Главная страница

жаңа пед технология. Жаа педагогикалы технологияны трлері Ойын технологиясы


Скачать 89.9 Kb.
НазваниеЖаа педагогикалы технологияны трлері Ойын технологиясы
Дата30.09.2022
Размер89.9 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлажаңа пед технология.docx
ТипДокументы
#706662
страница4 из 4
1   2   3   4

Жаңа сабақ.Сөздік жұмыстан басталады:

Сөздік жұмыс

Емхана – поликлиника

Дәріхана – аптека

Дәрі – лекарство

Тамақ- горло

1.     Сөздеді оқып беремін.

2.     Балаларға қайталатып оқыту.

3.     Жаңа сөздерге байланысты сөз тіркестерін құрастыру.

Наша поликлиника, большая аптека, мое лекарство, твое горло;

Тақтаға модульдің сызбасы шығады. Оған қарап балалар бүгін не туралы өтетінімізді өздері айтады. 

Дәптермен жұмыс. Ай, күннін, тақырыбын жазу.

-Бүгін қандай  күн? Желтоқсанның 14-і

-Аптаның қай күні? Сәрсенбі

Грамматикалық тақырып: сызбаға қарап, балалар өздері ереже құрайды

Петрова                                  Асан                                    Самат

Сара                нікі                  біз                  дікі               Жомарт            тікі

Бала                                       Марал                                  Иванов

Алия                                        сендер                                 Диас

     Қазақ тілінде –нікі, -дікі, -тікі жалғаулары сөздің жуан немесе жіңішке айтылуына қарамай барлық сөздерге жалғана береді.

-нікі, -дікі, -тікі жалғаулары жалғанған сөздерге қандай сұрақ қойылады?

    Бүгінгі сабағымызда топтар деңгейлік тапсырмаларды орындай отырып, мәреге жетулері керек.

Деңгейлік тапсырмалар

1 деңгейлік тапсырма:

-         әр оқушы өз атына –нікі, -дікі, -тікі жалғауларын қосып жазады  және айтады;

Валера+ нікі,                                      Диас+тікі,

Коля+нікі,                                          Егор+дікі,

Орынбасар+дікі,                               Никита+ нікі

-         Берілген сөздерден сөйлем құрастыр:

          Дәрігер, жұмыс, істейді, емханада.

Жедел жәрдем, шақырды, әжем.

Дәрі, сатады, дәріханада.

Сақтау, денсаулықты, керек.

2 деңгейлік тапсырма

-         Кестеге қарап  сөз тіркестерін құрастыр;

Көзілдірік            мектептікі

Кітап                    інімдікі

Доп                      әпкемдікі

     Парта                   ағамдікі

    Қуыршақ              сіңлімдікі

-         Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңдар;

3 деңгейлік тапсырма

-         Сөйлесуді оқып, ұқсас сөйлесу құрастыр;

-         Сурет бойынша 3-4 сөйлем құрастыр;

Бағалау әр топ жұмыс орындау барысында оларға ұпайлар беріліп отырады,топтардың жұмыстарына қорытынды жасалады.

Қорыту

Балалар бір біріне сұрақтар қояды.

Дәрігер мамандығы туралы айту.Өз денсаулықтарын күту, таза жүру керектігі туралы айту.

Дәрігерлер
Кірпік қақсаң үзілгендей гүл шырын,
Алмайсыңдар ай, аптада бір тыным.
Аққу құстай балапанын қорғаған.
Сақтайсыңдар адамдардың өмірін.

 Осы сабақта мұғалім тек бағыттаушы қызметін атқарып, көбінесе баланы сабақтың негізгі кейіпкері етеді.

    Модульдік оқыту технологиясының принципы келесі психикалық- педагогикалық заңдылықтарды сақтайды:

-         Үлкен көлемді оқу материалы есте қиыншылықпен сақталады, бірақ, егер оны шағымдап, нақты бір жүйеге келтірсе, оны қабылдауы жеңілденеді,

-         Оқытылатын материалдың негізгі ойды белгілеп отырса, оны есте сақтауы тиімді болады.

    Оқытудың модульдік технологиясын таңдаған  мұғалім оқушылардың жалпы оқу білігі жөнінде нені білуі керек?

    Оқыту – жалпы табиғаты жағынан және оны ұйымдастыру  ерекшеліктер жағынан алып қарағанда күрделі процесс. Бір жағынан ол алған білімін кез келген сәттерде жеңіл әрі саналы түрде қолдана алуға үйретеді. Осы оқытумен қатар, әрі тығыз байланыста жүретін маңызды процесс бар, ол білік, яғни оқушылардың білімді жеңіл меңгеруін, сонымен қатар қоса оны өз бетінше ала білуін қамтамасыз ететін оқу еңбегінің тәсілдері.

     Сондықтан бұл процестердің біреуін екіншісінен маңыздырақ деп бөліп қарауға болмайды. Оқушының алатын білім қорын оқу білігін қалыптастыратын материал есебінде қабылдасақ, онда оқу кезінде қалыптасқан білікті, осы қорды жаңа біліммен толықтыруға мүмкіндік жасайды деп айтуға болады.

   Оқу білігінің екі түрі болады: жалпы оқу білігі кез келген пәнді оқытуда қажет болса, арнайы білік жеке пәнді оқытуда қажет.

   Біз жалпы оқу білігіне тоқталып өтуді мақсат етіп қойдық. Себебі, ол барлық арнайы біліктердің ірге тасы (фундаменті) болып табылады.

    Сонымен, әрбір оқушыда оқу кезіңде қалыптасуға тиіс жалпы оқу білігі дегеніміз не?

   Олар:

-         Оқу- ұйымдастырушылық;

-         Оқу- интеллектуалдық;

-         Оқу- ақпараттық;

-         Оқу – коммуникативтік деп 4-ке бөлінеді.

Осы аталған тәртіппен әрқайсысына қысқаша тоқталып өтейік.

  І. Оқу –ұйымдастырушылық білік . Оқу еңбегіне әр оқушы өзін- өзі ұйымдастыра алмаса, білімді меңгеруде үлкен жетістікке жетуі мүмкін емес. Сондықтан да оқу-ұйымдастыру білігінің маңызы зор.

   Бұлардың көпшілігі білім сатысының алғашқы басқынтарында- ақ қалыптасады.

 Атап айтсақ:

-         Өз жұмыс орнын ұйымдастыра білу;

-         Ағымдағы жұмысты ұйымдастыра білу;

-         Қойылған міндетті орындауға өзін -өзі бағыттай білу;

-         Оқу іс-әрекетінде өзін-өзі тексере білу, өз жұмысын талдай білу;

-         Ұжымда танымдық іс-әрекет жүргізу, оқу, тапсырмаларын орындауды бірігіп атқара білу /түсіндіре білу, көмек көрсете білу, берген көмекті ала білу, т.б./

ІІ. Оқу –интеллектуалды  немесе жалпы- логикалық білік.

Бұл білік, ең бастысы, әрі ең қиыны болып табылады. Себебі, осы білік ғана ақыл –ойдың терендігін икемділігін , тұрақтылығын қалыптастыруға жағдай жасайды.

   Оқушының интеллектуалдық даму деңгейі келесі біліктердің дұрыс қалыптасқандағы бойынша анықталады:

v Оқу немесе кез келген материалды диалектикалық тұрғыдан талдай білу.

v Объектілерді /нысандарды/, фактілнрді, құбылыстарды салыстыра білу.

v Материалды топтай білу.

v Жалпылай, қорытындылай білу, түйінін табу.

v Абстракциялай білу.

v Ең негізгісі мен маңыздысын ажырата білу.

v Себебі мен салдары арсындағы байланысты анықтау.

v Материалды синтездей білу.

v Оқығанынан логикалық ойдың аяқталған бөлігін таба білу, байланыс құрып, ол байланыстардың өзара тәуелділігін таба білу.

v Берілген тақырыпқа шығарма жаза білу.

v Зерттеушілік мүмкіндіктерді пайдалану /міндетті қоя білу, гипотеза жасай білу, шешу, дәлелдеу, тексеру әдістерін таңдай білу/.

ІІІ. Оқу ақпараттық білік.

   Білімнің кез келген саласын меңгеру. Білімді толықтыратүсінетін әртүрлі ақпарат көздерін пайдалана білумен тікелей байланысты екені дауыссыз. Бұл білікке жататындар:

v Каталогты, компьютерлік ақпарат көздерін пайдалан білу;

v Сөздік, энциклопедия, анықтамалықтармен, алғы сөздермен, комментариялармен /түсіндірме/  жұмыс жүргізе білу;

v Картотека құрастыра білу;

v Баспа және жалпыға бірдей ақпарат –техникалық оқыту құралдары пайдалана білу;/үнтаспа, теледидар, компьютер, т.б./

v Жоспар, тезис, конспект, реферат, аннотация құра білу;

IV. Оқу – коммуникативтік /қарым-қатынас/ білік.

    Оқу – коммуникативті білік дегеніміз- оқу жұмысы кезінде адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас процессінде өзіне көмектеседі, оны мазмұнды, қызықты етіп, мақсатқа бағыттай түседі.

   Ол біліктер:

v Ең негізгісі – тыңдай білу білігі. Оқу кезінде тыңдай білу- ойды бір жерге жинақтауды, біршама ұзақ мерзімге біркелкі зейін қоя білуді талап етеді. Сондықтан арнайы жұмысты қажет ететін жүйке жүйесі мен психиканың тұрақтылығына байланысты болып келетін қиын біліктің бірі.

Біршама қиын біліктер қатары:

v Мұғалімді тыңдай отырып, сол мезгілде оның айтқанының мазмұнын жаза білу.

v Мәтінді оқи отырып мұғалімнің нұсқауын тыңдай білу;

v Өз ойын әдеби тілмен жеткізе білу, оқу пәнінің негізін құрайтын ғылым сөздерін пайдалану;

v Аудитория алдына шығып сөйлеу;

v Шығып сөйлейтін сөзінің жоспарын жасау;

v Тезисті айта білу;

v Нақтылайтын сұрақ қоя білу;

v Нақты дәлел келтіріп, тыңдаушының көзін жеткізе білу.

Жоғарыдағы аталған біліктер адмға жаңа білімді игеруге ғана көмектесіп қоймайды, сонымен бірге ол нағыз білімділіктің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

3. Қорытынды.
Жаңа технологияларды еңгізу барысында мұғалімнің даярлығы мен жаңаға оқыту мазмұны жайында білгені жөн:

Мұғалім нені білу керек?

Мұғалім не істей алуы керек?

Мұғалім қандай іс-әрекеттреді дұрыс ұйымдастыру керек?

1. Жаңа технология көмегімен шешілетін мәселелерді;

2. Жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді;

3. Жаңа технология мәнін, алынатын нәтижелердің теориялық негізін;

4. Жаңа технологияда мұғалім қолданылатын әдіс-тәсілдерді;

5. Оқушыларды жаңа технологияда жұмыс істеуге үйрету әдәсән;

1. Оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыру:

§ Дамыта оқыту бағытында;

Модульдік курс үшін;

§ Әлеуметтендіру бағытында

Ұжымдық жүйедегі оқыту;

§Басқа технологиялар үшін;

2. Күнтізбелік- тақырыптық жоспарлау.

3. Әр сабақты жоспарлау.

4. Жаңа технология бойынша жүргізілетін әр түрлі типтегі сабақ жоспарларын жасау.

5. Оқу модулін құрастыру.

6. Модуль бойынша оқушылардың өзіндік жұмыстары үшін таратпалы материалды дайындау.

7. Модульдерге байланысты оқушыларға арналған өзіндік тапсырмаларды құрастыру.

8. Оқушыларды топтық жұмыс үшін берілетін тапсырмаларды дайындау.

9. Оқу жобаларының мазмұнын анықтау.

10. Оқу жобалары бойынша оқушыларға арналған тапсырмаларды құрастыру.

1.Жаңа технологияда пайдаланылатын жекелеген әдістер мен тәсілдерді қолдану.

2.Әртүрлі типтегі сабақтарды өткізу.

3.Өткізілген сабақтарға талдау жасау, жіберілген кемшіліктердің жасырын себептерін анықтау.

4. Жаңа технологияда қолданылатын оқу әрекеттерінің әдістерін оқушыларға үйрету.

Қоғамның білім беру жүйесінің алдына қойған талабы: оқыту барысында баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық тұлға қалыптастыру міндетін шешу.

Жалпы, менің оқытудағы өз проблемам оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып сабақтың тиімділігін арттыру. Сонымен қатар оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын белсенділігін, дағдысын, білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі бөлігінің бірі- әр мұғалім сабақ жоспарын құрастырған кезде нақты мақсаттар қойып, соған жету жолдарын ізденушілік, жауапкершілік көз қараспен қарауы. Жан-жақты дайындалуы, өз білімін өзі шыңдау,  шығармашыл қабілеттерін үнемі арттырып отыру қажет.

Оқушының танымдық белсенділігін қалай дамытуға болады? Сабақтың тиімділігін қалай арттыруға болады? Жаңа технологиялардың осы мақсаттарға жетудегі пайдасы қаншалықты? деген сұрақтарға өз жұмысымда жауап беруге тырыстым. Бұрын бастауыш мектеп мұғалімінің басты міндеті баланы оқуға, сануға үйрету болса, қазір бастауыш мектеп – оқушының тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Сондықтан жоғарыда аталған мүмкіндіктерді жүзеге асыру, тиімділігіне қарай пайдалану – мұғалімнен үлкен шеберлікті, ідненушілікті, шығармашылықты талап етеді.

4. Қолданылған әдебиеттер
1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.

2.Қазақстан Республикасы Президентінің халқына жолдауы.

3.«Білімдегі жаңалықтар» журналы, 2003жыл.

4.«Мектеп директоры» журналы, 2010 ж.

5.«Мектеп директорының орынбасары», 2011 ж.

6.«12-жылдық білім беру», 2010 ж.

7.«Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде» М.М.Жанпеисова, Алматы, 2002.

8.«Бастауыш сыныпта оқыту. Барлық пәндер бойынша» журналы 2014ж.

9.«Бастауыш мектеп» журналы 2013ж.
1   2   3   4


написать администратору сайта