тест. Жаратылыстану пндеріні апталы жиыныны сценарийі
Скачать 77 Kb.
|
«Жаратылыстану» пәндерінің апталық жиынының сценарийі Оқушылар ортаға шығады да, жүректің бейнесінде орналасады ( экраннан Күн шуағы, Көк Аспан, Құстар, Ағып жатқан су, Ағаштар жайқалып, Шыңында қары бар таулар, жайқалған дала суреттері баяу көрсетіліп тұрады) баяу музыка ойнайды. 1-оқушы: Армысың, алтын күн! (күнге қарап бас иеді ) 2-оқушы: Көгілдір көк аспан! (аспанға қолдарын жаяды) 3-оқушы: Бармысың құстарым! (құстарға қол бұлғайды) 4-оқушы: Қанатты достарым! (құсша қанат қағады) 5-оқушы: Суларым таза ма? (оң қолын оң жаққа созады) 6-оқушы: Талдарым аман ба? (сол қолын сол жаққа созады) 7-оқушы: Бас ием тауларға (бастарын иеді) 8- оқушы: Жамылған қарларға (қолдарын жоғары созады) 9-оқушы: Жайқалған даланы (қолдарын жан-жанқа созады) 10- оқушы: Табиғат ананы (алақандарын жоғары қаратып қолдарын алдына созады) 11-оқушы: Көруге сағынып (қолдарын жүрек тұсына қояды) 12-оқушы:Келген біз балаңыз. (бастарын иеді) (Оқушылар сахнадан шығып кетеді де, видео көрсетіледі) 1-Жүргізуші: Мінеки залда тыныштық, Естілмейді дыбыс түк Мұны бізде қоштаймыз, Кешіккендерді тоспаймыз. Жаратылыстану – пәндері, Апталығын бастаймыз! 2-Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар «Жаңару» жаратылыстану математикалық пәндер әдістемелік бірлестігінің «Жаратылыстану ғажайыптары әлеміне саяхат» атты пәндік апталығына қош келдіңіздер! 1-Жүргізуші: Апталықтың мақсаты: -Оқушыларға қазіргі таңдағы ғылымның дамуы және ғылымның өмірмен байланысы туралы мағлұмат бере отырып оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру; - Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту,ғылыми дүниетанымын қалыптастыру; -Өз Отанының табиғатын қорғай білуге бағыт беру , табиғатты қорғау шараларына белсенді араласу дағыдаларын қалыптастыру және салауатты өмір салтына тәрбиелеу. 1-жүргізуші: Армысыздар,ағайын! Ағайын тілін табайын! Бармысыздар,бауырлар, Өкпе жоқ,бізде бауыр бар. Есенбісіз, ұстаздар, Шаршамайтын қыс-жаздар. Апталықты ашайық, Көңілді кеш жасайық. Бүгін жаратылыстану-математика апталығында барлық ғылымдардың ішіндегі ең-ең қызық болып табылатын пән иелерін төрге шақырайық. 2-жүргізуші: Інжу-маржан жатыр теңіз жеріңде Саяхатшылар қалды мәңгі ел есінде Талаптанып жасынан ұғып алған. География жарар әркез керегіне. Ортаға География патшалығының өкілің шақырайық. Қарсы алыңыздар. 1-жүргізуші: Элементтер, элементтер сыр бүккен Бәріңізде орны бар тірліктен Химияны меңгерсеңдер қиналмай Қол созады студенттік күн күткен. Ортаға Химия патшалығының өкілің шақырайық. Қарсы алыңыздар 2-жүргізуші: Табиғаттың бауырысың, досысың Аянбауда керек шығар дос үшін. Екеуіннің араңдағы байланыс Өмір бақи үзілмесің, қосылсын! Ортаға Жаратылыстану патшалығының өкілің шақырайық. Қарсы алыңыздар. 1-жүргізуші: Өсімдіктер, жануарлар әлемі Адамзатты таң қалумен келеді. Биология түп қазығы тірліктің Қызғылықты әрқашанда дерегі. Ортаға Биология патшалығының өкілің шақырайық. Қарсы алыңыздар. 2-жүргізуші: Жаратылыстың заңына әркім тәуелді Физикаға әуес шәкірт өнерлі. Қандай ғажап физикалық заңдылық Әдемі етіп ұсьап тұрған әлемді. Физика патшалығынан келген өкілді ортаға шақырамыз. Қарсы алайық. 1 жүргізуші: Ұстаз да, шәкірт те бас иетін, Компьютер, бар сенің қасиетің. Бір емес бірнеше іс атқарасың, Жалғыз өзің, мың істі атқарасың. Ортаға Информатика патшалығының өкілің шақырайық. Қарсы алыңыздар. 1 жүргізуші: Ғылымдардың патшасы атанғансың Евклид,Фалес, Пифагордан бата алғансың Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа Жасықтан емессің, сен қаталдансың. Ақыл- ойды тәртіпке келтіретін, Нағыз пән математика атанғансың. Ортаға Математика патшалығының өкілің шақырайық. Қарсы алыңыздар. 1-жүргізуші: Құрметті әр пән патшалығынан келген өкілдер, сіздер мына отырған жас достарыңа қандай лебіздеріңізді білдіресіздер. Сөз кезегін өкілдерге береміз. 1. География өкілі: Қарасaм Қазақстан картасына, Оранған бар байлықтың алқасына Арайлы атамекен – туған жерім, Мен үшін сенің артық, әр тасың да. География бастауысың жер-дүниенің Тереземіз тең бүгін басқа елдермен Үлгі етіп өнегесін бабалардың Ұмытпайық өнеге, өсиетін. 2. Химия өкілі: Өмірге әр ғылым керегін ұғыңдар Қараңдар, жараңдар, химиядай ғылым бар Ғылыммен осындай кеңейер білімің Ғылымның зер салып, зерттендер сырың әр Химия айналдым, көп уақыт ойландым Ақыры ұғындым мән-жайын пайданның Химия ырыс қой, түсіңсен пайдасын Қызметі өрлесін маңызын жоймасын Атом-бомба полигон жарғызбасын Жамандыққа қолданып химияны Басымызға азапты салғызбасын. 3. жаратылыстану Бағбан бабам бау өсіріп жеріне өкілі: Үлгі өнеге көрсетіп ол еліне Бабалардан тағылым алған ұрпақтар Тартып туар, арғы ата-тегіне Жасыл бақ көркі болған кең даланың Ұмытылмас ұлылығы ер бабамның Жайқалған жасыл бақты көрген кезде Құрметтеп мен бабамды еске аламын. 4. Биология: Көріппе едік тіршіліксіз даланы Дауасы жоқ жазылмайтын жараны Бұған кімдер берер екен жауапты Өз жерінде еңіреткен бала менен Ананы Семей жері жарылыстан тулады, Тұңшықтырып айналаны улады Қасіретінен қайғы шеккен қалың жұрт Мұңын айтып, ұлар құстай шулады. 5. Физика өкілі: Физика - өмір тұрмыс тірегі Құрамына заңдылықтар кіреді Мақтанасың сен бекерге басқа ұрып Қайсымыздың пайдамыз көп өмірге Төрелігін берсің әр кез патшалық. Жер бетінің әрбір құмын, әр тасын Мен зерттеймін, ей балақай байқашы Мені білгің, оқыған сен азамат Сиқыршымын мен – физика патшасы 6. Математика өкілі: Математика сандар менен формулалар, Белгілі бала күннен бізге бұлар, Пифагор мен Фалестен бастау алып, Математиканың мәні де, міне осылар. Алгебра –синус пенен косинус, Білсең мұны өзіңе үлкен плюс, Есептер мен ережеден тұратын, Алгебра-шексіз бір космос. 7. Информатика өкілі: Пернетақта алдыңда, Дәу манитор тұр қарап. Көп шаруаны атқарар, Компьютер бұл ғажап. Керек емес қаламың, Жазуды да жазады. Қарындаш пен бояусыз, Суретті де салады. Талай шаруа бүгінде, Компьютерсіз бітпейді. Керек десең ол тіпті, Том-том кітап жүктейді. Ғаламторға жалғасаң, Жоқ онымен таласың. Бар сұраққа бір демде, Миллион жауап аласың. 1-жүргізуші: Тынышталып тынданыздар Назар салып қараңыздар Қызықты пәндер айтысының Өнерін тамашалап қараңыздар Көргендер де армандар, Көрамеген де армандар Босқа қарап жүргенше, Қызықтан тыс қалмаңыздар Сіздерді математика, физика, информатика пәндерінің айтысын тамашалауға шақырамыз, қарсы алыңыздар. Айтыскер ақындарымыз _____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 2-жүргізуші: Қазіргі таңда бәріміз үшін мынадай ақиқаттың маңызы ерекше, адам баласының қоғамдық дамуы үздіксіз өсіп, өрістеп отыратын күрделі құбылыс. Барлығымыз бірлесе және жемісті еңбегімізбен шығармашылық ізденісіміз арқылы ғана жаңаша жақсару жолына шыға аларымыз хақ. «XXI - ғасыр ғылыми ізденістер мен ақпараттар ғасыры». Сондықтан да жас ұрпаққа , жас буынға жаңаша білім беру ісі ғылыммен тығыз байланысты болып, жаңа дәуір жаңашылдықпен суарылып отыруы тиіс. 1-жүргізуші: Қазіргі заман талабына сай ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Ақпараттық мәдениетті , сауатты адам –ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға , бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарды да пайдалана білуі керек. 2- жүргізуші: Құрметті көрермендар жаратылыстану- математика ғылымдары туралы қызықты деректерді тыңдай отырсаңыздар Химия: Екі заттың бір-біріне әсері арқылы үшінші бір затты шығару химия ғылымының негізгі мақсаты болып саналады. Менделеев химиялық элементтер кестесін дайындаған кезде небәрі 63 элемент қана белгілі болған. Ал бүгін олардың саны 118-ге жеткен. Биология: Адамның әр саусағы бүкіл өмір бойы шамамен 25 миллион рет бүгіледі. Бар өмірінде адам басындағы шашы 725 километрге дейін өседі. Көзді ашып түшкіру мүмкін емес Физика: Адамдарға дыбыс пен шудың айырмашылығы жоқтай көрінгенімен, екеуі бір емес. Мамандар үшін бұл екі терминнің арасында үлкен айырмашылық бар. Дыбыс – бұл жануарлар мен адамдардың сезім мүшелері қабылдайтын ауытқулар. Ал шу – бұл дыбыстардың бейберекет араласуы. География: Сан-Марино елін 301 жылы Диоклетиан императорынан қашып жүрген тас қалаушысы құрған. Сан-Марино конституциясы 1600 жылы қабылданып, әлемдегі қабылданған ең бірінші конституция болып саналады Математика: Ағылшын математигі Абрахам де Муавр қартайған шағында оның ұйықтау уақыты күн сайын 15 минутқа ұзарып келе жатқанын байқайды. Содан арифметикалық есептеулердің нәтижесі бойынша, бұл көрсеткіш қашан 24 сағатқа жететіндігін шығарады. Ол сан 1754 жылдың 27 қарашасы еді. Дәл сол күні ол дүниеден озды. Информатика : Әр минут сайын YouTube –де 20 сағат бойы бейнежазбалар жүктеледі. Сайтқа жүктелген алғашқы бейне “Мен хайуанаттар паркіндемін” деп аталды және қызықсыз болды. Бүгін YouTube барлық контенттің 99% ретінде болады. 2-жүргізуші: Болашақ болмыс – барлығы келер ұрпақта Халықтың нұрын соларға берсек бұл шақта Жетер ек шіркін ХХІ-ге де ұялмай Елжіреп бүгін, сәл жүдеп бүгін тұрсақ та Амандық берсін Аналық ұлы құрсаққа 1-жүргізуші: «Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен білім мен ғылымда»- деп елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтып кеткен болатын. 2-жүргізуші: Ұлағаттың түп-тамыры өзің ұшқан ұяда Өскен ұяң жетелейді асқар биік қияға Өз ұясын қорғамаса әрбір құс Басқа ұяға бауыр басып сияма? Ойлау керек елдің жайын, ел жайын Пәк табиғат тозып жатыр жыл сайын Өзімізді асыраушы табиғаттай – Ананы Азаматтық арың менен аялауға тұр дайын. Бейне хабарландыру /Айжан хабарландыру жасайды слайдқа қарап/ 2-жүргізуші: Қаңтар айының 27 мен ақпан айының 03 аралығында болатын «Жаңару» жаратылыстану математикалық пәндер әдістемелік бірлестігінің апталығына белсене ат салысуларыңызды сұраймыз. Апталықтың ашылуына зейін қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет. Екеуі бірге: Қош сау болыңыздар!!! Қазақстандық білім беру реформасының басты мақсаттарының бірі – инновациялық технологияларға сүйене отырып, оқушының бойында шығармашылық ойлауды, бастамашылдықты дамытуға мүмкіндік жасау, тұлғаның үйлесімді дамуына қолайлы жағдай туғызу нәтижесінде оның өзіндік мүмкіндіктерін жоспарлы пайдалана білуіне қол жеткізу арқылы тұлға біліктілігін қалыптастыру. Одной из главных целей реформы образования является формирование личностной компетентности, опираясь на инновационные технологии, путем создания у учащихся возможности развития творческого мышления, инициативы, достижения планомерного использования его собственных возможностей в результате создания благоприятных условий для гармоничного развития личности. За эти годы был пройден немалый путь. От алгоритмической культуры и компьютерной грамотности мы пришли к информационной культуре, к внедрению информатики во все сферы жизни нашего общества. Сейчас компьютеры применяются почти во всех отраслях науки и производства. Компьютерді экологияны, табиғатты қорғауға, экономиканы жобалауға, мәдениетті дамытуға, информатиканы, география, физика, химия, биология, математика пәндерімен, медицина ғылымдарымен байланыстыруға болады. Міне осындай тәсілдермен өзгермелі ортада тиімді шешімді жылдам қабылдай алатын, өзіндік ойлау қабілеті бар, өзін өзі жетілдіре алатын, жаңа типтегі адамды қалыптастыруға, тәрбиелеп шығаруға болады. Компьютер можно связать с экологией, природой, проектированием экономики, развитием культуры, информатикой, предметами географии, физики, химии, биологии, математики медицинскими науками.Вот такие способы чтобы сформировать человека нового типа, способного быстро принимать эффективные решения в изменяющейся среде, способного самостоятельно мыслить, самосовершенствоваться.Человек, обладающий такими качествами, может хорошо отстаивать себя и в социальном плане.Для того чтобы дать образование в соответствии с требованиями общества, необходимо систематизировать новые педагогические технологии в сочетании с различными методами обучения, разработать современную эффективную систему образования. Осындай қасиеттері бар адам әлеуметтік жағынан да өзін өзі жақсы қорғай алады. Ендеше қоғам талабына сай білім беру үшін жаңа педагогикалық технологияларды әр түрлі оқыту әдістерімен сабақтастыра жүйелеп, заманауи тиімді білім беру жүйесін жасақтай білуіміз керек. Осыған байланысты Қостанай облысы Қостанай ауданы Қостомар ауылының орта мектебіңде қаңтар айының 27 мен ақпан айының 03 аралығында болатын жаратылыстану- математика әдістемелік бірлестігінің «Жаратылыстану ғажайыптары әлеміне саяхат» атты пәндік апталығы өткелі жатыр. Ал ендеше сол мектепке барып апталықтың ашылуың өз көзімізбен көріп қайтайық В Средней школе села Костомар Костанайского района Костанайской области с 27 января по 03 февраля проводится предметная неделя естественно-математического цикла "Путешествие в мир естествознания".А теперь пойдем в эту школу и увидем открытие Недели своими глазами |