Главная страница

жана жыл. жаңа жыл. Жаа жыл Дауыс


Скачать 27.9 Kb.
НазваниеЖаа жыл Дауыс
Анкоржана жыл
Дата12.04.2023
Размер27.9 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлажаңа жыл.docx
ТипДокументы
#1057252

Жаңа жыл

Дауыс: Тезірек,тездетіп мұнда жиналындар

Басталады Жаңа жылдық карнавал.

Маска да бар, биіде бар асығыңдар.

Шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар

Аяз ата шақырғанның бәрідағы қалмайды.

Басталады, басталады Жаңа жылдық карнавал

Карнавалдың иелерін қарсы алайық.

Музыка әуенімен балалар қол ұстасып бөлмеге кіреді. Ән айтып,

Шыршаны айналып би билейді. Шах пен шахеризада кіреді.

Ән: Шырша.

Шах: Уа халайық, жараңдар

Айналаға қараңдар

Қызық көріп шат болып,

Шалқып күліп, тараңдар

Уа халайық құрметті,

Көмейіме жыр кеп тұр

Жаңа жылды қарсы алып,

Өткізейік дүрмекті деп.

Шахеризад: Бүгін келді жаңарып

Ақ ьота тобы тағы да

Би билейді, ән салып

Жасыл шырша жанында

Сәлем бізден баршаға

Құттықтаймыз жар сала

Бүгін бізде жаңа жыл

Қош келіпсіздер шыршаға

Шырқалады әніміз

Ата-аналар сіздерді

Құттықтаймыз бәріміз.

Шахеризада: Шахым менің біз сіздің бұйрығыңызды орындадық осы мереке ертегіге

толы.

Шах: Олай болса бастаңдар мерекені ертегілермен. Ертегіні тамаша тақпақтармен ашайық.

Гүлсезім: Тамаша, тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басымда әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

Нұрсезім: Той мереке салтанат

Думандатты шартарап

Келді міне Жаңа жыл

Тартуларын арқалап.

Д.Ернар: Әкелсін жыр, ырыс құт

Әлемде болсын тыныштық

Ән саламыз жаңаша

Жаңа жылмен тамаша.

Амина: Оралар ма ол енді

Айтар едім өлеңді

Жылдамырақ келсе екен

Бізге сыйлық берсе екен.

Асима:Сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ күріштей

Қызыл ала шапаны

Сағындым Аяз атаны.

Абай: Қалып едік сағынып

Күтіп алдық жабылып

Жолын қойдық жарық қып

Шыршаларға шам іліп.

Айсұлу: Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле төрле жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын

Асылжан: Бақша іші мереке

Ойын күлкі асқақ ән

Жақсы әпкелкр жаңа кеп

Мерекені бастаған.

К.Айым: Аяз ата аппақ

Сыйлықтары тәттәқ

Сыйлықтары көп болса

Мен айтайын таппақ.

Шахеризада: Қыс мерекесі әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі:

Себебі бәрі келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеді.

Жаңа жылда балалар ақшақар мен аяз-атаны күтеді.

Шах: Бәрі күтетіндей аяз ата, ақшақар кімдер олар менен мықты болғаныма сонда,

Ақшақар мен аяз-атаны менде көргім келеді.

Шахеризада: Жарайды шахым менің, ендеше ертегімді тыңдаңыз. Ерте, ерте, ертеде жасыл

шырша жанында жиналыпты балабақша баласы. Шырша мерекесін, шырша

шамын жағудан бастапты.
1,2,3 шырша шамы жарқыра, жарқыра.

1,2,3 шырша шамы жарқыра, жарқыра.
Шырша шамы жарқырамайды.

Шахеризада: Енді не істедік шырша шамы жанбады, мен сиқырлы айнадан көмек сұрайын.

Нұрлы айнам айтшы барлық шындықты не болды мына шырша шамына

Айна: Ханшайымым менің шырша шамдары құлыптаулы оны алтын кілтпен ашуға

болды.

Шахеризада: рахмет саған нұрлы айнам! Айтындаршы алтын кілтті қайдан тапсам болады.

Буратино: Біз бармыз біздің алтын кілтіміз бар солайма достар. Міне алтын кілт

(шыршаны құлыптан босатады.)

Шахеризада: Олай болса шырша шамын жағайық.

1,2,3, шыршамыз жарқыра, жарқыра.

(шырша шамы жарқырайды)

Шахеризада: Буратино алтын кілтпен шыршаны құлыптан босаттыңдар, ендеше шырша

мерекесіне алып келген өнерін барма?

Буратино: Ия бар келіңдер достар ортаға.

Би: Буратино

Шахеризада: Керемет көп-көп рахмет сендерге.

Ақшақар: Ау-ау. Аяз ата. Ау-ау гном достар қайдасындар?

Шахеризада: Бұл кімнің даусы екен. Біреу адасып кеткен секілді.

1-гном: ортаға жүгіріп шығады. Бұл ақшақардың даусы, бірақ ақшақарды құтқару үшін

жұмбақтар бар соны шешу керек.

  1. Қыста ғана болады.

Ұстасаң қолын тонады. (қар)

  1. Көкке қарап наздана

Қолын созар күнімен

Қыс, көктем, жаз,күздеде

Өзгермес бір түрінен (шырша)

  1. Терезеге қонады

Әсем ою ояды (қырау)

Гном: Балалар ақшақарды құтқаруға аттанайық.

Би: Жеті гном.

Ақшақар: Саламатсыздарма балалар. Жаңа жылдарын құтты болсын.

Шахеризада: Салеметсізбе? Ақшақар қош келдің мерекеге.

Жалмауыз кемпір ортаға жүгіріп келеді.

Жалмауыз кемпір: Саламатсыздарма балалар, мен сіздерді мерекемен құттықтауға келдім.

Жаңа жыл құтты болсын. Ақшақар мына алма саған жаңа жылыңмен

Ақшақар: Қызыл алма, Қызыл алма

Таңдай татар бал дәмін

Мына тәтті бал дәмін

Көрейін мен дәм татып (алма жейді)

Ұйқым келіп тұрғаны. Ұйықтап қалады.

Жалмауыз кемпір: Ха-ха-ха енді ақшақар ұйқысынан тұрмайды, мереке болмайды

Ха-ха-ха бұл менің мерекем

Ха-ха-ха деп шыршаны айналып шығып кетеді.

Көңілі түскен шах.

Шах: Бұл не деген сұмдық ақшақарды ұйықтатып тастады. Болды ертегіні ары қарай

тындағым келмейді.

Шахеризада: Шахым менің мен сенің көңіліңді көтерейін. Ашуланбаңыз мен бір шешуін

табайын. Балалар ақшақардың сүйікті әнін шырқап көрейік, мүмкін оянар.

Ән: Ақшақар.

Шахеризада: Ақшақар оянбады, ендеше мен сиқырлы айнадан көмек сұрайын.

-Нұрлы айнам айтшы шындықты, баянда ақшақарға қалай көмектесеміз.

Айна: Ханшайымым менің, ақшақарды тек аяз ата құтқарады.

Шахеризада: рахмет саған нұрлы айнам. Шахым менің ақшақарды тек аяз-ата құтқара

алады екен.

Шах: Олай болса тез аяз атаны алдыртындар.

Балалар аяз атаны шақырайық.Аяз-ата,

Аяз-ата,

Аяз-ата. (балалар бірге)

Аяз-ата: Құтты болсын,балалар!

Келген жаңа жылдарың!

Алаңдамай өсіңдер,

Еркелеп қыз ұлдарым.

Өткен жылы келіп ем,

Жыл өткізіп келем деп.

Уәдемді беріп ем,

Ойларың мен бойларың да,

Бірдей өсіп қалдыңдар ма?

Ал мен кіммін айтыңдаршы

Мені тани алдыңдар ма?

Балалар: Аяз-ата!

Шахризада: Сәлеметсізбе Аяз-ата!

Аяз-ата: Сендер менің немеремді көрмедіңдерме? Ақшақар немерем жаңа жыл мерекесін

ертегі әлемінде тойлағым келеді деп кеткен болатын?

Шахризада: Сіздің немереңізді жалмауыз кемпір қызыл алма беріп ұйықтатып тастады,

оны тек сіз құтқара аласыз.

Аяз-ата: Сиқырлы таяқ

Сиқырлы таяқ

Қалмашы бізден

Сиқырды аяп

Ақшақар оянсын

Тілегіміз орындалсын

Сенеміз саған сиқырлы таяқ.

(Сиқырлы таяғымен нұқып қалады Ақшақар оянады)

Ақшақар: Ата-мерекеге қашан келдің?

Аяз-ата: Жаңа келдім

Шахризада: Аяз-ата алыс жолдан шаршаған боларсыз. Сіз отырып демалыңыз.

Ал балалар

Әуеледі әніміз

Жаңа кірді сәніміз

Ақшақарды ортаға алып

Би билейік бәріміз деп

Ән шырқап жіберейін

Ән: Жасыл шырша жанында.

Аяз-ата: Тамаша рахмет балалар өнерлі екенсіңдер.

Уа, халайық, өткен жылмен қошасайық,

жаңа жылмен достасайық.

(Ит пен Доңыз келеді)

Ит: Тауық достым жаңа жыл иесі өзіңсің, жаңа, жыл кілтін қабыл ал!

Доңыз: Рахмет досым!

Ит: Сау болындар балалар!

Келесі кездескенше!

Доңыз: Мен жаңа жыл-доңызбын

Жаңалыққа құмармын

Жамандықты қуамын

Уәдемде тұрамын

Мерекелі жыл болсын деп

Ойын сауық құрамын

Биылғы жылы тоқшылық

Болмайды еш жоқшылық

Жаңа жылды қарсы алдың

Мына алып бақшада мен де бүгін ән салдым

Араластым бигеде.

Аяз-ата: Ал балалар біз немерем ақшақар екеуміз кетейік әйтпесе мына ыстық

мекенде еріп кетерміз. Басқа балалардында көңілін көтерейік. Ал мына

сыйлықтарды сендерге қалдырдым. Сау болыңдар балалар деп Аяз-ата мен

ақшақар шығып кетеді.

Би: Флешмоб.

Шах: Ғажап керемет мен қуаныштымын Аяз-ата мерейріммен шуаққа толы қуаныш

сыйлаған мерекеге рахмет маған мереке ұнады.

Ал қәзір мен сыйқырыммен--

«Сим салабим, Ахалай-мақалай, бум» - деп сыйқырлы шарды сиқырлайды.

Шар атылып, конфеттер шашылады.

Шахеризада: Рахмет сендерге жаңа жыл тек бақ береке әкелсің.

Осымен Ақ бота тобының жаңа-жылдық ертеңгілігіміз аяқталды.


написать администратору сайта