Главная страница
Навигация по странице:

  • Перитонитпен ауыратын пациенттерге күтім жасау

  • Аппендэктомия операциясынан кейін медбикелік күтім

  • Медбикелік үдеріс

  • Холецистэктомия операциясынан кейін науқасты тамақтандыру

  • Жедел панкреатит және оның операциясынан Кейін науқасты күту

  • Аппендицит. Жедел аппендицит. Жедел аппендицит соыр шекті рт трізді сіндісіні абынуы


    Скачать 21.84 Kb.
    НазваниеЖедел аппендицит соыр шекті рт трізді сіндісіні абынуы
    АнкорАппендицит
    Дата01.05.2021
    Размер21.84 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЖедел аппендицит.docx
    ТипДокументы
    #200685

    Жедел аппендицит – соқыр шектің құрт тәрізді өсіндісінің қабынуы.

    Жедел аппендицит іш қуысының жедел хирургиялық патологияларының арасында 85% жиілікте кездеседі. Бұл патология жас кісілерде және орта жастағы адамдарда жиі кездеседі. Жедел аппендициттің инфекциялық, нерв-рефлекторлық және аллергиялық пайда болу теориялары бар. Жіктелуі:

    1. Аппендикулярлық колика.

    2. Өзгермеген катаралды аппендицит.

    3.Өзгерген- деструктивті аппендицит: флегмоналы, гангреналы, перфоративті аппендицит деген түрге бөлінеді.

    4. Асқынған аппендицит (аппендикулярлық инфильтрат, абсцесс, іріңді перитонит, сепсис және т.б. асқынулары).

    Клиникасы: өсіндінің қабыну түріне, орналасуына, науқас организмінің реакциясына, асқынудың бар-жоғына байланысты. Қабынған өсіндінің нерв рецепторларынан басталған ауырсыну эпигастрий тұсынан басталады, содан кейін 4-6 сағ өткен соң оң мықын тұсына қарай ауысады- бұл Кохер-Волкович симптомы деп аталады. Ауырсынуы тұрақты, бірқалыпты болады. Өсіндіде деструктивті процесс басталған кезде ауырсынуы күшейе береді, ал гангрена басталған кезде ауырсынуы азаяды. Жүрегі айну, құсу, аузы кебу, іші өту сияқты диспепсиялық белгілер шығады. Құсу және іші өту 1-2 рет болады. Жалпы жағдайы катаралды аппендицит кезінде қанағаттанарлық, дене қызуы Т-37,5° С субфебрильді болады. Сондықтан науқастар дәрігерге асықпайды. Ал деструктивті түрінде жағдайы ауырлай бастайды: делсал болады, тәбеті нашарлайды, діңкесі құриды. Дене Т- 39 ° С дейін көтеріледі. Дене Т мен тік шек Т арасындағы айырманың 1°С-тан артық болуы іш қуысында қабыну болып жатқанын көрсетеді.

    Науқасты қарағанда: өңі суалған, тілі кебеді, ақ жалақтанған, ауру меңдеген сайын құрғақ бола бастайды. Ішінің оң жағының демалыстан қалыс қалуын көреміз. Оң мықын тұсындағы бұлшық еттері қатайған- бұлшық ет дефансы деп аталады. Ішін пальпация жасағанда Ситковский симптомын анықтайды – шалқасынан жатқан науқасты сол жақ қырына бұрады, бұл қабынған өсінді шарбы майының тартылуына әкеледі, сөйтіп оң мықын тұсындағы ауырсынуы күшейеді.

    Ровзинг симптомы- шалқасынан жатқан науқастың сол жақ мықын тұсынан тоқылдатқан кезде, оң мықын тұсы ауырсынуы күшейеді, себебі газ тоқ шек бойымен қозғалып қабынған өсіндіні қозғалтып ауыртады.

    Воскресенский симптомы- бір қабат іш киімін түсіріп, эпигастрийден оң мықынға қарай тынысын ішке тартқан кезде саусақтармен ішін тез сырғанап өтсе, оң мықын тұсы ауырсынуы күшейеді.

    Образцов симптомы –оң аяғын тізе буынын жазып ұстап тіке көтерген кезде, оң мықын тұсы ауырсынуы күшейеді.

    Щеткин-Блюмберг симптомы- ішті қолмен пальпация жасағанда саусақтарды тез тартып алған кезде іштің қатты ауырып кетуі- сір қабықтың тітіркену симптомы. Бұл сір қабықтың қабынғанын, іш қуысына патологиялық сұйықтың жиналғанын көрсетеді.

    Перитонитпен ауыратын пациенттерге күтім жасау.

    1. Пациенттің төсектегі жатыс жағдайы – Фаулер қалпы, ішіне мұзды мұйық қойылады.

    2.Пациенттің диетасы асқазан мен шекке жасалған операциялардан кейінгі күтіммен бірдей.

    3. Операциядан кейінгі кезеңде интоксикацияға қарсы шаралар жүргізіледі.

    4.Антибиотиктер іш қуысындағы дренаждарға және тамыр мен бұлшық етке жіберіледі.

    5.Өкпе және жүрек-тамыр қызметінің бұзылуларына қарсы күрес жүргізіледі.

    6. Іштің желденіп, метеоризмге қарсы шаралар жүргізіледі.
    Аппендэктомия операциясынан кейін медбикелік күтім

    1. Пациенттің төсектегі жатыс жағдайы – Фовлер жағдайы, жарасының үстіне мұзды мұйық қойылады.

    2. Режим-қатаң төсек режимі.-1 тәулік.

    3.Диета №0- 1тәулік.
    4.Аузын сулы салфеткамен сулап отырады, бұл үшін стаканға су құйып, қасықтың сабына салфетка орап батырып, пациенттің қасындағы отырғышқа қояды.

    5. Келесі күндері пациентке стол№1,1а,1б диеталары тағайындалып, тек сұйық тағамдар ішу рұқсат етіледі (мысалы, су немесе тәтті емес шәйді аздап жұтып отыру, кисель т.б.).

    7. Кейіннен диетасын кеңейтіп, кәдімгі асқазан столына көшіреді. Тамақты аздаған порциямен жиі-жиі 2-3 сағаит сайын ішуі керек.
    Медбикелік үдеріс

    • 12 – 24 сағат уақтында науқасқа міндетті түрде кереуеттік тәртіп тағайындалады.Бірінші 2 сағатта науқас жастықсыз шалқасынан, басын бір жағына бұрып, аяқтарын тізе буындарында бүгіп жатады. Келесі сағаттарда науқас шалқасымен, жастанып жатады.

    • Келесі үш күнде – төсектік тәртіб сақталады. Науқас кереуетте жартылай отырады, бір қырымен жатуға, тізелерін бүгуге рұқсат етіледі.

    • Аурудың 4 – 6 күндері – дәрігердің нұсқауымен палаталық тәртіп сақталады. Палатада жүруге, тұруға рұқсат етіледі.

     

    Холецистэктомия операциясынан кейін науқасты тамақтандыру

     

    · Бірінші екі күндері науқасқа су ішуге және тамақтануға рұқсат етілмейді. Парентеральды түрде қорек береді. Үшінші күні әрбір 15 – 20 мин сайын сұйықтықты аз көлемде ұрттап, тәулігіне 2 стаканнан артық сұйықтық ішпейді, емдәм № 0.

    · Төртінші күні – (сүттен жасалған тағамдар қолданылмайды) содан кейінгі күндері дәрігердің нұсқауымен емдәм тағайындалады.
    Жедел панкреатит және оның операциясынан

    Кейін науқасты күту

    Жедел панкреатит патологиясымен түскен науқасқа бірінші күндері абсолютті тыныштық сақтау қажет. Науқасты кереуетке Фаулер әдісімен жатқызып (жартылай отырыс), медбике оған мүмкіндігінше зейін қойып, жақсы күтім жасалынуы керек. Ұйқы безіне тыныштық сақтау үшін төменде көрсетілгендей әрекеттер жасалынады: асқазанға жіңішке зонд салып, оның және он екі елі ішектегі тамақ қалдықтары мен сұйықтықтардан тазалайды, , ұйқы безінің аймағына мұз қапшық қояды, 4 – 5 күн аралығында науқас ешқандай дәм, су татпайды, аштық сақтайды, Кейбір кездерде аштық болу одан да көп уақытқа созылуы мүмкін. Аштық сақтаудың уақыты аяқталып, науқастың жағдайы біршама жақсарғаннан кейін оған газы жоқ сілтілі минеральды су, содан кейін шай беруге болады. Келесі күні науқасқа – дәрігердің нұсқауы бойынша тамақтану режимі тағайындалады.

    Егерде ұйқы безінің тіндерінде некрозды, іріңдеу процессі дамыған жағдайда науқасқа жедел түрде операция жасалынады.


    написать администратору сайта