Главная страница
Навигация по странице:

  • Деңгей Ең төмен балл Жаһандық құзыреттілік тің осы деңгейіне жеткен оқушылар қандай дағдыларды

  • Жа_анды_ __зыреттілік. Жаанды зыреттілік


    Скачать 23.37 Kb.
    НазваниеЖаанды зыреттілік
    Дата14.09.2022
    Размер23.37 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЖа_анды_ __зыреттілік.docx
    ТипДокументы
    #676128

    Жаһандық құзыреттілік
    Қазіргідей алуан түрлі, өзара байланысты және өзгермелі әлемде жастардың есеюі экономикалық, әлеуметтік, мәдени, цифрлық, демографиялық, экологиялық және кейде эпидемиологиялық факторлардың ықпалымен жүзеге асады. Жаһандық ауқымдағы тәуекелдер мен қарама-қайшылықтар жастар үшін жаңа мүмкіндіктерді ұсынады, сонымен қатар жаңа проблемаларды да туындатады. Жаһандық проблемаларды шешу үшін халықаралық ынтымақтастық, оның ішінде қатысушылардың әрқайсысының жаһандық құзыреттілігі қажет.

    Жаһандық құзыреттілік – бұл белгілі бір нақты дағдылар емес, басқа мәдени ортаға жататын адамдармен тікелей немесе виртуалды әрекеттестік барысында және жекелеген тұлғалардың қатысуымен жаһандық проблемаларды шешуде (яғни, адамның қазіргі және болашақ ұрпақтың өміріне әсер ететін, ұлттық шекаралары жоқ проблемаларды түсінуін талап ететін жағдайларда) табысты қолданылатын білімнің, дағдылар мен көзқарастардың, қарым-қатынастар мен құндылықтардың жиынтығы. Тиісті білім мен дағдыларды, қарым-қатынастар мен құндылықтарды меңгеру өмір бойы жүреді: адам толық құзыретті болып табылатын бірде-бір сала жоқ. PISA зерттеуі 15 жастағы балалардың осы процесте қандай деңгейде екендігін және олардың мектептері қажетті білім, дағдылар мен қабілеттерді дамытуда оларға қаншалықты табысты көмектесетінін бағалайды.

    PISA зерттеуіндегі жаһандық құзыреттілік келесі жаһандық құзыреттерді қамтитын көпөлшемді қабілет ретінде айқындалады:

    - жаһандық және мәдениетаралық проблемаларды зерттеу қабілеті (мысалы, кедейлік, экономикалық өзара тәуелділік, миграция, теңсіздік, экологиялық тәуекелдер, қақтығыстар, мәдени айырмашылықтар мен стереотиптер). Мектеп пәндерін оқу барысында меңгерген білімі мен мектепте үйренген ойлау тәсілдерін біріктіре отырып, мұндай адам сұрақ қоя алады, ақпаратты талдай алады, құбылыстарды түсіндіре алады және жергілікті, жаһандық немесе мәдениетаралық проблемалар бойынша өзіндік ұстанымын қалыптастырады. Сонымен қатар ол медиасауаттылығын, яғни БАҚ-тағы хабарламаларды табу, талдау және сыни тұрғыдан бағалау қабілетін көрсетеді;

    - әртүрлі дүниетаным мен көзқарастарды түсіну және бағалау (мысалы, негізгі адам құқықтары, жалпы тәжірибе). Ол өзінің мәдени болмысын сақтай отырып, сонымен қатар айналасындағы адамдардың мәдени құндылықтары мен сенімдерін түсіне біледі. Басқа біреудің ұстанымын немесе көзқарасын тану оларды міндетті түрде қабылдауды білдірмейді. Дегенмен басқа «мәдени сүзгі» арқылы көру мүмкіндігі өз көзқарасын тереңдетуге және осы арқылы басқа адамдармен қарым-қатынаста анағұрлым байсалды шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді;

    - басқалармен табысты және құрметке негізделген қарым-қатынас жасау (әртүрлі ұлттық, этникалық, діни, әлеуметтік немесе мәдени ортадағы адамдармен оң қарым-қатынас орнату мүмкіндігі). Жаһандық тұрғыдан құзыретті адам мәдени нормаларды, интерактивті стильдерді және мәдениетаралық мәнмәтіннің ресмилік дәрежесін түсіне алады және өзінің мінез-құлқы мен қарым-қатынасын соған сәйкес бейімдей алады. Ол сыйластыққа негізделген диалогке ұмтылады, басқа адамдарды түсінуге және олармен қарым-қатынас жасауға ұмтылады;

    - ұжымдық әл-ауқат пен тұрақты даму үшін әрекет ету (тұрақты даму мен ұжымдық әл-ауқатқа бағытталған сындарлы іс-әрекеттерді жүзеге асыруға қабілеттілік және бейімділік). Жаһандық деңгейде құзыретті адам өз қоғамындағы өмір сүру жағдайын жақсартуға, барынша әділ, бейбіт, инклюзивті және экологиялық тұрақты әлемді қалыптастыруға үлес қосады. Бұл аспект жастардың қоғамның белсенді және жауапты мүшелері ретіндегі рөлін қамтиды және олардың белгілі бір жергілікті, жаһандық немесе мәдениетаралық проблемаларға немесе жағдайларға орай әрекет етуге дайындығымен байланысты.

    PISA салыстырмалы зерттеуінде 15 жастағы оқушылардың жаһандық құзіреттіліктерін қалыптастыруды табысты бағалау белгіленген көрсеткішті – белгілі бір елден қатысушы оқушылардың тест тапсырмаларын орындауын және сауалнама сұрақтарына берген жауаптарын сипаттайтын орташа балды пайдалана отырып жүзеге асырылады.

    Көзқарастарды анықтау және талдау. Ең оңай тапсырмалар тек бір көзқарасты анықтауды қажет ететін тапсырмалар болып табылады. Анағұрлым күрделі тапсырмалар бірнеше көзқарастарды анықтау және олардың біреуін не бірнешеуін тапсырмада ұсынылған басқа көзқарастарға қатысты талдау мүмкіндігін қамтиды. Ең күрделі тапсырмалар 3-5 көзқарасты анықтауды және талдауды қажет етеді.

    Тапсырмадағы ақпарат шеңберінен тыс нәрселерді пайымдау. Тапсырмалардың күрделілігі оларды орындау барысында тапсырма шартында жоқ қосымша ақпаратқа сүйену қажеттілігіне немесе қарастырылатын жағдай шеңберінен тыс мәселелер бойынша (мысалы, іс-әрекеттердің ықтимал себептері мен салдары туралы) пайымдау жасау қажеттілігіне байланысты болады. Ең оңай тапсырмалар – берілген тапсырма шартында барлық қажетті ақпарат қамтылған тапсырмалар. Субъектілердің іс-әрекетін сипаттайтын тапсырманы орындау барысында оқушыға іс-әрекеттің өзін бағалаудан гөрі осы әрекеттердің ықтимал салдары туралы ойлау қиынырақ болады. Сондай-ақ ұсынылған шешімнің қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді салдары болатынын бағалау да қиынға соғады. Мұндай тапсырмалар сын тұрғысынан ойлау дағдысын қолдануды қажет етеді.

    Ақпараттың көлемі. Жаһандық құзыреттілікті бағалауға арналған тапсырмалар фактілердің сипаттамасын; жекелеген тұлғалардың немесе әлеуметтік топтардың көзқарастарын немесе пікірлерін; жеке адамдардың жасаған іс-әрекеттерін қамтиды. Таңдап іріктеу қажет ақпарат көлемі, бағалау қажет немесе пайдалану қажет ақпарат көздерінің саны әртүрлі болуы мүмкін. Қарапайым тапсырмалар әдетте аз ақпаратты қамтиды. Тапсырманың күрделілігіне ұсынылатын ақпараттың бағаланатын оқушылардың базалық білімімен байланысты болуы да әсер етеді, бұл жағдайда ақпараттың көлемі ауқымды болса да, оқушы үшін тапсырманы орындау оңайырақ болады.

    Жағдаятты сипаттау немесе түсіндіру. Кейбір тапсырмалар оқушының жағдаятты немесе оның аспектілерін сипаттауын немесе түсіндіруін талап етеді. Бірқатар тапсырмалар сипаттаманы немесе түсініктемені ұсынылған нұсқалардың ішінен таңдауды қажет етеді, кейбір тапсырмалар ашық жауап түрінде өзінің түсініктеме беруін немесе сипаттауын қажет етеді. Жауаптың формасына қарамастан, белгілі бір жағдаятты сипаттауды қажет ететін тапсырмалар түсіндіруді қажет ететін тапсырмаларға қарағанда оңайырақ болып табылады. Оқушының өзінің сипаттауын немесе түсініктеме беруін қажет ететін тапсырмалар әдетте себеп-салдарлық байланыстарды қарастыруды қажет етеді.

    PISA-2018 зерттеуі шеңберінде 15 жастағы оқушылардың жаһандық құзыреттілігі қалыптасуының бес деңгейі анықталған және сипатталған.



    Деңгей

    Ең төмен балл

    Жаһандық құзыреттіліктің осы деңгейіне жеткен оқушылар қандай дағдыларды көрсете алады?


    5

    661 және одан жоғары

    5-деңгейде оқушылар 5 немесе одан да көп көзқарасты анықтап, талдай алады. Олар пайымдап, талқылау барысында берілген тапсырма шеңберінен тыс және шартта қамтылмаған ақпаратты тауып, қолдана білу қабілетін көрсетеді, проблеманы талдауда өз бетінше байланыс орната отырып, негізгі білімге тікелей қатысы жоқ маңызды ақпарат көлемін бағалау қабілетін байқатады. Оқушылар ақпаратты оның сенімділігі тұрғысынан бағалауды, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді салдарын анықтауды талап ететін күрделі жағдаяттарды немесе олардың аспектілерін түсіндіре алады.

    4

    596

    4-деңгейде оқушылар әртүрлі бес көзқарасқа дейін анықтап, талдай алады. Олар талқылау барысында тапсырманың шеңберінен шығу қабілетін көрсетеді, базалық білімге негізделген үлкен көлемді ақпаратты бағалау барысында тапсырма шартында қамтылмаған қосымша ақпаратты тауып қолдана біледі. Оқушылар өздеріне жақсы таныс емес жағдаяттарды себеп-салдарлық байланыстар арқылы сипаттай алады. Сонымен қатар олар жағдаяттарды немесе олардың аспектілерін түсіндіре алады және тапсырма шарттарының негізінде күрделі жағдаятты бағалау, сипаттау және/немесе түсіндіру қабілетін көрсете алады.

    3

    531

    3-деңгейде оқушылар ұсынылған жағдаяттағы екі немесе үш түрлі көзқарасты анықтап, талдай алады. Бұл деңгейде оқушылардың ойлап пайымдау барысында ұсынылған жағдаяттан шығу қабілеті мен бағаланатын ақпарат көлемі арасында байланыс бар. Бағалау қажет ақпарат көлемі неғұрлым аз болса, оқушының ой пайымдауы соғұрлым табысты болады. Керісінше, егер бұл тапсырмадан тыс дәлелдеуді қажет етпесе, оқушы ақпараттың орташа және көп ауқымды көлемін бағалау қабілетін көрсетеді.

    Оқушылар қарапайым жағдаятты немесе оның аспектілерін түсіндіре алады. Олар тапсырма шеңберіндегі жағдаяттарды бағалау, сипаттау және/немесе түсіндіру қабілетін байқатады.

    2

    466

    2-деңгейде оқушылар жағдаятқа екі түрлі көзқарасты дұрыс анықтай алады. Олар ақпараттың көлемі аз болған жағдайда қосымша ақпаратты пайдалану арқылы дәлелдей алады.

    Тапсырманың шартында ұсынылған дәлелдемелерді пайдалану қажет болған жағдайда, олар ақпараттың ең аз немесе орташа көлемін бағалай алады. Оқушылар жағдаятты немесе оның аспектілерін сипаттай алады, сондай-ақ ұсынылған дәлелдемелер ішінен дұрыс түсініктемені таба алады. Бағалау үшін ақпарат мөлшері тым аз болған жағдайда олар жағдаятты немесе оның аспектілерін өз бетінше түсіндіре алады.

    1

    401

    1-деңгейде оқушылар бір көзқарасты дұрыс анықтап, алынған ақпаратты тапсырманы орындау үшін пайдалана алады. Олар тапсырма мәнмәтіні таныс болып, өздерін басқа біреудің орнында оңай елестете алатын жағдайда тапсырма ақпаратының шеңберінен тыс ойланып пайымдай алады. Оқушылар ең шағын көлемді ақпаратты бағалай алады, жағдаятты немесе оның аспектілерін сипаттай алады.


    написать администратору сайта