Главная страница
Навигация по странице:

  • Жалпы рецептура

  • 1.Пайыздық мөлшер

  • 3.Салмақтық-көлем қатынаста

  • Рецепт жазуда қолданылатын демеуліктер.

  • Ұнтақтар-Pulveres

  • Капсулалар-Capsulae

  • Инъекцияға арналған дәрілік қалыптар

  • Әр түрлі дәрілік қалыптар

  • борьне. рецепт. Жалпы рецептура


    Скачать 1.89 Mb.
    НазваниеЖалпы рецептура
    Анкорборьне
    Дата25.03.2023
    Размер1.89 Mb.
    Формат файлаpptx
    Имя файларецепт.pptx
    ТипДокументы
    #1013584

    Жалпы рецептура

    • Рецепт-дәрігердің фармацевтке немесе дәріханаға қағаз жүзіндегі дәрілерді белгілі бір түрде науқасқа дайындап берілуі,онда дәрінің мөлшері мен қабылдау тәсілдері көрсетілген,жазбаша нұсқауы мен жолдамасы.Рецепт өте маңызды арнайы медициналық және заңдық құжат.Рецепт арнайы бланкте жазылады. Рецепт жүйелі 9 бөліктен тұрады.
    • 1.Емдеу мекемесінің аталымы(мөрі) және коды.
    • 2.Рецепт жазудың мерзімі(күні,айы,жылы).
    • 3.Науқастың аты-жөні.
    • 4.Науқастың жас шамасы.
    • 5.Дәрігердің ат-жөні.
    • 6.Дәрілік заттардың белгісі және олардың саны(жазбаша).
    • 7.Дәрілік пішіндердің аталуы(май,ұнтақ және т.б.)немесе фармацевтке басқа тапсырма.
    • 8.Дәрі-дәрмектің қолдану тәсілдері(сигнатура).
    • 9.Дәрігердің тек өзінің қолы мен мөрі.
    • Жалпы рецептура-дәрілік заттарды рецептерге жазу және оларды тұтынушыға босату ережесі туралы оқытатын дәрі-дәрмек тану ғылымының бөлімі.
    • Дәрі-дәрмек –патологиялық жағдайларды және әртүрлі ауруларды емдеу,алдын-алу және диагностикалау үшін қолданылатын бір немесе бірнеше дәрілік заттан тұрады.

      Рецепт жазу үлгісі қысқартылған және толық түрде болады.Дәрілік заттың аты латын тілінде жазылады,әрбір келесі атаулар бірінің астына бірі жаңа жолдан жазылады , бірінші қатты әсер ететін және наркотикалық заттардың аты , содан кейін басқа заттардың аты жазылады.

      «Recipe» - «ал» деген мағынаны білдіреді,дәрігердің фармацевтке өтініші

      (Rp.:- қысқаша атауы).

    Рецептура бланктерінің түрлері,олардың қолданылуы және есепке алынуы,сонымен қатар рецептураға қатысты басқа да сұрақтарды 2008 жылы 21 мамыр айындағы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің №289 бұйрығында көрсетілген.Осы бұйрық бойынша рецептура бланктерінің 3 түрі бар:Дәрілерді толық құнына беретін(кәдімгі бланк),дәрілерді жеңілдікпен беретін(жеңілдік бланк),наркотикалық және соларға теңелген препараттарды беретін бланк түрі.Дәрәлер тегін келесі жағдайларда жазылып,босатылады:Ұлы Отан Соғысы мен интернационалист ардагерлері мен мүгедектеріне,мүгедектерге,3-жасқа дейінгі балаларға,көп балалы отбасылық балаларға 14 жасқа дейін,экологиялық аймақта тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге береді.Келесі аурулармен ауыратын науқастар дәрілерді тегін алады:қатерлі ісік пен қан аурулары,қант диабеті,психикалық аурулар,мерез,туберкулез,алапес,ИЖПС,АИВ-инфекциясы.Наркотикалық және улы дәрілерді жазып беретін(ресми бланк)бланкті толтырған,соңында дәрігердің қолы,жеке мөрі мен мекеменің мөрі болуы керек.Содан кейін оны тиісті есеп журналға тіркеуі қажет.
    • Рецептура бланктерінің түрлері,олардың қолданылуы және есепке алынуы,сонымен қатар рецептураға қатысты басқа да сұрақтарды 2008 жылы 21 мамыр айындағы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің №289 бұйрығында көрсетілген.Осы бұйрық бойынша рецептура бланктерінің 3 түрі бар:Дәрілерді толық құнына беретін(кәдімгі бланк),дәрілерді жеңілдікпен беретін(жеңілдік бланк),наркотикалық және соларға теңелген препараттарды беретін бланк түрі.Дәрәлер тегін келесі жағдайларда жазылып,босатылады:Ұлы Отан Соғысы мен интернационалист ардагерлері мен мүгедектеріне,мүгедектерге,3-жасқа дейінгі балаларға,көп балалы отбасылық балаларға 14 жасқа дейін,экологиялық аймақта тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге береді.Келесі аурулармен ауыратын науқастар дәрілерді тегін алады:қатерлі ісік пен қан аурулары,қант диабеті,психикалық аурулар,мерез,туберкулез,алапес,ИЖПС,АИВ-инфекциясы.Наркотикалық және улы дәрілерді жазып беретін(ресми бланк)бланкті толтырған,соңында дәрігердің қолы,жеке мөрі мен мекеменің мөрі болуы керек.Содан кейін оны тиісті есеп журналға тіркеуі қажет.
    • Дәріхана-тез бұзылатын қарапайым дәрілерді(ерітінділер,қайнатпа,тұндырма,тұнба т.б)дайындайтын,сонымен қатар фармацевтикалық өндірістерде дайындалған дайын дәрілік препараттарды сақтау мен науқастарға дәріні беретін медициналық мекеме.
    • Дәрілерді мөлшерлеу.Дәрі-дәрмектер негізінен белгілі бір ғана өзіне тиісті мөлшермен дайындалып,жіберіліп отырады.Сондықтан,дәрілер әр түрлі қолдануға ыңғайлы белгі көрсеткіш мөлшерлермен дайындалады.
    • 1)рецептте 1 грамм дәрінің салмақтық саны 1,0(грамм)-1000мг(миллиграмм)

      2) 0,1г-100 мг(миллиграмм)

      3) 0,01г-10мг

      4) 0,001г-1мг

      5) 0,0001г-100мкг(микрограмм)

      6) 0,00001г-10мкг

      7) 0,000001г-1мкг

      8) 0,0000001г-100нг(нанограмм)

      9) 0,00000001г-10нг

      Дәрілердің шоғырлауы(топтаулы түрде тұратын заттарды айтады),бұларды 3 тәсілмен белгілейді.

      1.Пайыздық мөлшер-дәрілік заттың 100мл-дегі құрамы,мысалы,3%тетрациклин майы,бұл 100мл-де 3г дәрілік зат болады:

      2.Қатынастық мөлшер-дәрілік заттың салмағын 1 граммда алады,кез-келген көлемде(1:10,1:100,1:1000)мысалы,200мл суда 1:10 емен қабығының қайнатпасы,яғни 200мл-де 20г бар.

      3.Салмақтық-көлем қатынаста(мысалы,20,0-200мл-яғни-20мл-де 20г дәрілік зат бар).

      4. Биологиялық әсерлі мөлшер-(дәрінің биологиялық тиісті әсер етуші мөлшерлері)ЕД(Единица действия-әсерлік бірлігі),МЕ(Международная единица-Халықаралық бірлік)ББ(Биологиялық бірлік).Мысалы,Окситоцин-5 ЕД гормоналдық дәрі(5реттік толғақтық күші бар),жүкті әйелдерге босану кезінде қолданылады.
    • Ana (аа) – бірдей
    • Acidum(aa,acid) – қышқыл
    • Ampulla(amp) – ампула
    • Aqua(ag) – су
    • Aqua distillate(Aq.destill) – тазартылған су
    • Buturum(but) – май
    • Compositus(comp,cps) – күрделі
    • Dasigna.detur(D.S) – бер,осылай берілсін
    • Da tales doses(D.t.D) – мынадай дозалар бер
    • Dilitus(dil.) – араластырылған
    • Divide in partes aequales(Div inp.aeg) – бірдей бөлікке бөлу
    • Extractum(Extr) – экстракт
    • Fiat(fiant-F) – болсын
    • Gutta,guttae(Gtt) – тамшы,тамшылар
    • Infusum(inf) – тұнба
    • In ampullis(in ampull) – ампулада
    • In tabulettis(in tab) – таблеткада
    • Linimentum(lin) – сұйық май
    • Ligor(lig) - сұйық
    • Рецепт жазуда қолданылатын демеуліктер.
    • Табыс септікті меңгеретін демеуліктер.

      аd үшін,ға/ге,қа/ке,ішіне

      рer арқылы,бойына

      Мысалы: ad aegrotam- ауру үшін

      per vaginam- қынап арқылы

      Көмектес септікті меңгеретін демеуліктер

      сum- мен,бен,пен

      ex- ішінен,дан/ден,тан/тен

      pro- үшін,алдында

      Мысалы: cum aqua-сумен

      ex officinal-дәріханадан

      pro aegrota-ауру үшін

    • Табыс септік Көмектес септік
    • in

      Қайда?Неде Қай жерде?ненің ішінде?

      ға/ге,қа/ке да/де,та/те

      sub

      Қайда?неде? Қай жерде?Ненің ішінде?

      астына астында

      Мысалы: in aquam(қайда?)-суға

      in aqua(қайда?)-суда

      sub linguam –тіл астына

      sub lingua-тіл астында




    Numerus



    Singularis(жекеше)

    Decli

    Natio

    Genus



    1

    2

    3

    4

    5

    Casus



    f

    m n

    m f n

    m n



    f

    Nom(aт)

    -a



    -ur, -er

    um

    әр түрлі

    -us

    -u

    -es



    Gen(ілік)

    -ae



    -i

    -is



    -us

    -ei

    Қатты дәрілік қалыптар

    Ұнтақтар

    Таблеткалар

    Драже

    Карамельдер

    Пилюлалар

    Капсулалар

    Пастилкалар

    Гранулалар

    Қарындаштар
    • Ұнтақтар-Pulveres(атау сеп,ж-ше түрі- Pulvis,ілік сеп, ж-ше түрі Pulveris)Ұнтақтар,- сыртқа қабылдау қабылдауға арналған қатты дәрілік қалып.
    • Ұнтақтардың жіктелуі: 1.Қолдану әдісі бойынша:ішке,сыртқа 2.Құрамына қарай

      .жай(1 заттан тұрады) күрделі(құрамы 2 не одан көп) 3.Дозалау сипатына қарай:бөлінбеген(дозаланбаған)бөлінген(дозаланған)

      Ұнтақтарды рецепттерде жазу ережесі

      1.Жай дозаланбаған ұнтақ: «Rp.:» сөзінен кейін үлкен әріппен ілік септігінде дәрілік заттың аты мен жалпы мөлшері граммен жазылады(Pulveris сөзі көрсетілмейді)Келесі жолда-D.S

      Мысалы: Rp.: Magnesii sulfatis30,0

      D.S 1І 2 стакан жылы суда ерітіп,күніне 1 рет

      2.Жай дозаланған ұнтақ:«Rp.:» сөзінен кейін үлкен әріппен ілік септігінде дәрілік заттың аты мен жалпы мөлшері граммен жазылады(Pulveris сөзі көрсетілмейді)1 ұнтақтың граммен дозасы жазылады.Келесі жолда D.t.d. N.. Одан кейін S-жазылады

      Мысалы: Rp.: Magnesii oxydi 0,5

      D.t.d. N10

      S. тамақтан соң 1 ұнтақтан

    • 3.Күрделі дозаланған ұнтақ :«Rp.:» сөзінен кейін үлкен әріппен ілік септігінде дәрілік заттың аты(Pulveris сөзі көрсетілмейді)мен 1 ұнтақтың дозасы жазылады,Келесі жолда қосымша заттың аты мен дозасы,әрі қарай M.f.pulvis,Келесі жолда-D.t.d. N…одан кейін-Sжазылады.
    • Мысалы: Rp.:Riboflavini 0,005

      Thiamini chloridi 0,002

      Sacchari 0,3

      M.f.pulvis

      D.t.d. N50

      S.1 ұнтақтан күніне 2 рет

      4.Күрделі дозаланбаған ұнтақ :«Rp.:» сөзінен кейін үлкен әріппен ілік септігінде дәрілік заттың аты(Pulveris сөзі көрсетілмейді)мен граммен жалпы саны жазылады,Келесі жолда қосымша заттың аты мен дозасы,әрі қарай M.f.pulvis,Келесі жолда- D.Sжазылады.

      Мысалы: Rp.:Zinci oxydi 5,0

      Talci 15,0

      M.f.pulvis

      D.S.сеппе

      5.Өсімдік текті ұнтақтарға рецепт жазғанда :«Rp.:» сөзінен кейін-Pulveris жазылады,ілік сеп.ұнтақ жасалған өсімдік бөлігінің аты,өсімдік аты,саны(дозаланбаса)1 ұнтақтың дозасы(дозаланған) Келесі жолда-D.t.d. N…одан кейін-S(дозаланған болса)D.S(дозаланбаған болса).
    • Таблеткалар-Tabulettae(атау сеп.ж-ше түрі-Tabuletta;табыс сеп.ж-ше туріTabulettam;табыс сеп.к-ше түрі-Tabulettas;қысқартылуы-Tab.)
    • Таблеткаларды рецеттерде жазу ережесі:

      1. «Rp.:» сөзінен кейін табыс септігінде жекеше түрде-Tabulettam дәрілік қалыптың аты жазылады,дәрілік заттың аты ілік септігінде бас әріппен және 1 таблетканың дозасы граммен жазылады D.t.d N…одан кейін S.

      2. «Rp.:» сөзінен кейін дәрілік заттың аты үлкен әріппен ілік септігінде және 1 таблетканың дозасы граммен жазылады.Келесі жолда D.t.d N…одан кейін S.

      Мысалы: Rp.:Tabulettam Analgini 0,5

      D.t.d N10

      S.1 таблеткадан бас ауырғанда.

      3. . «Rp.:» сөзінен кейін табыс септігінде,көпше түрде- Tabulettas жазылады,дәрілік заттың аты атау септігінде бас әріппен тырнақша ішінде жазылады,N...келесі жолда-D.S

      Мысалы: Rp.:Tabulettas «Benalginum»N10

      D.S.1 таблеткадан буын ауырғанда

    • Драже-Dragee-ішке қабылдайтын,дәрілік және қосалқы заттарды түйіршіктерге бірнеше қайталап жағу арқылы алынатын қатты дәрілік қалып.
    • Дражеге рецепт жазу ережесі

      1.«Rp.:» сөзінен кейін дәрілік заттың аты ілік септігінде,ж-ше түрде-Dragee жазылады,дәрілік қалыптың аты бас әріппен ілік септігінде 1 драже дозасы граммен жfзылады.Келесі жолда D.t.d.N…одан кейін-S.

      Мысалы: Rp.: Dragee Diazolini 0,05

      D.t.d.N10

      S.күніне 1 дражеден.

      2. .«Rp.:» сөзінен кейін дәрілік заттың аты ілік септігінде,-Dragee жазылады,дәрілік қалыптың аты атау септігінде бас әріппен тырнақша ішінде жазылады,N…келесі жолда-S.

      Мысалы: Rp.: Dragee»Hexavitum»N100

      D.S.күніне 3 рет 1 дражеден

    • Гранулалар-Granula-ішке арналған біртектес бөлшектер түріндегі дозаланбаған қатты дәрілік қалып.
    • Гранулаға рецепт жазу ережесі

      1. «Rp.:» сөзінен кейін дәрілік заттың аты ілік септігінде,»Granulorum»дәрілік заттың аты бас әріппен ілік септігінде (егер комерциялық атпен шыққан болса,тырнақша ішінде дәрілік зат аты бас әріппен атау септігінде жазылады)жалпы саны граммен жазылады,келесі жолда-D.S.

      Мысалы: Rp.:Granulorum Plantag lucidi 50,0

      D.S.Күніне 2-3 рет тамаққа дейін Капсулалар-Capsulae-ішке қолданылатын,дозаланған, ұнтақ тәрізді, паста,түйіршік,сұйық дәрілік заттарға арналған қабықтар.Капсула түрлері: қатты және жұмсақ.

      Капсулалар рецептін капсулаға арналған ережелері бойынша жазады,содан соң D.t.d. N…, берілген зат қандай капсулаларда беріледі-in capsulis gelatinosis,in oblatis және т.б.

      Мысалы: Rp.: Olei Ricini 1,0

      D.t.d. N15 in capsulis gelatinosis

      S.жарты сағат ішінде қабылдау

    • Пилюлалар-Pilulae-салмағы 0,1-0,5 г,пішіні шар тәрізді,біріңғай серпімді заттан жасалған,ішке енгізуге арналған қатты дәрілік қалып.Қазіргі таңда өте сирек рецепт жазып беріледі.
    • Карамельдер-Caramel.Карамельдер-дәрілік заттарды қантпен және сірнемен араластыру арқылы алынатын қатты дәрілік қалып.Негізінде жұтқыншақ пен ауыз қуысы шырышты қабатының ауруларында қолданылады.Карамельдер рецепте ресми таблеткалар сияқты жазылады.
    • Қарындаштар-Stilus- дәрілік заттарды балқыту жолымен алынатын,бір жақ ұшы сүйірленген қатты дәрілік қалып.Қарындаштарды қармаушы және күйдіргіш әсер алу үшін теріге,шырышты қабыққа жағады.(мысалы,қан тоқтатаын қарындаштар)

    Жұмсақ дәрілік қалыптар

    Жағылмалар

    Пасталар

    Линименттер

    Пластырьлер

    Суппозиториялар
    • Жағылмалар-Unguenta-консистенциясы тұтқыр,сыртқа қолданылатын жұмсақ дәрілік қалып.Жағылма негізі ішінде біркелкі бөлінген бір немесе бірнеше дәрілік заттан тұрады.
    • Жағылмаларды рецептте жазу ережесі: 1.«Rp.:» сөзінен кейін дәрілік заттың аты ілік септігінде-Unguenti6дәрілік заттың аты бас әріппен ілік септігінде жазылады,консентрациясы процентпен немесе граммен және жалпы жағылма мөлшері граммен көрсетіледі,келесі жолда D.S

      Мысалы: Rp.: Unguenti Oxalini 0,25%-5,0

      D.S Күніне 3-4 рет мұрынның шырышты қабатынан жағу.

      2.Егер күрделі болса,Толық рецепт түрінде ілік септігінде,мөлшері граммен көрсетіліп немесе ӘБ негізгі әрекет ететін зат пен жағылмалық негіздері қоса жазылады.Келесі жолда M.f.unguentum-одан кейін D.S.

      Мысалы: Rp.: Oxolini0,0125

      Vazelini ad 5,0

      M.f.unguentum

      D.S.Куніне 3-4 рет мұрынның шырышты қабатына жағу

    • Пасталар-Pastae-жағылмалардан ұнтақ сияқты заттардан тұратынымен ерекшеленді.Дене температурасында пасталар жұмсарады.Пасталар адсорбциялаушы,кептіретін қасиетке ие.Қолданылуына байланысты стоматологиялық,ддерматологиялық т.б бөлінеді
    • Пасталарды рецептте жазу ережесі:

      1.Rp.:-сөзінен соң жағылмалы негіздің аты мен мөлшері граммен көрсетілген,ілік септігінде жазылған,негізгі әсер ететін заттан бастап,жалпы мөлшеріне дейінгі компоненттері көрсетіледі.Келесі жолда M.f.pasta,одан кейін-D.S.

      Мысалы: Rp.: Anaesthesini 5,0

      Amyli 12,5

      Vaselini ad 50,0

      M.f.pasta

      D.s.Тері зақымдалған аймаққа жағу

      2.Официналды пасталарға «Rp.:» сөзінен кейін дәрілік заттың аты ілік септігінде-Pastae,дәрілік заттың аты бас әріппен ілік септігінде жазылады және мөлшері граммен көрсетіледі,келесі жолда D.S

      Мысалы: Rp.:Pastae Zinci-Salicylatae 100,0

      D.S.зақымдалған аймаққа жағу

    • Суппозиториялар-Suppositoria- бөлме температурасында қатты,дене температурасында еритиін,балқитын,дозаланған,жұмсақ дәрілік қалып.Пішініне қарай шарлар,жұмыртқа тәрізді,пессария болып бөлінеді.
    • Суппозиторияларды рецептте жазу ережесі:

      1.Қысқартылған түрі: «Rp.:» сөзінен кейін табыс септігінде жекеше түрде-Supositorium,содан соң cum дәрілік зат аты бас әріппен жазылады.Келесі жолда D.t.d. N… S.

      Мысалы: Rp.: Supositorium cum Glycerino 1,5

      D.t.d. N16

      S. 1 суппозиториядан тік ішекке

      2.Толық рецепт түрі: «Rp.:» сөзінен кейін дәрілік зат аты бас әріппен ілік септігінде,1 суппозиторияның дозасы жазылады.Келесі жолда M.f. suppositorium rectale Одан кейін D.t.d. N.... S

      Мысалы:Rp.: Euphyllini 0,2

      Olei Cacao 3,0

      M.f. suppositorium rectale

      D.t.d. N 10

      S.1 суппозиториядан тік ішекке

      3.Комеррциялық атпен шыққан суппозиториялар «Rp.:» сөзінен кейін табыс септігінде көпше түрде «Suppositoria» содан соң тырнақшада дәрілік заттың аты бас әріппен атау септігінде, келесіде N D.S

      Мысалы: Rp.: Suppositoria « Anosolum» N10

      D.S. Тік ішекке күніне 2 рет

    • Пластырьлер-Emplastra-сыртқа қолдануға арналған,дене температурасында жұмсарған соң теріге жабысатын қабілеті бар дәрілік қалып.Бұл көне дәрілік қалыптардың бірі болып келеді,сирек қолданылады.
    • Линименттер-Linimenta-сыртқа қолдануға арналған қою сұйықтық түріндегі,дене температурасында балқитын қоймалжың дәрілік қалып.Гомогендігіне байланысты бөлінеді:гомогенді,эмульсиялық,суспензиялық.

      Линименттерді рецептте жазу ережесі:

      1. «Rp.:» сөзінен кейін дәрілік зат аты бас әріппен ілік септігінде,»Linimenti» дәпілік заттың аты бас әріппен ілік септігінде жазылады,одан кейін концентрациясы %көрсетіледі және жалпы мөлшері келесі жолда D.S.

      Мысалы: Rp.: Linimenti Synthomycini 10%-30 ml

      D.S. Конъюктивті қапқа күніне 2 рет енгізу


    Сұйық дәрілік қалыптар

    Сығындылар

    Суспензиялар

    Тұндырма

    Шырыштар

    Қайнатпалар

    Ерітінділер

    Эмульсиялар

    Микстуралар

    Тұнба
    • Ерітінділер-Solutiones-дәрілік затты арнайы еріткіштерде еріту арқылы алынатын сұйық дәрілік қалып.Ерітінділердің спиртті,майлы,сулы түрлері бар.Қолдану әдісіне байланысты:сыртқа,ішке,иньекцияға арналған ерітінділер деп бөлінеді.
    • Ерітінділерді рецептте жазу ережесі:

      1.Қысқартылған рецепт түрі. «Rp.:» сөзінен кейін дәрілік заттың аты ілік септігінде «Solutionis»6дәрілік заттың аты бас әріппен ілік септігіде жазылады,одан кейін концентрациясы мен жалпы мөлшері көрсетіледі,келесі жолда-D.S.

      Мысалы: Rp.: Solutionis Naphthyzini 0,1%-10ml

      D.S.Күніне 3-4 рет 1-2 тамшы мұрынға.

      2.Толық рецепт түрі.Негізгі зат ілік септігінде,мөлшері граммен немесе ӘБ көрсетіледі,әрі қарай(ad)ерітіндінің жалпы мөлшері көрсетілуімен еріткіштің аты жазылады,келесі жолда M.D.S.

      Мысалы: Rp.: Solutionis Cholini chloridi 20,0

      Aquae purificatae ad 100ml

      M.D.S.1 шай қасық күніне 3 рет.

    • Тұндырмалар мен қайнатпалар-Tincturae et Decocta-өсімдік шикізаттарынан алынатын сұйық дәрілік қалыптар.Тұндырмалар өсімдіктің жұмсақ бөліктерінен-жапырақтардан,гүлерінен,шөптерінен,ал қайнатпалар өсімдіктің түбірінен,тамыр сабақтан,қабықтан,түйнекшесінен жасалады.Оларды ішке сондай-ақ клизма түрінде қолданады.
    • Тұндырма мен қайнатпаларды рецептте жазу ережесі:
    • 1.«Rp.:» сөзінен кейін дәрілік заттың аты ілік септігінде»Tinctura немесе Decocti»,дәрілік өсімдіктің аты бас әріппен ілік септігінде жазылады,әрі қарай мөлшері граммен және жалпы мөлшері миллилитрмен көрсетіледі,келесі жолда D.S.

      Мысалы: Rp.: Tintura Foliorum Plantaginis10,0-200m

      D.S.1 ас қасық күніне 3-4 рет

      Тұнбалар-Infusi-сұйық,мөлдір,көп немесе аз боялған,өсімдік шикізатынан қыздырмай алынатын спиртті сұйықтықтар.

      Тұнбаларды рецептте жазу ережесі:

      1. .«Rp.:» сөзінен кейін дәрілік заттың аты ілік септігінде(Infusi)дәрілік өсімдік аты бас әріппен ілік септігінде жазылады және мөлшері мл мен көрсетіледі.Келесі жолда D.S.

      Мысалы: Rp.: Infusi Convallariae 15 ml

      D.S.15тамшы күніне 2-3 рет

    • Сығындылар-Extracta- ішке және сыртқа қолдануға арналған,дәрілік өсімдік икізатынан алынған,қоюлатылған сірінділер.Консистенциясына қарай сұйық,қю,құрғақ сығындылар ажыратады.
    • Сығындыларды рецептте жазу ередесі:

      1.Rp.: сөзінен соң дәрілік қалыптың аты ілік септігінде «Extracti»,ал дәрілік өсімдік аты бас әріппен ілік септігінде жазылады,консистенциясы мен жалпы мөлшері мл –мен көрсетіледі.Келесі жолда D.S.

      Мысалы: Rp.: Extracti Eleutherococci fluidi 50ml

      D.S. 20 тамшыдан күніне 2рет

      Жаңа галенді препараттар-Галендік тұнбалар мен сығындылар байланысты заттардан тұратын галендік препараттар болып келеді.Оларды парентеральды ішке және сыртқа қабылдайды.Оларды өсімдік шикізатынан,тазартылған тартқыштардан алады.

      Препараттар тек қана қыстартылған рецепт түрінде жазылады.Rp.: сөзінен соң дәрінің аты бас әріппен ілік септігінде жазылады,жалпы мөлшері мл-мен көрсетіледі,келесі жолда D.S.

      Мысалы:Rp.: Adonisidi 15 ml

      D.S. Күніне 2-3рет 20-40 тамшыдан ішке.

    • Эмульсиялар-Emulsa- 2 фазалы дисперсті жүйе болып табылатын,өзара ерімейтін сұйықтықтардан тұратын,ішке,сыртқа қолдануға арналған сұйық дәрілік қалып,оның құрамына эмульгатор қосады.Өзара тұқымдық ,майлы болып бөлінеді.
    • Қысқартылған рецепт түрінде: 1.Rp.: сөзінен соң дәрілік қалыптың аты ілік септігінде «Emulsi»майдың аты бас әріппен ілік септігінде,жалпы мөлшері мл-мен көрсетіледі. Келесі жолда D.S.

      Мысалы: Rp.: Emulsi olei Ricini 20-200ml

      D.S. Түнге қарай 1 ас қасықтан ішке қабылдау

      Толық рецепт түрінде: Rp.: сөзінен соң майдың аты,көлемі,эмульгатор аты,оның мөлшері,келесі жолда Aquae purificatae ad содан соң M.f. emulsum және D.S.

      Мысалы: Rp.: Olei Ricini 20ml

      Gummi Armeniacae10,0

      Aquae purificatae ad 200ml

      M.f. emulsum

      D.S. Ішке 1-2ас қасықтан 1қабылдауға

    • Суспензиялар-Suspensiones- ұсақ бөлшектенген ерімейтін қатты дәрілік заттар.Сол күйінде қандай да бір сұйықтықта суда,глицеринде сұйық майларда болатын сұйық дәрілік қалып. Суспензияларды рецептте жазу ережелері:
    • 1.Қысқартылған түрде: .«Rp.:» сөзінен кейін дәрілік заттың аты ілік септігінде «Suspensionis» дәрілік зат аты бас әріппен ілік септігінде жазылады,концентрациясы % және жалпы мөлшері мл-мен көрсетіледі.Келесі жолда-D.S.

      Мысалы: Rp.: Suspensionis Hydrocortisoni acetasis0,5%-10ml

      D.S.көзге 2 тамшыдан күніне 3-4 рет

      2.Толық түрдегі рецептте:»Rp.:» суспензиялардың құрамына кіретін барлық заттар және олардың мөлшері көрсетіледі ,содан соң M.f. suspesio жазылады ,келесі жолда D.S.

      Мысалы: Rp.: Trishomoncidi 0,25

      Olti Vaztlini ad 50ml

      M.f. sushtsio Sterilisetur

      D.S. 10мл-ден қуыққа енгізу үшін

    • Микстуралар-Mixturae- әртүрлі сұйық негіздерде бірнеше қаттызаттарды еріту,араластыру арқылы алынатын сұйық дәрілік қалып.Микстуралар 3 не одан көп ингредиенттерден тұрады.Рецепт жартылай қысқартылған түрде жазылады,егер толық түрде жазғанда компонентердің барлығы мөлшері граммен жалпы мөлщерше дейінгі ертікіш жазылады,содан сон M.D.S.
    • Мысалы: Rp.: Coffeini natrii-benzoftis0,2

      Natrii bromidi 0,25

      Aquae purificatae ad 200 ml

      M.D.S. 1ас қасық күніне 3 рет

      Шырыштар- Mucilagines –тұтқыр жабысқақ сұйықтық,майдаланған құрамында шырышты заттары бар дәрілік шикізаттың сула тұгдыру немесе еріту әлісінен алынады.Күйгенде, ісінулерде қолданылады.Шырыштарға рецепт жазғанда Rp.: соң дәрілік зат аты ілік септігінде жазылады және мл-мен жалпы мөлшері көрсетіледі.Шырыштар мен қатар қышқылдарды,сілтілерді,спирттік ерітінділерді тағайындауға болмайды,себебі олар шырыштың консистенциясын өзгертіп жібереді.
    • Инъекцияға арналған дәрілік қалыптар
    • Инъекцияға әр түрлі дәрілік қалыптар қолданылады:тері асты енгізуге-сулы ерітінділер,бұлшықетке- сулы,майлы,суспензиялар,тамырға-сулы ерітінділер.Ампуладағы дәрілік қалыптарға рецепт жазғанда «Rp.:» сөзінен соң дәрілік қалыпты көрсетеді,дәрлік заттың аты,керек жағдайда ерітінді сипатын,ары қарай ерітінді концентрациясын % пен немесе мл-мен,содан соң D.t.d. N… in ampulis келесі жолда-S.

      Мысалы: Rp.: Solutionis Adrenakkini

      Hydrochloridi 0,1%-1ml

      D.t.d. N 6 in ampullis

      S.0,5 мл тері астына

      Мысалы: Rp.: Sol.Novocaini 0,25%-200ml

      Sterilisetur!

      D.S. Инфильтрациялық анестезияға

    • Әр түрлі дәрілік қалыптар
    • Аэрозельдер-Aerosola-дисперісті ортасы ауа,газ немесе газдардың қоспасы,ал дисперісті фазасы қатты немесе сұйық заттардың бөлшектері болатын аэродисперісті жүйелер.Аэрозельдер қысқартылған түрде рецепте жазылады.Rp.: сөзінен соң дәрілік қалыптың аты табыс септігінде «Aerosolum»,аэрозольдің аты тырнақшада атау септігінде,баллондар саны,содан кейін D.S.

      Мысалы: Rp.: Aerosolum «Lioxasolum» N1

      D.S. Жарақаттанған бөліктерге себу үшін.

    НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

    НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!



    написать администратору сайта