жаңа пед технология. Жаа педагогикалы технологияны трлері Ойын технологиясы
Скачать 89.9 Kb.
|
Пайдаланылған әдебиеттер: Н.Ә.Назарбаев «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауы. Қазақстан Республикасының 2011-2020 жж дейінгі «Білім беруді дамыту бағдарламасы». Г.К.Селевко. «Педкеңестер технологиясы». Қазақстан Республикасының білім беру ісін дамытудың 2005-2015 жж арналған Мемлекеттік бағдарламасы Госпрограмма «Триединство языков» Жаңа педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды, іскерлікке қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады. XXI ғасырда әлемдегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарламар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Оқушы қызметін белсендіру негізіндегі педагогикалық технологиялар тиімді қолдануға тиістіміз. Сол себепті өз білімімді сіздермен бөліскім келді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау»-деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Осыған орай, білім берудің мақсаты – қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Ойын технологиясы. Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз – педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады. Проблемалық оқыту технологиясы. Проблемалық оқыту – мұғалім басшылығымен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды. Коммуникативтік байланыс технологиясы. Коммуникативтік байланыс технологиясы – шеттілдер мен байланыс негізінде оқыту. Ол сабаққа іскерлік бағдар береді. Сабақтың практикалық жағына бағытталады. Сөйлеу жаттығулары арқылы лексика мен грамматикалық ұғымдар кең көлемде бірқалыпты, және тез мөлшерде жинақталады. Коммуникативтік оқыту қарым-қатынас жағдайларын құруға мүмкіндік береді: Қызығушылығын коммуникативтік тұрғыдан арттыру, коммуникативтік мотивация; Дұрыс бағытта сөйлеу; Өзара қатынастың қалыптасуы; Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Мақсат пен міндеттердің орындалуы мынадай стратегиялар арқылы іске асады: ассоциация, кооперативтік қызмет, көзқарасын талдау мен дәлелдеу түрінде қорғау. Технология енгізу қорытындысы: — оқу үрдісіне деген қызығушылықтың артуы; — оқушының өзбетімен білім алуына мүмкіндік береді; — сыныпта «қайырымды білім» атмосферасы қалыптасады. Оқу процесін тиімді басқару мен ұйымдастыру негізіндегі педагогикалық технологиялар Түсіндіре баяндау арқылы тірек схемаларын қолдана отырып, перспективалы оза оқыту (С.Н. Лысенкова). Бұл технологияда материалды меңгеру үш кезеңде жүреді: — алдын ала; — жаңа ұғымдарды дәлелдеу, оларды жинақтау, қолдану; — оқу іс-әрекеті және ойлау әдістерін дамыту. Оқу материалдарын осылайша деңгейлеу білімді ұзақ уақыт есте сақтауға мүмкіндік береді. Деңгейлік саралау технологиясы – саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға әр түрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық-психологиялық және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі. Жекелеп оқыту технологиясы. Жекелеп оқыту – оқу процесін ұйымдастырудың мына түрлерімен модельдерін қарастырады: — мұғалім бір ғана оқушымен жұмыс істейді; — оқушы тек оқу құралдары мен өзара қатынаста (оқулықтар, компьютер, т.б) болады. Жекелік оқудың басты жетістігі баланың қабілетімен оқу қызметінің желісін, әдісі мен мазмұнын өз қабілетіне қарай бейімдеуіне мүмкіндік береді. Оқытудың ұжымдық әдісі (ОҰӘ) ОҰӘ — оқу процесінде адамдарды өзара және жұптық еңбек әрекеттерін орындауы. ОҰӘ принциптері: — жоғары жетістікке талпыну; — алынған мәліметті бір- біріне лезде кідіріссіз жеткізу; — оқушылар арасындағы өзара көмек және ынтымақтастық; — әртүрлі деңгейлік; — тақырып пен тапсырмалардың әртүрлілігі; Топтық технология. Бұл сыныпта оқу жұмысын ұйымдастырудың үшінші және төртінші деңгейі. Бұндай жұмыс белгілі-бір тапсырманы бірлесіп шешуі үшін сыныпты уақытша топтарға бөлуді қажет етеді. Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, бірлесіп үйренуге мүмкіндік береді. Оқытудың компьютерлік технологиясы – оқытудың бағдарламалық идеяларын дамытады, мүлдем жаңа технологиялық жолдар ашады. Оқытудың компьютерлік технологиясы – мәліметтерді компьютер көмегімен даярлау және беру процестері. Бұл технология материал мазмұнын кейбір модельдерді пайдалануға негізделеді. Оқу материалдарын дидактикалық жетілдіру негізіндегі педагогикалық технология «Мәдени диалог» Оқу процесінің екі негізгі бөлігі арасында диалог түрінде құрылады: орыс тілінің сөздігі мен Европа мәдениетінің негізгі түрлерінің тарихи бір ізділігі; Оқу негізгі «таңдану нүктесі» айналасына орналасқан ішкі диалогқа негізделіп құрылады. Дидактикалық бірлікті ірілендіру (ДБІ) Әдістемелік құрылымның элементі негізіне мұғалім мен оқушы қызметін байланыстырушы ретінде «математикалық жаттығу» ұғымы алынған. ДБІ технологиясының ашушы элементі – жаттығу – триада элементтері сабақтардың бірінде қаралады: — қазіргі тапсырма; — кімге арналғандығы; — жинақтау; Технология мазмұнының басты ерекшелігі пән оқу материалдарының дәстүрлі дидактикалық құрылымын қайта құру. Ойлау қызметін этаптар бойынша қалыптастыру, мақстаттың бағытталу технологиясы – бағдарлық білім, шеберлік және дағдыны әсерлі меңгеру. Бұл технология әрбір оқушының жұмыстарды, әрбір қадамын мұғалімнің бақылауынқажет етеді. Сабақ меңгерудің барлық этаптарында бақылап отыру – технологияның ең маңызды компоненттерінің бірі болады. Ол оқушыны қателесуден сақтандыруға бағытталады. Жеке пәндік педагогикалық технологиялар Ерте және интенсивті сауаттылыққа оқыту технологиясы. Технология мазмұны оқу процесі бала миының танымдық қуатын жан-жақты активтендіре отыра, қызметі мен қатынастары арқылы баланың табиғи ойлауына негізделген. Жалпы оқу шеберлігі – бастауыш мектепте жетілдіретін технология. Технологияның мақсаттық бағыты: — бірінші сынып оқушыларның сөйлеу тілін дамытуға даярлау; — екінші, үшінші сыныптарда ең тиімді оқытуға жету (минутына 120 сөз). — үшінші сыныпта тез жазуды арттыру (минутына 60 әріп); — орфографиялық сауаттылықты арттыру; — қайталап айтуға үйрету; — білім іскерлік және дағдыны терең меңгеру; Эффектілі сабақтар системасына негізделген технология. Мақсаттық бағыттары: — стандартты білім, шеберлік дағдыны меңгеру; — ойлау қызметіне математикалық тәсілдерді меңгеру; — қабілетті балаларды дамыту; Альтернативті технологиялар. Вольдорф педагогикасы «гуманистік педагогика» мен «еркін тәрбие» идеяларын іске асырудағы әртүрдің біреуі болып табылады. Ол мұғаліммен партнерлікке жекеліктің өзбетінше дамуы мен тануы жүйесінде көрінуі мүмкін. Табиғи белсенділі ктехнологиялары. Сауаттылыққа табиғи белсенділікпен тәрбиелеу. Мақсаттық бағыты: — сауатты оқырманды тәрбиелеу; — келесі білім алуда кеңірек пайдалану үшін психоинтеллектік базаны құру; — шығармашылық ойлауын дамыту – оқу кезінде біруақытта оқылып отырған шығармадағы оқиғалар мен кеңістік әлемін көре білу қабілеті; — дауыстап оқу мен іштей оқу арасындаға айырмашылықта айыра білу; Технология текстен белгілі сөздерді бүтіндей кейіпкерлерді тану процесі ретінде қарап оқуды дамытуды қалыптастыруға көмектеседі. Өзіндік дамыту технологиясы ( М.Монтессори). Мақсаттық бағыты: — жан- жақты дамыту; — жекелікті тәрбиелеу; — бала санасында ойлау қызметі мен пәндер элементін біріктіру. Басты мақсаты – оқыту дағдысы: қолдағы ұсақ моторлар, есті дамыту. Қорыта айтқанда, инновациялық технологиялардың қай түрін алсақ та, олардың тиімділігі тек қана мұғалімнің шеберлігімен және осы шеберлікті шыңдай түскендігімен ғана шын күшіне ие бола алады. Сондықтан білім алушылардың ынтасын арттыруға арналған әдістемелік құралдардың жүйесі мен амалдары әр мұғалімнен оларды терең игеруін, іске асыруын және оған сай болатын іскерлікті талап етеді. Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі Методикалық кітапша Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа технологияларын қолдану Бастауыш сынып мұғалімі: Байтикова Жанна Алпамышевна ШҚО, Ұлан ауданы, Қ.Қайсенов кенті, Р.Марсеков атындағы орта мектеп, 2016 жыл Мазмұны: 1.Кіріспе 2. Негізгі бөлім 2.1 «Технология» ұғымы және оның оқу үрдісіндегі рөлі 2.2 Бастауыш сыныптарда деңгейлік саралау оқыту технологиясы арқылы оқушылардың өздігінен жұмыс жасау дағдылары мен танымдық қабілеттерін арттыру 2.3 Бастауыш сыныпта дамыта оқыту технологиясының тиімділігі 2.4 Орыс сыныптарында қазақ тілі сабағын модульдік оқыту технологиясын қолдану арқылы оқыту 3.Қорытынды 4.Қолданылған әдебиеттер Кіріспе Қазргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлесі қалыптасуда. Бұл процесі білім программасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Ол балаға өзін-өзі өзектелендіруге, өзін толытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған. Дене Декарттың трактатында: «Өзін-өзі тану жолындағы еңбек - ең құнды еңбек», деп көрсетілген. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім, білік, дағдысын емес, оның тұлғасын, білім арқылы дамуын қамтып отыр. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі- баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығарып, оқу үрдісіне еңгізу. АҚШ-та, Ұлыбританияда, Ресейде т.б мемлекеттерде жүргізілген зерттеулерде оқытудың технологиялық тәсілінің тиімділігі дәлденген. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының 3 таруының 11 бабында осылай айтылған: 1 ) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;. 9) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану; Сондай- ақ Қазақстан Республикасының жалпы білім беру Мемлекеттік стандартының 4 бөлімінің 4,6 тарауында: бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім мекмелері стандарт бойынша берілген оқушылардың дайындық деңгейіне жету үшін тәрбиелеудің, оқытудың, дамытудың денсаулық сақтау ортасын қамтитын әр түрлі әдіс- тәсілдер мен педагогикалық технологияларды қолдануға болады, деп жазылған. Осыған сүйеніп, өз басым оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру мақсатында жаңа технологияларды үйреніп, олардың сабаққа берер пайдасы және оқушы білімін кеңейту, ой-өрісін жетілдіру, тілдерін дамыту, шығармашылықтарын арттыру, оқуға деген ынтасын жоғарлатудың оңтайлы жолдарын табуды көздедім. Қазіргі кездегі кеңінен қолданылып жүрген деңгейлеп саралай оқыту технологиясы, дамыта оқыту технологиясы мен модульдік оқыту технологиясын осы жұмыста барынша көрсетіп, олардың сабақтың тиімділігін арттырудағы әсері мол екенін айтқым келеді. 2.1 «Технология» ұғымы және оның оқу үрдісіндегі рөлі. Елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу мақсатында жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар бастауыш мектептің жаңа жүйеге көшуін, әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармашалық ізденісін, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етеді. Сондықтан, мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіре отырып, оқушыны қызықтырып оқыту керек екенін сөзсіз. Ұлы неміс пегагогы А.А.Дистервег: «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді» – деген. Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту, тәрбиелеудегі ең озық, тиімді, ізденістерін, тәжірибелерін жалғасытырып, тың жолдарын іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек. «Педагогикалық технология» дегеніміз не? Технология –tehne (шеберлік, өнер, білім) деген мағынаны білдіретін грек сөзі. Академик В.М. Монаховтың айтуы бойынша: технология- оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы, оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі. Ал педагог- ғалым Беспалько өзінің «Слагаемые педагогической технологии» деген еңбегінде былай дейді: «Оқу тәрбие процесінің алдын ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның тәжірибеде жүзеге асуы – белгілі бір педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асу жобасы». Президентіміз Н.А. Назарбаев айтқандай, сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландыруының және инновациялануының негізіне айналуы тиіс. Бұл мәселе жалпы білім беретін мектептерге байланысты айтылып тұрғандығы белгілі. Еліміздің болашағы орта мектептен толық қанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген баладан, яғни, оқушыдан шығары анық, өйткені, ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар- бүгінгі мектеп оқушысы. Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімнің алдына қазіргі таңда қойылатын талап өте үлкен болып отыр. Мұғалім өзінің инновациялық іс -әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, сол жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде жүйелі пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруы қажет. Сонда ғана жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген, өз практикасында қолданған әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады. Мұғалім алғаш жаңа педагогикалық технологияларды: оқып үйренеді, екнішіден, меңгереді, үшіншіден, жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеде қолданады, төртіншіден, оны дамытып, нәтижесін тексереді. Жаңа педагогикалық технологиялар педагогика ғылымының жаңа саласы. Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай жасайды. Инновацияны «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп атауға болады. Инновацияны қолдану дегеніміз, инновацияны шаблон, трафарет ретінде пайдалану емес, өйткені әр мұғалімнің өз іс тәжірибесі бар. Бірақ, инновацияны қолдану арқылы мұғалім өз іс тәжірибесін байытып, еңбегін жеңілдетіп, белгілі бір нәтижеге жету- педагогиканың ең асыл заты болып табылады. Ушинский К.Д. айтқандай, іс тәжірибе толық көшіріліп алынбайды, тек оның негізгі ойы ғана алыну мүмкін. Осы негізгі ойды түсініп оларға шығармашылық көз қараспен қараған мұғалім технология бойынша жұмыс атқара алады. Өмір талабы бойынша оқушы қазіргі кездегі сабақта қонақ болып отырмай, оның негізгі кейіпкері болу керек. Осыған қарай нәтижеге жеткізсе, әр технология тиімді. Оқу үрдісіннің тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру мақсатымен өз басым жеке технологиялармен танысып, оларды оқып, үйренуге бет бұрдым. Қазіргі заманда жиі кезесетін технологиялар төменгі кестеде көрсетілген:
|