Главная страница
Навигация по странице:

  • Жатыр миомасының белгілері

  • Жатыр миомасынын емі

  • Ол мынадай гинекологиялықәдістер арңылы да анықталады

  • Жатыр миомасы акушерия. Жатыр миомасы


    Скачать 25.21 Kb.
    НазваниеЖатыр миомасы
    Дата12.06.2018
    Размер25.21 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЖатыр миомасы акушерия.docx
    ТипДокументы
    #46670

    Жатыр миомасы
    Жатыр миомасы (орыс.: миома матки; лат.: uterus myomatosus) – жатырдың бұлшықеті қабатының айналасында орналасатын қатерсіз ісік. Жатыр миомасы әйелдерде ең көп кездесетін қатерсіз ісік түріне жатады. Әйелдердің шамамен 40% осы аурумен ауырады, бірақ олардың көбісі білмейді. Себебі, әдетте, аурудың ешқандай белгілері болмайды. Жатыр миомасының пайда болуы жатыр жасушаларының белсенді бөлінуіне байланысты. Бұл құбылыстың себептері әлі толық анықталмаған, алайда, ісіктің гормондарға тәуелді екені анықталды. Жалпақ тілмен айтқанда, эстроген гормондары миоманың пайда болуына жағдай жасайды. Ал прогрестерон гормоны, керісінше, осы ісіктің дамуын тоқтатып, оның тіпті, кішірейіп, қайта сорылып кетуіне ықпал етеді. Бірақ қандағы эстрогендер мен прогестерондардың мөлшері тепетіңдік жағдайда болса, сізде жатыр миомасы болмайды деген сөз емес. Жатыр миомасының дамуы тек гормондардың тепетеңдігіне ғана тәуелді емес. Тіпті кейде жатырдағы эстрогендердің мөлшері жоғарлап кетсе де, бұл гормондар тобы қан сараптамасында айқын байқалмайды. Әдетте, жатыр миомасының дамуына қалқанша безі, бүйрек үсті безі, гипоталамо-гипофиз жүйесi және аналық бездер аурулары әсер етеді. Сол себепті, бірінші кезекте, гормондардың өзгерісін, одан соң жоғарыда көрсетілген ағза мүшелерін тексеру қажет.

    Жатыр миомасының белгілері

    іштің төменгі бөлігі, кіндік асты шаншып ауырады, бел мен жамбас ауырады; іш қатулар мен кіші дәретке жиі бару; етеккір кезінде қанның көп кетуі, созылмалы анемияға алып келуі; бедеулік, түсік тастау. Алайда бұл ауру асқынбайынша еш сыр бермейді, сол себепті көптеген әйелдер бұл дертке шалдыққанын тым кеш біліп жатады. Жатыр миомасы бірнеше миллиметрден 20–25 см-ге дейінгі өлшемде болады. Табылған ісікті міндетті түрде белсенді емдеу керек деген заңдылық жоқ. Бірақ, егер ісік өсіп немесе балалы болуға кедергі болса, шұғыл түрде емделу керек. Бұл аурумен, әдетте, 30-40 жас аралығындағы әйелдер ауырады. Себебі осы жаста олардың ағзасынан жүктілік гормоны көптеп бөлінеді. Бұл құбылыс ісіктің пайда болуына жол ашады.

    Жатыр миомасының түрлері

    Субсерозды миома

    Миоманың бұл түрі жатырдың бұлшықет бөлігінде пайда болады. Яғни жатырдың сыртында орналасып, жанбасқа қарай өседі деуге болады. Бұл етеккірдің ағымына қатыспайды. Бірақ белгілі бір өлшемге дейін үлкейгенде жайсыздықтар тудыруы мүмкін. Ертелі-кеш, ісік айналасындағы ағзаларды қысып, жағымсыз сезімдер тудырады.

    Интрамуральды миома.

    Бұл — ісіктің ең көп тараған түрі. Жатырдың ортаңғы бұлшықет бөлімінде дамиды. Осы ісік түрінің үлкейіп өсуімен бірге жатыр да өседі. Кіші жамбас аймағы ауырып, ауырлық пен басып жатқандай сезімдер болады. Көбінде етеккір циклының бұзылуынан пайда болады.

    Субмукозды (сүлемейлі) миома.

    Миоманың бұл түрі айтарлықтай кең тарамаған. Алайда дәл осы түрінің ауру белгілірі бірден байқалады. Бұл ісік жатырдың ішкі қуысын қаптап тұратын шырышты қабықтың жіңішке қабатында пайда болады. Жатырдың субмукозды миомасы пайда болса, етеккір кезінде аурулар пайда болып, мерзімі ұзарады, ұйыған қан түседі. Кіші жамбас аймағы ауырып, арқа мен аяқ ауырады, жыныстық қатынас кезінде ауырсынулар болады.

    Жатыр миомасының жүктілік пен бала босануға әсері

    Жатыр миомасы бар әйелдердің жүкті болуы өте қиын. Оның себептері әрқилы. Мәселен, ісіктің жатыр қуыстарын жауып немесе қысып қалуы сперматозоидтардың қозғалысына кедергі болады, немесе овуляция процесіне (аналық жасушаның ұрықтануына, пісіп-жетілуіне) кедергі болады. Жатыр миомасының әсерінен әйелдер бедеулікке ұшырайды деген ойға мамандардың көзқарасы екі түрлі. Бірі бұл ойды құптаса, екіншісі қарсы келеді. Бірақ басым көпшілігінің ойынша, ісік бедеулікке себеп бола алмайды. Себебі жүкті әйелдерде ісік бар екені анықталып жатады. Бұл кезде жүктілік қалыпты жағдайда өтеді, тек үнемі дәрігердің қадағалауында болу керек. Ал егер бедеулікке себеп осы жатыр миомасы болса, оны алдыруға болады. Алайда, бұл қадамға, алдымен бедеулікке себеп болуы мүмкін болған барлық кедергілерді жойып, яғни жүкті болуға тек осы ісіктің кедергі екені нақты анықталса, оны алдыру арқылы жүкті болудың мүмкіндігін айтарлықтай жоғарылатуға болады. Ісікті алып тастау — жатыр миомасының көлемі 12 апталық бала көлемінен асып кетпеген әйелдерге ғана жасалатын ота. Егер де ісік қатты үлкейіп, жатыр пішінін өзгертіп жіберсе, әйелдің балалы болу қабілетін сақтап қалу айтарлықтай қиынға соғады. Кейде мұндай оталар қан кету орын алып, жатырды алып тастауға мәжбүрлейді. Аталған отаның қауіптілігі осында. Жүктіліктің бірінші триместрі.Жүкті әйелдегі ісіктің шаранамен байланысқан жері (ісік түйіндері шарана айналасында орналасса) болса, айтарлықтай қиындықтар туындайды. Бұл түйіндердің өлшемдерінің де маңызы зор. Түйіндерінің өлшемі кішкентай болған әйелдердің жүктілігі әдеттешісінше қалыпты жағдайда жүреді және ауру да ешқандай сыр бермей, болашақ ана аман-есен босанады. Бірінші триместрде көптеген әйелдер осы ісіктің салдарынан түсік тастап жатады. Бұл жатырдың тым қатты жиырылуымен (ықшамдалуымен) түсіндіріледі. Миоманы емдеу барысында одан простагландиндер бөлінеді. Бұл физиологиялық белсенді заттар жатырдың жиырылуын жоғарлатады. Сонымен қатар, жатырдағы қанайналым бұзылады. Екінші және үшінші триместрлер. Жатыр миомасы бар жүкті әйелдерде түсік тастау немесе мерзімінен бұрын босану қаупі жоғары деп саналады. Өйткені жатырдағы ісік түйіндерінің салдарынан балаға арналған бос орын азаяды. Сонымен қатар, жоғарыда айтып кеткен жатырдың белсенді жиырылуы да бар. Миоманың өлшемі үлкен боған сайын, мерзімінен бұрын босану ықтималдығы да жоғары болады. Тағы айта кететін жайт, ісіктің орналасқан жері мен шаранамен байланысу көрсеткіші де өте маңызды. Үлкен ісіктер баланың дамуы мен өсуіне теріс әсер етеді. Баланың салмағы тым аз, немесе бас сүйегінде деформация болып, мойны қисық болуы мүмкін. Босану. Ісік босану процесіне әсер етеді. Жүкті әйелдердің шашамен жартысында созылған босанулар болады. Оның үстіне, көпшілігі кесар тілігімен босанады, себебі ісіктің орналасуы баланың жатысына әсер етіп, табиғи жолмен босану мүмкіндігі болмайды. Босанып болғаннан кейінгі кезең. Миомасы бар әйелдерде, босанғаннан кейін (аз уақыт өтісімен), немесе біршама уақыт өтісімен қиындықтар байқалады. Ерте болатындарына: босанғаннан кейін қан кету, ал кеш болатынына: инфекциялы аурулар немесе жатырдың бастапқы өлшеміне дейін жиырылып кішіреймей қалып кетуі.

    Әйелдердің назарына![

    Жатырға байланысты миома мен киста деген аурулар жиі кездеседі. Мұның тағы бір себебі: жасанды түсіктің салдары. Бүгінде қыз-келіншектер, тіпті ересек әйелдердің өзі сақтанбай жүріп жүкті болып қалса, алды-артын ойлап жатпастан жасанды түсік жасата береді. Әйелдердің өз денсаулығына деген жауапкершілігінің аздығын осыдан-ақ көруге болады. Жасанды түсіктің зардабын олар білмейді емес, біледі. Бірақ оны өздеріне қатысты мәселе деп есептемейді. Бүгінде жүктіліктен сақтанудың түрлі жолдары бар, уақтылы сақтанып, денсаулығына нұқсан келмеулеріне болады. Жатырдың түрлі аурулары қазіргі уақытта «жасарып» барады. Бұрын қырық жастағыларда жиі ұшырасушы еді. Қазір жас әйелдерде жиі кездесуде. Жасанды түсікті жас қыздар да көп жасатады. Бұл да — аналардың кемшілігі. Жасөспірім қыз баланың денсаулығын, тәртібін қадағаламаса, ақыл-кеңес беріп отырмаса, олар әлі бала, не түсініп жатыр дейсіз. Аборттың салдарынан жатырдың, сүт бездерінің қатерлі ісіктері сияқты аурулар белең алатын жағдайлар жиі болады. Мұның бәрі жүктілікті ортасынан үзіп тастағаннан кейін ағзаның гармональды өзгерістерге ұшырауынан туындайды.

    Жатыр миомасынын емі

    Емдеу әйелдің жасына, ісіктің өсу жылдамдығына, ауру белгілерінің білінуіне, түйіндердің қай жерге орналасқанына және асқынған-асқынбағанына байланысты. Миомасы әлі ұлғая қоймаған әйелдер гинекологқа жүйелі түрде қаралып отыруы тиіс. Дәрі-дәрмек миоманың кішкентай және қан кету аз болған жағдайларда тиімді. Миома анықталған кезде жатырды жиыратын, мысалы, котарнин хлориді, метилэргометрин, кальций хлориді, питуитрин сияқты дәрі-дәрмектер қолданылуы мүмкін.

    Гормондармен де емдеуге болады. Егер әйел жас болса, прогестоген немесе үйлестірілген эстрогеногестагендер тағайындалады. Егер әйел 45 жастан асқан болса, етеккір айналымының екінші кезеңінде андрогендер тағайындалады.

    Миома дәрілердің жәрдемімен жазылмаса, хирургиялық жолмен емдеуге тура келеді. Бұл әдістер көбіне мынадай жағдайларда қолданылады: ісік тез өсе бастаса жатырдан қан көп кетіп, әйел қаназдыққа ұшырайтын болса, басқа ағзаларды қысып, олардың қызметін нашарлататын болса; миома жатыр мойнында болса, ісік түйіндері некрозға айналса.

    Миома гормональды препараттармен жақсы емделеді, бірақ әйел босанғаннан кейін немесе климакс басталған соң ол қайта пайда болуы мүмкін. Сондықтан дәрігерге дер кезінде барып, қаралып тұрған жөн.

    Миоманы дәрілік өсімдіктермен де емдеуге болады.

    Омела (шөп) — 1,5 бөлік, қырмызыгүлі (календула) гүлдері – 0,5 бөлік, адыраспан (гармала) шөбі – 0,3 бөлік, таспажоңышқа (спорыш) шөбі – 1,5 бөлік, қарабүлдірген (ежевика) жапырақтары – 1 бөлік, құлмақ (хмель) жемістері – 1 бөлік, бұрыш жалбызы (мята перечная) – 1 бөлік, күйдіргіш қалақай (крапива > жгучая) – 1 бөлік, дала қырықбуыны (хвощ полевой) өскіні – 1 бөлік, сүйелшөп (чистотел) – 0,2 бөлік, киікшөп (душица) – 1 бөлік.

    Осы қоспалардың екі ас қасығын бір стакан қайнаған суға салып, араластырып, түні бойы қозғамайды. Келесі күні сүзіп, тамақтан 1 сағат бұрын 2 ас қасықтан күніне 3 реттен 4 ай бойы ішу керек. Әр ай сайын 10 күн үзіліс жасаған жөн.

    Бұл тұндырманы, яғни қоспаның 2 ас қасығын 1 литр қайнаған суға салып, тұндырып, қынапты шаюға да болады.

    Ол мынадай гинекологиялықәдістер арңылы да анықталады:

    1. Ультрадыбыстық зерттеу;

    2. Жатыр қуысын гистероскопиямен көру;

    3. Құрсақ қуысын лапароскопия арқылытексеру.


    написать администратору сайта