Кальций. Жай заттармен
Скачать 15.23 Kb.
|
Кальций Кальций IV период, II топтың негізгі топшасының элементі. Реттік немірі 20, ендеше ядросында 20 протон мен 20 нейтроны бар (Аr=40), электрондарының жалпы саны да 20. Кальцийдің электрондық формуласы ls22s22p63s23p64s2, валенттілік электрондары 4s2 болғандықтан кальций косылыстарында II валентті. Кальцийді кальций хлоридінің балқымасын электролиз'- деп алады. Кальций ақ түсті, жеңіл (р=1,55 г/см3), сілтілік металдардан қаттырақ зат, t°балқу = 851°С, керосиннің астында сақталады.Ат. н. 20; ат. м. 40,08; балқу t 842°С; қайнау t 1495°С тығыздығы 1,55 г/см2. Кальцийді 1808 жылы ағылшын ғалымы Г.Дэви ашқан. Түсі күмістей ақ, жеңіл металл, белгілі изотоптары 14, табиғи изотоптары 6. Негізгі минералдары: кальцит, ангидрит, гипс, флюорит, апатит, т.б. Кальций белсенді металл болғандықтан көптеген реакцияларға түседі. Жай заттармен Са + Н2 = СаН2 кальций гидриді Са + Сl2 = СаСl2 кальций хлориді 2Са + О2 = 2СаО кальций оксиді 6Са + 2N2СаN кальций нитриді Ca + 2С =СаС2 кальций карбиді Күрделі заттармен Ca + 2НОН = Са(ОН)2 + Н2↑ Ca + 2HCl=СаСl2 + Н2↑ Осы реакциялардың барлығында кальций - тотықсыздандырғыш.Оттекпен оңай әрекеттесіп, қыздырғанда жанады. Металлоидтармен тікелей әрекеттеседі. Кальций металын өнеркәсіпте екі жолмен алады:электролиз әдісімен алу үшін балқыған Калций хлориді (CaCl2) арқылы тұрақты ток жіберіп, катодта таза Калций металын алады;екінші әдіс Al не Mg ұнтағының әктаспен аралас қоспасын вакумда 1100 – 1200°С-та қыздыру арқылы алады. Калций көмегімен уран, торий, ванадий, хром сияқты қиын балқитын, сирек те шашыранды, ілеспе металдарды тотықсыздандырып өндіреді. |