Главная страница
Навигация по странице:

  • Оқушылардың мотивациясы төмен болу себептері мен анықтау мінездемесі Үлгермеушілік себептері

  • Сабақ үстінде үлгермеуші оқушыларға көмек беру.

  • Жаңа сабақты түсіндіру барысында

  • Сабақ барысында өз бетінше жұмыс

  • Өздік жұмыстар ұйымдастыруда

  • Оқушылардың дайындығын бақылау

  • Информатика пәнінен үлгерімі төмен оқушылар тізімі Сыныбы: 6

  • план работы со слабоусп. Жадынама. лгірмеуді психотерапиясы


    Скачать 26.08 Kb.
    НазваниеЖадынама. лгірмеуді психотерапиясы
    Дата15.05.2023
    Размер26.08 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаплан работы со слабоусп.docx
    ТипДокументы
    #1130829

    Жадынама.

    «Үлгірмеудің психотерапиясы»

    1. Өз білімінің бағалануына қанағаттанбай, көмек күтеді.

    2 . Минутына кем дегенде бір кемшілік. Оқушының бойындағы кемшіліктердің біреуін ғана таңдап, онымен күресуге көмектесіңіз.

    3. «Бір оқпен екі қоянды»

    Оқушының өзі үшін маңызды үш қиындығымен күресті бастаңыз.

    4. Орындаушыны мадақтап,орындағанына сын айту керек.

    5. Үлгірмеушінің бүгінгі жетістіктерін, кешегі кемшіліктерімен салыстырып отырыңыз.

    6. Мадақтаудан аянбаңыз.

    7. Бағалаудың қауіпсіздік ережелері «Білмеймін,бірақ білгім келеді» деген оқуға қызығушылығы арттады.

    8. Үлгірмеушіге нақты талаплар қойыңыз.

    9. Өз-өзін бағалай білу , оқудың қиындығын жеңудегі негізгі әдіс.

    10. Жетістіктерін салыстырып отыру.

    Оқушылардың мотивациясы төмен болу себептері мен анықтау мінездемесі

    Үлгермеушілік себептері

    • Оқу мотивациясының төмен деңгейі (оқуға деген еш қызығушылығы жоқ). Әсер етеді:

    • Оқушының отбасындағы жағдайы;

    • Айналадағы қоршаған ортамен қарым-қатынас

    • Дұрыс тәрбиелемеу нәтижесінің зияткерлік тұрғыдан кері әсер беруі.Зияткерлігі төмен оқушылар – ойлау дағдысының қалыптасуына және дамуына жағдай жасалмаған, машығы мен дағдысы қалыптаспаған оқушыларға мұғалім оқыту негізін құрайды

    • Оқытушы тарапынан қажетті талаптың дұрыс қойылмауы, оқыту жұмысы машығын дұрыс қоймауы

    • Оқу еңбегіне дұрыс қатынастың қалыптаспауы:

    • Тәрбие берудегі жеткіліксіздіктер(үнемі еңбек жауапкершілігінің жоқтығы, ұқыпты орындауға үйретілмеу, еркелік, ұйымдастырылмаған оқушылар);

    • Оқу үрдісі қызметінің дұрыс ұйымдастырылмауы

    • Оқу және таным қызығушылығы дамуының әлсіздігі не болмаса мүлдем болмауы – бұл мәселеге деген ата-ана мен педагогтардың немқұрайлылығы


    Айқындау мінездемесі

    • Білімнің қоғамдағы орнын түсіне алмау, оқуға деген қарым-қатынастың дұрыс қалыптаспауы; Оқу барысында нәтижеге жетуге талпынбаушылық(жақсы баға алуға ұмтылмаушылық, қанағаттанарлық бағамен қанағат ету)

    • Оқыту тапсырмаларын орындауда және ойлау белсенділігін талап ететін іс-әрекетті орындауға деген талпынысы болмайды. Керісінше, белсенді ойлаудың орнына: жаттау,көшіру, жолдастарының айтқанын тыңдау, дұрыс жауап нұсқасын белгілей салу т.б түрлерін қолданады.Мұндай оқушылар сабақтан тыс уақытта өте ақылды, белсенді болады.

    • Оқушылар өздігінен жұмыс істей алмайды, өйткені оқыту жұмысының тиімді жақтарын қолданбайды: мәтінді жаттау, анықтамасын жаттамай, практикасын орындауға ұмтылу, тапсырманы орындауда белгілі бір шапшаңдық қалыптаспайды

    • Көп уақыт алатын, қиын, өте қызықты емес тапсырмаларды құлықсыздық таныту.

    • Оқу тапсырмаларын орындауға жауапсыздықпен қарайды.

    • Үй тапсырмаларын толық орындамайды.

    • Оқу құралдарына ұқыпсыздықпен қарайды.

    • Білуге қызығушылығы аз, тыңдағаны мен ұққанын жүзеге асырғысы келмейді


    Сабақ үстінде үлгермеуші оқушыларға көмек беру.



    Оқушылардың дайындығын бақылау

    Сабақ сұрарда оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру

    Оқушылардан сабақ сұрауда тақтада көбірек жұмыс істеуге жағдай жасау.

    Сұраққа жауап беруде мүмкін болатын жауаптарын ұсыну .

    Сабақ барысында тақырыптық көрнекі құралдарды пайдалану.

    Оқушыны бағалауда мақтау, мадақтау сөздер арқылы ынта ықыласын арттыру.


    Жаңа сабақты түсіндіру барысында

    Тақырыпты меңгертуге қызығушылығын арттыру.

    Сабақ түсіндіру барысында үлгермеуші оқушыларға сұрақтар қою арқылы тақырыпты қаншалықты меңгергенін байқау.

    Үлгермеуші оқушыларды қандайда бір приборлар жасауда және тәжірибе өткізуде көмекші ретінде іске тарту.

    Үздік оқушылардың айтқан түсіндірмелеріне үлгермеушілердің өз пікірін білдіруге және нәтиже шығаруға жағдай туғызу.


    Сабақ барысында өз бетінше жұмыс

    Деңгейлік тапсырмалар беру

    Алдын ала орындалған тапсырмаларға ұқсас жұмыс тапсыру

    Тапсырманың орындалу шарттарын түсіндіру

    Тапсырма орындау барысында заңдылықтар мен ережелерге сілтеме жасау.

    Тапсырманың орындалуы мүмкін болатын жолдарын түсіндіру және жүзеге асыру

    Үлгермеушілерді өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру


    Өздік жұмыстар

    ұйымдастыруда

    Үлгермеушілердің жұмыстарын тиянақты қадағалау, жіберілген қателерімен жұмыс жасау тексеру және түзету

    Үлгермеушілердің орындауы тиіс тапсырмаларды деңгейіне қарай таңдау.

    Тапсырмалардың орындалуына толық түсінік беру

    Болуы мүмкін қиындықтарды алдын ала ескерту, тапсырманың орындалу бағыттарының жоспарларымен таныстыру

    Жұмыс нәтижесі

    Сабақ барысында


    Оқыту деңгейі



    Оқушылардың дайындығын бақылау

    Үлгермеушілердің өздеріне қиын болып табылған сұрақтарды меңгеруіне қатаң бақылау жасау

    Ауызша жауап беруде жазбаша жұмыстарында жіберілген қателеріне сараптама жасау, қателіктерді жоюға назарын аудару, ықпал жасау

    Қатыспаған тақырыптарды меңгеруіне бақылау жасау

    Тақырыпты немесе тарауды құрастырып болғанда негізгі түсініктермен заңдылықтарды ережелерді қайталау, үлгермеу себептерін анықтау, түсініктер беру

    Сабақ барысында міндетті түрде тақырыптың негізгі элементтерін қалай түсінгенін қадағалау


    Жаңа сабақты түсіндіру барысында


    Тақырыпты қарастыру барысында оқушыларды сұрақтар қойып, оларға жауап алуын жолға қою

    Білім алуда қызығушылығын арттыру, қолдау жасау

    Сабақ түсіндіру барысында әнбебап тәсілдерді қолдану


    Информатика пәнінен үлгерімі төмен оқушылар тізімі

    Сыныбы: 6


    қ\с

    Аты-жөні


    сыныбы

    1

    Ирисматов Мирабзал

    6 «А»

    2

    Шарипбаев Шохруз

    6 «Б»

    3

    Хажиматов Тимур

    6 «В»


    6 сыныбының информатика пәні

    бойынша үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары

    2021- 2022 оқу жылы

    Мақсаты: Оқушыларға информатикалық білімді меңгерту, ережелер мен формулаларды қарапайым дәстурлерді қолдана алуға дағдыландыру, білім-білік дағдылары мен іскерлік қабілеттерін шыңдай отырып, пәнге қызығушылығын ояту.


    қ\с

    Жеке жұмыс жүргізудің тақырыптары

    Мерзімі

    1

    Ақпарат, оның мазмұны, түрлері мен қасиеттері. Ақпаратты өңдеу тәсілдері

    Қыркүйек

    2

    Компьютердің қосымша құрылғылары

    Қыркүйек

    3

    Программалық жабдықтаманың сыныптамасы мен жалпы сипаттамасы

    Қазан

    4

    Терезелер

    Қазан

    5

    Сурет салу, сақтау және ашу

    Қараша

    6

    Графикалық редактордың сурет салу құралдары

    Қараша

    7

    Мәтінді теру және түзету ережелері. Мәтін бөліктерін ерекшелеу

    Желтоқсан

    8

    Мәтінді пішімдеу. Әріптер

    Желтоқсан

    9

    Мәтіндік және графикалық ақпаратты өндеу

    Қаңтар

    10

    Практикум. Аралас құжаттар құру

    Қаңтар

    11

    Информатика және ақпарат. Компьютер І жж бақылау жұмысы

    Ақпан

    12

    Сурет бөліктерімен жұмыс істеу

    Ақпан

    13

    Масштаб. Суреттің трансформациясы

    Наурыз

    14

    Блокнот және калькулятордың жады

    Наурыз

    15

    Дыбыстық ақпаратты өңдеу. Дыбыс жазу. Практикум

    Сәуір

    16

    Жобамен жұмыс

    Сәуір

    17

    Мәтіндік редактор.

    Мамыр

    18

    Дыбыс жазу

    Мамыр


    написать администратору сайта