура бағытта бірінен соң бірі орналасқан сатыларда фазалардың жүруі қарама- қарсы бағытта жүмыс істейді. Шашыратқыш колонналар. Шашыратқыш экстракторлар жоғары өндіргішімен және масса берісінің қайтымды араласуының төменгі интенсивтілігімен ерекшеленеді. Аппараттың үлкендігі бірнеше метрге жетеді. Бүл оның өндірісте шектеулі болуының негзі болып табылады. Сөрелі колонналы экстракторлар.Сөрелі экстракторлар құрылғысы әртүрлі табақшалы-бөгендері бар колонналарды құрайды. Бөгендер кезектесіп келетін дискілі және сақиналы немесе барометрлі конденсаторларда сегментті кесінділері бар жазық табақшалар немесе қималары бар дискі. формасында болады. Көршілес сөрелер қашытығы 50-150 мм. Тамшылар коалесцирленіп жазық фазамен шайылатын бөгеннен жұқа қабық түрінде өтеді. Сөрелі колонналарда масса алмасудың қарқындылығы шашыратқыш колонналарға қарағанда жоғары. Колонналы экстракторлар.Бұл экстракторлар негізі бойынша абсорцияда және басқа да масса алмасу үрдістерінде қолданылатын әдеттегі қондырмалы және илеуішті колонналардан ерекшелінбейді. Қондырмалы экстракторлардақондырма тіреуіш торларада 2-10 колонна диаметрінің биіктігі бойынша қабаттар болып орналасады. Қондырмалар бұлай орналастырылғанда сұйық олардың арасындағы кеңістікте қосымша араластырылады. Фазалардың бірі таратқыш құрылғының көмегімен дисперленеді және колоннада қарсы ағынмен жазық фазаға жылжиды. Қондырмадан өткеннен кейін тамшылар бірнеше рет коалесцирленеді және қайта бөлшектеледі. Олардың соңғы коалесценциясы және диспергерленетін фазаның қабаты колоннаның тұндыру зонасында өтеді. Илеуішті экстрактордадиспергирленетін фаза илеуішті табақшалардың саңылаулары арқылы өтіп тамшыларға және ағындарға ыдырайды, одан кейін олар табақ арасындағы кеңістікке таралады. Жазық фазамен әрекеттескеннен кейін тамшылар коалесцирленеді және әрбір жоғары орналасқан табақ үстінде жеңіл фаза қабатын түзеді. Егер ауыр фаза диспергирленетін болса, онда бұл сұйықтың қабаты табақшалар астында түзіледі. Роторлы-дискілі экстракторлар.Фазаның біреуі (жеңіл фаза) бөлгіштің көмегімен дисперленеді де колонна секциясында ротордың дискілері арқылы көп рет редисперленеді. Фазаларды араластырғаннан кейін оның сақиналы қалқадан өткеннен кейін фазалардың тығыздығының әртүрлігіне байланысты жиігірек бөлінеді. Сол уақытта жеңіл фаза жоғарыға көтеріледі, ауыр фаза төмен түседі де келесі араластыру процесі жүруі үшін ротордың сәйкес дискілерімен алынып қалынады. Сублимация дегеніміз не?Мұздатуды кептірудің мәнін сипаттаңыз. Сублимация (лат. sublіmo – биікке көтеремін) - заттардың қатты күйден сұйық күйіне өтіп барып, газды бу түріне ауысуы. Сублимация кезінде өнімнің белгілі мөлшері өзгереді және қуат көзі жұтылады. Кері процесі десублимация не конденсация болып табылады. Кемшілігі – мұздатуды қолдану, яғни ондағы жасушаларының жойылуына әкеліп соқтырады. Пайдалылығы. Жылумен өңделмейді, сондықтан құрамындағы пайдалы заттар сақталады. Тағамдық құндылықы жоғары. Құрамына жасанды ароматизаторлар, консерванттар қосылмайды. Мұзда кептіру затқа басқаларға қарағанда аз зиян келтіреді дегидратация жоғары температураны қолданатын әдістер. Ыстыққа сезімтал қоректік факторлар процесте кептіру мақсатында термиялық өңдеуді қосатын процестермен салыстырғанда аз жоғалады. Мұзда кептіру әдетте кептіріліп жатқан материалдың қысылуына немесе қатаюына әкелмейді. Сонымен қатар, хош иістер, иістер және тағамдық құрамы өзгеріссіз қалады, бұл тағамды сақтау үшін танымал етеді. Алайда, су қабілетті жалғыз химиялық зат емес сублимация және сірке қышқылы (сірке суы) және спирт сияқты басқа ұшпа қосылыстардың жоғалуы жағымсыз нәтиже беруі мүмкін. Мұздатылған кептірілген өнімдерді тез және оңай регидратациялауға (қалпына келтіруге) болады, өйткені процесс микроскопиялық тесіктер қалдырады. Тесіктерді сублимацияланатын мұз кристалдары жасайды, олардың орнына саңылаулар немесе тесіктер қалдырады. Бұл әсіресе фармацевтикалық қолдануға қатысты болған кезде өте маңызды. Мұздату-кептіруді кейбіреулерінің сақтау мерзімін ұзарту үшін де қолдануға болады фармацевтика көптеген жылдар бойы. Материалдық баланс және материалдық шығындар. Материалдық баланстың негiзiнде жылулық баланс құрастырылады. Оның көмегiмен отынның шығынын, жылу алмастыру бетiнiң ауданын, жылытқыш немесе суытқыш агенттерiнiң шығынын анықтауға болады. Материалдық баланс — белгілі бір түрдегі материалдық ресурстар көлемін және олардың қажеттіліктер мен тұтынушылар бойынша бөлінуін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі. Өзінің мақсаты бойынша өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарының өндірілуін‚ тұтынылуын және қорлануын бейнелейді. Материалдық шығын – өнімді өндіру мен өткізуге жумсалған материалдық ресурстар шығынының осы өнімнің өзіндік құнының есебімен айқындалатын құндық көрінісі. Материалдық шығынның құрамынамыналар кіреді: шикізат пен материалдардың, сатып алынған құралымдық бұйымдар мен дүмбіл заттардың, өндірістік сипаттағы орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің, отынның, энергияның құны; минералдық-шикізаттың базаны үдайы қалпына келтіруге аударым; жерді баптап өндеуге аударым; су үшін төлем, кесілген ағаш үшін төлем, т. б. Жылу алмастырғыштардың түрлері. Олардың бірнешеуінің мәнін сипаттаңыз. Жылу беру тәсіліне байланысты жылу алмастырғыштардың екі негізгі тобын айырады: Беттік жылу алмастырғыштар - жылу алмасатын орталар арасында жылудың тасымалдануы оларды бөлетін жылу алмасу беті - бітеу қабырға арқылы жүреді; Араластыру жылу алмастырғыштары - жылу бір ортадан екіншісіне тікелей түйісу арқылы тасымалданады. Қабықшалы – түтікті жылу алмастырғыштар. Қыздырылатын ортаны төменнен жоғары қарай, ал жылу беретін ортаны қарсы бағытта бағыттайды. Бір жүрісті жылу алмастырғышта сұйықтықтың салыстырмалы аз шығындалуы кезінде оның түтіктер ішінде қозғалысының жылдамдығы өте төмен, сондықтан жылу беру коэффициенттері үлкен емес. Элементтік жылу алмастырғыштар - Түтік аралық кеңістікте аппартты тазалауды қиындататын бөгеттерді қолданусыз ортаның қозғалу жылдамдығын арттыру үшін элементтік жылу алмастырғыштарды қолданады. Мұндай жылу алмастырғыштың әрбір элементі қарапайым қабықшалы-түтікті жылу алмастырғыш болып келеді. Батырмалы жылу алмастырғыштар - Жыланша орналасқан корпус көлемінің үлкен болуынан сұйықтың корпустағы жылдамдығы төмен, бұл жыланша сыртында жылу беру коэффициентінің төмен міндеріне себеп болады. Батырмалы жылу алмастырғыштардың түтік аралық кеңістігінде жылу берілу қарқынды емес, себебі жылу еркін конвекция жолымен беріледі. Сондықтан, осындай типті жылу алмастырғыштар төмен жылу жүктеулерімен жұмыс істейді. Пластинкалы жылу алмастырғыштар - сұйықтар пластиналар арасындағы қозғалатын жоғары жылдамдықтар салдарынан төмен гидравликалық кедергіге 3800 вт/м2 дейін жоғары жылу тасымалдау коэффициенттері алынады. Пластинкалы жылу алмастырғыштар жеңіл құрастырылады және ластанулардан оңай тазартылады. Қабырғалы жылу алмастырғыштар - құрылысы әртүрлі. Қарсы ағын принципі бойынша жұмыс істейтін пластинкалы-қабырғалы жылу алмастырғыш мысалы, ауаны бөлу үшін төмен температуралық қондырғыларда қолданылады Көп жүрісті жылу алмастырғыштар - жылу алмасу қарқындылығының артуы гидравликалық кедергінің артуымен және жылу алмастырғыш құрылғысының күрделенуімен қатар жүреді. Түтіктер мен қабықшаның көбірек орын ауыстыруын қамтамасыз ету үшін басы қозғалатын жылу алмастырғыштарды пайдаланады. Бұл түтіктердің қауіпті температуралық деформациясы мен түтік торларымен жалғану тығыздығының бұзылуын болдырмайды. Қос түтікті жылу алмастырғыштар - осындай құрылысты жылу аластырғыштарда түтіктер жылу алмастырғыш корпусынан тәуелсіз температураның әсерінен ұзара алады.ъ Екі түтікті жылу алмастырғыштар - екі концентрлік орналастырылған түтік түзетін бірнеше тізбекті жалғанған түтікті элементтерден тұрады. Екі түтікті жылу алмастырғыштарда түтікті және түтікаралық кеңістіктердің кіші көлденең қималарының арқасында тіпті аз шығындардың өзінде болатын сұйықтың айтарлықтай жоғары жылдамдықтары болуы мүмкін. Шиыршықты жылу алмастырғыштар - жылу алмасу беті шиыршық түрінде оралған металл беттерімен түзіледі. Беттердің ішкі ұштары бітеу қабырғаға дәнекерленген, ал олардың сыртқы ұштары бір бірімен дәнекерленген. Шиыршықты жылу тасымалдағыштары өте жинақы, жылу тасымалдағыштардың жоғары жылдамдықтарында (сұйық үшін 1-2 м/сек) жұмыс істейді және орталардың жылдамдықтары бірдей болғанда әртүрлі типті түтікті жылу алмастырғыштарға қарағанда төмен гидравликалық кедергіге ие болады. Блокты жылу алмастырғыштар - химиялық агрессивті орталарда жүретін жылу алмасу үрдістері үшін бірқатар жағдайда металл емес материалдардан жасалған жылу алмастырғыштарды пайдаланады. Әдетте ондай материалдар металлдарға қарағанда төмен жылу өткізгіштікпен сипатталады. Тек қана кеуектілігін жою үшін алдын ала фенол-формальдегидті шайырлармен өңделетін графит ерекше болады. Өңделген графит айтарлықтай агрессифті орталарда (мысалы, ыстық тұз, сұйытылған күкірт, фосфор қышқылдарында т.б.) химиялық тұрақты материал болып келеді және жоғары жылу өткізгіштік коэффиценттерімен ерекшелінеді. Шнекті жылу алмастырғыштар - жоғары тұтқыр сұйықтар мен сусымалы материалдарды жылулық өңдеу кезінде жылу берілу аппарат қабырғаларымен түйісетін материал бетінің үздіксіз жаңартылуы жолымен интенсификациялануы мүмкін. Бұған шнектер көмегімен материалдың араластырылып, бір мезгілде жылжуы арқылы жетуге болады. Кейде жылу аламасу бетін үлкейту үшін шнектерді қуыс етіп жасап, оларға сальниктермен жабдықталған қуыс біліктер арқылы жылу алмастырғыш шнектердің қуыс түйіндеріне жіберіледі. Себілмелі жылу алмастырғыштар. Себілмелі жылу алмастырғыштар негізінде суытқыштар мен конденсаторлар ретінде қолданылады. Және де жылудың шамамен жартысы суытқыш судың булануы кезінде шығарылады. Нәтижесінде су шығына басқа типті суытқыштарға қарағанда күрт төмендейді. Судың салыстырмалы аз шығына – себілмелі жылу алмастырғыштардың маңызды артықшылығы, олар сонымен қатар құрылысының қарапайымдылығымен және түтіктердің сыртқы бетін тазалаудың жеңілдгімен ерекшелінеді. Қазақстандағы өндірістік тәжірибе стандарты (GMP) GMP стандарттарыңың негізі 1963жылы АҚШ-та қаланды. Бұл ережелер 1992 жылға дейін бірнешерет қайта өңдеуден өтіп ,толықтырылып отырды. GMP стандарттарына халықаралық статусы 1968 жылы БДСҰ қатысында құрастылғаны үшін берілді. GMP ережелері бүкіл әлемде қолданылады. 2014 жылы барлық отандық фармацевтикалық өндіріс орындары GMP стандарттарына өтуі қажет.Қазіргі кезде GMP ДЗ өндірушілердіңдамыған елдер нарығына шығуының шарты болып отыр.Бұл стандарт өндірістің бастапқы заттарынан бастап, құрал-жабдықтар, ғимараттар және персоналдың жеке бас тазалығы сияқты барлық аспекттерін қамтиды. GMP-стандарты орындау үшін, кәсіпорын деңгейінде GMP ережелер мынадай элементтерді қамтуы тиіс: қолданыстағы инфрақұрылымды заманауи жабдықтар мен құрылыстарды, стандарт талаптарына сәйкес. дәрілік заттардың қажетті сапасына қол жеткізу үшін пайдалануға болады шикізат көздері. соңғы өнімнің сапасын бақылау білікті өндірістік қызметкерлер, мамандар, сондай-ақ жоғары сапалы техниктер. Оңтайлы еңбек ұйымдастыру. барлық техникалық құжаттамасын қайта қарау және стандарт талаптарына сәйкес келтіру. Жеткілікті пайдалылық нормасы, жаңа дәрілік препараттарды өндіру және өндірісті дамыту үшін қамтамасыз етеді. GMP принциптері сапа жүйесін тұрақты жетілдіру гигиена, қызметкерлерді тарту және негізгі құзыреттерді түсіну тиісті Үй-жайлар, жабдықтар және инженерлік жүйелер құжаттаманың жүйелілігі және қарапайымдылығы басқарылатын өндірістік процестер сапаны бақылаудың сенімділігі мен сенімділігі серіктестермен өзара іс-қимыл (аутсорсинг жұмыстарын басқару) шағымдарға реакция және өнімді тиімді қайтарып алу қызметтің тұрақты өзін-өзі бағалауы процестердің валидациясы уәкілетті тұлғаның рөлі сапа бойынша ықтимал тәуекелдерді ескере отырып, фактілер негізінде шешімдер қабылдау. Кристалдану принципі және кристаллизаторлардың түрлері. Бірнеше түрін сипаттаңыз. Кристалдану – ерітінділер мен балқымалардан қатты фазаны кристаллдар түрде бөлу Кристалдану үшін алғашқы (аналық) ортаның термодинамикалық тепе-теңдігі бұзылуы, яғни ерітіндінің немесе будың аса құрғауы, балқыманың асқын суынуы және т.б. жағдайлар орындалуы тиіс. Кристалдануға қажетті аса құрғау немесе аса суыну температураның, концентрацияның, қысымның, фазааралық электр потенциалының тепе-теңдік мәндерінен ауытқуымен сипатталады. Кристаллизаторлар құрылғысы. Әрекет ету принципі бойынша өндірістік кристаллизаторлардың келесі түрлері белгілі: еріткіш бөлігін жоятын кристаллизатор; ерітіндіні суытатын кристаллизатор; вакуум – кристаллизатор; псевдосұйытылған қабатты кристализатор. Еріткіш бөлігін жоятын кристаллизатор. Еріткіш көлемін жою әдістерінің бірі – буландыру. Буландыру аппарат – кристаллизатор ілінбелі қыздырушы камерадан және ерітіндіден кристаллдарды бөлетін, кезектесіп жұмыс істейтін екі нутч – фильтрден тұрады. Ерітіндіні суытатын кристаллизаторлар. Периодты әрекет ететін ерітіндіні суытатын қарапайым кристаллизаторлар цилиндірлі аппарат, ол суытушы жыланшалармен (н/е жабынмен) және ерітіндіні араластыру үшін қажет механикалық араластырғышпен қамтамасыздандырылған. Тербелмелі кристаллизаторлар. Бұндай кристаллизаторлар ұзын терең емес ашық астаудан тұрады, ол дөңгелек бандаждарға бекітілген. Келтіргіш арқылы сүйемелі роликтермен жайлап тербеледі. Кристаллдар баяу өседі, өлшемі ірі 3-5мм ден 10-25мм-ге дейін. Кристаллдар мен ерітіндіні алу астаудың төменгі жағынан алынады. Қолданылатын аппарат ұзындығы - 15 метрге дейін, ені 1,5м- дейін жетеді. Шнекті кристаллизаторлар. Бұл су жабынымен қамтылған көлденең қозғалыссыз жабық астау. Ішінде ленталы және шнекті араластырғыш айналады. Ол кристаллдарды шығаратын бөлікке ығыстырумен қатар кристаллдарды салмақты жағдайда ұстайды, бұл кристаллдардың еркін және біркелкі өсуіне ықпал етеді. Вальцті кристаллизаторлар. Аппарат көлденең, айналып тұратын және ішінен суытылатын металлды барабаннан (тұрады. Ол бөліктеп кристаллданатын ерітіндісі бар астауға батырылған. Уақытынан бұрын кристаллдану болмауы үшін астау қыздырылып тұрады. Барабанның айналу жылдамдығы 0,1 – 1 м/сек аралығында. Вальцті кристаллизаторларда жылдам суытудан өнім ұсақ кристаллды болады. Вакуум – кристаллизаторлар. Бұл кристаллизаторларда суытушы құрылғылар болмайды. Сондықтан оларды жылу өткізгіштігі төмен коррозияға тұрақты материалдардан (керамика, шойын және т.б ) дайындауға болады. Бір корпусты вакуум – кристаллизаторлар - рамалы немесе якорлы араластырғыштары бар цилиндр түріндегі көлденең аппарат. Ерітіндінің буын сору және конденсациясы аппараттың жоғарғы бөлігіне қосылған бу ағынды насос немесе конденсатор көмегімен жүзеге асырылады. Псевдо сұйытылған қабатты кристаллизаторлар. Псевдо сұйытылған қабатта кристаллдау үрдіс жылдамдығын жоғарылатумен қатар, біртекті, дұрыс формалы, өлшемдері 1 – 3 мм болатын кристаллдарды алуға болады. Ірі кристаллдар кристаллизаторлар түбіне тұнады, ал ұсақ кристаллдар псевдосұйытылған қабатта өсе береді. Ұсақ кристаллдардың және туындылардың бір бөлігі ерітінді ағынымен аппараттан шығарылады. Псевдосұйытылған қабатта кристаллдауды ол қаныққанша еріткіштің бөлігін буландыру арқылы немесе ерітіндіні салқындату арқылы жүргізеді. Мұндай аппараттарда қанығу дәрежесі төмен ерітінділер кристаллдандырылады, сондықтан бұл типті кристаллизаторлардың өнімділігі төмен. Олардың негізгі артықшылығы – ерігіштігі төмен заттардың ірі кристаллдарын алуға мүмкіндік береді(2 мм). Барабанды кристаллизаторларға сипаттама беріңіз. Барабанды кристаллизаторлар. Бұл кристаллизатор ауамен және сумен суытылады. Ауамен суытылатын кристаллизаторладың негізгі бөлігі – жайлап еңкейтілген түтік. Желдеткішпен берілетін ауа ерітінді астымен ерітіндіге қарсы бағытта қозғалады. Түтік айналғанда ерітінді аппарат қабырғаларын сулайды. Бұл булану бетін ұлғайтады. Ауамен салқындатқанда жылу ерітіндіден өте баяу келтіріледі де кристаллдар ірі болады. Ауаның орташа шығыны 1 кг кристаллға 20 м3. Сумен суытылатын кристаллизаторлар өзінің құрылғысы бойынша бұл аппараттар ауамен суытылатын барабанды кристаллизаторларға ұқсас. Ерітіндіні жабындағы сумен суытады. Мұнда суыту ауамен суытуға қарағанда жылдам . 1 м3 суытылатын ерітіндіге 3 – 5 м2 су шығындалады. |