Жайнар рсарина
Скачать 85.5 Kb.
|
Жайнар Құрсарина, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, математика және жаратылыстану ғылымдары факультеті, химия мамандығының Жастар саясаты –мәңгілік ел болудың кепілі Жастар –болашақтың Мәңгілік қозғаушысы. Жастар- бұл мемлекеттің негізгі тірегі бола отырып, болашақта ел басқаратын ұрпақ өкілдері. Жастар — үлкен күш. Жастар дегеніміз - жалын от. Жас жүрген жер - мереке. Қазақстанда жастар жалпы халықтың 30 пайызын құрайды. Жастар саясаты туралы заң бойынша жастар- 14-29 жас аралығын қамтиды. Жастар са-ясатына берілген анықтама: «Мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтік - экономикалық, сәяси, ұйымдастырушылық және құқықтық ша-ралар жүйесі қызметінің аясы». Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасының жастар саясаты әлеуметтік саясаттың аса жас бағыты болып отыр. Мәселен, «Қазақстан Респубикасының Жастар саясаты туралы концепциясы» 1999 жылы 28 тамызда қабылданған, оның мағынасын кең түрде ашатын, тұжырымдамалық- әдістік негізге сүйенетін 2004 жылы 7 шілдедегі «Жастар саясаты туралы заң» бар. Жастар - кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші. Бұл оймен дауласудың өзі артық. Мемлекеттің тұрақты дәмуының негізі - бәсекеге қабілетті жастар буыны, ал бұл тікелей жас қазақстандықтардың білім мен білік сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына байланысты. Сондықтан да мемлекетгік саясаттың негізгі бағы-тының бірі - жастар секторы. Жастар секторына Қазақстанда айрықша назар аударылады.Үлкен мүмкіндіктер, биік армандар. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және Үкімет қазіргі толқынға, жастарға үлкен үміт артады. Елбасының тапасырмасы бойынша өткен жылы республикада жастар саясатының мәселесі бойынша өткен жылы республикада жастар саясатының мәселесі бойынша арнайы уәкілетті орган –КР-інің істері және азааматтық қоғам министрлігі құрылды. Бұл уәкілетті органың қызметтік шеңбері өте кең: біліктілік деңгейде, білім алу жастарды жұмыспен қамтамасыз ету, бос уақытты тиімді өткізуді ұйымдастыру, саламатты өмір салтын ұстану және рухани құндылықтарды қастерлеу, патриотизімді бекіту. Мәселең әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан, мемлекет жастар мен жас отбасылардың экономикалық жағдайын-жақсарту мен табыс деңгейін көтеру, ұзақ мерзімді несие берудің кезендік жүйесін енгізу,басқа да экономикалық көмек түрлері арқылы білім алу мүмкіндігін кеңейту, іскерлік белсенділігін арттыру, тұрғын жайы мен үй шаруашылығын толыққанды жабдықтау үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдай жасаудың барлық шараларын қолдануда. Мысалы, студенттерге жол ақысының жеңілдігінің қолданылуы, еліміздегі жас азаматтар мен жас отбасыларды жеңілдікті ипотекалық несиелеу. жас мамандарды енбек нарығында қамтамасыз ету жолындағы мемлекеттік ықпалдасу тетіктері, ауыл жастарына берілетін көпсалалы квота, ауылға барған жастарға көтерме көмектер, жетім бапаларға және мүгедек жандарға көрсетілетін көмек түрлерін атап өтуге болады. Қазақстанның ішкі саясаты мен халықаралық аренада жеткен жетістіктерін еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен байланыстырамыз. Н.Ә.Назарбаев жаңа қазақ мемлекеттігінін, қалыптасуына, халықтар достығын нығайтуға, еуропалық және азиялық мәдени байланыстар мен экономикалық қарым-қатынастардың үйлесімді дамуына үлкен үлес қосты. Міне, осы тұрғыдан алғанда, еліміздің түңғыш Президентінің әлемдік деңгейдегі саясаткер ретіндегі тұлғасын ашып керсету, оның сан қырлы қызметін ғылыми тұрғыда сараптау және насихаттау мақсатындағы шараларды ұйымдастыру қордың басты міндеттерінің бірі болып табылады. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қоры» қоғамдық қоры 2011 жылы ЮНЕСКО-ның ұйымдастыруымен өткен Білім конференциясына қатысушылар адамзаттың басын біріктіретін - білім ғана деген байлам жасады. Мықты маман болып, өмірдің сан кетігін бүтіндер ақылды, дарынды, талапты жастарымыз аз емес.Мәселе, солардың алғашқы қадамына қолдау көрсетіп, көмек жасауда. Осы мақсатта Қор жанынан республикамызда және шет елдердегі ғылыми-зерттеу орталықтарында жұмыс істейтін отандық ғалымдардан кеңес құрылды. Жастарды түрлі саладағы қызметтермен қамту мәселесі бойынша бағдарламалар жүзеге асырылуда. Мысал ретінде, «Дипломмен ауылға», келісімшарттық негіздегі әскери қыз-мет (бүгінгі таңда Қазақстан Қарулы күштерінің жеке құрамының 70 пайыздан астамы келісімшарт негізіндегі әскери қызметте) және т.б.атап өтуге болады Жыл өткен сайын жастар арасындағы жұмыссыздық қысқарып келеді Ресми көрсеткіштер бойынша, жұмыссыздық 2016 жылдың ІІ тоқсанында 4,2 пайызды керсеткен, бұл 2015 жылғы көрсеткіштің едәуір төмендегенін білдіреді Өткен жылы ресми түрде қызметтік кәсіппен жастардың ішінен Қазақстанда 2,1 млн азамат қамтамасыз етілді Бір сөзбен айтқанда 14 жас пен 29 жас аралығындағы қазақстандықтардың тең жартысының қызметі бар. Ағымдағы жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуы» бағдарламасы алғашқы нәтижесін бере бастады. Ресми керсеткіштерге сүйенсек, еліміз-дің 115 мыңға жуық жас тұрғындары бұл бағдарламаға қатысып, жұмыспен қамтамасыз етілген. Ескере кететін жәйт, бұл көрсеткіштің жартысынан көбі ауыл тұрғындары. Мем-лекеттік бағдарламалар жастарды жұмыспен қамтып қана қоймайды, сонымен қатар біліктілігін арттыруға, мамандығын ауыстыруға, жаңа мамандыктарды игеруіне де көп көңіл бөледі. Елбасының тапсырмасы бойынша, осы жылдан бастап, мамандығы бойынша қызмет еткісі келетін адамға мемлекет барлық жағдайды тегін ұсынады. Бірінші кезекте, бұл шара жұмыссыз және өздігінше жұмыспен қамтылған жастарды қолдауға бағытталған. «Жастар практикасы», «Дипломмен ауылға», «Жасыл ел» секілді бағдарламалар жастарды тұрақты және уақытша жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. 2016 жылғы мәлімет бойынша, «Жасыл ел» багдарламасымен елді мекендерді жайластыру мен көгалдандыруға 18 мың адам қатысқан. Жастар саясаты қызметінің басты бағыты - мемлекеттік ғылыми-техникалық және инновациялық саясаттың маңызды мәселелері жөнін де ұсынымдар дайындау болып табылатын Жас ғалымдар кеңесі ғылымды дамытуға, оны алға апарар талантты жастардың ғылымға келуіне қамқорлық жасау мақсатында бір-қатар бағдарламаларды жүзеге асырады. Соның бірі, еліміздегі ғылыми ұйымдар мен жетекші жоғары оқу орындарының жас ғалымдарының іргелі және қолданбалы ғылым салаларындағы зерттеу жұмыстары үшін берілетін гранттар байқауы болып табылады. Қазіргі таңда.Елбасымыз мен халқымыздың мына біздерден мол үміт пен жетістіктер күтуде. «Жастар - біздің болашағымыз. Оларды жаңа заманда өмір сүруге үйрету-біздің міндетіміз» -деп Н. Назарбаев айтқандай, мына біздер алға талпынып.қанаттануымыз қажет. Қазіргі таңда еліміз дамып.соны жастар одан әрі алға даамытуларымыз керек. Елбасымыз биылғы жылды -«Жастар Жылы» - деп бекер айтпады Жастар саясатының дамуына үлкен үлес қосайық. Барлық елдерде жастар саясатының басты мақсаты жастардың қоғамда шиеленіссіз ықпалдасуы мен өзін-өзі дамытуын арттыруға ықпал ету болып табылады Қазақстанда мемлекеттік жастар саясатын жаңғырту барысында шетелдерде аса жетістікпен қолданылып жүрген тәсілдер мен амалдарды қолдану жөн саналады. АҚШ тәжірибесі жастардың шешім қабылдауға ықпал ету-деңгейін арттыру мақсатында білім беру ұйымдарында өзін- өзі басқару органдарын дамыту көрсетілген. Сонымен қатар олар қажетті әлеуметтік, мәдени, коммуникациялы, басқарушы дағдыларды алу мүмкіндігінде береді. АҚШ-та жастар саясатының бағдарламалары мен жобаларын іске асыруға мемлекеттік жеке серіктестің үлгісінде жеке қайырымдылық ұйымдарын, коммерциялық секторларды тарту тетіктері белсенді енгізілген. Жастар саясатын іске асырудың жапондық тәсілдерінің негізі мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың бірлескен өзара тиімді іс қимылы мен араларындағы жауап-кершілікті нақты бөлу.Арнайы жастар орталықтарының, бюролары мен қызметтерінің жұмыс істеуін мемлекеттік тұрғыда қамтамасыз ету әдістері кең қолданысқа ие. Соны-мен, Турцияда ірі қалаларда, ақпараттық және мәдени жастар орталықтары, Германияда жастар, ақпараттық консультативтік бюросы қызмет етеді. Аталған орталықтар желілерге қосылған, қызмет көрсетудің стандарттық базасы, ақларат алмасу және оны жаңарту желісі бар. Португалия мен Испанияда жастарға әлеуметтік көмек көрсетудің қоғамдық-мемлекеттік қызметі енгізілген. Швецияда соңғы жылдары мемлекеттік органдардың қызметін тұжырымдау мен шешім қабылдау кезеңінде үйлестірумен айналысатын арнайы құрылым қалыптасқан. Ресейде жастар саясатын іске асыру әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси бағыттар бойынша ірі жобалар жүйесі арқылы жүргізіледі. Соңғы жылдары федералдық және өңірлік-деңгейде жастар саясаты басқармасы құрылымы нығайтылған. Жастар - қоғамның қозғаушы күші. Бүгінгі жастар креативті пікірге ие. Шыны керек, қазір жастар арасында соңғы инновациялық технологияларды пайдалану арқылы жобалар ұсынып жүргендері баршылық. Түрлі жаңа технологияның игіліктерін біліп, көріп жүрген де солар Инновациялық жобаларды халықаралық деңгейдегі сайыстарға қатыстырып арнайы грант ұтып алған жастар көп Ал оны ғылыми тұрғыда жүзеге асы-руға қаржылық колдау қажет Демек, мемлекет тарапынан озық идеяларға, ұтымды жобаларға арнайы қаржы қарастырылып, жүзеге асуына мұрындық болған жөн. Онсыз білімді жастар шетел асып, басқа елдің атынан шығуы әбден мүмкін Сол себептен ғылымды дамытамыз десек, әуелі инновациялық жобаларды мақұлдау қажет Еліміздің жастары - белсенді де жарқын топ Олар кез келген шыңды, тіпті әлемді бағындыруға дайын. Ақылды да тапқыр, жас та жігерлі казақстандықтардың алдында өз идеяларын жүзеге асыруға мумкіндік беретін керемет болашақ күтіп тұр. Бұдан бұрын өзімізге қойған сауалға келер болсақ, қазіргі жастардың келбеті қандай дегенде бір ғана тұжырым жасауға болмайды. Біз барлығымыз да қайталанбас бірегей түлғалармыз. Біздің жастар даңқы әлемге танылатын дизайнер, режиссер, ғалым, сәнгер болуда. Олар бионика-лық протез ойлап тауып.робот техникасын зерттеуде, керемет фильмдер түсіруде, өнер туындыларын жасап, теңдесіз идеяларды тудыруда. Дамыту мен құлшыныс туғызу үшін барлық жағдайды жасап, бұл бастамаларды жан-жақты қолдау аса маңызды. Біздің алдымызда осының барлығын игеріп, өз әлеуетімізді тиімді пайдалану міндеті тұр. Ал бұп жолда біз анықтап алуға тиістінің ең басты талабы мынандай болмақ: «Біздің ең маңызды әрі бағалы қүндылығымыз - осы жерде өмір сүріп жатқан адамдар» Ендеше талабымыз да, бағдарымыз да айқын: "Біздің ең басты құндылығымыз -осы жерде өмір сүріп жатқан адамдар, басты мақсатымыз - қуатты мемлекетті құру. Жастар саясатын жүзеге асырудағы маңызды рөл жастар үйымдарына тиесілі. Соңғы онжылдықта олардың саны елімізде жеті еседен астам өсті. Қазақстан жастарының Конгресі (2002ж.) сияқты бұқаралық ұйым-дарда жастарды шоғырландыру процесі жалғасуда. "Нұр Отан" ХДП жанындағы "Жас Отан" жастар қанаты (2008ж.). Бүгінгі жастар - ертеңгі кәсіби білікті маман, болашақ отбасының тірегі. Әрбір жас қоғамда өз орнына ие болу үшін кез келген қоғамдық мәселеге бейжай қара-мауы тиіс. Себебі патриоттық рух та, рухани ерік-жігер де ортамен араласудан туындайды. Қазіргі жастар – болашағының жарқын болуы үшін өздерінің ақылдарымен, талмас еңбегімен, сонымен қатар қайсар күш қуатымен өздерінің алдағы жоспарларының мақсаттарын табу керек. Бұл 21 ғасырда жаңа жаңа еліміздің бой көтерген, бәсекеге қабілетті сонымен қатар дүние жүзі бойынша құрмет тұтатын елді толықтыруда көптеген еңбек етіп әрі қарай алып жүру керек. Жастар саясатын жүзеге асыру елді жаңашылдыққа,интеллектуалды бәсекелестікке жете-лейді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев: «кез-келген ел келешегін болашақ ұрпағымен байланыстырады»,-деген болатын. Сондықтан жастар қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады. // Молодежная – Жастар.- 2019.- 11 сәуір. |