Главная страница

жаңа пед технология. Жаа педагогикалы технологияны трлері Ойын технологиясы


Скачать 89.9 Kb.
НазваниеЖаа педагогикалы технологияны трлері Ойын технологиясы
Дата30.09.2022
Размер89.9 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлажаңа пед технология.docx
ТипДокументы
#706662
страница3 из 4
1   2   3   4

Бұл, әрине, барлық технологиялардың толық тізімі емес.

М.Монаховтың жоғарыда айтылған сөзіннен, технология- оқу үрдісін жобалаудың жүйелік әдісі. Педагогикалық технологияны дұрыс жобалау үшін мынандай 5 элемент керек:

1. Мақсат қою.

2.Болжау. Оқушылар еңбегін болжау дегеніміз: деңгейлік оқытуға бағытталып құрылған өздік жұмысы.

3. Оқушылардың сабақтан тыс өз бетімен орындайтын жұмыстары.

4. Логикалық құрылым. Шығын мақсаттың мазмұны мен саны оқушылардың даму аймағын және уақыт бойынша әр аймақтың ұзақтығын анықтайды.

5. Түзету. Қарастырып отырған сұрақтағы мүмкін болатын қиындықтар: оқушылардың көп жіберетін қателері, оқушының оқу стандартты деңгейіне көтерудің педагогикаға тән шаралар жүйесі.

Сонымен қатар, педагогикалық технологияны құрудың алғашқы сатысы мынандай баптардан тұрады:

1. Мұғалімді әдістемелік қамтамасыз ету.

2. Мектеп оқулықтарын дайындау жүйесі.

3. Мұғалімнің кәсіпкерлік дайындық жүйесі.

4. Оқу үрдісін жобалау.

5. Оқушының жалпы және оқу жүктемелері.

Нәтижесінде оқу технологиясы осы мақсаттарға жетуі тиіс:

1. Оқушыны илеуге көне қоятын объект деп қарамай, табиғат берген қасиетін, күш қуатын шыңдайтын, қабілетін дамытатын жеке тұлға деп мойындау.

2. Жеке тұлғаның мемлекеттік және жергілікті жердің мүддесін ұштастыруы.

3. Оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне, бейімділігіне, қабілетіне қарай білім мазмұнын міндетті түрде игеретін деңгейлерін анықтау.

4. Оқушыға «Білім туралы» Заңға сәкес өз бағасын таңдауға мүмкіндік беру.

5. Жалпы білім беру мекемелерінің көп түрлігін қамтамасыз ететін білім мазмұның құрылымын нақтылау.
2.2 Бастауыш сыныптарда деңгейлік саралау оқыту технологиясы арқылы оқушылардың өздігінен жұмыс жасау дағдылары мен  танымдық қабілеттерін арттыру
Соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп практикасына енгізілуде. Сондай технологияларының бірі –деңгейлік саралау оқыту педагогикалық технологиясы. Біздің елімізде осы технологияның негізін қалаушылары Кобдикова Ж.У., Қараев Ж.А. болып отыр. Өз басым сабақтың тиімділігін арттыру мақсатында оқушы қызметін белсендету негізінде деңгейлік саралау технологиясын сабақ үстінде кеңінен қолданамын.Өйткені, оқыту практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын енгізуге оқу ақпараттары көлемінің ұлғаюы, оқушыларға түсетін «салмақтың» артуы басты себеп болды.

Деңгейлеп оқыту- оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әр түрлілігі арқылы жүзеге асырылады.

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейіне оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етеуі.

Бастапқы ғылыми идеялар:

1. Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуға жағдай жасап, мүмкіндік береді.

2. Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

3. Деңгейлеп саралап оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі (минималды базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей.

Базалық деңгей мемлекеттік стандарт бойынша анықталған ең төменгі шек. Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Бұл деңгей оқушыға өзінің құзықушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді.

4. Оқушының жеке тәжірибесіне негізделген деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі болу үшін:

-Жеке тұлға ерекшеліктеріне;

-Психикалық даму ерекшеліктеріне /есте сақтау қабілетінің ерекшелігіне, ойлану қабілеті, зейін ерекшелігіне, өзінің эмоциясын басқара білуіне/;

-Пән бойынша білімді игеру деңгейіне /оқушының білімімен іс-әрекет тәсіліне назар аударып, көңіл бөлу керек/.

Оқушы мен мұғалім іс- әрекетінің жүйесі

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс -әрекеті

Дайындық

Оқушылардың оқу материалын базалық, бағдарламалық, күрделенген деңгейлер бойынша меңгеруін анықтау

 

Диагностикалық

Білімді меңгеру деңгейін анықтайтын тапсырмаларды дайындау. Оқушылардың білімді меңгеру деңгейін диагностикалау. Оқушылардан сауалнама алу, сынып жетекшілерімен, оқушылар және олардың ата- аналарымен әңгімелесу

Диагностика нәтижелерімен өз қызығушылықтары негізгі пәнді оқу деңгейі таңдалады. Оқушы өзіндік таңдау жасайды

Оқушыларды топтарға бөлу

Оқушыларды топқа бөлуді ұйымдастыру: әр топ үшін оқу мазмұнын анықтау. Әр деңгейде оқытуға қойылатын нақты талаптарды дайындау. Дайындалған талаптарды оқушыларға ұсыну.

Белгілі топты оқушының таңдауы. Топтағы оқыту талаптарының жобасын талқылауға қатысу.

Деңгейлеп оқытуды жүзеге асыру кезеңі

Оқушылардың топтардағы жұмысын ұйымдастыру.

Тыңдалған топта өзінің оқу іс-әрекетін ұйымдастыруы

Деңгейлеп оқыту жағдайында білімді меңгерту нәтижелерін бағалау кезеңі

Атқарылған жұмыстар нәтижесі бойынша оқушыларды бағалау /кері байланыстың дұрыс орнауы, жүзеге асуы/

Жеткен нәтижелер бойынша өзара бағалауды және өзін-өзі бағалауды жүзеге асыру

Әр сыныпта оқу озаттары мен үлгермеушілер пайда болу себебі- балалардың даму деңгейінің бірыңғай болмауы, жеке қабілеттеріндегі айырмашылықтар және т.б. болып отыр. Сол себептерден өзім сабақ үстінде деңгейлеп саралап оқытуды жиі пайдаланып отырамын. Осының нәтижесінде әр оқушы сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймайды, соны өзі игеріп, талап, пікір таластыру деңгейіне жетуге тырысады, даму үстінде болуды қалайды.

Бүгінгі педагогика оқушының оқу барысындағы субъект ретінде қабылдайды. Ж.А. Қараев технологиясындағы оқу үрдісінде:

-Оқушыға сенімділік білдіру;

-Пәнге қызығушылығын арттыру;

-Оқушы өз біліміне сенеді, оны әрі дамытады;

-Өзіндік шығармашылық деңгейге көтерілуі, мақсат етіп көздеген.

Профессор Қараев Ж.А. технологиясының тиімділігі: жаңа тықырыпты балалар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгеруі тиіс. Сондықтан мұндай сабақтарда оқушылардың ынтасын, белсенділігін арттыру үшін оларға проблемалық сұрақтар қойып отырамын. Мысалы: қазақ тілі орыс сыныптарында, 3 сынып, «Асханада» атты лексикалық тақырыбында, «Қандай? сұрақтарына жауап беретін сөздер» атты грамматикалық тақырыпты өту барысында, оқушыларға төмендегі сызбаны көрсете отырып, «Осы сөздер нені білдіреді?» деген сұрақ қойып, сабақ үстінде оқушылар оған жауап іздейді.

Кең - просторный (-ая)

Жарық – светлый (-ая)

Дәмді – вкусный (-ая)

Ақ – белый (-ая)

Үлкен – большой (-ая)

Тақырып бойынша жасақталған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.

1 деңгейлік тапсырмалар.

1.Жаң сөздерді есіңе сақта.

2.Осы сөздерді қатыстырып 2-3 сөз тіркестерін құра.

2 деңгейлік тапсырмалар.

1.Жаңа сөздерге сұрақ қойындар?

2.Сурет бойынша 2-3 сөйлем құрастыр.

3 деңгейлік тапсырмалар.

1.Тізімдегі сөздерден ұқсас сөздерді теріп жаз.

Ашық, қара, бала, оқушы, биік, жатыр...

2.Екі сөзді салыстырып, кестенің екінші жағын толтыр:

«Кім? Не?» сұрағына жауап беретін сөздер

«Қандай?» сұрағына жауап беретін сөздер

Асхана

Үлкен

Не? сұрағына жауап береді




Заттың атын білдіреді




Деңгейлік саралау оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамытумен қатар, оларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді.

Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана келесі деңгейге көшіп отырады. Бұл оқушылар арасында жарысу жағдайын тұғызады және әр оқушының мемлекеттік стандартқа сай білім алуына кепілдік береді, әр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкесті жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасайды.

Аталған жаңа бағалау әдісі әр оқушының  дамуын қадағалайтын педагогикалық мониторинг құруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда әр бала әр тақырып бойынша бағаланады және ұстазға, сабақтан тыс уақытта оқушымен жұмыс істеу үшін, үлгерімі төмен оқушыға қажет тақырыпты анықтауға мүмкіндік туады:

-Оқушы өзі ізденеді, оқиды;

-Мұғалім дарын оқушылардың мүмкіншілігін ашады;

-Әр оқушы өзін –өзі бағалайды, өз білімін жоғары деңгейге жеткізе алады;

-Оқушылар материалды толық игереді;

Оқушыны шығармашылық іс-әрекетке бейімдейтін, ақыл-ой өрісін дамытатын құрал- технология. Мысалы, математиканы технология әдісімен оқытуда орындалатын тапсырмалар мен жаттығулар оқушының ойлауын дамытатын, есте сақтау қабілетін арттыратын болу тиіс. Бұл орайда деңгейлік тапсырмалардың атқаратын қызметі зор. Деңгейлік тапсырмалардың мақсаты- оқушыға жеңілден қиынға, қарапайымнан – күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар жүйесін ұсына отырып, оқушыны ізденушілікке, шығармашылыққа баулу. Математиканы профессор Ж.А. Қараевтің технологиясы оқушының теориялық білімін нығайтып, оларды өздігінен іздендіре отырып, шығармашылық жұмысқа жетелейтін деңгейлік тапсырмалар арқылы беріледі.

Әр деңгейлі дифференциалды педагогикалық технологиямен оқыту барысының жүйесі:

1.Жаңа тақырыпты проблемалық әдіспен, ізденіс барысында түсіндіру.

2.Тест немесе диктант /10-15 мин/, тақырыптаң меңгерілуін тексеру

3.Жалпылама тест /барлық түрлерін қолдану/

4.Өздік жұмыс, деңгейлік тапсырмалар.

5.Саралау сабағы, қатемен жұмыс.

6.Әр деңгейлі дифференциалды бақылау жұмысы.

7.Қорытынды бағалау, бағалау парағы.

Сабақ өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолдануға тырысамын. Көбінесе мына жағдайларға көңіл бөлемін:

1) сабақтың мазмұны,

2) сабақты өткізудегі тәсілдері мен әдістерін таңдау,

3) сабақтың нәтижелігі.

Деңгейлеп оқыту технологиясының өзіндік ықпалы зор. Оқушыларға өздік жұмысын ұйымдастырып өткізуге көмегін тигізеді.Оқушылар өздік жұмыстарын орындап, білімдерін мониторингтік жүйе арқылы өздері бағалап, диагностикалауға қол жеткізеді. Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы мынандай 4 түрге бөлінген:

1) Репродуктивтік деңгей - жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты

2) Алгоритмдік деңгей- мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды.

3) Эвристикалық деңгей- оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді.

4) Шығармашылық деңгей -оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді.

Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады. Оқушы сабаққа бұрынғысынан тиянақты дайындалып, сабақ барысында ұпайлар жинауға тырысады. Оқушының пәнге қызығушылығын арттырудың бір саласы деңгейлеп, саралап оқытуда байқағаным, оның тиімді жақтары.

1) сыныптағы барлық оқушы жұмыспен қамтамасыз етіледі. Оқушы белсендігін оятады.

2) Оқушы өз білімінің деңгейіне жұмыстанады.

3) Оқушының өз бетімен жұмыс істеу тиянақтылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеп, жауапкершілігі артады.

Әрине тиімді де орынды пайдаланылған педагогикалық технология сапалы білім негізі бола алады. Бүгінгі шәкірт ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман иесі. Мұндай сабақтарда оқушылардың тапсырылған жұмыстарға іскерлігі қалыптасады. Болашақ өмірінде белгілі бір кәсіби мамандықты таңдап алуға септігін тигізеді.
2.3 Бастауыш сыныпта дамыта оқыту технологиясының тиімділігі
Психолог Л.С. Выгодскийдің айтуынша «Бала дамуының ең шарықтау шегі- бұл тіл мен ойдың шығармашылығы». Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді. Оқыту мен дамыту әдістерінің екуіде жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін маңызды айғақтар болып саналады. Дамыта оқытуда оқушының ойлау, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттері артып, талдау арқылы белгілі бір шешімге келуге, оны дәлелдей білуге, оқушының өз ой-пікірін айтуға мүмкіндік беріледі. Бастауш саты- бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп – оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Президент жолдауында: «Ұлттық бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен анықталады»- деген байламы жеке адамның құндылықтарын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.

Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен дамыта оқыту технологисы басшылыққа алынады. Себебі қазіргі оқулықтар дамыта оқыту технологиясы негізінде жазылған. Сондықтан әрбір бастауыш сынып мұғалімі «Дамыта оқыту» технологиясындағы сабақтың құрылымын, әдіснамалық негіздерін толық меңгеріп, өз іс-тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана білу тиіс.

Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. «Даму» ұғымы сөздікте «... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы» -деп түсіндіріледі. «Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы – жаңарту процесі жаңаның өмірге келуі, ескінің жоғалуы деген мағынаны білдіреді. Оқыту мен дамытудың арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылымы жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С Выгодский.

И.Я Лернер «Даму» деген ұғымды педагоикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл- ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады.

Л.В. Занков ақыл –ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс- әрекетті атқара білу. В.В. Давыдов ақыл ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді.

Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынды.

Метеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл –ой жұмысының тәсілдері қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.

Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.

Дамыта оқытудың ЕРЕКШЕЛІГІ:

—оқушыларды еріксіз және қыстамай оқыту;

—оқушылардың білім алуға деген қызығушылықтарын дамыту үшін тақырыптарды жаңа бір қырынан қайталауды ұсынып отыру;

—білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі;

—оқушыға өз деңгейін таңдауға ерік беру;

—оқушыларға берілетін білімнің саралануы;

—оқыту мен тәрбиенің бірлігі.

Дамыта оқыту деген термин психологиялық ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін (Л.В. Выготский, А.Н. Леонтьева, С.Л. Рубенштейн) және басқа да психиканың функциясы зерттелген (Б.Г. Ананьев, Г.С. Костюк, А.А. Люблинская, Н.А. Менчинская) және т.б. іс –әрекет теориясының психологиясын жасаған (А.Н. Леонтьев, П.Я.Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды.

Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда  ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының - тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайда түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта- ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей үш құрамдас бөліктерден тұратын болады.

1.Оқу мақсаттарының қойылуы

2.Оны шешудің жолын бірлесе қарастыруы

3.Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Бұл - үшеуі дамыта оқытудың Д.Б. Эльконин -В.В. Давыдов жасаған жүйенің негігі компоненттері.

Оқушы алдында оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу, іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асыралады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тындалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенімен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесім ен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.

Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.

Біріншіден-дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.

Екіншіден-дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып,, өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне дамуына қол жеткізе алады. (Жақсы оқушы, жаман оқушы) ұғымның болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.

Үшіншіден –оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті. Себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.

Төртіншіден –дамыта оқыту жүесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым – қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол себепті дәстүрлі жүедегі әміршілдік стиь бұл жерде тиімсіз, оқушы – «орындаушы» объект емес. Ол өз пікірін ашық айта, ойын дәлелдей, дәйекткей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап, көз қарасын құрметтей білуге үйренген жаңа сападағы субъект.

Дамыта оқыту технологиясының нәтижелері:

1.Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;

2.Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;

3.Олардың әрқайсысының деңгейін анықтауға болады;

4.Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік бар;

5.Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді;

6.Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркінігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады;

7.Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.

Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақтар типологиясы:

1.Педагогикадағы түсіндірмелі-иллюстративті әдісі алмастырады. Бұл әдіс тұлға дамуымен тығыз байланыста.

2.Дамытудың барлық заңдылықтарын ескереді, жеке бастың өзіндік деңгейі мен ерекшелігін сәйкестендіреді.

3.Бала іс-әрекеттің толыққанды субъектісі болып табылады.

4.Бала қоршаған ортамен өзара қатынасқа түсетін дербес субъект рөлі беріледі.

5.Тұлғаның барлық қасиетін тұтас дамытуға негізделген.

6.Баланың жақын даму аймағында жүзеге асады.

Осылайша, дамыта оқыту бойынша сабақ кезеңдерінде оқушылар сабақтың мақсат, міндеттерін өздері анықтайды, проблеманы шешу жолдарын іздестіреді, жаңаны өздері табады, оқушыларға кеңеседі.

Дамыта оқыту жүйесі бойынша сабақтарды даярлау және өткізу этаптары.

1.Әдістемелік іс-әрекет жағдайында мақсат пен міндеттерді меңгеруі. Сабақтың мазмұны. Оқу жағдайларын ескеру. Әдістемелік тәсілдерді қолдану.

2.Келесі сабақтың моделін жоспарлау.

Сабақтың негізгі мақсаттарын анықтау. Сабақтың әр этапында оқушының негізгі іс-әрекеттерін анықтау. Оқушы іс-әрекетін ұйымдастыру әдіс-тәсілдерін  таңдау.

3.Сабақты жүргізу.

Әр сабақтағы баланың  іс-әрекетін ұйымдастыру. Оқушымен жанама қарым-қатынас. Жұмыс барысын бақылау жұмысы.

4.Рефлексия.

Сабақтың қорытынды бағасы. Мақсатқа жету. Тақырып бойынша өзгерістер еңгізу. Оқыту нәтижесін талдау.

Дамыта оқытудағы мұғалімнің басты міндеті:

-оқу материалдарын оқушыға дайын күйде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы өз іс- тіжірибесінде қолдануды үйрету.

Қорыта келгенде дамыта оқыту технологиясы оқушы құзіреттілігін дамытуда аса маңызы бар технология.
2.4Орыс сыныптарында қазақ тілі сабағын модульдік оқыту технологиясын қолдану арқылы оқыту
Модульдік оқыту- оқушының тұлғалық ерекшеліктері мен қажеттілігіне орай мазмұн мен оны игерудегі өзіндігіне негізделеді. Модульдік оқыту барысында мұғалім ақпаратшы және бақылаушы қызметтеріне қоса кеңескерлік және үйлестірушілік қызметтерін атқарады. Модульдік оқытудың басты мақсаты- нәтижелі оқыту. Технологияның басты ерекшелігі- жаңа заман кезіндегі өзгерістер мен жаңашылдыққа тез бейімделуі. Модульдік принцип біртұтастық пен толық аяқтаушылықты белгілейді. Модуль бойынша құрастырылған оқу материалын меңгеру барысында оқушы төмендегі қасиеттерді жүзеге асыра алады:


Өзін-өзі

таниды /осознание

ізденушілік іс-әрекеттке кірудегі дайындық

 

анықтайды/ определение

көрсетеді / выражение

ізденушілік іс-әрекеттке жетелеу

бекітеді /утверждение

белсенді ізденіс

жүзеге асырады/ реализация

нәтижені анықтау

Бағыттайды/регуляция

 


Нәтижеде: іс-әрекет мотивациясының терендігі, өз басының іс-әрекетінің өзі түсінуі.
Сабақтың технологиялық картасының негізі

Мақсаттанған жоспар

Банк

Әдістемелік

Бағалау

Ақпарат

іс-әрекетті орындаудағы нұсқау

іс-әрекет

оқушының мақсатқа жетуі.

Осы карта бойынша құрастырылған сабақ үлгісінен үзінді ұсынып отырмын:

Модуль: Дәрігерде

Тақырыбы: Емханада

Грамматикалық тақырып: -нікі,  -дікі, -тікі жалғаулары

Мақсаты:

- оқушыларды сөйлеу мәдениетіне баулу, мамандық таңдауға бағдар беру, денсаулықтарын күтіп, таза жүруге тәрбиелеу;

- тақырып бойынша жаңа сөздерді таныстыру, сөз тіркестерін және сөйлемдер құруды  үйрету; -нікі,  -дікі, -тікі жалғауларын қолданысы туралы түсінік беру;

- жаңа сөздерді өмірде қолдануды үйретіп, оқушылардың сөздік қорларын байыту;

Көрнекілігі:  мамандық иелері туралы суреттер, кесте, интерактивті тақта.

Сабақтың түрі: жаңа тақырып түсіндіру

Қолданатын әдәс-тәсілдер: Модульдік оқыту оқыту технологиясы

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Психологиялық бағыт. Топпен отырғызу.

Өткенді қайталау.

Әр топқа кесте таратылып, оған тиісті қалыр етістіктерді  жазып толтырады, жеке оқып шығады.

Адам не істеді?




Адам тұр.




Адам отыр.

т.б.

 
1   2   3   4


написать администратору сайта