дидактикалық материал. Жасанды интеллект
Скачать 15.8 Kb.
|
Жасанды интеллект Адам мен машинаның бірлескен қызметі өте актуалды. Компьютер адамға кеңесші болу қажет, жағдайды тез талдап іс-әрекет варианттарын кісіге ұсыну керек. Ал адам келтірілген вариаттардан керегін таңдайды. Қазір жасанды интеллект - шешімді жасау мен қабылдау үшін адамның қызметін күшейтетін, өзін-өзі үйрететін құрал-сайман. Орын ауыстыру, билет сату (яғни тізбекті және дәлдікті орындауы мен дәл нәтижесін алуы қажетті есептер) есептерді шешу үшін формалданған орындаушының басқаруы алгоритмдық пайдаланушы үшін бағдарлама түрде орындалады. Осында пайдаланушының қолында нақты анықталған командалар жүйесі мен орта болады, олар шешілетін есептің және басқарудың сипатына әсер етеді. Бірақ, формалдауға жатпайтын есептерде бар. Осындай есептер типіне эвристикалық есептерді, тиімді басқару есептерді, бейнені айырып тануды, мәтінді машиналық аударуын және т.б-ды жатқызуға болады. Бұл есептер интеллектке жатады, осындай есептердің компьютерлік құралдар көмегімен шешу проблемасы кибернетика бағытының зерттеу ядросын құрастырады, оны жасанды интеллект деп атайды. Жасанды интеллект (ЖИ) – компьютерлік құралдар арқылы жеке ақыл-ой іс-әрекеттерін орындау. ЖИ жеке ғылыми бағыт ретінде XX ғасырдың екінші жартысында пайда болды (бұл көбінесе, кибернетиканың дамуына тәуелді болатын). Басқару талдау, салыстыру, ақпаратты өңдеу, болжамды жасау, жорамалдың дұрыстығын дәлелдеу (яғни интеллектуалды қызметіне жататын операциялар) негізінде шешімді қабылдаумен байланысты болады. Жасанды интеллект жүйелері – арнайы логикалық жүйелер арқылы компьютерлік бағдарламада жүзеге асырылған адам интеллектің жеке аспектісін ұдайы өндіретін техникалық жүйелер. Жасанды интеллект жүйелерінің қолдану салалары: -роботтехникасы; - сараптамалық жүйелер; - есептерді әмбебап шешушіні жасау; - бір тілден екінші тілге аудару, мәтінді рефераттау; - пайдаланушыны компьютермен ыңғайлы диалогын қамтамасыз ететін интеллектуалды интерфейсты жасау. Өткен ғасырдың соңғы он жылдығында интеллектуалды жүйелер дамуының келесі маңызды бағдарлары анық көрінді: 1. Шығармашылық үдерістерді еліктейтін жүйелер. Музыкалық шығармаларды жасау, ойын есептерді (шахмат, дойбы, домино) шешу, автоматтандырылған аударма, теоремаларды дәлелдеу, бейнелерді айырып тану, ойлауды еліктеу және т.с.с. 2. Білімдерге негізделген (сараптау жүйесі) ақпараттық жүйелер, яғни жабдықтарды күйге келтіру, тәжірибелі емес пайдаланушыларға кеңес беру, оқыту және т.б. 3. Интеллектуалды ақпараттық жүйелер – заттық салада есептерді шешуге арналған математикалық және алгоритмдық модельдерге негізделген үлкен және өте үлкен бағдарламалар. Олардың мүмкіндігі: басқаруды оңайлату және адамның жұмыс көлемін азайту үшін пайдаланушымен мағыналы сұхбат жүргізу. 4. Роботтық техника. «Интеллектуалдығы» жағынан бірнеше робот буындарын ажыратады. Бірінші буын – алдын ала бекітілген және өзгермейтін бағдарлама бойынша істейтін робот-манипуляторлар (мысалы, станокқа дайындамаларды әперетін). Екінші буын – бейімделген роботтар. Осындай роботтар әртүрлі датчиктермен (бұрышөлшеуіштер, тензометрлер, газ талдаушылар және т.б.) жабдықталған. Роботтардың алғашқы екі түрі - өнеркәсіптік роботтар, олар арнайы ортада (зауыт цехында) жұмыс істеуге арналған. Ұқсас проблемалар іздестіру роботтар да пайда болады, бұл ерекше бағдарламалар Ғаламторда құжаттарды индексациялауға арналған. |