Главная страница
Навигация по странице:

  • КӨШЕДЕ: ғимараттардан алысырақ ашық жерге барыңыз, үзілген сымдардан абай болыңыз; ғимараттарға кірмеңіз. КӨЛІКТЕ

  • ҮРЕЙГЕ ЖОЛ БЕРМЕҢІЗ! Химиялық авария

  • Химиялық қауіпті нысандағы авариялар

  • Химиялық

  • Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар

  • радиоактивті заттардан қорғану

  • Обж. Жер сілкінісі кезінде не істеу керек РейленбеІЗ!


    Скачать 28.48 Kb.
    НазваниеЖер сілкінісі кезінде не істеу керек РейленбеІЗ!
    Дата13.11.2022
    Размер28.48 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаОбж.docx
    ТипДокументы
    #785488

    ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК? ҮРЕЙЛЕНБЕҢІЗ! 
    Ең маңыздысы - сабырлы болып, үрейсіз әрекет ету. Бірақ жылдам қозғалуыңыз қажет. Ретсіз іс қимыл жасамағаныңыз жөн, өйткені осыдан үрей туындайды. Балалар мен егде адамдардың қамын ойлаңыз (олардың кейбіреулері жылжуда қиыншылықтарға тап болуы мүмкін). 

    ТҰРҒЫН ЖАЙДА:

    • газ, су, және жарықты сөндіріңіз;

    • алдын ала таңдалған орында (іргелі ішкі қабырғалардың арасы, іргелі ішкі қабырғалардың бұрыштары, колонна жанындағы және каркас астындағы орындары) тығылыңыз;

    • терезеге жақындамаңыз;

    • есік жақта үрейді туғызбай, лифтіні пайдаланбаңыз.


    КӨШЕДЕ:

    • ғимараттардан алысырақ ашық жерге барыңыз, үзілген сымдардан абай болыңыз;

    • ғимараттарға кірмеңіз.


    КӨЛІКТЕ:

    • мүмкіндігінше тез арада ашық жерде тоқтаңыз;

    • дүмпулер аяқталғанша көліктен шықпай, орныңыздан қозғалмаңыз;

    • автобус жүргізушісі есікті ашып қоюы тиіс.


    ЖЕР СІЛКІНІСІНЕН КЕЙІН:

    • сабырлылықты сақтаңыз, зардап шеккендерге көмектесіңіз;

    • радиоқабылдағышты қосыңыз, жергілікті биліктің, азаматтық қорғаныс штабының нұсқауларын қадағалаңыз;

    • аса қажеттіліксіз телефонды ұстамаңыз;

    • зақымдалған ғимараттарға аса қажеттіліксіз кірмеңіз;

    • жарақаттанбау үшін мықты аяқ киім киіңіздер, құтқарушы және басқа шұғыл жұмыстарға қатысыңыздар.


    Жер сілкінісі кезінде қауіп-қатерді болдырмау үшін арналған жалпы ұсынымдар:

    • жиһаздың ауыр заттары құлайтын жерде ұйықтауға болмайды. Салмақты ауыр заттарды еденге немесе қабырғаға шегелеп қою қажет.

    • биік сөрелерге ауыр заттарды қоймаңыз, өйткені олар құлап адамдарды жарақаттауы мүмкін.

    • егер дежер сілкінісі түнде болса шамды даярлап қою керек.

    • төтенше жағдайлар туындағанда жеткілікті көлемде ішетін сумен тағам болу керек.

    • Әрбір адам әр түрлі жағдайларда әрекет ету жоспарын өзі жасау керек. Жер сілкінісі кезінде өзі және отбасы мүшелерінің әрекет ету жоспарын анық білу қажет. Және де жер сілкінісі кезінде сабырлылықты сақтаңыздар, лайықты іс жасап, ҮРЕЙГЕ ЖОЛ БЕРМЕҢІЗ!

    Химиялық авария – қауіпті химиялық заттардың шығуы немесе төгілуімен қатар жүретін, адамдардың өлімін немесе зақымдануын, азық – түліктің, тағамдық шикізаттың және ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктерінің, немесе қоршаған табиғи ортаның химиялық зақымдануын туғызуға мумкіндігі бар химиялық қауіпті нысандағы авария.

    Химиялық зақымдану - белгілі бір уақыт ішінде адамдарға, ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктеріне қауіп тудыратын, қауіпті химиялық заттардың қоршаған табиғи ортада концентрация немесе мөлшер түрінде таралуы.

    Қауіпті химиялық заттар – адамға тікелей немесе жанама әсері ауыр немесе созылмалы ауру туғызатын немесе олардың өліміне алып келетін химиялық зат.

    Қауіпті химиялық заттың шыгарылуы – герметикалау кезінде техникалық құрылғылардан, қауіпті химиялық заттардың немесе өнімнің сақтайтын немесе тасымалдайтын сыйымдылықтардан химиялық авария тудыруы мүмкін мөлшерде қысқа мерзім ішінде шығуы.

    Қауіпті химиялық заттардың төгілуі – герметикалау кезінде техникалық құрылғылардан, қауіпті химиялық заттардың немесе өнімнің сақтайтын немесе тасымалдайтын сыйымдылықтардан химиялық авария тудыруы мүмкін мөлшерде төгілуі.

    Қауіпті химиялық нысан – қауіпті химиялық заттарды сақтайтын, өндіретін, пайдаланатын немесе тасымалдайтын нысан, ондағы авария немесе қирау кезінде адамдардың өлімі немесе ауылшаруашылық малдарының, өсімдіктердің, сондай – ақ қоршаған табиғи ортаның химиялық зақымдануы мүмкін.

    Химиялық зақымдану аймағы – белгілі уақыт ішінде адамдардың өмірі мен денсаулығына, ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктеріне қауіп тудыратын мөлшерде немесе концентрацияда қауіпті химиялық заттар жайылған немесе алып келінген аймақ.


    Химиялық қауіпті нысандағы авариялар

    Қатты әсер ететін улы заттар – бұл химиялық зат немесе қоспалар, олар қоршаған ортаға төгілген не болмаса шашылған кезде, адамдардың не жануарлардың жаппай зақымдануына, сонымен қатар ауаның, құмның, судың, өсімдіктердің және әр түрлі объектілердің зақымдануы.

    Химияландырудың қарқындылығы шаруашылық қызметте ҚӘУЗ қолданудың кеңінен тарауына жағдай жасады. Соған сәйкес, көптеген шаруашылық объектілері, ең алдымен өнеркәсіп кәсіпорындары химия­лық қауіпті болып табылады.

    Химиялық қауіпті объектілер (ХҚО) болып авария немесе қирау кезінде халықтың, жануарлар мен өсімдіктердің жаппай зақымдануы мүмкін объектілер ұғынылады. Улы заттардың ірі қорына химиялық өндіріс орындары, целлюлоза – қағаз, мұнай өндейтін және мұнай хи­миялық кәсіпорындары, қара және түсті металургиялар, жер тыңайтқышын шығаратын кәсіпорындар жатады. ҚӘУЗ – дің айтарлықтай қоры сондай – ақ тамақ объектілерінде, ет – сүт өнеркәсібінде, азық – түлік базаларында, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылықта шоғырланған. ХҚО – ге ҚӘУЗ санатына негізгі шикізат, екі ортадағы және негізгі өнім, жанама өнім сондай – ақ өңдеулердің еріткіші және құралы жатады. Бұл заттардың қоры базистік және негізгі қоймаларда, технологиялық аппаратураларда, көлік құралдарында (құбыр өткізгіштер, цистерналар) болады.

    Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар

     1. Осы "Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалар (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алуға бағытталған санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді.
          2. Осы Санитариялық қағидалардың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау және ветеринариялық-санитариялық бақылау органдары өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
          3. Осы Санитариялық қағидалар мынадай ұғымдар пайдаланылды:
          1) аса қауіпті инфекциялар – халық арасында өлім-жітімді көбейтіп, жаппай белең алатын, үлкен аумақтарға тез таралатын және адамдардың көпшілігін зақымдайтын, адамнан адамға берілуге қабілетті аурулар (эпидемиялық белең алулар мен эпидемиялар);
          2) мәжбүрлеп сою – қырылуды болдырмау мақсатында немесе емдеудің экономикалық жағынан тиімсіздігіне байланысты ауру малды сою;
          3) инфекциялық ауру қоздырғышының резервуары – патогенді микроорганизмдердің биологиялық иелері;
          4) инфекция тасымалдаушылар – табиғатта ауру қоздырғыштары болып табылатын жылы қанды жануарлар, ең алдымен кеміргіштер және басқа да ұсақ сүт қоректілер (сирек жағдайда құстар);
          5) инфекция таратушылар – негізінен салқын қанды омыртқасыз жануарлар, атап айтқанда қан соратын жәндіктер, кенелер;
          6) инсектоакарицидтік қасиет – құралдың (препараттың) жәндіктерді ғана емес, кенелерді де жоятын қасиеті;
          7) импрегнация – адамға қан сорушыларды жақындатпау мақсатында сыртқы киімді инсектицидтермен немесе репеллентермен өңдеу;
          8) контаминация (жанасу) – қоршаған ортадағы заттарда микроорганизмдердің табылуы;
          9) қауіп төндіретін аумақ – күйдіргі бойынша қолайсыз елді мекенмен тікелей шекараласатын аумақ немесе адамдар мен жануарлардың ауруға шалдығу қаупі бар аумақ;
          10) қорғаныш аймағы – инфекция тасымалдаушылары және/немесе таратушылары жойылған елді мекеннің айналасындағы аумақ;
          11) резистенттілік – пестицидтердің, улы химикаттардың және басқа да агенттердің әсеріне шыдамдылық;
          12) күйдіргі бойынша стационарлық-қолайсыз пункт (СҚП) – топырақты ошақ немесе адамның немесе жануардың күйдіргіге шалдығу жағдайы тіркелген аумақтағы пункт;
          13) табиғи ошақ – белгісіз ұзақ уақыт бойы сырттан әкелместен ауру қоздырғышының айналымы жүзеге асырылатын жер бетінің учаскесі;
          14) топырақты ошақтар – күйдіргіден қырылған малдың өлген, сойылған, мүшеленген және өлекселерінің заңсыз көмілген жерлері;
          15) физикалық күресу әдісі – пестицидтерді (улы химикаттарды) қолданбастан, кеміргіштерді немесе буын аяқтыларды жоюдың агротехникалық іс-шараларын, механикалық құрылғыларды, жабысқақ массаларды және басқа да әдістерді қолдану;
          16) химиялық күресу әдісі – инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын таратушыларды және тасымалдаушыларды пестицидтер мен улы химикаттарды пайдалана отырып жою;
          17) эпидемиялық ошақ – науқас адамның тұратын жері;
          18) эпизоотиялық ошақ – инфекция қоздырғышының көзі, берілу факторлары және сезімтал жануарлар орналасқан, шектелген орын.

    1.Радиaция
    Адамзат баласы жер бетінде пайда болған кезден бастап, табиғи радиоактивті заттардан қажетті дозасын алып отырған, әсіресе, радиоактивті сәулені жерден алады. Қалған бөлігі космос сәулесімен келеді. Жылына адам 200 мР радиация қабылдайды. Жер шарының әрбір аймақтарында тұратын халықтар әр түрлі мөлшерде радиация алады. Жылына жалпы алғанда 50-ден 1000 мР радияция қабылдайды.

    радиоактивті заттардан қорғану


    Радиоактивті заттардан қорғаудың бірнеше жолдары бар. Олар: физикалық, химиялық және биологиялық тәсілдері.
    Физикалық тәсіл. Бұл тәсілдің ұйғаруы бойынша, дер кезінде қол-аяқты денені жылы су мен жуып отыру керек. Қолға арнаулы түрде дайындалған перчаткаларды кию керек. Қатты радиоактивті элементтердің бөлшектерінің кішкентай түйіршіктері ішкі органдарға өтіп кетпеуін қадағалап отыруы керек.
    Екер кішкентай бөлшектер ішкі органдарға өтсе, олар тез арада ағзадан шыға қоймайды. Әсіресе радий, уран, плутоний, стронций, иттрий және цирконий бөлшектері ағзаларға өтсе қауіпті ісіктер туғызуы мүмкін. Олар радиоактивті сәулелер таратады. Цезий тез еритін тұздарды түзеді. Сөйтіп адам ағзаларының жұмсақ тканьдерінде жиналады да үнемі иондалған сәулеленуді таратады.
    Радиоактивті стронцийдің бөлшектерін адам ағзаларынан шығару оңай емес. Стронцийді кальциймен ығыстырып шығаруға болады.
    Тез еритің цезий – 137 бөлшектерін ағзалардан ығыстырып шығару үшін көп мөлшерде су ішу керек. Радиоактивті элементтерді ағзалардан шығару үшін қымыздық сірке қышқылы мен лимон қышқылынкөп мөлшерде пайдалану керек. С,Д витаминің ішу өте пайдалы (сәбіз, редис). Арақ-шарап ішуге болмайды. Олар радияцияның әрекетін күшейтіп жіберуі мүмкін. Бірақ кейбір адамдар Уран өндіретін шахталарда істеп жүріп күніне азды- көпті арақ ішіп жүрген. Ол адам күні бүгінге тірі. Ал арақ ішпеген оның әріптестері жарық дүниемен баяғыда қоштасқаның ол жіпке тізгендей айтып беріп отырады. Біздіңше, азды-көпті арақ-шарап ішіп отырған жөн болғаны.
    Радияциядан қорғанудың химиялық және биологиялық жолдары. Радияцияға қарсы қолданатын препараттарды радиопротекторлар деп аталады. Олар радиоактивті элементтердің бөлшектері ағзалардан шығару үшін неше түрлі химиялық препараттарды пайдаланады.
    Олар ағзаларды радияциядан сақтап қалады. Иондалған сәулеленуді ем-дом ретінде пайдалануға болады. Дерттерге диагностика қою үшін де таңбаланған атомды пайдаланады.
    Сәуле тератиясы мен қан, ауруларын емдеуге болады. Қауіпті ісіктерді де емдеу үшін бета-сәулесін пайдаланады. Адамдарды Радияциядан қорғау Қазақстан Республикасының алдында тұрған аса күрделі мәселе. Қазақстан Республикасында адамдардың денсаулығына өте үлкен көңіл юөлінеді. Әсіресе экологиялық аппатқа ұшыраған аймақтарда да тұратын халықтардың денсаулығы қатаң бақылауға алынған. Осы айтылғандарды қорыта келе, радияция (сәуле) дертіне шалдықпау үшін халыққа, әсіресе, жеткіншіктерге радиоэкологиядан жан-жақты білім және тәрбие беру екенін естен шығармауымыз керек.
    Адамзат баласы осы кезде бұрын – сонды болып көрмеген орасан көп ғылыми табыстарға жетіп, техника мен технологияны дамыта түсуде. Оларды төтенше түрде дамуы биология ғылымдарына тікелей байланысты. Ол жаратылыстану ғылымдарының көрнекті салаларының бірі. Оның басты міндеттері жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуын, оның эволюциялық жолмен дамуын зерттеу. Биология жердің тіршілік иелері адамдар мен жануарлар өсімдіктер мен неше түрлі көзге көрінбетін микроорганизмдер әлемін зерттейді. Алынған мәліменттердің негізінде сигнал хабарды дәл тіркейтін сезімтал машиналар мен механизмдер шығару жұмыстарын жүргізеді.
    Кейінгі кезде биологиялық ғылымдар орасан зор ілгерлеп, алға басты. Осы уақыттың ішінде тіршілік дүниесі адамдар, жан-жануарлар, өсімдіктер әлемі туралы көптеген түсінігіміз бар. Тірі организмдердің пайда болу жолдарын, биохимиялық процестерін білеміз. Бірақ көптеген биологиялық көріністердің құпия сырлары әлі күнге дейін өз шешімін тапқан жоқ


    написать администратору сайта