Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: 6.1А Күні: 05.10.2021ж Сынып: 6
|
Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні :
Қатысқандар: Қатыспағандар:
|
Сабақ тақырыбы
| Сымсыз желілер
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме):
| 6.1.3.1- сымсыз байланыстың артықшылығын түсіндіру
|
Сабақтың мақсаты
| Барлық оқушылар:
Сымсыз байланыс ұғымын, түрлерін білу.
Оқушылардың басым бөлігі:
Сымсыз байланыстың артықшылығын түсіну. Кейбір оқушылар:
Сымсыз байланысты қолданудағы тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру
|
Ойлау дағдыларының деңгейлері
| Білу, түсіну, жинақтау, қолдану, талдау.
|
Бағалау критерийлері
| Сымсыз байланыс ұғымын және түрлерін біледі. Сымсыз байланыстың артықшылықтарын атап түсіндіреді. Сымсыз байланысты тәжірибеде қолдана алады.
|
Тілдік мақсаттар
| Лексика және терминология:/термин сөздермен танысады/
Сымсыз байланыс, мобильді байланыс, компьютерлік желі, сымсыз желілер түрлері, Wireless network, Wi-Fi, WiМax, Bluetooth, GPRS
|
Диалог мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:
- Сымсыз желі дегеніміз не?
- Сымсыз технология түрлері және оларға сипаттама беріңдер?
«Сымсыз байланыс ұғымын білемін, артықшылықтарын атай аламын. Сымсыз байланысты қолдана аламын.»
|
Құндылықтарға баулу
| Зайырлы қоғам және жоғары руханият құндылығына сүйене отырып отансүйгіштікке, дәлдікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
|
Пәнаралық байланыстар
| ағылшын тілі, орыс тілі, жаратылыстану пәндері
|
Алдыңғы білім
| Компьютердің қызметі
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
| Сабақ барысы
| Ресурстар
|
Сабақтың басы
/5 мин/
«БІЛУ» Үй тапсырмасын тексеру
/6 мин/
Сабақтың ортасы: «ТҮСІНУ»
/3 мин/
«ҚОЛДАНУ»
Топтық жұмыс
/10 мин/
«ТАЛДАУ»
Оқулықпен жұмыс
Жұптық жұмыс
/5 мин/
«ЖИНАҚТАУ»
Жеке жұмыс
/8 мин/
Сабақтың соңы 8 мин
| Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесіп, олардың назарын сабаққа аудару, ынтымақтастық атмосферасын орнату.
Оқушылар шеңбер құрып информатика кабинетіндегі техника қауіпсіздік ережелерін еске түсіреді. «Адасқан әріптер» әдісі арқылы дайындалған кеспе қағаздардағы әріптерден сөз құрастырып,
үш топтарға біріктіріледі.
топ «Wi-Fi» топ «WiМax» топ «Bluetooth»
Оқушылардан үй тапсырмасын «Интервью» әдісі арқылы сұралады.
1. Компьютердің негізгі құрылғыларын атаңдар?
2. Компьютердің негізгі құрылғыларына сипаттама беріңдер?
3. Компьютердің негізгі құрылғыларының әрекетін түсіндіріңдер.
Жаңа сабақ. Білімді жаңғырту. Мағынаны ашу «Ой қозғау» әдісі арқылы интербелсенді тақтадан сурет (сабақ тақырыбымен байланысты) көрсетіледі жаңа сабақтың тақырыбы ашылады. Суретте не бейнеленгенін сұрау арқылы сабақ тақырыбына назар аударту.
Жаңа сабақтың мақсаттарымен таныстырылады. «Сымсыз байланыс технологиясы» тақырыбында бейнекөрсетілім арқылы тақырып бойынша мағлұматтармен таныстырылады. Жаңа ақпаратпен жұмыс. Жаңа ақпаратты меңгеру мақсатында оқушыларға «Ашық хат» әдісі арқылы топтарға тапсырмалар жазылған хаттар беру арқылы меңгерту.
ішіндегі тапсырмалар:
1-топ: Сымсыз желілер түрлеріне сипаттама беру
2-топ: Сымсыз технологияның кемшіліктері мен артықшылығын түсіндіру
3-топ: Ақпараттарды жіберу жылдамдығы туралы мағлұмат беру Дескриптор Сымсыз желілер түрлерін біледі. Сымсыз желілердің сипаттамасын ажыратады. Жылдамдық өлшем бірліктерін анықтайды.
Оқушыларды бағалау жұлдызша,төртбұрыш, үшбұрыш арқылы жүзеге асырылады. «Сен-маған, мен-саған» әдісі арқылы тапсрыманы дәптерлеріне орындап, бір-бірін бағалайды. Тапсырма 1. Кестені толтырыңдар. Сымсыз технологияға түсініктеме беріңдер.
Сымсыз технология түрлері
| Wi-Fi
|
| WiМax
|
| Bluetooth
|
|
Тапсырма 2.
Кестенің бос ұяшықтарын толтырыңдар.
№
| Сымсыз технология түрлері
| Әрекет қашықтығы
| Мысалы
| 1
|
|
|
| 2
|
|
|
| 3
|
|
|
|
Дескриптор
| Сымсыз технология түрлеріне түсініктеме береді Оларды ажырата алады Әрекет ету ұзақтығын біледі Оларға мысал келтіре алады
|
«Кім жылдам» әдісі арқылы оқушылар жеке практикалық жұмыс жасайды. №1 тапсырма.
Ноутбукті, смартфонды wi-fi сымсыз байланыс желісіне қосып, «Интернеттің пайдасы мен зияны» туралы қосымша мәліметтер тауып, жүктеңіз. №2 тапсырма. «Сымсыз байланыстың шығу тарихы» туралы қосымша мәліметтерді тауып, жүктеңіз.
Дескриптор
| Сымсыз байланысты есептеу және байланыс құралдарында қолдана алады. Сымсыз байланыс көмегімен ғаламтордан ақпараттарды жүктей алады.
|
К ері байланыс. «Өрмекшінің торы» әдісі арқылы оқушылардың сабақ бойынша білімдерін тиянақтап, кері байланыс жасалады.
Сымсыз байланыс қандай қажеттіліктерден туындаған? Сымсыз байланыстың брендтік атауы қандай? Wi-Fi терминінің ағылшын тілінен аудармасын айтыңыз. Сымсыз байланыс желісінің түрлерін атаңыз. Сымсыз байланыс артықшылықтарын атап беріңіз.
Қалыптастырушы бағалау
Рефлексия.
.
Үйге тапсырма беру
«Wi-fi сымсыз желінің зияны мен пайдасы» тақырыбында эссе жазу.
| Арнайы дайындалған кеспе қағаздар
микрофон
Слайд, АКТ Интерактивті тақта,
Бейнекөрсетілім АКТ
(https://vimeo.com/56808561) Хат , А3 форматты қағаз, маркер, стикер
Геометриялық фигуралар
арқылы бағаланады
Дәптер, оқулық
Дәптер, оқулық
Жұптық бағалау
Ноутбук, смартфон
Геометриялық фигуралар
арқылы бағаланады
Өрмекшінің жібі
«Бас бармақ» тәсілі
Сабақ бойынша рефлексия жасалады
|
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Оқушылардан алдыңғы білімдерін еске түсіру мақсатында «Интервью» әдісі ұсынылады.
«Ашық хат» әдісі арқылы оқушылар бірлескен топтарда жұмыс істейді және бірін бірі қолдайды.
«Кім жылдам» әдісі арқылы өзін-өзі бағалау үшін оқушыларға жеке жұмыс тапсырмалары беріледі.
«Сен-маған, мен-саған» әдісі арқылы оқушылардың қабілеттерін ескере отырып тапсырмалар беріледі.
| Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
Критерий бойынша бағалау. Қалыптастырушы бағалау. Басбармақ, смайликтер арқылы мадақтау
«Өте жақсы! Жарайсың! Жақсы!»
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
Сыныпта ынтымақтас-тық атмосферасын орнату. Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтарын қадағалау. АКТ тиімділігін қолдануға жағдай жасау.
|
Рефлексия
Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берген уақыт ішінде үлгердім бе?
| Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|
Жалпы бағалау
Сабақта қандай екі нәрсе табысты болды (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Сабақта екі нәрсе сабақты жақсарта алды(оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?
|