2_электрофизиологиялык ерекшелик. Жаа туылан балаларды озыш тіндеріні электрофизиологиялы ерекшеліктері
Скачать 28.42 Kb.
|
|
Бұлшықет талшығы | К+ концентрациясы | Na+ концентрациясы |
Ересектерде | 100 ммоль/л, тұрақты | 20-30 ммоль/л, тұрақты |
Жаңа туылған нәрестелерде | 56 ммоль/л | 101 ммоль/л |
3 айлық нәрестелерде | 90 ммоль/л | 50 ммоль/л |
Сонымен бірге K+ ионының жасушаішіндегі концентрациясының артуы және Na+ ионының өткізгіш мембранадан пассивті өтуі нәтижесінде ТП мөлшері артады.
Бұлшықет талшықтарының қозуы кезінде, алдымен олардың қысқаруы ересектерге тән сипаталады, бірақ бірден емес. Балалардағы мембраналық потенциалмен мен ӘП өзіндік сипаттамаларына байланысты ересектерден айырмашылығы бар. Жасуша ішіндегі K+ мөлшерінің көбеюі 9 жасқа дейін жүреді. Өйткені K+ ионының мөлшері мембраналық потенциалдың жұмысына байланысты, сондықтан 9 жасқа дейін балаларда К+ ионының мөлшері ересектерге қарағанда аз болады.
Жаңа туған нәрестелердегі ӘП ересектермен салыстырғанда келесі ерекшеліктірі бар;
–амплитудасының қысқалығы
_ұзақтығымен
_көбінде ӘП амплитудасы ТП мәнінен аз болады.
Жаңа туған нәрестелердің ӘП бұлшықет талшықтары натрий каналдарының ерекше блокаторы-теродотоксинмен тежелмейді.
Эмбриональды кезеңдегі және босанғаннан кейінгі дамудың алғашқы айларындағы бұлшықеттердің электрқозғыштығы ересектерге қарағанда төмен және қозу табалдырығы жоғары. Балалардың жасы қанша кіші болса, бұлшықет талшығының лабилділігі де төмен болады. Демек, реполяризация үрдісінің ұзақтығы жасы бойынша артып отырады.
Бірдей бұлшықет талшықтары қозуы бірмезгілде болмайды. Кейбір бұлшықет талшықтарының лабилділігі 10-13 жаста ересектердіңкі сияқты түр алса кейде 14-15 жасқа дейін созылады.
Жекелеген бұлшықет талшықтарындағы ӘП ұзақтығын тікелей анықтағанда 14 жастағыларда 5,7 м/с ал ересектерде 2м/с құрайды.
Жүйке бұлшықет синапсының онтогенезі.
_Эмбриональды дамудың 4-аптасында көлденең жолақ бұлшықетке айналушы миотомдар, көбейетін және орын ауыстыратын миобласттардан тұрады.
_Ұрықтың 5-10 аптасында миобласттар бөліну қабілетінен айрылып және миосимпласттар миотүтіктерге бірігеді. Оларда протеидер синтезі жүріп, нексустар . миофиламенттер және холинорецепторлар пайда болады.
_20-аптада нексустар жойылып миотүтікшелер бұлшықет талшығына айналады.
_20-аптасынаң іш қуысының даму сатысында мионевралды синапстар пайда болады, сонымен бірге миотүтіктер бұлшықет талшығына айналады. Мионевралдық синапстардың түзілуі бұлшықеттердің айқын жиырылуын қамтамасыз етеді.
Жүйке-бұлшықет синапсының құрлымдық-функцианальды пісіп жетілуі.
*пресинапстық кезең
Ұрық дамуының 13-14 аптасында бұлшықеттерде моторлы жүйке ұштары пайда болады, олардың дамуы туылғаннан кейінде жалғасады.
_Жаңа туылған нәрестелердің пресинапстық дамуы соңғы тармақалған аксондардың ұлғаюы мен терминалды табақшалар алаңында пайда болады.
_7-8 жаста тез және айқын іс-әрекеттердің көбеюіне байланысы жүйке ұштарының дамуы қарқынды болады.
Мотонейрондардағы ацетилхолин синтезі мен синапстық саңылаудан бөлінетін кванттық медиаторлардың саны артады.
*Постсинапстық кезең:
_Аксоның ұштары миотүтікшелермен байланысқан жерінде митохондриялар, рибосомалар, микротүтікшелер жинақталады. Миотүтікшелердің бетінде шұңқырлар пайда болады ол жерде аксон ұштары орналасады және осы жерде примитивті жүйке-бұлшықеттік синапс пайда болады.
_Моторлы инервацияның дамуы кезінде көптеген біріншілік бұлшықет талшықтарының инервациясы мен соңғы пластинкаларда қалатын мембраналардың ацетилхолинге әртүрлі сезімталдығы қалыптасады. Соңғы пластинкада қатпарлар пайда болады және Н-холинорецепторлардың саны артады.
_Постсинапста ацетилхолинэстераза синтезінің пайда болуы ацетилхолин гидролизін жоғарылатады. Соңғы пластинкада потенциал амплитудасының өсуі қозудың синапс арқылы берілуінің сенімділігін артырады.
Синапстық өткізу
Жаңа туған нәрестелерде синапстық кідіру ұзақтығы 4,5 м/с (ересектерде 0,5м/с)
-жаңа туған нәрестелерде синапстық лабильдігі шамамен 20 имп/с (ересектерде 120 имп/с шамасында). Ересектерге сәйкес синапстық өткізу уақыты 7-8 жастан басталады. 7-8 жаста жүйке-бұлшықеттік синапстардың пісіп жетілу айқын жүреді және аксон ұштарының тармақталуы мен оның аяқталуының жалпы ауданы ұлғаяды.
Нейрондық синапстардың дамуы.
Жаңа туған нәрестелерде миының жүйкелік синапстарында синапстық көпіршіктер аз, пре- және постсинапстық мембраналары қалың емес.
Эмбриогенездегі синапстардың қалыптасуы, мидың биотогының пайда болуымен сәйкес келеді.
Туылғаннан кейін аксон, дендрит және олардың қосымшаларының өсуі байқалады.
Синапстар онтогенездік даму жолында келесі даму сатыларынан өтеді.
1. Десмосомалар-түрленбеген симетриялы емес байланыста болады.
2. Симетриялы байланыстар синапстық көпіршіктерде бастапқы пайда болуы мен жинақталуы кезінде және кейіннен пре- және пост синапстық мембрананың қалыңдауы нәтижесінде пайда болады.
3. Ассиметриялық байланыстар субсинапстық қатынастың және жұлындағы постсинапстық мембраналардың қалыптасуымен бірге жүреді.
4. Қоздырушы синапстар тежегіш синапстарға қарағанда ерте пайда болады.
Жас ұлғайған сайын синапстардағы медиаторлардың қалыптасуы, және постсинапстық мембраналардағы осы медиаторларға жауап беруші рецепторлардың саны көбейеді. Осыған сәйкес синапстардан өтетін импульстардыңда жылдамдығы артады. Сыртқы ақпарат легі синапстардың санын анықтайды. Ең алдымен жұлындағы синапстар қалыптасса, кейіннен басқа жүйке жүйесінің бөлімдеріндегі синапстар қалыптасады. Неге ең алдымен қозушы одан кейін тежеуші синапстар пісіп жетіледі. Себебі тежеуші синапстардың пісіп жетілуі ақпаратты өңдеу кезеңінің күрделілігімен байланысты. ГАМҚ-ның антенатальды кезеңінде- Са+ механизмі арқылы қозушы медиаторлар аксон мен дендриттің өсуіне ықпал етеді. Жаңа туған нәрестелердің миындағы нейрондарда медиаторлар ересектердің 10-50% құрайды.
Постнатальды онтогенездегі нейрондардың дамуы.
Онтогенездегі әртүрлі жүйке жасушалары гетерохронды пісіп жетіледі. Алдынрақ эмбриональды кезеңде ірі афферентті және эфферентті нейрондар пісіп жетіледі. Ұсақ нейрондар постнатальды онтогенезде қоршаған орта жағдайна байланысты біртіндеп дамиды. ОЖЖ нейрондарының саны іште дамудың 20-24 аптасына дейін жетіліп есейгенде де айтарлықтай өзгеріске ұшырамайды.
Осы сияқты нейрондардың басқада бөліктері бірмезгілде пісіп жетілмейді.
Аксондар дендриттерге қарағанда ертерек дамиды. Антенатальды кезеңнің соңында аксондардың ұзындығының, диаметрінің және миеленденуінің үлкейгенін байқауға болады.
Дендриттер тек туылғаннан кейін ғана дамиды және сыртқы ортадаң келетін ақпаратқа байланысты. Дендриттердің қосымшалары мен шығыңқыларының саны функциональдық байланыстарға пропорцианал өседі. Көптеген тармақталған шығыңқылары бар дендриттер ми қыртысының нейрондары болып табылады.
Жүйке талшықтарының миелинденуі гетерхронды жүреді. Ең алдымен перифериялық талшық пен өткізгіш жолдар (іште дамудың 4-ші айында), одан соң жұлын талшықтары, ми бағанасы (сопақма ми, отаңғы ми) мишық (ұрықтың 6-шы айында) және соңынан ми қыртысының талшықтары миелинді қабықпен қапталады. Жұлында қозғалтқыш талшықтар (туылғаннан соң 3-6 ай) сезімтал нейрондарға қарағанда(1,5-2 жаста) ерте миелинденеді. Мидағы миелиндену үдерісі басқаша болады. Мұнда сезімтал талшықтары мен сенсорлы аймақтар ертерек миелинденеді, онда қалай қозғалтқыш тек бала туылғаннан соң 6 айлығында миелинденеді, бірақ мида 2 жасында негізгі өткізгіш жолдар миелинденеді; 1,5-2 жаста негізгі краниоцеребральды жүйкелер, 2 жаста-есту, 3-4 жаста көру және тіл жұтқыншақ. Нейрондардың диференцировкасы сопақша ми мен ортаңғы мидың ядроларында және ми көпірінде туылу кезінде тоқтайды.
4-9 жаста осьтік цилиндрдің диаметрі өседі. Миелинді қабықтың өсуі 9-10 жасқа дейін жалғасада (шеткі нерв талшықтарында), негізгі миелинденуі 4 жаста аяқталады. Ранвье үзілісінде иондық концентрация көбейіп және олардың ара қашықтығы алыстайды үздіксіз өтетін қозу сальтоторлы түрге ауысады 5-9 жаста ересектерден айырмашылығы болмай қалады.(50-71м/с). Сондықтан жүйке талшықтарындағы қозудың өту жылдамдығы мен лабилділігі жоғарылайды (балаларда жүйке лабильділігі 4-10имп/с, ересектерде 500-1000имп/сек). Балаларда нейрондардың қозудың өткізгіштігі мен лабилділігі төмен, тез тежелудің пайда болуына мен тез ұйқтауға қабілетті. Сонымен қатар нейрондар улы заттар мен токсиндерден пайда болған гипоксияға сезімтал келеді. Жүйке жүйесіне қоздырғыштардың тусу тенденциясы 18-21 жас аралығындағылармен салыстырған айқын аз түседі.
Балалардың әртүрлі жастағы қаңқа бұлшықеттерінің қызметтері мен онтогенезі.
Балаларда бұлшықеттердің қалыптасуы әртүрлі даму сатыларынан өтеді. Қаңқа бұлшықеттері мезодермадан қалыптасады.
- Бұлшықет нәруыздарының (актин, миозин, тропонин, тропомиозин) синтезі ұрықтың 5-аптасында басталады.
- Ұрықтың 8-аптасында барлық бұлшықеттер көрінеді ал 10-аптада олардың сіңірлері қалыптасады. Бұлшықеттердің тиісті сүйекпен және жүйкемен байланысы дамудың 2-айында болады. Бірақ қозғалтқыш жүйке ұштары небәрі туылғанға дейін 4-айында дамиды. Бұлшқет талшықтарының дамуы әртүрлі бұлшықетте миофибиллар санының көбеюіне, көлденең жолақтар мен ядролар пайда болуына байланыст әртүрлі жылдамдықпен жүреді.
-Ең алдымен тіл бұлшықеті, ерін, қабырғааралық бұлшықет, арқа бұлшық еті мен диафрагма дифенцацияланады.
-Содан кейін қол бұлшықеттері және соңынан аяқ бұлшықеттері қалыптасады.
Онтогенездің ерте кезеңдеріндегі бұлшықеттердің жиырлыуы бұлшықеттердің дамуын, сондай-ақ аяқ пен қол буындардың өсуінің реттелуін қажет етеді. Келтірілген морфологиялық бұлшықеттердің жиырлыуы субстраты онтогенездің ерте кезеңдерінде қалыптасады.
-Қаңқа бұлшықеттері ұрықтық дамудың 7-ші аптасының өзінде жиырылуға қабілетті болады.
-Ал 12-аптасында қарапайым рефлекторлық әсерлерге механикалық қозу арқылы жауап береді. 12-аптада ұрық қолын қыса алады. Дамудың эмбриональдық кезеңі төмен тоникалық сипатқа ие болады: ол баяу дамиды содан кейін бір деңгейде ұзақ уақыт бойы қалады. Реакцияның бұл сипаты “қызыл” түрдегі талшықтардың көп мөлшерде бұлшықетінде болуымен анықталады.
1. Постнатальды кезеңдегі бұлшықеттердің дамуы мен жүйкеленуі.
Бұлшықеттердің дамуы.
-Жаңа туған балаларда бұлшықет дененің жалпы салмагы 23%, 1-жасқа таяғанда-16% , 8 жаста27 %,15 жаста- 33 %, 17-18 жаста 44% (ересектердегідей).
Бұлшықет салмағы негізінен бұлшықет талшықтарының көлденең және бойлық өлшемдері мен миофибрилдердің санының өсуі есебінен болады. Талшықтардың жалпы саны шамалы артады (10%). Ұзындығының өсуі талшықтардың соңында сіңірлерге жақын орналасқан бүйректің өсуі арқылы жүзеге асады. Миофибриллалар ұшына жаңа саркомерлер қосылады.
Бұлшықетішілік дәнекер тініні мен миофибриллалардың қалыптасуының қарқынды дамуы алғашқы 3 жылда жүзеге асады. Миоциттердің пісіп жетілуі 6 жаста аяқталады. Бұлшықеттердің және оның дәнекер тінінің, нервтенуі мен қандануы 25-30 жасқа дейін жалғасады.
Бұлшықеттердің нервтенуі.
Рецепторлық апарат қозғалтқышқа қарағанда ерте дамиды (ұрықтың 10-12 аптасында). Оның дамуы негізінен туылғанда аяқталады.
-Афференттік нервтенудің қалыптасуы 7-8 жаста аяқталады.
-Эференттік нервтену ересектердің көрсеткіштеріне сәйкес 11-13 жаста , ал толығымен 18-20 жаста толығымен қалыптасады.
2. Балалардағы әр түрлі жастағы бұлшықет қызметтері.
- Температураны реттеу-жаңа туылған балдалардың қаңқа бұлшықетінің негізгі қызметі. Осыған байланысты бұлшықеттер ұйқы кезіндеде белсенді болады. Емшектегі балаларда бұлшықеттердің терморегуляяциялық қызметі төмендейді ал қозғалғыштық қызметі керісінше жоғарылайды.
- Жаңа туылған нәрестелердегі бұлшықеттің белсенді болуы ОЖЖ дамуына, бұлшықет салмағы мен басқа жүйелердің дамуына зор септігін тигізеді.
- Ересектерге сай бұлшықеттер бүгу тонусының қарқынды дамуы мен өсуі ,балаларда 5жасында байқалады.
1. Онтогенез кезіндегі бұлшықеттің физиологиялық ерекшелігі.
Бұлшық еттің қозуы.
-Ұрықта қозу төмен болады (қозу табалдырығы хронакциясы ересектердіңкіне қарағанда 1,5-10,0 есе жоғары).
- Жаңа туған балаларда бұлшықет талшықтарының мембраналық потенциалы 20-40 мВ ол жасуша ішілік К+ мөлшерінің төмен болуымен, ал Na+ мөлшерінің ересектерден көп болумен байланысты.
- ӘП амплитудасы төмен және ұзақ (абсолютті және салыстырмалы рефракторлық фазалардың ұзақ болуы) болады.
- Өсу барысында бұлшықет талшықтарының биофизикалық ерекшеліктерінің өзгеруіне байланысты( иондық насостың белсенділігі жоғарлайды) тыныштық потенциалы мен әрекет потенциалы жоғарылайды.
- Ұрықта, жаңа туған нәрестелерде қозудың бұлшықет талшығымен төмен жылдамдықта өтуі миоциттердің қалыңдауы мен әрекет потенциалының амплитудасының жоғарылауына байлансыты жоғарылайды.
- Ұрықтағы бұлшықет лабилдігі төмен (3-4 Гц)тонустың ерекшеліктеріне байланысты көрінеді. Балалық шақтағы қанқа бұлшықеттердің төмен лабилділігі мен нервтенуі жасқа байланысты біртіндеп жоғарылайды.
- Бұлшықеттердің жиырылуы.
- Ұрық бұлшықеттеріндегі актин мен миозин арақатынасы әлсіз болады.
- Ұрық пен жаңа туылған нәрестелерде бұлшықеттің жеке әрі баяу жиырылуы (ал қысқару мен босаңсу фазасының ұзақ ) болады.
- Жаңа туған нәрестелерде тез және баяу жиырылатын қозғалтқыш бірліктер бірдей жылдамдықта болады.Олардың дифференцировкасы тұылғанаң басталады.
Бұлшықет күші.
Миофибрилдердің көлденең бөлімінің қалыптасуы мен оның тысталуының тығыздалу нәтижесінде жиырылу жасқа байланысты күшейеді, кейінрек бұлшықет талшығының бұлшықетте тығыз орналасады.
10-12 жасқа дейін бұлшықет күші қыз балдарда басым болса, жыныстық жетілу кезінде ер балдарда басым болады. Ұлдардағы күштің көбеюі 15-18 жас аралығында байқалады (ересектердің төменгі шекарасына жеткенде).
Онтогенез барысында координацияның және қимылдың анықтылығының жақсаруымен бұлшықеттердің жұмысқа қабілеттілігі жоғарылайды, қозғалтқыш апаратының жұмысына кететін энергия азаяды.
Бұлшықет әлсіздігі.
-Қаншалықты бала жас болған сайын, оның тез шаршайды, бұл ОЖЖ ерекшеліктеріне байланысты, өйткені бұлшықет өзі ұзақ уақыт қажымай жұмыс істей алады.
- Белсенді демалыс әр түрлі жастағы балалардағы шаршауының алдын алуда маңызды рөл атқарады.
Бұлшықеттердің төзімділігі.
Жас келген сайын күш қуатының азаюына байланысты әлсіздік болады.
Төзімділіктің ең көп ұлғаюы 7-10 жас, ал 16-19 жаста ол ересектер көрсеткішінің 85% құрайды, ал 20-29 жас аралығында төзімділіктің ең жоғары деңгейі болады. Ер балдарда төзімділік қыздарға қарағанда жоғары.