холецистит. Жедел холецистит
Скачать 14.25 Kb.
|
Жедел холецистит- өтқабы қабырғасының зақымдалуына, өтқабында тастардың түзілуіне, билиарлық жүйенің моторлық-тондық бұзылыстарына алып келетін қабыну ауруы. Жедел холецистит – кең тараған хирургиялық аурулардың бірі жиілігі бойынша аппендициттен кейінгі екінші орында. Шағымдары: кенеттен дамыған шаншутəрізді немесе оң жақ құрсақүсті аймағындағы ұзақ уақыт ауырып, ауру сезімі біртіндеп күшейген ауырсыну. Ауырсынулар оң жақ қабырғалық доғаның астында, іштің доғарғы оң жақтық квадрантында орналасады. Ауру сезімі белбеу тəрізді болуы мүмкін, арқаға беріледі, патологиялық үрдіс дамыған сайын ауру сезімі шыдатпайтын, тұрақты сипатқа иеленеді; лоқсу жəне бір реттік құсу; дене қызуының 38-39 градусқа дейін көтерілуі. Клиникалық симптомдар: Ортнер симптомы. Жедел холцеститке шалдыққан наукасттың оң жақ қабырға доғасын алақан қырымен соққан кезде оң жақ қабырға астында ауырсыну сезімі пайда болады. Кер симптомы. Терең пальпация кезінде дәрігер қолын науқастың оң жақ қабырға астында ұстап тұрып терең дем алуды ұсынады. Жедел холецистит кезінде терең тыныс алуда ауырсыну сезімі күшейеді. Мерфи симптомы. Дәрігер сол жақ қолының бас бармағымен Ру нүктесін басып тұрып, науқасқа терең дем алуды ұсынады. Жедел холецистит болған жағдайда науқас тыныс алу кезінде тынысын еріксіз тежейді. Георгиевский-Мюссе симптомы. Жедел холециститте оң жақ бұғана үстінде изеу бұлшық етінің аяқшаларының арасын басқан кезде ауырсыну байқалады. Оны френикус-симптом деп те атайды. Бұл симптом көкет астындағы кеңістіктегі қабынулық процестердің салдарынан көкеттік жүйкенің тітіркенуімен түсіндіріледі. Лабораторлық зерттеулер Лабораторлық зерттеу мəліметтері: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы ауру басталғаннан 2 тəуліктен кейін, өтқуық эмпиемасы кезінде нейтрофилдік лейкоцитоз. Жіті холециститпен науқастарда сарысуда сілтілік фосфотаза мөлшерінің жоғарылауы 23% жағдайда, билирубин - 45%, АСТ - 40%, АЛТ - 13%. Несепте сарғыштық кезінде уробилиноген, ал сарғыштық кезінде - билирубин анықталады. Иснструменталдық зерттеулер Иснструменталдық зерттеулер мəлімттері: Рентгенографияның тиімділігі аз. Шолу рентгендік суретте кейде контрасттық тастар анықталады. Холецистография теріс нəтиже береді, себебі холецистит өтқуық түтігінің тығындалуымен жүреді. Өтқуықты УДЗ тастың барын, ағзаның көлемін, оның қабырғасының қалыңдығын, өтқуық жанындағы инфильтратты, өтқуық ішіндегі өттің концистенциясын анықтауға мүмкіндік береді. Кеуделік тор рентгенографиясы мен ЭКГ дифференциалды диагностика өткізу үшін жүргізіледі. Дифференциалдық диагностикасы. Жедел холециститтің классикалық формаларын анықтау, әсіресе, ауруханаға дер кезінде жатқызылған науқастарда, аса қиындықтар тудырмайды. Дертті анықтаудағы қиындықтар, қабырғасындағы патоморфологиялық өзгерістер мен клиникалық көрінісінің арасында параллелизм жоқ дерттің атипиялық ағымында, сонымен катар, жедел холецистит шектелмеген перитонитпен асқынғанда туындайды. Соңғысында айқын интоксикацияға және құрсақ қуысындағы ауырсыну сезімінің жайылмалы сипатта болуына байланысты перитонитттің себебін анықтау мүмкіншілігі қиындайды. Жедел холециститте диагностикалық қателер науқастардың 12-17%-да кездеседі. Оларға құрсақ қуысының мынадай жедел дерттері жатады: жедел аппендицит, асқазан мен ұлтабардың тесілген жарасы, жедел панкреатит, ішек түйілуі және басқалары. Кейде жедел холецистит диагнозын оң жақты плевропневмонияда, паранефритте, пиелонефритте қате анықтайды. Диагностикалық қателіктер бұрыс емді таңдауға және операцияны кеш жасауға млеү тактикасының сұрақтары себепші болады. Емдеу мақсаты Холецистэктомия жасалады. Операцияны оны орындау мерзіміне байланысты ажыратады. Мерзімдік операциялар ауру басталғаннан 72 сағат ішінде орындалады. Кештетілген операция жіті қабыну көріністерін 6 апта бойы емдегеннен кейін өткізеді (антибактериалық, дезинтоксикациялық инфузиялық терапия). Шұғыл операция (бақылау мен консервативтік емнің 1-2 тəулігі) перитонитпен асқынған жіті холециститпен науқастарға жасалады. Жоспарлық операция жіті холецистит ұстамасын консервативтік емдеу тиімді болған жағдайда орындайды. Ерте холецистэктомия асқынулар бойынша кештетілгеннен ерекшеленбейді, бірақ ерте холецистэктомия кезінде ауруханада болу мерзімі 6-8 күнге қысқарады. Қолданылған әдебиеттер: 1. 80 лекций по хирургии /под общей редакцией В.С. Савельева. - М: «Media Medica». - 2009.eserviduriess 2. Королев Б.А., Пиковский Д.Л. Экстренная хирургия желчных путей. - М.: «Медицина». - 1996. - 152С. 3. Шойхет Я.Н., Устинов Г.Г. Острый холецистит. - Барнаул: «Алтайский полиграфический комбинат». 1997. - 184 С. |