Главная страница
Навигация по странице:

  • СТУДЕНТ РЕЙТИНГІН ЕСЕПТЕУ АЛГОРИТМІ

  • Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ, ОБСӨЖ) бойынша материалдар және оны ұйымдастыру бойынша нұсқаулықтар Түркістан 2022

  • Жалпы ережелер

  • «Газдардың кинетикалық теориясы және термодинамика негіздері» пәні бойынша СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ

  • Жаратылыстану факультеті


    Скачать 0.85 Mb.
    НазваниеЖаратылыстану факультеті
    Дата15.10.2022
    Размер0.85 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаQNVQUJWGVWSU15102022120158.docx
    ТипДокументы
    #734899
    страница11 из 12
    1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

    Студенттің пәнді оқып үйренуде меңгерген теориялық білімі мен практикалық дағдыларын анықтау, рейтинг көрсеткішін есептеу алгоритмі:

    1. Студент үлгерімі R оқу процесі кезінде жинаған балының қосындысы арқылы анықталсын.

    2. Семестрдегі аудиториялық сабақ саны – 15 немесе 30 (семестр ұзақтығына байланысты өзгеруі мүмкін).

    3. Студенттің білімі әр сабақ сайын тексеріледі, яғни бағаланады (егер басқа шарт болмаса).

    1 сабақ кіріспе, 15 аптадағы сабақ қорытындылау болғандықтан бұл сабақтарда студент білімі бағаланбайды.

    Студент білімі мен біліктілігі 13 сабақта бағаланады (егер 1 семестр 15 аптаға созылса).

    1. Мах рейтинг Rмах =100 балл. Ол R1 =60, R1 =40 екі бөліктен тұрады.

    2. R1 =60 балл оқу процесініңмына элементтерін бағалауға жұмсалады:

    • Б1 = 24 балл – аудиториялық сабаққа тиісті,

    • Б2 = 14 балл – СӨЖ тапсырмалары үшін,

    • Б3 = 4 балл – ғылыми, үйірме т.б. жұмыстардағы табыстары үшін марапаттау балы ретінде пайдаланылады,

    • Б4 = 18 балл – балл аралық бақылау үшін бөлінген балл.

    1. R2 =40 балды емтиханға қатысу нәтижесі бойынша жинайды. Студент оның 50% жинауы тиіс, бұл шамаға жетпеген студенттің қорытынды рейтингі шығарылмайды, студент емтиханды жазғы семестр кезінде қайта тапсырады.

    2. Студенттің оқу үлгерімі осы екі көрсеткіштің қосындысы R=( Б1 + Б2 + Б3 + Б4 ) + R2 түрінде анықталады.

    3. Бұл тек ұсыныс, R1 =60 балды университет, факультет Кеңесінің шешіміне сәйкес оқу процесінің ерекшеліктеріне байланысты басқаша да бөлуге болады.

    4. Пән ерекшелігін ескеріп, рейтинг балын басқаша да бөлуге болады, ол үшін факультеттің оқу-әдістемелік Кеңесінің келісімін алу қажет.

    СТУДЕНТ РЕЙТИНГІН ЕСЕПТЕУ АЛГОРИТМІ



    ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
    ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
    ФИЗИКА КАФЕДРАСЫ

    Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ, ОБСӨЖ) бойынша материалдар және оны ұйымдастыру бойынша нұсқаулықтар

    Түркістан 2022

    Өзіндік жұмысқа қойылатын негізгі талаптар жоғары оқу орнындағы барлық мамандықтардың студенттеріне арналады. Бұл нұсқауда студенттердің өзіндік жұмыстарына қойылатын талаптар берілген.
    Нұсқау кафедраның «01» қыркүйек 2022 ж. мәжілісінде талқыланды. (№1 хаттама)

    Кафедра меңгерушісі: Б.Ж.Сейтов

    Факультеттің №1 «1» қыркүйек 2022 ж. ОӘК-де қаралып, мақұлданды.

    Академиялық комитет кеңес төрайымы, техн.ғ.к., доцент м.а. Э.Қ.Ибрагимова
    Дайындаған: п.ғ.к., доцент Ә.Х.Сарыбаева

    Жалпы ережелер

    Кредиттік оқыту технологиясының міндеті – білім алушылардың өзін-өзі ұйымдастыру және өзіндік білім алу қабілеттерін дамыту.

    1.1 СӨЖ білім алушы білімінің тереңдігі, дағдылары мен біліктілігіне, білім меңгеруіне ықпал ететін оқу үдерісінің ең негізгі элементтерінің бірі. СӨЖ орындау арқылы білім алушы оқу үдерісінің белсенді мүшесі бола отырып, өз ойын еркін, нақты дәлелдермен жеткізе алатын дағдыларды үйренеді, меңгереді.

    1.1.1 СӨЖ аудиториядан тыс жеке немесе топ болып орындау арқылы білім алуға, білімді меңгеруге және машықтануға бағытталған оқу жұмыстары. СӨЖ мөлшері оқу жоспарында көрсетіледі.

    1.2 Кредиттік оқу жүйесінде СӨЖ ұйымдастыру кезінде мына мәселелерге назар аудару қажет:

    - тақырыптарға сәйкес СӨЖ тапсырмалары дәл және анық болуына;

    - лекция және семинар сабақтарының СӨЖ орындауына ықпал ететіндей болуына;

    - СӨЖ тапсырмаларының көлеміне және оны қабылдау формасына;

    - СӨЖ тапсырмаларын орындауға ықпал ететін әдістемелік құралдардың болуына;

    - СӨЖ орындауды және қабылдауды әр түрде өткізуге.

    1.3 СӨЖ ұйымдастыру және қабылдау технологиясы мынадай кезеңдерден тұрады:

    - СӨЖ жоспарлау,

    - әдістемелік жағын қамтамасыз ету,

    - СӨЖ бақылау мен бағалау, талдау және одан ары дамыту.

    1.4 СӨЖ екі бөліктен: оқытушы басшылығымен білім алушының орындайтын өзіндік жұмысынан (ОБСӨЖ) және білім алушының өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.

    1.5 ОСӨЖ бөлек кестемен ұйымдастырылады.

    1.6 Жоспарланған СӨЖ тақырыптары мен қабылдау түрі, уақыты, көлемі т.б. мәліметтер пәндердің жұмыс бағдарламасында, силлабуста және кафедраның оқу-әдістемелік құжаттарында көрсетіледі. Әр пән үшін СӨЖ өткізу формасы мен түрін таңдауға оқылатын пәннің мақсаттары мен міндеттерін, пәннің қалыптастыратын құзыреттер мен оқыту нәтижелерін, білім алушылардың даярлығын және СӨЖ-ге бөлінген сағат санын ескеру қажет.

    1.7 Оқытушылардың білім алушылармен өзіндік жұмысы негізгі үш функцияны қамтиды:

    1.7.1 Бірінші, нұсқамалық/бағыттаушы-бағдарлаушылық (мақсат қою, тапсырма беру, материалдарды мазмұндаудың негізгі бөлімдерінің өзара қатынасын анықтау, оқу - әдістемелік құралдармен жұмыс істеуге нұсқау беру және т.б.). Осы берілген нұсқамалық кеңестер білім алушылардың алдағы уақытта өзіндік жұмысты (СӨЖ) орындауына жеткілікті болуы қажет.

    1.7.2 Оқытушының екінші функциясы – консультативтік көмек және жеке консультация беру арқылы білім алушының өзіндік жұмысына түзету енгізу. Бұл – білім алушының өзіндік жұмысында оқу әрекетін жүзеге асыруда консультативтік көмек беру, жеке консультация жүргізу және тиісті түзету жұмыстарын жүзеге асыру. Білім беру үдерісінде бұл функцияны тьюторлар атқарады.

    1.7.3 Оқытушының үшінші функциясы – бақылаушы, бағалаушы функциясы. Білім алушының білімін, пәнді меңгеру деңгейін әр түрлі әдістерді (тест, ауызша, жазбаша бақылау жұмыстары, коллоквиум т.б.) қолданып анықтау. Кейбір кездесетін негізгі қиындықтарды анықтау бойынша диалог ұйымдастыру, оқытушының сарапшы немесе бақылаушы ретінде «дұрыс» әрекеттерді, өзара әрекеттестікті, эталондық тәсілдерді көрсетуін қарастырады.

    1.8 Білім алушылардың оқытушымен өзіндік жұмысы негізгі 4 функцияны қамтиды:

    - біріншісі, білім алушылар оқу пәні бойынша сабақ барысында оқытушыдан қабылдаған ақпаратты белсенді түрде жүзеге асыруы керек;

    - екіншісі, білім алушылар оқытушының кеңесін негізге ала отырып, өз беттерімен оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиеттерді оқып, үй тапсырмаларын, бақылау және курстық жұмыстарды орындайды. Бұл кезеңде білім алушылар жұмыс атқару әдістерін біле отырып, өздеріне қатаң талап қоя білуі керек;

    - үшіншісі, білім алушылар күрделі ситуацияларды талдай отырып, бір жүйеге келтіріп, бұлардың себептерін түсініп, оқу материалын меңгере отырып, басқа да оқу әрекеттерін орындауы керек. Білім алушылар шешілмейтін мәселелерді, проблемалық жағдайларды оқытушыға сұрақтар қояды, сұрақтардың жауаптарын өздеріде дайындайды;

    - төртіншісі, білім алушылар оқытушыдан түсініктеме, кеңес, консультация алу үшін келеді.

    1.9 СӨЖ-дің жалпы көлеміндегі ОБСӨЖ-дің үлесі университет ережелерімен анықталады.

    1.10 Білім алушылардың өзіндік жұмысы реферат, баяндама, шығармашылық жұмыс, бақылау жұмысы, ғылыми мақала түрінде дайындалуы мүмкін.

    1.11 Білім алушылардың өзіндік жұмысының нәтижелері коллоквиум, конференция, іскерлік ойын, жеке сұхбаттасу түрінде өтуі мүмкін.

    1.12 Білім алушының дәрісханалық өзіндік жұмысқа қатынасуы, тапсырмаларды орындауы арнайы журналға тіркеледі және ПОҚ тарапынан белгіленеді.

    1.13 СӨЖ тапсырмалары:

    - реферат,

    - кейс,

    - кроссворд,

    - бақылау,

    - есептеу және сызба жұмыстары түрінде орындалады немесе:

    - тренинг,

    - дискуссия,

    - іскерлік, дидактикалық ойындар,

    - презентация әзірлеу,

    - кейс құрастыру,

    - топ бойынша немесе жеке жобалар жасау түрінде ұйымдастырылады

    Білім алушылар үшін өзіндік жұмыстардың тақырыптары төмендегідей де болуы мүмкін:

    - оқу мәтіндерімен жұмыс (конспектілеу, схема, кестелер құрастыру);

    - ғылыми мақалаларға аннотация және пікір жазу;

    - Интернет көздерімен жұмыс жасау;

    - шығармашылық тапсырмаларды дайындау (коллаж, синквейн, ойын бағдарламаларының сценарийі, рөлдік ойындар жобасы);

    - пән бойынша глоссарий құрастыру;

    - эссе, мақала және белгілі сала мәселелері бойынша хабарламалар мен ғылыми жұмыстар жазу;

    - жобаларды әзірлеу;

    - өзіндік білім алу бойынша баспа материалдарының аннотацияланған тізбесін құрастыру, т.б.

    1.14 СӨЖ құрылымы:

    - тақырыптар тізімі;

    - тапсырманы орындау үшін кеңестер;

    - тапсыру реті, мерзімі;

    - бағалау тәртібі;

    - қажетті әдебиетттер тізімі мен интернет сайты.

    1.15 Оқытушының басшылығымен орындайтын білім алушының өзіндік жұмысы (ОБСӨЖ) аудиторияда өткізілетін оқу жұмысының ерекше түрі.

    1.16 ОБСӨЖ мазмұны мен мақсаты пәннің оқу бағдарламасымен, курстың концепциясымен, кітапхана қорының және оқу орнының техникалық мүмкіндігімен анықталады.

    1.17 ОБСӨЖ оқытушы мен білім алушының бірге орындайтын жұмысы болғандықтан оны өткізу формасы СӨЖ-ден өзгеше болады.

    1.18 Білім алушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстарын ұйымдастыру технологиясының элементтері: өз бетімен орындайтын жұмыстарды жоспарлау; әдістемелік қамтамасыз ету; орындалуын бақылау және жоспарлау; талдау және жетілдіру.

    1.19 ОБСӨЖ жеке график бойынша оқытушымен байланыста орындалатын білім алушының аудиториядан тыс жұмысы болғандықтан, ол жалпы оқу сабақтарының кестесіне енбейді.

    1.20 Оқытушының басшылығымен орындалатын білім алушының өзіндік жұмысы (ОСӨЖ) СӨЖ жалпы көлеміне енеді.

    1.21 ОБСӨЖ үлесі модульдің (пәннің) жалпы сағат (кредит) мөлшеріне қатысты төмендегіше анықталады: 1 кредитке – 15 сағат, 2 кредитке – 30 сағат, 3 кредитке – 45 сағат.

    1.22 ОБСӨЖ модульдер (жалпы міндетті, мамандық бойынша міндетті, арнайы мамандықтар үшін таңдау бойынша, біліктіліктің шеңберінен шығатын таңдау бойынша модульдер) бойынша білім алушылардың саны академиялық лекте (топта) 50 –ден артық емес болған жағдайда ұйымдастырылады. Білім алушылардың саны көрсетілген мөлшерден асқан жағдайда келесі академиялық лек (топ) жинақталады.

    Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

    Жаратылыстану факультеті

    Физика кафедрасы

    «БЕКІТЕМІН»

    Кафедра меңгерушісі

    ___________ Сейтов Б.Ж.

    « ____» ________ 2022 ж.



    «Газдардың кинетикалық теориясы және термодинамика негіздері» пәні бойынша
    СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ




    СӨЖ тақырыптары

    Тапсырманы орын-дау формасы (реферат, доклад, кейс, эссе, ғылыми талдау, құрал жасау, т.б.)

    Тапсырманы қабылдаумерзімі

    Тапсырманы қабылдау орны

    (каб №, уақыты)

    Оқыту нәтижелері

    Сағат

    саны

    1

    Заттың физикалық қасиетін сипаттау әдісі.

    реферат










    3

    2

    Жүйенің макроскопиялық және микроскопиялық күйлері.

    реферат










    3

    3

    Термодинамиканың міндеттері.

    реферат










    3

    4

    Пайдалы әсер коэффициенті.

    реферат










    3

    5

    Жылулық және суытқыш машиналар. Карно циклі.

    реферат










    3

    6

    Пуассон таралуы.


    реферат







    1.1, 4.2

    3

    7

    Гиббс таралуы.

    реферат







    1.1, 4.2

    3

    8

    Максвелдің және Больцманның таралу заңдарын тәжірибе жүзінде тексеру.

    реферат







    1.1, 4.2

    3

    9

    Штерн және Перенн тәжірибелері.

    реферат







    1.1, 4.2

    3

    10

    Әлемдік дүниенің жылулық сөнуі. Нернст теоремасы.


    реферат







    1.1, 4.2

    3

    11

    Абсолюттік ноль температураға жетудің мүмкін еместігі.

    реферат







    1.1, 4.2

    3

    12

    Әртүрлі молекулалардан тұратын газдағы өзара диффузия.


    реферат







    1.1, 4.2

    3

    13

    Стационарлық емес жылу өткізгіштік пен диффузия теңдеулері. Броундық қозғалыстың мағынасы.

    реферат







    1.1, 4.2

    3

    14

    Осмоттық қысым. Раул заңы. Генри заңы.


    реферат







    1.1, 4.2

    3

    15

    Сұйықтардағы тасымалдану құбылыстарының ерекшеліктері.

    реферат







    1.1, 4.2

    3
    1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


    написать администратору сайта