Главная страница
Навигация по странице:

  • Жедел медициналық жәрдем станциясы деңгейінде жедел шұғыл көмек пәнінің ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ ЖБ – 05 .1.7--- 07 .11

  • Нұсқа 1 15 беттің - беті

  • «_____» ____________ 2022ж «______» ____________ 2022ж

  • Жалпы сағат саны: 150,5 кредит ________

  • ЦӘК төрайымы ____________ Бабаханова Г. А.

  • Пәннің мақсаты мен міндеті

  • 2.Қалыптастырылатын құзіреттілік

  • 5.Оқытуға қажетті құралдар, жабдықтар

  • 6.Оқытушының байланыс ақпараты

  • Оқу жұмыс бағдарламасының мазмұны.

  • Бағдарлама (тараулар, тақырып)

  • , симуляциялық

  • Барлығы 50 10

  • Қорытынды бақылауды бағалау өлшемі

  • ЖМКС ориг. Жедел медициналы жрдем станциясы дегейінде жедел шыл кмек пніні


    Скачать 2.96 Mb.
    НазваниеЖедел медициналы жрдем станциясы дегейінде жедел шыл кмек пніні
    Дата22.09.2022
    Размер2.96 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаЖМКС ориг.doc
    ТипДокументы
    #690053



    Жедел медициналық жәрдем станциясы деңгейінде жедел шұғыл көмек пәнінің
    ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

    ЖБ – 05.1.7---07.11

    Нұсқа 1

    15 беттің - беті



    ШЖҚ «Түркістан жоғары медицина колледжі» МКК


    «КЕЛІСІЛДІ» « БЕКІТЕМІН »

    директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары колледж директоры м.ғ.к.

    __________________ А.К. Абдиханова __________________ Ғ.Н.Бимурзаев

    «_____» ____________ 2022ж «______» ____________ 2022ж

    Жедел медициналық жәрдем станциясы деңгейінде жедел шұғыл көмек


       Мамандығы: 0301000 - «Емдеу ісі»

    Біліктілігі : 030101 3 - «Фельдшер»

    Оқыту нысаны : күндізгі жалпы орта білім базасында

       Жалпы сағат саны: 150,5 кредит

      ________ Әзірлеуші Сенбек Ғ

    Абдурахманова Н

         

     
    7 Циклдік -әдістемелік комиссия отырысында қаралды және мақұлданды

           20____ ж. "____" ______№ __ хаттама

         

    ЦӘК төрайымы ____________ Бабаханова Г. А.  

       

     

    Түсіндірме жазба

    1. Пән/модуль сипаттамасы.

    «Жедел медициналық жәрдем станциясы деңгейінде жедел шұғыл көмек пәнін оқып үйрену болашақ маманның кәсіптік құзыреттілігін қалыптастырудың ажырамас бөлігі болып табылады. Шұғыл жағдайлар қазіргі таңда алдыңғы орында тұр, ал клиникалық медицинада әлеуметтік түрлері және ауқымдылығы кең таралған. Медицина қызметкерлерінің әрбір мамандары күнделікті өмірінде мұндай жағдайлармен жиі кездеседі. Пәнді оқыту барысында білім алушылар шұғыл жағдайларда жедел көмек көрсетуді,оларды сұрыптауды.дәрілік препараттарды дұрыс таңдап қолдануды үйренеді.
    Пәннің мақсаты мен міндеті:

    • Жедел және шұғыл жәрдем қажет ететін жағдайларда жедел көмек көрсетуді,оларды сұрыптауды.дәрілік препараттарды дұрыс таңдап қолдануды, Триаж жүйесі бойынша ауруларды сұрыптауды,хаттама және бұйрықтармен жұмыс жасауды үйрету.

    Міндеттері:

    • Медициналық құжаттармен танысу.

    • Зертханалық және аспапты тексерудің нәтижесін бағалау.

    • Қосымша тексеру әдістерінің жоспарын құру.

    • Дифференциалды диагностика тәсілдерін үйрету.

    • Алғашқы жорамал диагноз қою.

    • Дәрігерге дейін жедел көмек көрсету.


    2.Қалыптастырылатын құзіреттілік



    Құзыреттіліктер

    № Қ

    Бағдарламаны оқыту нәтижелері
    Бітіруші меңгереді:

    БҚ-1

    Оқыту.
    Ақпаратты басқару, сыни ойлау және шешім қабылдау дағдыларын қолдана отырып, өзінің оқу қажеттіліктерін мойындайды және оқу мақсатын қояды.

    БҚ-1.1

    Өзін-өзі дамыту: оқуды ұзақ мерзімді жоспарлау, кәсіби өсу дағдыларын меңгерген.

    БҚ-1.2

    Сыни ойлау және шешім қабылдау: мәселелерді және ықтимал шешу жолдарын анықтайды, гипотезаны тексереді және оқиғалардың ықтималдығын бағалайды, тиісті қорытынды жасайды.

    БҚ-1.3

    Ақпаратты басқару: ақпаратқа қажеттілікті, ақпараттық іздестірудің басым бағыттарын анықтайды, әртүрлі көздерден алынған ақпаратты өз бетінше табады және сыни бағалайды, алынған ақпаратты практикада жариялайды және қолданады.

    БҚ-1.4

    Компьютерлік технологиялар: жұмыста және өзін-өзі дамытуда ақпараттық компьютерлік технологияларды қолданады

    БҚ-2

    Этика және кәсіпқойлық. Жедел медициналық көмек көрсету барысында пациенттермен, олардың отбасыларымен және әріптестерімен өзара іс-қимыл жасау кезінде кәсіби этикалық қағидаттар мен нормаларға бейілділігін көрсетеді. Өз іс-әрекеттері мен жұмыс нәтижелері үшін жауапкершілік алады, сондай-ақ оң жұмыс жағдайын қолдайды

    БҚ-2.1

    Қоғамдық өмір: қоғамдық өмірге белсенді қатысады.

    БҚ-2.2

    Этикалық принциптер: кәсіби этикалық принциптерге бейілділігін көрсетеді.

    БҚ-2.3

    Эстетика: жұмыс ортасының эстетикасын бағалайды және қолдайды.

    БҚ-3

    Коммуникация және топта жұмыс істеу. Технологиялардың кең спектрін пайдалана отырып, әр түрлі жағдайларда әртүрлі адамдармен тиімді өзара іс-қимыл жасай алады.

    БҚ-3.1

    Коммуникативтік дағдылар: жағдайды ескере отырып, әртүрлі адамдармен тиімді қарым-қатынасты көрсетеді

    БҚ -3.2

    Топта жұмыс істеу: әртүрлі топтарда жұмыс істей отырып, жауапкершілікті көрсетеді

    БҚ-3.3

    Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: кәсіби мақсаттарда тиімді ақпарат алмасу үшін түрлі ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланады.







    БнҚ-1

    Қауіпсіздік және сапа. дәлелді білімді, технологиялық жетістіктер мен кәсіби дағдыларды тиімді қолдану негізінде шұғыл көмек көрсетудің сапасы мен қауіпсіздігіне жауап береді.

    БнҚ -1.1

    Зиянды факторлардан қорғау: адамдар мен қоршаған ортаның қауіпсіздігі үшін зиянды факторлардың әсерінен қорғау әдістерін қолданады.

    БнҚ -1.2

    Қауіпсіздік және сапа технологиялары: көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту және қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін инновациялық технологияларды пайдаланады.

    БнҚ -1.3

    Стандарттар: медициналық қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін стандарттарға сәйкес рәсімдерді орындайды.

    БнҚ-2

    Клиникалық құзыреттілік. Дәлелді практика принциптеріне негізделген пациент - орталандырылған көмек бойынша білімін көрсетеді және жүзеге асырады.

    БнҚ -2.1

    Медициналық көмек көрсету үрдісін басқару:
    - ортақ жауапкершілік негізінде жеке-бағытталған тәсілді қолдана отырып, диагностиканы, емдеуді және алдын - алуды жүзеге асырады;
    - емделушілердің әртүрлі санаттарына емдеу және шұғыл көмек көрсету әдістерін меңгереді;
    - әр түрлі санаттағы пациенттерді диагностикалаудың, емдеудің, оңалтудың заманауи әдістерін қолданады;
    - шұғыл және өмірге қауіп төндіретін жағдайларда медициналық көмек көрсету бойынша фельдшерлік іс-әрекетінің алгоритмін қолданады;
    - фельдшерлік мінез-құлықты және клиникалық ойлауды меңгерген;
    - халықаралық стандарттарға сәйкес аурулар мен қиын жағдайларда қарқынды терапия мен реанимацияның қазіргі заманғы әдістерін қолданады;
    - жүргізілген диагностикалық және емдік іс-шаралардың тиімділігін бағалайды;
    - санитарлық-профилактикалық іс-шаралар кешенін жүзеге асырады, салауатты өмір салтын насихаттайды.

    БнҚ-2.2

    Дәлелді тәжірибе:
    - әрбір науқасты диагностикалау, емдеу және оңалту үшін медицинадағы ең тиімді заманауи жетістіктерді пайдаланады;
    - алдын алу, диагностикалық және емдеу іс-шараларын олардың тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелдеріне сүйене отырып қолданады;







    3.Постреквизиттер:

    • МСАК деңгейінде жедел шұғыл көмек

    • Стационар деңгейінде жедел шұғыл көмек

    • Медициналық-әлеуметтік оңалту


    4. Пререквизиттер:

    • Анатомия, физиология және патология

    • Мейіргер ісінің негіздері

    • Шұғыл көмек көрсетудегі қауіпсіздік және сапа

    • Фармакология, фармакотерапия

    • Ішкі аурулар пропедевтикасы

    • Терапия


    5.Оқытуға қажетті құралдар, жабдықтар:

    Әдістемелік нұсқау, өңдеу.

    Электрондық оқулық.

    Видеороликтер, плакаттар.

    ҚРДСМ-нің бұйрықтары.

    Пациент күтіміне қажет заттар, жабдықтар
    6.Оқытушының байланыс ақпараты:

    Абдурахманова НА . Қожанов көшесі, 42; корпус 1, № 411 бөлме

    Телефон: 87009573837 е-mail:
    Оқу жұмыс бағдарламасының мазмұны.

      




    Бағдарлама (тараулар, тақырып)

    мазмұны

    оқыту нәтижесі,


    бағалау өлшемдері


    Бар-лық сағат

    оның ішінде

    Клиникадағы тәжірибе

    Аудиториялық контактілі

    Зертха-налық-практикалық, симуляциялық

    СОӨЖ

    СӨЖ

    1

    2

    3

    4

    5

    6

    7

    8

    9

    10

    11

    1

    ҚР Жедел медициналық көмек жұмысының ұйымдастырылуы. Шұғыл жағдайлар кезінде терапия мен педиятрияда жедел жәрдем көрсету ерекшеліктері.



    Жедел медициналық көмек жұмысының ұйымдастырылуы (ШМК). ШМК фельдшерінің кызметтік дағдылары. Медициналық құжаттама. ҚР Триаж жүйесі.


    Жедел медициналық көмек жұмысының ұйымдастырылуы мен ШМК фельдшерінің кызметтік дағдыларын үйренеді.Медициналық құжаттама, ҚР Триаж жүйесімен танысады.


    • Жедел медициналық көмек жұмысының ұйымдастырылуымен құрылымын біледі.

    • Жедел жәрдем машинасының жабдықтарын қолдануды біледі.

    • ЖМК фельдшерінің кызметтік дағдыларын көрсете алады.

    • Медициналық құжаттамалармен жұмыс жасайды.

    • ҚР Триаж жүйесі бойынша ауруларды сұрыптай алады.




    6

    2

    4










    2

    Пульмонологиялық аурулары бар науқастарға жедел және шұғыл жәрдем көрсету.

    Астмалық статус.

    Жедел тыныс жетіспеушілігі. Астмалық статус: симптомдары, ажыратпалы диагностикасы, шұғыл жәрдем көрсету.

    Жедел тыныс жетіспеушілігі. Астмалық статус кезінде шұғыл жәрдем көрсетуді үйренеді.


    • Астмалық статус кезінде медициналық көмек беруді біледі.

    • Жедел тыныс жетіспеушілігі кезінде оттегі терапиясының түрлерін қолдана алады.

    • Пульсоксиметрияны пайдалануды біледі.

    • Астмалық статусты басқа аурулармен салыстырмалы диагностика жасай алады.

    6

    2

    4










    3


    Кардиологиялық аурулары бар науқастарға жедел және шұғыл жәрдем көрсету.

    ЖКС,Гипертониялық криз,Кардиогенді шок.Өкпе ісінуі.


    Жүректің ишемиялық ауруы кезінде диагноз қою жəне шұғыл көмек көрсету,. Гипертониялықкриз кезінде шұғыл жәрдем көрсету.Өкпе ісінуі кезінде шұғыл жәрдем. Шұғыл дəрігерге дейінгі көмек алгоритмі.

    Жүректің ишемиялық ауруы. Гипертониялық криз ,Өкпе ісінуі кезінде шұғыл жәрдем көрсетуді меңгереді.


    • -ЖКС ұстамасын диагностикалауды және жедел көмек көрсетуді біледі;

    • гипертониялық криз кезінде медициналық көмек көрсетуді;

    • дәрілерді таңдай алады;

    • оксигенотерапияны жүргізеді;

    • пациенттің қан қысымын өлшей алады;

    • пациентті ЭКГ-ға түсіреді;

    • -пульсті анықтайды және оған сипаттама береді.

    6

    2

    4










    4


    Гастроэнтерологиялық аурулары бар науқастарға жедел және шұғыл жәрдем көрсету.

    Өт шаншуы.Бауыр комасы.


    Өт шаншуы.Бауыр комасы кезінде шұғыл жәрдем. Дəрігерге дейінгі шұғыл көмек көрсету алгоритмі.

    Өт шаншуы.Бауыр комасы кезінде шұғыл жәрдем көрсетуді үйренеді.


    • Өт шаншуы.Бауыр комасы кезінде шұғыл жәрдем көрсете алады.

    • Өт шаншуы кезінде дәрілік препараттарды дұрыс таңдай алады.

    • Ауырсынуларды дұрыс диагностикалауды біледі.

    • Хаттамалармен жұмыс жасайды.

    • Инфузиялық терапия жүргізеді.

    4




    4










    5

    Нефрологиялық аурулары бар науқастарға жедел және шұғыл жәрдем көрсету.

    Уремиялық кома.Бүйрек шаншуы.Жедел бүйрек жетіспеушілігі.

    Бүйрек шаншуы.Уремиялық кома кезінде шұғыл жәрдем. Дəрігерге дейінгі шұғыл көмек көрсету алгоритмі.

    Бүйрек шаншуы.Уремиялық кома кезінде шұғыл жәрдем көрсетуді үйренеді.

    • Бүйрек шаншуы кезінде дәрілік препараттарды дұрыс таңдай алады;

    • Қуыққа катетер енгізе алады;

    • Уремиялық комаларды диагностикалап, жедел көмек көрсете алады..

    4




    4










    6

    Эндокринологиялық аурулары бар науқастарға жедел және шұғыл жәрдем көрсету.

    Гипо-гипергликемиялық комалар.Тиреотоксикалық криз.


    Диабеттік комалар кезінде шұғыл жәрдем. Дəрігерге дейінгі шұғыл көмек көрсету алгоритмі.



    Диабеттік комалар кезінде шұғыл жәрдем көрсетуді және комалардың түрін ажыратуды үйренеді.


    • Диабеттік комалардың түрлерін ажыратады;

    • Гипо және гипергликмиялық кома кезінде дәрілік препараттарды дұрыс таңдайды;

    • Инфузиялық терапия жүргізеді;

    • Хаттамалармен жұмыс жасайды.




    6

    2

    4










    7

    Орталық жүйке жүйесінде шұғыл жағдайларда госпитальға дейінгі кезеңде шұғыл көмек.

    Жіті бас ми қан айналым бұзылыстары.Құрысу синдромы.Эпилептикалық статус.Бас миісінуі.

    Жіті бас ми қан айналым бұзылыстары. Құрысу синдромы.Эпилептикалық статус.Бас ми ісінуі кезінде шұғыл жәрдем көрсетуді үйренеді.


    • Жіті бас ми қан айналым бұзылыстары.Құрысу синдромы.Эпилептикалық статус.Бас миісінуі кезінде дәрілік препараттарды дұрыс таңдайды;

    • Инфузиялық терапия жүргізеді;

    • Хаттамалармен жұмыс жасайды.




    6

    2

    4










    8


    Аллергиялық реакцияларда көрсетілетін шұғыл медициналық көмек

    Анафилактикалық шок, Квинке ісігі, есекжем.




    Квинке ісігі, есекжем.Анафилактикалық шок кезінде дәрігерге дейінгі шұғыл жәрдем көрсету алгоритмі, анафилактикалық шоктың түрлерін ажырату.


    Квинке ісігі, есекжем.Анафилактикалық шок кезінде дәрігерге дейінгі шұғыл жәрдем көрсету алгоритмін меңгереді,

    • Квинке ісігі, есекжем.Анафилактикалық шок кезінде дәрігерге дейінгі шұғыл жәрдем көрсете алады. анафилактикалық шоктың түрлерін ажыратады.

    • Жедел аллергиялық жағдайлардағы дәрігерге дейінгі көмекті көрсете алады.

    • АШ типтерін ажыратып, дәрілік препараттарды дұрыс қолданады;

    4




    4










    9


    Педиатриядағы шұғыл жағдайлар.

    Ларингоспазм. Тыныс жолдарында бөгде дене.



    Ларингоспазм.Тыныс жолдарында бөгде дене кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету. Геймлих әдісі.
    .

    Ларингоспазм.Тыныс жолдарында бөгде дене кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді және Геймлих әдісін жүргізуді үйренеді.

    • Балалар аурулары клиникасындағы шұғыл жағдайлардың клиникалық көрінісін ажыратады,

    • шұғыл жағдайларды диагностикалай алады, ауруханаға дейінгі кезеңде көмек көрсетеді.

    4




    4










    10

    Педиатриядағы шұғыл жағдайлар.

    Нейротоксикоз. Гипертермиялық жағдай,Диареялар.


    Нейротоксикоз. Гипертермиялық жағдай,Диареялар (В жоспары) кезінде дәрігерге көмек көрсету.


    Нейротоксикоз. Гипертермиялық жағдай,Диареялар (В жоспары) кезінде дәрігерге көмек көрсетуді үйренеді.


    • Балалар аурулары клиникасындағы шұғыл жағдайлардың клиникалық көрінісін ажыратады;

    • Гипертермияның түрлерін ажыратып, дәрілерді дұрыс таңдайды;

    • Диареяның В жоспарын жүргізе алады.




    4




    4
















    Барлығы







    50

    10

    40










    Білімін бағалау критериилері

    Өте жақсы (А):

    Студент этиканың құндылықтары мен дағдылардың қағидаларын жан жақты түсініп, көрсете алады. Бағдарлама бойынша материалды толық ашып айтады, анықтамаларды нақты және дұрыс айтады, нақты дәлелдемелер келтіре алады. Студент науқастармен қарым қатынас орнату кезінде фельдшерлік іс-әрекеттерді,кәсіби коммуникациялық қағидаларды дұрыс қолданады. Студент шешім қабылдауда және науқасқа шұғыл жәрдем көрсетуде дағдыларды еркін көрсете алады. Студент тәжірбиелік дағдыларды орындауда өзінің жауапкершілігін көрсетеді. Студент қосымша ғылыми әдебиеттерді өз еркімен қолданады.
    Жақсы (В):

    Студент этиканың құндылықтары мен күтімнің қағидаларын жан жақты түсінеді, бағдарлама бойынша материалдың негізгі мазмұнын айтады, негізгі түсініктер мен анықтамаларды дұрыс айтады. Студент науқастармен қарым қатынас жүргізу кезінде кәсіби коммуникациялық қағидаларды қолданады. Студент тәжірибелік дағдыларды орындауда өзінің жауапкершілігін көрсетеді. Студент шұғыл жәрдем көрсетуде дағдыларды еркін көрсете алмайды ,соңғы ғылыми жаңалықтарды қолдануы төмен.
    Қанағаттанарлық (С+D):

    Студент этиканың құндылықтары мен күтімнің қағидаларын түсінеді. Бағдарламадағы материалдың негізі мазмұнын толық аша алмайды. Анықтамаларды нақты және дұрыс айтады, басқа пәндерден алған білімдерін қолдана алмайды. Студент науқастармен қарым қатынас жүргізу кездінде кәсіби коммуникация туралы түсінігі бар. Студент науқасқа жедел көмек көрсету жоспарын таңдай алмайады. Студент тәжірбиелік дағдыларды орындай алады. Студент оқытушы берген қосымша әдебиеттерді ғана қолданады

    Қанағаттанарлықсыз (F):

    Студент бағдарламадағы материалдың негізі мазмұнын аша алмайды, анықтамалар мен түсініктерде көп қәтеліктер жібереді. Студент фельдшерлік іс-әрекеттердің негізгі кезеңдерін атайды бірақ, науқастармен қарым –қатынас құруда кәсіби коммуникацияның жоқтығын көрсетеді. Студент өзінің кәсіби дағдыларының деңгейін сезінуде қиналады, кері байланысты қорытындылап, оқуға деген өзінің кері қарым қатынасын көрсетеді.
    Қорытынды бақылауды бағалау өлшемі

    Қорытынды бақылауды бағалауға модульдің қорытынды бағасының R 60 %-ын құрайды, оған ОҚКЕ (объективті құрылымды кешенді емтихан) бағасы қосылады: Е 40%

    Одан әрі қорытынды баға мына формуламен есептеледі: І = R x 0.6 + E x 0.4

    Модуль бойынша қорытынды баға төмендегі кестеге сәйкес балдың сандық және әріптік мәні бойынша қойылады


    Әріп жүйесіндегі баға

    Сандық эквивалент

    Баллдар

    Дәстүрлік жүйе бойынша баға

    А

    4,0

    95 - 100

    Үздік


    А-

    3,67

    90 - 94

    В+

    3,33

    85 - 89

    Жақсы

    В

    3,0

    80 - 84

    В-

    2,67

    75 - 79

    С+

    2,33

    70 - 74

    С

    2,0

    65 - 69

    қанағаттанарлық


    С-

    1,67

    60 – 64

    D+

    1,33

    55 – 59

    D

    1,0

    50 – 54

    F

    0

    0 - 49

    қанағаттанАРЛЫҚСЫЗ


    написать администратору сайта