Жамбыл облысы кімдігіні білім басармасы Талас ауданыны білім бліміні Мектеп лицейі
Скачать 55.88 Kb.
|
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Талас ауданының білім бөлімінің Мектеп –Лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бекітемін: Келісемін: Кафедра отырысында қаралды: Мектеп Лицей директоры м.а. Директордың ғылыми-әдістемелік Хаттама №1 ісі жөніндегі оынбасары Кафедра жетекшісі: ________З.Алпысбаева ____А.Алтынбеков ____А.Белгібаева «31» тамыз 2021ж «31» тамыз 2021ж «31» тамыз 2021ж Робототехника 5-сынып үйірмесі КІРІСПЕРоботтар — қарқынды дамып келе жатқан болашақтың жоғарғы технологияларының бірі. Қазіргі кезде роботтар өміріміздің көптеген саласына, атап айтқанда, ғарышты игеру, денсаулық сақтау, өндіріс, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қорғаныс ісі және басқа да салаларға еніп үлгерді. Қазақстан Республикасында өнеркәсіптің жеделдетіле индустрияландырылуы, жаңа технологиялардың қарқынды дамуы өскелең ұрпақты жоғарғы білікті техникалық сала мамандары ретінде даярлауды талап етеді. Оқушылар аталған курс аясында жаратылыстану-ғылыми бағыттағы математика, физика, информатика және т.б. пәндер бойынша алған білімі мен дағдыларын кіріктіре отырып, робот техникасы, инженерлік дизайн және технология негіздерін зерттейді. Практикалық жобаларды орындау принципіне негізделіп құрастырылған курста робот техникасы және инженерлік жүйелерді жобалау саласы бойынша білім негіздері мен дағдылары меңгертіледі. Оқушылар курс барысында LEGO WEDO, LEGO Mindstorms EV3, ABILIX, ARDUINO жинағымен және LEGO Digital Designer бағдарламаласымен әртүрлі роботтардың үлгілерін әзірлейді, 3D моделдеу мен шығармашылық жоба және мобилді қосымша арқылы жобалар дайындайды. Оқушылар 2 немесе 3 адамнан тұратын топта жұмыс жасап, күрделі жобаларды дайындайды. Курс барысында жұмысы үздік жобалар анықталады. Осы бағдарлама бойынша білім алған оқушылардың жаңа технологияларды жобалау ісіне қызығушылығы артып, жоғары оқу орны деңгейіндегі іргелі ғылым және инженерия саласында білімін жетілдіруге дайын болады. Бағдарлама оқушылардың өз бетінше білім алуына да мүмкіндік береді. ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ:Оқушылар курс басында: робот техникасы дамуының тарихы және білім негіздері туралы; роботтардың қабылдау, жоспарлау, жауап берулеріне қатысты негізгі тәсілдерін біледі. Оқушылар курс барысында:робот техникасы жүйелеріндегі датчиктер мен моторлармен танысу; қарапайым роботтарды моделдеу; LEGO® Digital Designer бағдарламаларында жұмыс жасай алу; математика, физика және информатика пәндерінде алған теориялық білімдерін робот техникасы жүйелерінде қолдану; алған білімдерін топтық және жобалық тапсырмалар кезінде қолдану; бірнеше дереккөзден алынған ақпараттарды синтездеу т.б. жұмыстарды жүзеге асыраалады. |