16 Орта мектеп каз №178. ызылорда облысыны аржы басармасыны
Скачать 59.57 Kb.
|
Қызылорда облысының қаржы басқармасының 2021 жылғы «__»_______ №__ бұйрығымен бекітілген «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «№178 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысы 1.Жалпы ережелер 1. «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «№178 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі(бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) функцияларын жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады. 2. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық. 3. Мемлекеттік мекеме Қызылорда облысы әкімдігінің 2021 жылғы 13 қаңтардағы №180 «Облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың кейбір мәселелері туралы» қаулысымен қайта аталды. 4. «Қызылорда облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қызылорда облысының әкімдігі (бұдан әрі – Құрылтайшы) атынан мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы ретінде әрекет етеді. 5. Мемлекеттік мекеменің уәкілетті органы «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы), сондай-ақ мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган «Қызылорда облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі–жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы орган) болып табылады. 6. Мемлекеттік мекеменің атауы: – мемлекеттік тілде: «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «№178 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение «Средняя школа №178» отдела образования по городу Кызылорда управления образования Кызылординской области». 7. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, индексі 120020, Талсуат ауылдық округі, А.Құнанбаев көшесі №42. 8. Мемлекеттік мекеме мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органы, мемлекеттік мекеме мен тиісті саланың уәкілетті органы, мемлекеттік мекеме әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен реттеледі. 2. Мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі 9. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады. 10. Мемлекетік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ, оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды, Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда. 11. Мемлекеттік мекеме өзінің міндеттемелері бойынша өзінің кепілдігіндегі ақшамен жауап береді. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады. 12. Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркелгеннен кейін күшіне енеді. 3. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары 13.Мемлекеттік мекеме қызметінің мәнібілім алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес оларға кең ауқымда және тереңдете жаратылыстанушылық-математикалық білім беруді қамтамасыз ететін бастауыш,негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру, қолжетімді сапалы мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз ету болып табылады. 14.Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын және оқушыларға тереңдетіп, бейіндетіп, саралап оқытуды қарастыратын, сондай-ақ қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын сапалы меңгеруі үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. 15. Орта мектеп бағыты: жаратылыстану-математикалық. 16.Мемлекеттік мекеменің міндеттері: 1) білікті жеке тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға бағытталған үлгілік оқу бағдарламаларын меңгеру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдайлар жасау; 2) білім алушылардың тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында (бұдан әрі – МЖМБС)көзделген базистік ғылыми негіздерді алуын қамтамасыз ету; 3) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және дене бітімі мүмкiндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру; 4) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттiк рәміздерді және мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қадірлеуге, Конституцияға және қоғамға қайшы келетін кез келген көріністерге төзбеушілікке тәрбиелеу; 5) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне араласу қажеттілігін, жеке тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру; 6) отандық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен Қазақстан Республикасында тұратын басқа да ұлттардың тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; 7) барлық оқушылардың ерекше білім беруге қажеттіліктерін және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге жағдайлар жасау болып табылады. 17.Мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады: 1) кәсіптік білім бағдарламасын игеруге және таңдауға дайын, қоғамдағы өмірге бейімделген, мәдениеті жоғары интелектуалды тұлғаны қалыптастыру; 2) оқуға қабілетті, дарынды оқушыларды анықтау; 3) орта мектеп окушыларын білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарт деңгейін арттыру арқылы оқыту; 4) оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын қолдану негізінде оқушылардың өзіндік танымдық қызмет және шығармашылық қабілет дағдыларын дамыту; 5) шығармашылық әлеуетін арттыруға қолайлы жағдайлар жасау; 6) жалпы білім беру процесінде алдыңғы қатардағы шетелдік және отандық педагогикалық тәжірибені пайдалану, педагогтардың кәсіби құзіреттілігі мен шығармашылығын арттыру. 7) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру; 8) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыру; 9) қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру; 10) білім берудің барлық деңгейлерінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың білім алуы, дамуының бұзылуын түзету және әлеуметтік бейімдеу үшін арнайы жағдайлар жасау. 18. Мемлекеттік мекеме білім беру қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады. 19. Мемлекеттік мекемеге осы жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады. 20.Мемлекеттік мекеме қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының заңдарында шектелген немесе құрылтай құжаттарында не басшының (директордың) жарғылық құзыретін бұза отырып, жасалған мәміле тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органның не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін. 4-тарау. Мемлекеттік мекемені басқару 21. Мемлекеттiк мекеменi жалпы басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған тиiстi саланың уәкiлеттi органы жүзеге асырады. 22. Тиісті саланың уәкілетті органы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп беру жөнінде ұсыныс береді; мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді; мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады; 4) мемлекеттiк мекеменiң басқару органдарының құрылымын, құрылуы тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешiмдер қабылдау тәртiбiн анықтайды; 5) мемлекеттiк мекеме басшысының (директорының) құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн, оны лауазымынан босату негiздерiн айқындайды; мемлекеттiк мекеменiң құрылымы мен шектi штаттық санын бекiтедi жылдық қаржы есептiлiктi бекiтедi; 8) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға, мемлекеттiк мекемеге берiлген немесе өзiнiң шаруашылық қызметiнiң нәтижесiнде олар сатып алған мүлiктi алып қоюға немесе қайта бөлуге келiсiмiн бередi; 9) Құрылтайшыға мемлекеттік мекеме жарғысын бекітуге, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге ұсынады; 10) осы жарғының және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 23. Мемлекеттік мекеме басшысы (директоры) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті саланың уәкілетті органымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады. 24. Мемлекеттік мекеменің басшысы (директоры) мемлекеттiк мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етедi, тиісті саланың уәкілетті органына тiкелей бағынады және мемлекеттiк мекемеге жүктелген мiндеттер мен оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады. 25. Мемлекеттік мекеменің басшысы (директоры) дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етедi және мемлекеттiк мекеме қызметiнiң барлық мәселелерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы жарғыда айқындалатын өз құзыретiне сәйкес дербес шешедi. 26. Мемлекеттік мекеме басшысының (директорының) мемлекеттік мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі. 27. Мемлекеттiк мекеменiң қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттiк мекеме басшысы (директоры) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен: 1) мемлекеттiк мекеме атынан сенiмхатсыз әрекет етедi; 2) мемлекеттiк органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттiк мекеменiң мүддесiн бiлдiредi; 3) шарттар жасасады; сенiмхаттар бередi; 5) мемлекеттiк мекеменiң iс-сапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлердi қазақстандық және шетелдiк оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн жоғарылатудың басқа да түрлерiне байланысты тәртiбi мен жоспарларын бекiтедi; банк шоттарын ашады; 7) барлық қызметкерлер үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi; 8) тиісті саланың уәкілетті органы тағайындайтын қызметкерлерден басқа, мемлекеттiк мекеме қызметкерлерiн жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады; 9) мемлекеттiк мекеме қызметкерлерiне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу және жазалау шараларын қолданады; 10) өз орынбасарының (орынбасарларының) және мемлекеттiк мекеменiң өзге де басшы қызметкерлерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiк аясын айқындайды; 11) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады; 12) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмысты ұйымдастырады және аталған жұмысқа дербес жауапкершілікте болады; 13) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен және тиісті саланың уәкілетті органымен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады. 5. Іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбесі 28. Іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізіміне бастауыш, негізгі орта және жалпы орта (толық) білім беретін бағдарламалары, қосымша білім берудің оқу бағдарламалары және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары кіреді. 29. Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң талпынысы мен машықтарын: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынас тәжірибесін, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған. 30. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың ғылымдар жүйесінің базалық негіздерін меңгеруіне, олардың бойында тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, жеке адамның өзін-өзі билеуіне және кәсіптік бағдарлануына бағытталған. Жалпы білім беретін оқу бағдарламасы білім алушылардың бейіналды даярлығын қамтиды. 31. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша бейіндік оқытуды енгізе отырып,дифференциациялау, интеграциялау және білім беру мазмұнын кәсіптік бағдарлау негізінде әзірленген. 32.Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар, сонымен қатар үйде оқитын балаларға қажеттіліктерге сәйкесүлгілік оқу жоспарларының негізінде жеке оқу жоспарлары және үлгілік оқу бағдарламаларының негізінде жеке оқу бағдарламалары әзірленеді. 33. Жеке оқу жоспарлары мен бағдарламаларын мемлекеттік мекеменің басшысы (директоры) бекітеді. 34. Мемлекеттік мекемеде қосымша білім берудің бағдарламалары іске асырылады. 6. Мемлекеттік мекемеге қабылдау тәртібі 35. Мемлекеттік мекемеге балаларды қабылдау бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. 36. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды мемлекеттік мекемеге оқуға қабылдау баланың ата-анасының немесе өзге заңды өкілдерінің келісімімен педагогикалық – медициналық – психологиялық консультация қорытындысы ескеріле отырып жүзеге асырылады. 37. Бұрын шетелдік мектептерде оқыған білім алушылар Қазақстан Республикасына келгеннен кейін Қазақстан Республикасының мектептерінде оқуды жалғастырады. Мектептердің әкімшіліктері жергілікті білім беру басқармаларымен бірлесіп, олардың білім деңгейін анықтау үшін Комиссиялар құрады, оның жұмысының қорытындысы бойынша оқушыны қазақстандық мектептің тиісті сыныбына қабылдау туралы шешім қабылданады. 38.Білім алушылардың қатарына қабылдау мемлекеттік мекеме басшысының(директорының) бұйрығы негізінде жүргізіледі. 7. Білім беру процесін ұйымдастыру тәртібі (оның ішінде оқыту және тәрбиелеу тілі (тілдері), білім алушылардың, тәрбиеленушілердің сабақ режимі) 39.Мемлекеттік мекемеде оқу процесі ағымдағы жылғы 1 қыркүйек пен келесі жылғы 25 мамыр аралығында жүзеге асырылады. Оқу жылы ішінде күзгі, қысқы, көктемгі каникулдарбелгіленеді. 40. Білім алушылар, педагогтар, білім алушылардың заңды өкілдері білім беру процесінің субъектілері болып табылады. 41. Мемлекеттік мекеменің персоналын жинақтау тәртібі Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасымен регламенттеледi. 42. Штат саны Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарына сәйкес белгіленеді. 43. Білім алушыларды оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылады. 44. Мемлекеттік мекеме білім беру процесін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырады. 45. Мемлекеттік мекеме үлгілік оқу жоспарларын, оның ішінде оқу процесі жүзеге асырылатын қысқартылған оқу жүктемесі бар оқу жоспарларын дербес таңдап алады. 46. Мемлекеттік мекеме оқу жұмыс жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына және МЖМБС-ға сәйкестігін қамтамасыз етеді. 47. Мемлекеттік мекеме үлгілік оқу жоспарының инварианттық және вариативтік компоненттерінің сағаттарын мектептен тыс (мәдениет мекемелерінде, спорт ғимараттарында, әскери объектілерде, зерттеу зертханаларында, өнеркәсіптік кәсіпорындарда, табиғатта) өткізеді. 48. Мемлекеттік мекеме базистiк оқу жоспарының вариативтік бөлiгiнiң құрамына кiретiн және мемлекеттік мекеменің ерекшелігін көрсететiн оқу пәндерi бойынша оқу жұмыс жоспарын және бағдарламаларын дербес әзiрлеудi жүзеге асырады. 49. Мемлекеттік мекемеде оқыту процесі үлгілік оқу жоспарының негізінде құрылады, жылдық күнтізбелік оқу жұмыс кестесімен және сабақтар кестесімен регламенттеледі. 50. Оқу аптасының ұзақтығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді. 51. Сабақтар екі ауысымда өткізіледі. Ауысымдар арасында ылғалды жинау жүргізу мен желдету үшін ұзақтығы кемінде 40 минут үзіліс көзделеді. 52. Сыныптарды білім алушылардың даярлық деңгейі және даму дәрежесі бойынша жасақтауға рұқсат етілмейді. 53. Мемлекеттік мекемеде сабақтар кестесін оның басшысы не оны алмастыратын тұлға бекітеді. Сабақ кестесінде оқу сабақтарының күнделікті саны, ұзақтығы және реті көрсетіледі. Сабақ кестесі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тамақтануы мен белсенді демалуы үшін ұзақтығы жеткілікті үзілістерді көздейді. 54. Оқушылар үшін сабақтар арасындағы үзілістің ұзақтығы кемінде бес минут, үлкен үзіліс (екінші немесе үшінші сабақтан кейін) отыз минутты құрайды. Бір үлкен үзілістің орнына екінші және төртінші сабақтан кейін әрқайсысы он бес минуттан екі үзіліс жасауға жол беріледі. 55. Сабақтың ұзақтығы қырық минуттан аспайды. 56. Бірінші сыныптарда оқу жүктемесін бірте-бірте арттыра отырып, оқу сабақтарының «сатылы» режимі қолданылады. Қыркүйекте үш сабақ отыз бес минуттан, қазаннан бастап қырық минуттан жоспарланады. Сабақтарда дене шынықтыру минуттарын және көзге арналған жаттығулар өткізіледі. Бірінші сынып оқушылары үшін жыл бойы қосымша бір апталық каникул көзделеді. Бастауыш мектепте қосарланған сабақтарды өткізуге жол берілмейді. 57. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің оқу жүктемесі, сабақ режимі МЖМБС, санитариялық қағидалардың, үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру саласындағы денсаулық сақтау және білім беру органдарының ұсынымдары негізінде дайындалған мемлекеттік мекемесі бекітетін ережелермен айқындалады. 58. Мемлекеттік мекеме бір күндегі ең жоғары оқу жүктемесін белгілеуде, оқыту нысандарын, құралдарын және әдістерін таңдауда дербес болады. 59. Мемлекеттік мекемеде қажет болған жағдайда мектепке дейiнгі шағын орталықтар және бір жылдық мектепалды сыныптар ашылады. 60. Мектепке дейінгі шағын орталықтарда және мектепалды сыныптарда білім беру процесі мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ерекше қызмет түрлерін: ойындар, құрастырулар, сурет салу, музыка, театрландыру және басқа да қызметтерді ескере отырып жүзеге асырылады, сондай-ақ балаға жеке тұрғыдан қарауды, олардың жас және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып түрлі топтарда жұмыс жасау мүмкіндігін іске асыруды қарастырады. 61. Жалпы білім беретін сыныптарда, бастауыш білім беру сыныптарында оқушылардың саны Қазақстан Республикасы халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес. 62. Мемлекеттік мекемеде ата-аналардың (заңды өкілдердің) мүдделерін ескере отырып, жалпы сыныпта (екі баладан көп емес) үлгілік оқу бағдарламасы, оның ішінде қысқартылған немесе жеке оқу бағдарламасы бойынша ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларды оқыту көзделген. 63. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларды мемлекеттік мекемеден арнайы білім беру ұйымына ауыстыру психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы мен ұсынымының негізінде ата-аналарының (заңды өкілдерінің) келісімімен жүзеге асырылады. 64. Денсаулық жағдайы бойынша дәрігерлік-кеңес комиссиясының (ДКК) қорытындысы негізінде ұзақ уақыт бойы мемлекеттік мекемеге бара алмайтын азаматтар үшін үйде тегін жеке оқыту ұйымдастырылады. 65. Үйде оқыту кезінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар психофизикалық мүмкіндіктеріне байланысты жалпы білім беретін, қысқартылған немесе арнайы бағдарламалармен оқиды. 66. Логопедтік көмекке мұқтаж балаларды уақтылы анықтау; балалардағы ауызша және жазбаша сөйлеу бұзылыстарының алдын алу және түзету; балаларды мектепке дайындау және оқушылардың білім беру бағдарламаларын меңгерудегі қиындықтарды еңсеру; сөйлеу қабілеті бұзылған балаларды оқыту және дамыту бойынша педагогтер мен ата-аналарға және (немесе) балалардың өзге де заңды өкілдеріне консультациялық көмек көрсету мақсатында мемлекеттік мекеме логопедтік пункт ұйымдастыруға құқылы. 67. Жеке тұлғаның даму жағдайын бақылауды және оның мінез-құлқын түзетуді ұйымдастыру үшін мемлекеттік мекемеде тиісті жылға көзделген жалақы қорының есебінен және шегінде психологиялық-педагогикалық қызмет құрылады. 68. Мемлекеттік мекеме жазғы уақытта балаларды сауықтыру үшін жағдай жасайды (балалар күндіз болатын мектеп жанындағы лагерь жұмысы). 69. Мемлекеттік мекеме білім алушылардың қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде білуін, сондай-ақ білім берудің тиісті деңгейінің МЖМБС-на сәйкес орыс тілін және шет тілдерінің бірін оқып-үйренуін қамтамасыз етеді. Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. 70. Мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасы халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес балалар мен жасөспірімдерді медициналық қамтамасыз ету ұйымдастырылады. 71. Мемлекеттік мекеме білім алушылардың бойында патриоттық тәрбиені, айналасындағыларға толерантты қарым-қатынасты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, тамақтану мәдениетін, оның ішінде теңгерімді дұрыс тамақтануды және табиғи және жаңа піскен өнімдерді тұтынуды насихаттау арқылы қалыптастыруды қамтамасыз етеді. 72. Мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен ыстық тамақ, сондай-ақ буфет жүйесі бойынша тамақтану, білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыру ұйымдастырылады. 73. Мемлекеттік мекемеде тиісті жағдайлар жасау үшін оқу жайларымен бірге алаңы бар материалдық активтердің меншік не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару, немесе жалға алу құқығына тиесілі материалдық активтердің (оқу кабинеттерінің, жарақтандыру нормаларына сәйкес жабдықтар мен жиһаздардың, бастауыш білім беру деңгейі үшін жеке пайдалануға арналған жабдықталған шкафтардың; компьютерлік сыныптармен, интернет желісіне қосылған компьютерлермен қамтылудың, оқу зертханалардың, спорт залдардың, медициналық пункттердің, асхана немесе буфеттің), ғимараттардың (оқу корпустарының) болуы, сондай-ақ орта білім беру ұйымының жайларында және (немесе) оған іргелес аумақтарда бейнебақылаудың болуы қажет. 74. Мемлекеттік мекемебілім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен автоматтандырылған ақпарат алмасуды және деректерді өзектендіруді және ұлттық білім беру деректер қорындағы деректерді өзектендіруді қамтамасыз етеді. 75. Мемлекеттік мекеме зайырлы және діни білім берудің бөлектілік қағидатын сақтайды. Діни тәрбиенің кез келген түріне жол берілмейді. 76. Саяси партиялардың, қоғамдық-саяси және діни қозғалыстар мен ұйымдардың ұйымдастырушылық құрылымдарының құрылуына және қызмет етуіне жол берілмейді. 77. Оқытудың зайырлы сипатын іске асыру және мемлекеттік мекеменің білім алушылары арасындағы әлеуметтік, мүліктік және өзге де өзгешеліктердің белгілерін жою мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар белгіленеді. 78. Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізіледі. Мектеп формасының түсін, фасонын таңдауды және юбканың ұзындығын мемлекеттік мекеме мен қоғамдық кеңес айқындайды, жалпы мектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі. 79. Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар мемлекеттік мекеме фойесінде, ал таныстыру мақсатында мемлекеттік мекеменің Интернет-ресурстарында жарияланады. 80. Басшы (директор) міндетті мектеп формасына қойылатын талаптармен ата-аналарды немесе заңды өкілдерді білім алушыны білім беру ұйымына қабылдау туралы өтініш беру кезінде қол қойғызу арқылы және жалпы мектептік ата-аналар жиналысында таныстырады. 81. Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, форс-мажор жағдайлары туындаған жағдайларда шектеу іс-шаралары алынғанға, төтенше жағдай қолданысы, форс-мажор жағдайлары тоқтатылғанға дейін ата-аналар балаларды мемлекеттік мекемеге киіп бара алатын іскерлік, классикалық стильдегі ыңғайлы киіммен қамтамасыз етеді. 82. Мемлекеттік мекемеде 3 және оданда ұзақ қашықтықта тұратын білім алушыларға тасымалдау тегін ұйымдастырылады. 83. Мемлекеттік мекемеде алқалық басқару органдары құрылады. Білім беру ұйымының алқалық басқару нысандары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс істейтін педагогикалық, қамқоршылық, әдістемелік кеңестер және педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес болып табылады 8. Білім алушылардың білімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүйесі, оларды өткізунысандары мен тәртібі 84. Мемлекеттік мекеме бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын білім алушылардың игеруін бақылау мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесіне сәйкес білім алушылардың үлгерімін ағымды бақылауды және қорытынды аттестаттауды жүзеге асырады. 85. Қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар беріледі. 9. Білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқудан шығару негіздері және тәртібі 86. Білім алушылар мемлекеттік мекемеден құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны, мемлекеттік мекеменің жарғысын өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін басшының (директордың) бұйрығымен шығарылады. Он алты жасқа дейінгі балаларды шығаруға құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны, мемлекеттік мекеменің жарғысын өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін мемлекеттік басқару органының шешімі бойынша ерекше жағдайларда рұқсат етіледі. 87. Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды шығару туралы шешім қорғаншылық және қамқоршылық органдарының келісімімен қабылданады. 88. Мемлекеттік мекемеден шығарылған кәмелетке толмаған балалардың жалпы орта білім алуы жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жалғастырылады. 89. Бастауыш, негізгі орта, орта білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын бір орта білім беру ұйымынан басқасына ауыстыру растайтын құжаттардың негізінде мемлекеттік мекеме басшысының (директорының) бұйрығымен жүргізіледі. 90. Білім беру ұйымынан шыққан адам басқа білім беру ұйымына келуі туралы талон ұсынады, онда оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні, оқыған сыныбы, мекенжайы көрсетілген мектебі көрсетіледі, содан кейін оған тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні, оқыған сыныбы, мекенжайы көрсетілген мектебі көрсетілген кету туралы есептен шығару талоны және оның жеке ісі беріледі. Кету туралы есептен шығару талоны білім алушының келуі және жеке ісін тапсыруы үшін білім беру ұйымына ұсыну үшін беріледі. 10. Ақылы қызмет ұсынудың тізбесі және тәртібі 91. Мемлекеттік мекеме көрсететін білім беру қызметтері білім алушылар мен тәрбиеленушілерге бюджет қаражаты есебінен, тегін көрсетіледі. 92. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс ақылы қызметтер көрсету туралы шартты жасай отырып, тиісті тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша ақылы негізде мынадай: 1) қосымша білім беру бағдарламаларын (балалар және жасөспірімдер шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы бейімділіктер мен қызығушылықтарды дамыту, мамандардың біліктілігін арттыру) іске асыру; 2) оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша бөлінген оқу уақытынан тыс пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша жекелеген білім алушылармен қосымша сабақтар ұйымдастыру; 3) пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша білім алушылармен ғылым негіздерін тереңдетіп оқып үйренуді ұйымдастыру; 4) білім алушылар мен тәрбиеленушілер, педагог қызметкерлер мен ересек жұртшылық арасында әртүрлі: спорт жарыстарын, семинарлар, кеңестер, конференциялар, сондай-ақ оқу-әдістемелік әдебиетті әзірлеу мен өткізу жөніндегі іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу; 5) музыка аспаптарын пайдалануға беру және Интернет-байланыстың қосымша қызметтерін ұсыну; 6) жазғы демалысты ұйымдастыру, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, білім беру ұйымында өткізілетін түрлі іс-шараларға қатысушылардың тамақтануын қамтамасыз ету; 7) ғылыми зерттеулер жүргізу; 8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен рұқсат етілген өзге де тауарларды (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) ұсынуға құқылы. 93. Мемлекеттік мекеме дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға құқылы. 94. Мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруден алынған кірістерді мемлекеттік мекеме дербес пайдаланады. 95. Мемлекеттік мекеме ақылы негізде ұсынатын тауарларға (жұмыстарға және қызметтер көрсетуге) бағалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілуге жатады. 96. Ақылы негізде қызмет көрсететін мемлекеттік мекеменің және білім алушының (тәрбиеленушінің), оның ата-анасының және өзге де заңды өкілдердің өзара қатынастары шартпен реттеледі. 97. Білім алушы шарт жасасу сәтінде бүкіл оқу кезеңі үшін шығыстарды бір мезгілде ақы төлеген жағдайда төлем сомасы оқу мерзімі аяқталғанға дейін өзгермейтін болады. 98. Оқуға төлемді кезең-кезеңімен төлеген кезде төлем сомасы жалақы ұлғайтылған жағдайда және инфляция индексі ескеріле отырып, жылына бір реттен асырылмай ұлғайту жағына өзгертілуі мүмкін. 11. Білім алушылармен, тәрбиеленушілермен және (немесе) олардың ата-аналарымен және өзге де заңды өкілдерімен қарым-қатынастарды ресімдеу тәртібі 99. Білім алушының, заңды өкілдердің өзара қарым-қатынастары тараптардың құқықтары мен міндеттерін, оқу мерзімдерін айқындайтын шартпен реттеледі. 100. Білім беру қызметтерін көрсетуге арналған шарт мемлекеттік мекеменің басшысы (директоры) мен білім алушылардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері арасында мемлекеттік мекемеге білім алушыларды қабылдау кезінде жасасылады. 101. Оқушылар құқылы: 1) МЖМБС - ға сәйкес сапалы білім алуға; 2) білім беру ұйымы кеңесінің шешімі бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттары шеңберінде жеке оқу жоспарлары, қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқуға; 3) оқу жоспарларына сәйкес баламалы курстарды таңдауға; 4) өзінің бейімділігі мен қажеттеріне қарай қосымша білім беру қызметтерін, білімдерді ақылы негізде алуға; 5) мемлекеттік мекемені басқаруға қатысуға; 6) мемлекеттік мекемеде ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуге; 7) спорт, оқу, акт залдарын, компьютерлік сыныптарын және кітапхананы тегін пайдалануға; 8) өзінің пікірі мен сенімін еркін білдіруге; 9) өзінің адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне; 10) оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтегі табыстары үшін көтермеленуге және сыйақы алуға құқығы бар. 102. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқу процесінен алаңдатуға жол берілмейді. 103. Оқушылар: 1) МЖМБС талаптарына сәйкес білімді, шеберлікті, практикалық дағдылар мен біліктілікті меңгеруге, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, мемлекеттік мекеменің жарғысында және білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген басқа да талаптарды орындауға; 2) өздерінің денсаулығы үшін қамқорлық жасауға, рухани және тән саулығын өздігінен жетілдіруге ұмтылуға; 3) міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға; 4) педагогтің ар-намысы мен қадір-қасиетін, өздері білім алатын оқу орнының дәстүрлерін құрметтеуге міндетті. 104. Оқушылардың міндеттерін бұзғаны үшін оларға мемлекеттік мекеменің ішкі тәртібінің ережелерімен және жарғысымен көзделген тәртіптік ықпал ету шаралары не білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген өзге де шаралар қолданылуы мүмкін. 105. Педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде: 1) тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарын сақтау шартымен кәсіптік қызметті ұйымдастырудың тәсілдері мен нысандарын еркін таңдауға; 2) лауазымды адамдар мен басқа да адамдар тарапынан заңсыз араласудан және кедергі келтіруден қорғалуға; 3) мамандыққа құрметпен қарауға және білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан тиісті мінез-құлыққа; 4) кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуге және қажетті жағдайлардың жасалуына; 5) ғылыми, зерттеу, шығармашылық, эксперименттік қызметті жүзеге асыруға, педагогикалық практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге; 6) тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары сақталған жағдайда шығармашылық бастамашылыққа, оқыту мен тәрбиелеудің авторлық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеуге және қолдануға, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа, неғұрлым жетілдірілген әдістерін дамытуға және таратуға; 7) білім беру бағдарламасына сәйкес оқу құралдарын, оқу материалдары мен оқыту мен тәрбиелеудің өзге де құралдарын таңдауға; 8) білім беру бағдарламаларын, оқу жоспарларын, әдістемелік материалдарды және білім беру қызметінің өзге де компоненттерін, сондай-ақ оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу құралдарын әзірлеуге қатысуға; 9) жұмыс орны бойынша сайлану және сайланбалы лауазымға орналасуға; 10) білім беру сапасын жетілдіруге бағытталған, оның ішінде білім беру ұйымының қызметіне қатысты мәселелерді талқылауға қатысуға; 11) коммуналдық мемлекеттік мекеменің алқалы басқару органдарының жұмысына қатысуға; 12) кемінде бес жылда бір рет біліктілігін арттыруға; 13) үздіксіз кәсіптік дамыту және біліктілікті арттыру нысандарын таңдауға; 14) біліктілік санатын мерзімінен бұрын берілуіне; 15) кәсіби қызметтегі жетістіктері үшін көтермеленуіне; 16) өзіне қатысты қабылданған коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының актілеріне, іс-әрекеттері мен шешімдеріне жоғары тұрған лауазымды адамдарға немесе сотқа шағым жасауға; 17) білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан ар-намысы мен қадір-қасиетінің құрметтелуіне құқығы бар; 18) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар жатады. 106. Педагогтің құқықтарын жүзеге асыру басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға тиіс. 107.Педагог: 1) өз қызметінде тиісті кәсіби құзыреттерді меңгеруге; 2) оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық қағидаттарын сақтауға, оқыту мен тәрбиелеудің сапасын МЖБС-да көзделген талаптардан төмен емес деңгейде қамтамасыз етуге міндетті; 3) өзінің кәсіби шеберлігін, зерттеу, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруге, оның ішінде кемінде бес жылда бір рет біліктілік санаты деңгейін арттыруға (растауға); 4) педагогикалық әдепті сақтауға міндетті; 5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті мерзімдік медициналық қарап-тексеруден өтуге міндетті; 6) білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге; 7) балаларды заңға, адамның және азаматтың құқықтарына, бостандықтарына, ата-аналарына, үлкендеріне, отбасылық, тарихи және мәдени құндылықтарға, мемлекеттік рәміздерге құрмет, жоғары адамгершілік, патриотизм, қоршаған ортаға ұқыпты қарау рухында тәрбиелеуге; 8) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өмірлік дағдыларын, құзыреттерін, дербестігін, шығармашылық қабілеттерін дамыту және саламатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға; 9) өмірлік қиын жағдайда жүрген баланы анықтау фактілері туралы коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшылығын дереу хабардар етуге міндетті; 10) құқық қорғау органдарына және коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшылығына қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар, оның ішінде коммуналдық мемлекеттік мекемеден тыс жерде кәсіптік қызметіне байланысты өзіне белгілі болған әрекеттерді (әрекетсіздікті) кәмелетке толмағандардың жасау немесе оларға қатысты жасалу фактілері туралы дереу хабарлауға; 11) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге консультация беруге міндетті. 108. Педагог білім беру процесін саяси үгіттеу, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді саяси, діни немесе өзге де сенім-нанымдарды қабылдауға не олардан бас тартуға мәжбүрлеу үшін, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық немесе діни алауыздықты қоздыру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни немесе тілдік тиесілік белгісі, дінге көзқарасы бойынша азаматтардың ерекшелігін, астамшылығын не кемшіндігін насихаттайтын, оның ішінде білім алушыларға Қазақстан Республикасының ұлттары мен ұлыстарының тарихи, ұлттық, діни және мәдени дәстүрлері туралы анық емес мәліметтерді хабарлау арқылы үгіттеу үшін, сондай-ақ білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін әрекеттерге итермелеу үшін пайдалануға құқылы емес. 12. Мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі 109. Мемлекеттік мекеменің мүлкі мыналардың: 1) оған меншік иесі берген мүлік; 2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда); 3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржыкөздері есебінен құрылады. 110. Мемлекеттiк мекеме дербес иелiктен шығаруға немесе оған бекiтiлген мүлiк пен оған смета құралдары бойынша бөлiнген мүлiкке өзгеше тәсiлмен иелiк етуге құқығы жоқ. 111. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен мемлекеттік мекемеге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе онда білім беру салаларындағы мемлекеттік мекемелерөндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда мұндай қызметтен алынған ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады. 112. Мемлекеттiк мекеменiң қызметi тиісті бюджеттен қаржыландырылады. 113. Мемлекеттiк мекеме бухгалтерлiк есеп жүргiзедi және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептiлiк ұсынады. 114. Мемлекеттік мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизияны Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады. 13. Мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі 115. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс. 14. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі 116. Мемлекеттiк мекеменiңқұрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу Құрылтайшының бұйрығы бойынша жүзеге асырылады және “Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы” Қазақстан Республикасы Заңға сәйкес аймақтық тіркеу органдарында тіркеледі. 15. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары 117. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүзеге асырылады. 118. Мемлекеттік заңды тұлға, заңнамалық актілермен басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін. 119. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады. 120.Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған мемлекеттік мекеменің мүлкін жергілікті бюджеттен қаржыландыратын, облыстық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы орган қайта бөледі. 121. Таратылған мемлекеттік мекеменің мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, осы мекеменің кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады. 16. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер 122.Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері жоқ. Мемлекеттік мекеменің директоры міндетін уақытша атқарушы _________Г.Т.Сулейменова (қолы) |