Главная страница

статья. ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ЖАҢА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБ. ЖАА азастандаы білім беру йымдарындаы жаа экологиялы жобалар


Скачать 17.01 Kb.
НазваниеЖАА азастандаы білім беру йымдарындаы жаа экологиялы жобалар
Анкорстатья
Дата31.03.2023
Размер17.01 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ЖАҢА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБ.docx
ТипДокументы
#1027375

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ЖАҢА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР
Токпакова Дильназ Дауреновна

Көкшетау қ., №13 «ЭКОС» МГ, 8 «А» сынып оқушысы

diaznussss@gmail.com

Кукаева Наргиза Кайратовна

Көкшетау қ., №13 «ЭКОС» МГ, география пәнінің мұғалімі

nargizakairatkizi@mail.ru
Жер дертке шалдыққан кезде, адам денінің саулығы мүмкін емес. Өзімізді емдеу үшін біз ғаламшарымызды емдеуіміз керек, ал ғаламшарымызды емдеу үшін өзіміз емделуіміз қажет.

Б.Маклеод
Адамға бала кезінен бекітілген қағидалар мен ұстанымдар, болашақта оның тұлғалық қасиеттері мен іс-әрекеттерін қалыптастырады. Сондықтан да, балаларға қоршаған ортаны қорғаудың қаншалықты маңызды екенін кішкене кезінен түсіндірген абзал. Балаларда экологиялық тәрбие қалыптастыру ондаған жылдардан соң Қазақстанда экологиялық ой-санасы жетілген азаматтардың болуына кепіл бола алады.

Экологиялық мәселе – бүгінгі күнде ең өзекті мәселелердің бірі. 2018 жылғы nonews.com сайтының статистикасына сүйенетін болсақ, Қазақстан табиғаттың экологиялық жағдайы бойынша әлемдік рейтингте 101-орын алады. Тек экологиялық дүниетаным, тірі адамдардың экологиялық мәдениеті ғана планетаны және адамзатты қазіргі өмірдегі апаттық жағдайдан алып шығуы мүмкін. Сондықтан балаларды экологиялық тәрбиелеу қазіргі кездегі өзекті мәселе болып табылады.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының дамуы стратегиясында көрсетілгендей, жас ұрпаққа экологиялық білім беруді жетілдіру педагогика ғылымында негізгі міндеттердің бірінен саналады. Ендеше, экологиялық тәрбие жұмысын мектеп жасына дейінгі балалардан бастап жүргізу – бүгінгі күннің өмірлік талабынан, табиғи қажеттіліктен туындап отырған мәселе. Жалпы білім беретін мектептерде экологиялық тәрбие жұмысын жүргізуде мынандай екі ұстанымды басшылыққа алу ұсынылады:

  1. Балаларға табиғат туралы қарапайым мағлұмат беріп, оның әдемілігін көріп, сезіне білуге үйрету арқылы рухани жан дүниесін дамыту;

  2. Балалардың табиғат туралы білімдерін тереңдетіп, оның әдемілігін көріп, сезіне білуге үйрету арқылы рухани жан дүниесін дамыту.

Өркениетті елдердің экологиялық тәрбие беру және табиғатты қорғаудың жалпы стратегиясын жасап белгілеуі, соған байланысты іс-шараны үйлестіріп отыруы Біріккен Ұлттар Ұйымының білім беру, ғылым мен мәдениет (ЮНЕСКО) жөніндегі мәселелер деңгейінде жүзеге асырылып келеді. Сол себепті ЮНЕСКО-ның Бас директоры Ф.Майор экология мәселесін барлық оқу бағдарламасына өзек ете отырып, оны мектепке дейінгі мекемелерден бастап жоғары оқу орындарына дейін жүргізу, мұғалімдер мен басқару аппаратын осы бағытта дайындау экологиялық проблеманы шешудегі ең маңызды фактор болуы тиіс деп есептейді. Ол «біздер, адамдар – табиғаттың бөлшегі, біз өз ағаштарымыз бен өзендерімізді, егістік пен орманымызды жанымыздай сүйе білуге тиіспіз, осы қарапайым қағиданы әрбір бүлдіршіннің бойына сіңіре білмесек, онда қоршаған ортаны қорғаудағы қазіргі қол жеткізіп жүргеніміз тек жадағай түсінік болып қала береді», - деген болатын.

Алғаш рет ғылыми әдебиеттерде табиғат қорғауды «педагогикалық проблема» деп көрсеткен профессор В.Н.Скалон: «Гүлденген табиғат арман емес, бұл – шындық, бірақ оны сақтау көбіне бізге, біздің балаларымызды тәрбиелеу іскерлігімізге байланысты» - дей келіп, - «Баланы жастайынан тірі затты аяушылыққа дағдыландыруға тиістіміз, мейлі ол жануар болсын, мейлі ол өсімдік болсын» - деген еді.

Осы орайда, Қазақстан жалпы білім беру мекемелерінде 2016 жылдан бастап түрлі жобалар, мектепішілік акциялар, экологиялық көрмелер мен байқаулар ұйымдастырылуда. Бұл іс-шаралардың басты мақсаты - балалар мен ата-аналар бойында барлық тіршілікке сезіммен қарау, қайырымдылықпен қоршаған ортаға және табиғатты сақтауды қалыптастыру. Осындай мақсатпен, оқушылар мен студенттерде эко-дағдыларды қалыптастыру үшін, QazaqGeography Республикалық бірлестігі «EcoVision» жобасын дайындады. Жоба аясында 2022 жылдың сәуір айында «EcoBatys» атты экологиялық жобалар арасында байқау өтті. Байқау Қазақстанның 3 аймағында өтті: Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында. Байқау нәтижесінде 15 эко-жоба 4 миллион теңге көлеміндегі грантқа ие болды. Олардың басым бағыттары: көгалдандыру, аймақтардағы су ресурстарын тазалау, тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды жинау, өңдеу, қайта пайдалану, білім мекемелерінде және халық арасында экологиялық білімді жаңғырту.

Еліміздің бас қаласы Астанамызда да оқушылардың экологиялық білімін қалыптастыру мақсатында бірнеше жобалар мен байқаулар жыл сайын өткізіледі. Соның бірі жыл сайын өткізілетін «Жасыл мектептер» жобасы. Жоба аясында әрбір мектеп оқушысы өсімдіктің қалай өсетінін өзі бақылау және өсіру арқылы көреді. «Жасыл мектептер» жобасы елордамыздың 16 мектебінен салмағы 1,26 тонна болатын 2-3 көкніс пен өсімдік түрлерін алды. Соның ішінде ең көп жиналғаны – қияр – 425 кг, қызанақ – 255 кг, тәтті бұрыш – 113 кг. Сонымен қатар, оқушылар бүлдірген, брокколи, қызылша өсіреді, бұл өнімдер мектеп жылыжайларынан мектеп асханаларына және оқушылардың тағамдарына жіберіледі. Дәмді әрі пайдалын көкөністер мен жемістер өз еңбектері, және олар оқушылардың түскі астары екендігін түсінген білім алушылар жылыжайдағы сабақтарға жіберместен баруға тырысады. Бұндай жобалар оқушылардың ынтасын арттырып қана қоймай, еңбексүйгіштікке тәрбиелейді.


написать администратору сайта