Главная страница
Навигация по странице:

  • 2 Математика бойынша оқыту нәтижелерінің түрлері

  • Математика пәні бойынша критерийлердің мазмұны: Критерийлер Дескрипторлар

  • Критерийлер Тапсырма мазмұны Дескрипторлар

  • Критерий ұпайларын 5 балдық бағаға ауыстыру шкаласы

  • І. Білу керек Таныстым Меңгердім Бақылау жұмысы алдындағы дайындығым

  • Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты

  • Критериалды бағалаудың міндеттері

  • Практикалық маңызы

  • Критериалды бағалаудың маңызы

  • Жиынты баалау модерациясы


    Скачать 0.62 Mb.
    НазваниеЖиынты баалау модерациясы
    Дата30.05.2020
    Размер0.62 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаDocument.docx
    ТипДокументы
    #126759

    1. Жиынтық бағалау модерациясы

    Модерация-бағалаудың бірыңғай стандартын белгілеу үшін оқушылардың жиынтық жұмыстарының нәтижесін талқылау үдерісі. Модерация:

     

    • Бағалауды стандарттау мақсатында оқушылардың жиынтық жұмыстарының нәтижесін мұғалімдердің талқылауы үшін белгіленген.

     

    • Бірдей сыныпта сабақ беретін мұғалімдердің қатысуымен өтеді.

     

    • Олар белгілі пән бойынша балл қою кестесін бірыңғай қолданудың тәсілі арқылы жұмысты бастапқы бағалау талқылайды.

     

    Модерация қорытындысы бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың нәтижесі өзгеруі мүмкін.

     

     

    Модерация бойынша төраға әдістемелік бірлестіктің жетекшісімен қатар кез-келген пән мұғалімі болуы мүмкін.

     

    Модерацияны тиімді өткізу үшін жасалатын жағдайлар:

     

    • Ынтымақтастық мәдениеті

    • Ашық және айқын қарым-қатынас

    • Тиімді кері байланыс

    • Кәсіби қолдау

     

    Келесі бөлім практикалық бөлімде қатысушыларға ТЖБ ретінде жаңартылған бағдарлама бойынша тест сұрақтары берілді. Штрих кодталды. Орындалған жұмыстары тексеріліп, коммиссия мүшелеріне тапсырылды. Коммиссия мүшелері модерациядан өткізіп, 3 мұғалімнің (А;В;С деңгейдегі) жұмысын суырып алды. Хаттама толтырылды.

     

     

    Рефлексия бөлімі: Қатысушы мұғалімдеріміз рефлексия толтырып берді.Нәтижесінде модерация хаттамасын толтыруда, модерация үдерісіне кімдер қатысатынына түсініктерін қалыптастырды.

     

    Мұғалімдер модерация хаттама үдерісін талқылап тәжірибе алмасты.

    Жеткен нәтижем: Қатысушы мұғалімдер модерация үдерісімен танысып, модерация туралы пікір ойларын дамытты.

     

    2 Математика бойынша оқыту нәтижелерінің түрлері

    Қазіргі кезде білім сапасын бағалау жүйесін жаңарту өзекті мәселелердің біріне айналды. Бес балдық бағалау қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандырмайды.

    Озық технологияларын қолданып, білімді меңгерту әдістері жетілдіргенімен бағалау бұрынғы жүйеде қалды. Сондықтан оқушы танымындағы өзгерістер мен жетістіктерді бағалау сипаты арасында қайшылықтар қалыптасты. Әлеуметтік сұраныстардың өзгеруі білім сапасын бағалау жүйесін жаңартуды талап етіп отыр.

    Осыған байланысты оқушылар арасында өзара түсіністік және ұжымды қарым - қатынасты орнату, оқушылардың өздеріне деген сенімсіздіктерін жою, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашу үшін критериалды бағалауды қолдану керек.

    Критерийлер-оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.

    Критериалдық бағалау – бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжым мен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялар мен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.

    Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі: алдын ала ұсынылған бағалау шкаласының ұсынылуы, оның анық айқындылығы, бағаның әділ қойылуы, өзін бағалауға мүмкіндіктердің берілуі. Критерий оқыған бағдарламаға сай алынады. Әрбір жетістік балмен және дескриптор арқылы белгіленеді.

    Математика сабақтарында критериалды бағалауды қолдану, оқушылардың танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыруға көмектеседі. Оларды табысқа жетелейтін жол көрсетеді, өзін және өзгелерді бағалауды үйретеді, оқушыларды сыни ойлауға өз ойын айтуға өзінің білімін көрсетуге мүмкіндік береді. Мұғалімдер сапалы нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыру арқылы оқушылардың білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға, бағдарламаға сәйкес оқушының дайындық деңгейін анықтауға мүмкіндік алады. Оқушы білім алу барысында алған өз бағасының әділдігіне көз жеткізеді. Білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім мен ата-ана арасында кері байланыс орнайды. Критериалды бағалауда тек оқушының жұмысы бағаланды. Оқушы орындаған жұмысын алдын-ала белгілі үлгімен салыстырды. Оқушы өзінің жұмысын бағалауға мүмкіндік беретін нақты бағалау алгоритімін біледі. Жіберілген қателермен жұмыс істеп оқушы өзінің даму жетістігін бақылап отырады.

    Критериалды бағалау екі түрлі бағалауды қамтиды: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау.

    Қалыптастырушы бағалау:

    • оқу үрдісі кезінде жүргізіледі (шағын өз беттік жұмыс, тест т.б.);

    • оқушыларға өзінің жұмысын түзетуге, үлкен жетістіктерге жетуге көмектеседі;

    • мұғалімге әр оқушының материалды меңгеруі туралы ақпарат жинайды, талдау жүргізіп алдағы жұмысты жоспарлайды, оқу үрдісін сапалы жүргізді.

    Жинақтаушы бағалау:

    • тақырыптық немесе бөлімінің оқытуды аяқтау кезінде жүргізілді (бақылау жұмыстары немесе зачеттар).

    • оқушыларға оқылған тақырып бойынша жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік береді.

    • мұғалімге оқушылардың жетістігі туралы қорытынды баға қоюға мүмкіндік береді.

    Қалыптастырушы бағалау кері байланыс қызметін атқарады. Оқушы өзінің жетістігі мен кемшілігі туралы ақпарат алады. Егер оқушы аралық жұмыстарды жеткілікті түрде жақсы орындамаса, оның қорытынды жұмысқа дейін уақыты бар. Сондықтан аралық жұмыстардағы бағасы қанағаттанарлықсыз болса, оны оқушы өзіндік тәжірибелерін жетілдіруге берілген ұсыныс ретінде қабылданды. Себебі тоқсандық бағаны жинақтаушы бағалау негізінде қою ұсынылады. Тоқсан ішінде жиынтық бағалау үшін үш-төрт қорытынды жұмыстар жүргізіледі, оның нәтижесімен тоқсандық баға шығарылады.

    Математика пәні бойынша оқушылар жетістігін бағалау үшін төрт критерий алынды. Критерийлердің атауы мен олардың қысқаша мазмұнының сипаттамасын төмендегідей таблицада ұсынып отырмын.
    Математика пәні бойынша критерийлердің мазмұны:


    Критерийлер
    Дескрипторлар

    А

    Білу және түсіну

    Оқушы оқылған материалды білетін және түсінетінін көрсетеді, алған білімдерін стандартты және өзгертілген жағдайларда қолдана біледі

    В

    Қолдану

    Оқушы қандайда бір есепті математикалық әдістерді қолданып зерттейді, заңдылықтарды анықтайды, математика тілінде олардың өзара байланысын сипаттайды

    С

    Сыни ойлау және зерттеу

    Оқушы қандайда бір есепті шығару кезінде керекті формулалар, теоремаларды, ақпараттарды талдайды, синтездейді, қолдана алады

    Д

    Коммуникация және рефлексия

    Оқушы сәйкесінші ғылыми терминологияны және шартты белгілеулерді қолданып, ақпарат бере алады

    Критериалды бағалауда міндетті түрде дескрипторлар құрылуы керек. Дескрипторлар оқушының жетістік деңгейінің дәл сипаттамасын және оларға берілетін ұпай санын көрсету керек. Қалыптастырушы бағалау үшін 11 сыныптың геометрия пәнінен «Пирамида» тақырыбы бойынша берілген өзбеттік жұмыстың бағалау критерилерін ұсынамын:
    Критерийлер
    Тапсырма мазмұны
    Дескрипторлар

    А (Білу және түсіну)

    Пирамиданың табан-диагоналі 16 см-ге тең тік төртбұрыш. Пирамиданың әрбір қыры 10 см, пирамиданың биіктігін табыңдар.

    Оқушы төменгі критерилердің ешқайсысына қол жеткізбеді

    0

    Есептің сызбасын дұрыс сызды

    1

    Биіктікті табуға қажетті белгісіз элементті, көмекші фигураны дұрыс анықтады

    1

    Белгісіз элементті табуға керекті теорема, формулаларды дұрыс тауып қолданды

    1

    Пирамиданың биіктігін тауып, есептің жауабын дұрыс берді

    1

    Барлық ұпай саны

    4

    В (Қолдану)


    Пирамиданың табан- қабырғасы 12 см-ге тең теңқабырғалы үшбұрыш. Оның әрбір бүйір қыры табан жазықтығымен 450 бұрыш жасайды. Пирамиданың биіктігін табыңдар.

    Оқушы төменгі критерилердің ешқайсысына қол жеткізбеді

    0

    Есептің сызбасын дұрыс сызды

    1

    Биіктікті табуға қажетті белгісіз элементті, көмекші фигураны дұрыс анықтады

    1

    Белгісіз элементті табуға керекті теорема, тұжырымдаманы дұрыс тапты

    1

    Белгісіз элементті табуға керекті формуланы дұрыс қолданды

    1

    Пирамиданың биіктігін тауып, есептің жауабын дұрыс берді

    1

    Барлық ұпай саны

    5
    С (Сыни ойлау және зерттеу)

    Үшбұрышты дұрыс пирамиданың табан қабырғасы 4 см, биіктігі 6 см. Пирамиданың бүйір бетінің ауданын табыңдар.
    Оқушы төменгі критерилердің ешқайсысына қол жеткізбеді

    0

    Есептің сызбасын дұрыс сызды

    1

    Есепті шығаруда қолданылатын формулаларды дұрыс жазды

    1

    Белгісіз элементтерді дұрыс анықтап, көмекші сызбалар сызды

    1

    Белгісіз элементті табуға керекті теорема, тұжырымдаманы дұрыс тапты

    1

    Белгісіз элементті табуға керекті формуланы дұрыс қолданып, оны дұрыс тапты

    1

    Пирамиданың бүйір бетінің ауданын тауып, жауабын дұрыс берді

    1

    Барлық ұпай саны
    6

    Д (Коммуникация және рефлексия)

    Дұрыс пирамиданың биіктігі мен апофемасы тең болуы мүмкін бе ?

    Оқушы төменгі критерилердің ешқайсысына қол жеткізбеді

    0

    Дұрыс пирамиданың биіктігі мен апофемасынын сызбасын дұрыс сызды

    1

    Екеуінің байланыстыратын көмекші фигураны көрсете білді.
    1

    Көмекші фигураны пайдаланып, биіктік пен апофеманы салыстырып, дұрыс ой қорытындысын жасады.

    2

    Барлық ұпай саны

    4

    Барлығы:
    19 ұпай
    Критерий ұпайларын 5 балдық бағаға ауыстыру шкаласы
    Ұпайлар

    0-10

    11-13

    14-16

    17-19

    Проценттері

    0-54 ℅

    55-71 ℅

    72-8 ℅

    89-100 ℅

    Баға

    «2»

    «3»

    «4»

    «5»

    Оқушы осындай аралық жұмыстарды орындай отырып, өзінің жетістігін бағалайды, қорытынды бақылауға дайындалады. Қортынды бақылауға берілетін тапсырмаларға осындай критерийлер ұсынылады, тек тапсырмаларды күрделендіріп алуға болады. Тоқсан ішінде математика пәні бойынша жиынтық бағалау үшін екі-үш қорытынды жұмыстар жүргізіп, соның негізінде тоқсанды баға шығару ұсынылады.

    Қорытынды бағалауға қандай дайындығы бар екенін білу үшін оқушыға алдын-ала тексеру парағын беремін. 11 сыныпты геометрия пәнінен «Пирамида» тарауы бойынша қорытынды бақылауға дайындық үшін оқушыларға берілетін тексеру парағының үлгісі:

    І. Білу керек

    Таныстым

    Меңгердім

    Бақылау жұмысы алдындағы дайындығым

    Пирамида анықтамасы


    Оның негізгі элементтері. (бүйір қыры, бүйір жағы, биіктігі, табаны т.б. )


    Пирамида түрлері (дұрыс, қиық )


    Бүйір бетінің, толық бетінің аудандары мен көлемінің формулалары


    Пирамиданы жазықтықпен қиғандағы қималар


    ІІ. Қолдана білу керек

    Пирамидаға байланысты есептердің сызбаларын


    Белгісіз элементтерді анықтап, көмекші сызбаларды


    Бүйір қырларының және бүйір жақтарының табан жазықтығымен жасайтын бұрыштарын


    Биіктігі мен бүйір қырын байланыстыратын көмекші фигураны


    Бүйір қырларының табан жазықтығымен бірдей бұрыш жасауын


    Бүйір жақтарының табан жазықтығымен бірдей бұрыш жасауын


    Дұрыс пирамиданың апофемасын


    Пирамида биіктігінің түсуін


    Тексеру бетшесі тақырыпты меңгерудің жоспары іспетті. Тексеру бетшесі тақырып бойынша қалыптасатын негізгі біліктерді айқындап, олардың қалыптасу деңгейін оқушылардың өздерінің тексеруге мүмкіндігін береді, тексеру бетшесі үш рет толтырылады. Оқушылар тексеру бетшесінің бірінші бөлімін толтырады, егер оқушы өз біліміне сенімді болса, - «+» белгісін, дәл білмесе – «+/-» белгісін, мүлдем білмесе – «-» белгісін қояды. Үшінші баған қорытынды бақылау жұмысының алдында толтырады 2-ші бөлімді мұғалім өзбеттік жұмыс пен бақылау кесінділерін тексеру кезінде толтырады.

    Барлық оқушыларды оқу үрдісіне қатыстыра отырып, тексеру бетшесінің жүйелі жұмыс істеу, критериалды бағалауды қолдану оқушылардың оқуға деген мотивациясын арттырады. Оларды оқу үрдісіне белсене қатыстырып, өзін-өзі дамытуға жетелейді. Өздерінің мүмкіндіктерін ашуға көмектесіп, жеке тұлға ретінде дамуға мүмкіндік береді.


     

    Р

    3.Блум токсономиясы

    Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан: адами мінездеменің өзгеруі мен бірқалыптылығы және білім беру мақсаттарын жүйелеу.

    Таксономия  - белгілі бір критериялар мен ұстанымдар бойынша объектіні жүйелеу, топтастыру немесе жіктеуді айтады.

    Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта кеткен жөн. Блум таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді. Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістердің мәні- оқушыларды кәсіби іс-әрекетті меңгеруге бағытталады. Сабақ жоспарын Блум таксономиясына салып, бағдарламада белгіленген жеті модульді ықпалдастырудың арқасында оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ қызығушылықтарын түсініп, оқытудың жаңа тәсілдерін тиімді және орынды пайдаланып, оқушы бойында ішкі уәж тудырып, өз қабілеттеріне сенім арттырып, ол өз кезегінде жаңа материалды саналы түрде меңгеруіне әсер етеді деп күтілді.

    Репродуктивтік әдіс. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушының іскерлігін және дағдыларын қалыптастырып, тапсырмалар беріп, өзі меңгерткен білімді, үйреткен іскерлік дағдыларын оқушыларға қайталатады. Оқушылар мұғалімнің үлгісі бойынша жіктейді, септейді, жоспар құрып, мұғалімнің нұсқауымен тәжірибе жасайды. Репродуктивтік әдіс мұғалімнен ұйымдастырушылық қабілетті талап етеді. Мұғалім сөздік, көрнекілік, тәжірибелік әдістер арқылы жаңа оқу материалын түсіндіреді, ал оқушылар оларды тапсырмаларды орындау үшін қолданады. Білімнің көлемі көп болғанда репродуктивтік әдіс түсіндірмелі-иллюстративтік әдіспен бірге қолданылады. Репродуктивтік әдіс арқылы оқушы «дайын» білімдерді есінде сақтап, кейін қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл-ой белсенділігі төмен болады.

    1) репродуктивті сипатқа бағытталған танымдық қызметті қамтамасыз ететін әдістер тобы;

    2) оқушылардың өз бетімен білім іздену әдістер тобы, яғни проблемалық әдістер, олар проблеманы шешу барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ұштауға бағытталады;

    3) оқушылардың көркем-эмоционалдық белсенділігін дамытатын әдістер тобы;

     4) оқушылардың меңгерген білімдерін өздері қоршаған ортаны тани түсуге қарай бағыттайтын практикалық әдістер тобы.

    Когнитивтік ғылымда басты зерттеу нысаны – айналасын қоршаған дүние ақпараттарын өңдеуші адамның іс-әрекеттері, яғни когнициясы.

    Жалпы таным-білімге, жан-жақты жинақталған ақпараттарға қатысты әрекеттердің барлығы когниция немесе когнитивтік әрекеттер деп аталады. Когнитивтік ілім заңдылығына сәйкес, адам тіл арқылы ақпаратты өңдеуші жүйе ретінде түсініледі, ал адамның әрекеті тіл арқылы оның ішкі жай-күйіндегі дүниелермен анықталады. Олай болса, когнитивизмнің негізгі қағидасын зерттеушілер еңбектеріне сәйкес былайша анықтауға болады:

     - адамның ойлау тетігін зерттейтін бағыт;

     адам санасындағы ақпараттардың өңделуі;

     дүниенің ментальді моделін қалыптастырушы;

     тілде берілген адамның ойындағы ұғымның түсінілуі;

     ойлауды реттейтін психикалық қасиеттер.

    Оқу мақсаттарының негізгі категориялары:

    1) Білім;

    2) Түсіну;

    3) Қолдану;

    4) Талдау;

    5) Синтез (жүйелеу, жинақтау);

    6) Бағалау.

    І. Білу.

    Таным мен ойлау деңгейі – төмен деңгей. Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.

    ІІ Түсіну.

    Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.

    Оқу материалын түсінгендіктің ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады:

    Трансляция – оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру (мысалы, математикалық формуланы сөзбен айтып беру; сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.);

    Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау;

    Жорамалдау – оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.

    ІІІ Талдау

    Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.

    Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау, бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну. Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді.

    IV Қолдану.

    Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.

    Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіне деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.

    V Синтез (жинақтау, жүйелеу).

    Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.

    Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.

    VI Бағалау

    Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей

    Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді.

    4. Крийтериалды бағалау қағидаттары

    қағидаттарға  принциптерге)

    негізделеді:

    •  Оқыту  мен  бағалаудың  өзара  байланысы.  Бағалау  оқу

    бағдарламасындағы  мақсаттармен,  күтілетін  нәтижелермен  тікелей 

    байланысты  оқытудың  ажырамас  бір  бөлігі  болып  табылады.  Демек, 

    неге  және  қалай  оқытады,  білім  алушының  қажеттілігі  қандай  және 

    бағалау  тәжірибесінде  жүзеге  асыруға  қажетті  нәтижелерге  жетуге 

    қалай көмектесуге болады деген сұрақтарға жауап іздеу.

    •  Шынайылық,  анықтық  және  валидтілік.  Бағалау  дәл  және

    сенімді  ақпаратты  ұсынады.  Қолданылатын  критерийлердің, 

    құралдардың  оқу  мақсаттарына  жетуге,  күтілетін  нәтижелерді 

    бағалайтынына сенімділік бар.

    Объективтілік, анықтық, валидтілік жиынтығы бағалаудың сапасын 

    анықтайды. Барынша мазмұнды сипаттаманы бағалауды қаншалықты 

    дұрыс  өткізетінімізді  және  нақты  нені  өлшейтінімізді  бағалаудың 

    валидтілігі ұсынады. Аталған қағидатты жүзеге асыру:

    -  нені бағалау қажеттігін нақты түсіну және анықтауды;

    -  бағалау критерийлерін құрастыру және негіздеуді;

    -  тапсырмаларды құрастыру және рәсімдерді жоспарлауды 

    көрсетеді.

    •  Ашықтық  және  нақтылық.  Бағалау  түсінікті,  айқын

    ақпараттарды  ұсынады,  сондай-ақ,  барлық  оқу  үдерісіне 

    қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.

    Аталған  қағидат  мақсаттар  мен  бағалау  рәсімдерінің  түсінікті, 

    нұсқаулықтың  анық  және  нақты,  нәтижелердің  пайдалы  және 

    қолжетімді  болуын болжайды. Бағалау үдерісінде оның мақсаттылығы 

    мен  дұрыстығы  еш  күмән  тудырмауы  тиіс.  Өз  кезегінде  білім  беру 

    үдерісіне  қатысушылар  арасындағы  өзара  әрекет  пен  сенімге  қол 

    жеткізу олардың қызығушылығын арттыру және оқу нәтижесіне оң әсер 

    етуге ықпал етеді.

    •  Үздіксіздік.  Бағалау  білім  алушылардың  оқу  жетістігінің 

    ілгерілеуін  дер  кезінде  және  жүйелі  қадағалап  отыруға  мүмкіндік 

    беретін  үздіксіз  үдеріс  болып  табылады.  Бағалау  үдерісінің 

    тұрақтылығы  рәсімдер  арасындағы  өзара  байланысты  негіздейтін 

    және  бірыңғай  білім  беру  жүйесін  құратын  қалыптастырушы  бағалау, 

    балл  қою  кестесі  механизмін  қолдану  және  жиынтық  бағалаудың 

    кестесін белгілеу әрекеттері арқылы қамтамасыз етіледі.

    •  Дамытуға  бағыттылық.  Бағалау  білім  алушылардың,

    мұғалімдердің,  мектептің,  білім  беру  саласының  даму  бағытын 

    анықтайды және ынталандырады. Бағалау білім алушылардың қандай 

    білім мен дағдыларды меңгергені туралы ақпараттарға талдау жасауға 

    және  жинақтауға  негізделген  білім  беру  үдерісінің  алдағы  уақыттағы 

    қадамдары туралы негізгі шешімді қабылдауына мүмкіндік береді.

    5. Білім беру сапасының көрсеткіштері Мониторинг

    Қазіргі уақытта білім беру процесінің мониторингі және рейтингі жоғары оқу

    орнының негізгі сипаттамаларын зерттеуде маңызды құралы болып табылады.Зерттелген

    тақырып жағдайының ӛзгеруін кӛруге, ЖОО ресурстары бағытталған мәселелердің оң

    немесе теріс әсерін қадағалауға мүмкіндік береді.Алынған нәтижелер негізінде алдыңғы

    мониторингтің қаншалықты дұрыс қабылданғаны, сонымен қоса зерттелген уақыт ішінде

    университет имиджі қаншалықты ӛзгергеніне қорытынды жасалынады. Зерттеліп отырған

    объект туралы тұрақты түрде ақпарат алу және оның дамуы процессін болжау мақсатында

    білім беру мониторингін зерттеу ірі қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының

    мәселелер [1].

    Білім сапасының мониторинг жүйесін университет факультеттері білім сапасын

    бағалау және мониторинг бӛлімінің басшылығымен жүргізеді. Мониторингілік рәсімдер

    жоспарлы түрде ұйымдастырылуы қажет. Сапа мониторингінің қорытындылары

    аналитикалық анықтамалар (есептер, баяндамалар) түрінде ресімделіп, университеттің

    алқалы органдарының отырыстарында қаралуы тиіс. Сапа мониторинг жүйесіне қойылатын

    талаптар:

     жүйе білім беру үдерісінің негізгі қатысушыларына бейімделуге тиіс;

     жүйенің қызметі ӛткізілетін мониторингтің айқындығын және оның

    қорытындыларының университет ұжымы үшін ашық болуын қамтамасыз етуге тиіс;

     жүйе кері байланыс қағидасының сақталуын қамтамасыз етуге және жалпы сапаны

    арттыру бойынша қабылданған түзету шараларының жүзеге асырылуын талдануды

    қарастыруға тиіс;

     жүйе университет ӛмірі айналымының үдерісін жетілдіруге бағытталған әр түрлі

    мониторинг түрлерін қарастыруға тиіс;

     жүйе мониторингтің қабылданған талаптарына сәйкес келуге және қабылдау,

    ағымдағы үлгерім мен бітіру сапасының талдау қағидаларының сақталуын және білім беру

    үдерісіне қатысушылардың қанағаттанушылығын қарастыруға тиіс;

     жүйе қабылдау, ағымдағы үлгерім мен бітіру кезеңдерінде білім алушылардың

    академиялық мәліметтерінің корреляциясын қамтамасыз етуге тиіс.

    Білім беру сапасы мониторингісінің негізгі тҥрлері

    Мониторингтің оқу үдерісімен байланысты негізгі түрлері қабылдау сапасының

    мониторингі, білім алушылардың ағымдағы үлгерімдерінің мониторингі, білім алушылардың

    алған білімінің мониторингі, білім алушылардың бітіру сапасының мониторингі, оқу үдерісін

    ұйымдастыру сапасының мониторингі, пәндердің оқытылу сапасының мониторингі, білім

    алушылардың кӛрсетілген қызметтер сапасына қанағаттану мониторингі, жұмыс

    берушілердің бітірушілер дайындығын деңгейіне қанағаттану мониторингі, профессорлық-

    оқытушылар құрамының кәсіби дамуының мониторингі, оқытушылардың басқару жүйесіне

    және еңбек шарттарына қанағаттану мониторингі болып табылады.

    Білім беру сапасы мониторингі қабылдау сапасының мониторингі университеттің

    білім беру бағдарламасына оқуға түсетін талапкерлердің академиялық дайындығын

    бағалауды қарастырады.

    Ағымдағы ҥлгерім мониторингі семинарлық сабақтар, коллоквиумдар,

    оқытушының жетекшілігімен ӛтетін ӛздік жұмыс, ӛз бетінше дайындалу, емтихандар мен іс-

    тәжірибеден ӛту шеңберінде білім алушылардың дамуын бағалауды қарастырады.

     Білім алушылардың ағымдағы дамуын бақылау рейтингтік жүйе арқылы жүзеге

    асырылады.

     Ағымдағы үлгерім мониторингі семестрлік сессиялар мен білім алушылардың

    тәжірибелік дағдыларының қорытындыларын талдау аясында жүзеге асырылады.

     Талдау сессиялардың академиялық кӛрінісінің бағалануын, оның ішінде

    факультеттер, мамандықтар, емтихан пәндері тұрғысынан білім алушылардың

    үлгерімдерінің артуы мен білім сапасының дамуын қамтуы қажет.

     Тәжірибелік дағдыларды талдау оқу барысында теориялық білімдерін іс жүзінде

    қолдана алатын білім алушылардың кәсіби дамуына баға беруді қарастырады.

    Білім алушылардың ағымдық үлгерімін бағалау келесі критерийлер бойынша жүзеге

    асырылады:

     білім алушылардың емтихандық сессияға қатысу кӛрсеткіші;

     білім алушылардың үлгерім кӛрсеткіші;

     білім алушылардың білім сапасының кӛрсеткіші;

     білім алушылардың орташа балы;

     соңғы екі жыл сессиясының сапалық кӛрсеткіштерінің динамикасы;

     күндізгі және сырттай оқу бӛлімдері сапалық кӛрсеткіштерінің ара қатысы;

     оқу тілдері арасындағы сапалық кӛрсеткіштердің ара қатысы;

     оқу курстары арасындағы сапалық кӛрсеткіштердің ара қатысы;

     1 курс білім алушыларын қабылдау сапасымен емтихандық сессияның сапалық

    кӛрсеткіштерінің ара қатысы;  білім алушылардың қорытынды мемлекеттік аттестациясын, студентеттердің оқу

    жетістіктерін сырттай бағалауда пәндер арасындағы сапалық кӛрсеткіштердің ара қатысы;

     факультеттер арасындағы сапалық кӛрсеткіштердің ара қатысы;

     тӛменгі сапалық кӛрсеткішті мамандықтардың болуы;

     тӛменгі сапалық кӛрсеткішті пәндердің болуы;

     кӛптіліді топтардағы студенттердің үлгерімінің талдауы;

     тӛменгі сапалық кӛрсеткішті мамандықтар мен пәндердің пайда болуына себеп

    болған факторлар [2].

    Қазақстанның білім беру жүйесін реформалау кезінде ӛзекті мәселелерінің бірі Болон

    процесіне Қазақстанның кіруі, сонымен қатар білім, құқық қорғау бағдарламаларының

    сапасын арттыру болып табылады.

    ЮНЕСКО және Еуропа Кеңесі сияқты халықаралық ұйымдар білім беру сапасын

    арттыру мақсатында теориялық кӛзқарастарды, модельдер мен тетіктерді құрды. Олар осы

    ұйымдардың мүшелері болып табылатын барлық мемлекеттердің шешімі негізінде

    қабылданды.

    Кең таралғандардың біріне сапа кепілдігін беретін 4-сатылы модельжатады. Ол ӛз

    ішінде:

    ─ сапаны қамтамасыз ететін (сапа жүйесін сертификаттау жӛніндегі ұйым) ұлттық

    органның болуына;

    ─ ішкі мониторинг және ішкі аудит (бақылау);

    ─ сыртқы сарапшылар мен білім беру мекемелеріне қатысуды (сыртқы аудит,

    бақылау) бағалауға;

    ─ сапалы есептерді жүйелі жариялауға жауап береді [3].

    Университетішілік бақылау– білім беру үрдісінің жағдай диагностикасының, оқу

    орнының негізгі нәтижелері үшін ақпараттың негізгі кӛзі.

    Университет ішіндегі бақылау әдістері: зерттеу; тестілеу; мониторинг; қадағалау;

    құжаттарды сараптау; оқу сабақтарының талдау; әңгіме (сұхбат); сауалнама.

    Университетішілік бақылау ресми тексеру жоспарлы немесе кенеттен (операциялық)

    аудиттер, мониторинг жүзеге асырылуы мүмкін.

    Мониторинг түріндегі университетішілік бақылау білім беру сапасын тиімді басқару

    мәселелерін шешу үшін білім беру процесінің нәтижелері туралы ақпарат жүйесін есепке

    алу, ӛңдеу және талдауды қамтиды.

    Білім және ғылым министрлігі мен аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз

    агенттігінің(НААР) бастамасы менқаржылық қолдауымен2006 жылдан бастап ең сәтті

    магистранттың білім беру бағдарламаларын іске асыратынжоғары оқу орындарының

    рейтингісін ӛткізеді. Ол университеттердің негізгі бес ӛлшемдері бойынша жүзеге

    асырылады: дарынды студенттердің, оқытушылар мен зерттеушілердің; ресурстардың

    болуы; халықаралық ынтымақтастық; бәсекеге қабілетті түлектері; озық ғылыми зерттеулер

    және олардың тиімділігін жүргізу.

    Методология саласындағы НААР сарапшылары ЖОО бағалай отырып, әдістемеде

    ғылыми зерттеулер, академиялық ұтқырлық және халықаралық ынтымақтастық сияқты

    басылымдардың қолжетімділігін атап ӛтті.

    2013 жылғы білім беру бағдарламасындағы бакалавр рейтингісінің қорытындысы

    бойыншаЛ.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жетекші орынды (1 орын - 8

    мамандық, 2 орын - 18 мамандық, 3 орын - 9 мамандық) ұстауды жалғастыруда.

    Қазіргі кезде С.Торайғыров атындағы ПМУ-де факультеттің, кафедраның рейтингтік

    жүйесін бағалау ережелері құрылды. Жылдық рейтингті анықтау мүмкіндік береді:

    ─ мұғалімдердің, кафедралар мен факультеттердің жұмысы жайлы объективті

    ақпарат алуға, сонымен қоса университеттің стратегиясы мен оны басқаруына ықпал ету

    жәнеоны түзету;

    ─ декандар, кафедра меңгерушілері және мұғалімдер ӛз қызметтерін объективті

    бағалау, ӛздерінің күш-жігеріноны жетілдіруге бағыттау;

    6. Оқушылардың жетістіктерін бағалаудың мақсаты мен міндеттері


    Бағалау – одан арғы білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.

    Критериалды бағалау- бұл оқушылардың білім мазмұны мен мақсаттарына сай, оқу- танымдық құзіреттілігін қалыптастыруда нақты анықталған, ұжыммен қалыптастырылған, алдын- ала оқушылардың барлығына белгілі білім жетістіктерін бағалауға негізделген үдеріс.

    Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты: мектепте оқыту сапасын жоғарлату және мектеп  оқушылардың білімін  халықаралық стандартқа сәйкестендіру.

    Критериалды бағалаудың міндеттері:

    ü Сабақтың әр  бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;

    ü Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;

    ü Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;

    ü Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға;

    ü Әртүрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының  әділдігіне көзін жеткізуге;

    ü Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға;

    ü Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге

    Критериалды бағалаудың  басты ерекшелігі:

    ü Алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы;

    ü Анық, айқындылығы;

    ü Бағаның әділдігі;

    ü Өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі.

    Критериалды бағалау жүйесі бағалаудың екі түрін қамтиды: оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтайтын бағалау формативті (қалыптастырушы) немесе оқыту үшін бағалау (ОүБ) деп аталады, ал екінші түрі егер бағалау мақсаты жіктеу, сертификациялау немесе оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау суммативті (жиынтық) болып табылады және кейде оны оқытуды бағалау деп те атайды.

    Қалыптастырушы бағалаудың пайда болуына шолу жасап өтсек: «Білім беру бағдарламасын тұрақты жетілдіруде өзіндік орны бар» бағамдау үдерісін сипаттау үшін «қалыптастырушы» деген терминді алғашқы болып Майкл Скривен қолданған (Скривен, 1967, 41-б.) деген факті кең тараған. Сондай-ақ, ол бағамдау «мектеп басшыларына бірыңғай білім беру бағдарламасын әзірлеп, бағамдау үдерісін өзінің бастапқы рөлінде қолдану арқылы оны қайта қарай отырып, мектеп жүйесі жұмсайтын шығындарды ақтау мақсатындабасқа баламалармен салыстырғанда айтарлықтай артықшылығы бар ма екенітуралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді» (41-42-б.) деп атап өтті. Осы ретте «бұл рөлдегі бағамдауды жіктеу үшін «қалыптастырушы» және «жиынтық» терминдерін» ұсынған.

    Екі жыл өткеннен кейін Бенджамин Блум (1969, 48-б.) мектеп тестілеріне дәл осындай айырманы қолданды: оқыту-оқу үдерісінің әрбір сатысында кері байланыс ұсынып, түзетіп отыру мақсатында «қалыптастырушыбағамдауды» қолдану мүлде өзгеше. Қалыптастырушыбағамдау дегенімізоқу үдерісіндемұғалімдер мен оқушылар көмек ретінде қолданатын қысқа тестілер бойынша бағамдау дегенді білдіреді. Бұндай тестілерді жіктеп, бағамдаудың пікір тұжырымдауға көмектесетін бөлігі ретінде қолдануға болғанымен, біз қалыптастырушыбағамдауды баға қою үдерісінен бөліп алып, тікелей оқыту үшін қосымша құрал ретінде қолдану анағұрлым тиімдірек екенін түсіндік.

    Бенджамин Блум өзінің әріптестерімен бірге кейінгі жұмыстарында «қалыптастырушы бағамдау» терминін қолдануды жалғастырды, ал Ұлыбританияда жоғары оқу орындарында«негізгі бағалаудың алдындағы кез келген бағалауды» сипаттау үшін«қалыптастырушы бағалау» термині қолданылды. Бірақ ХХ ғасырдың 70-ші жылдары мен 80-ші жылдарының басында термин зерттеушілер мен практиктердің назарына іліне қоймады. Жалпы «қалыптастырушы бағалау» мен «қалыптастырушыбағамдау» терминдерітестілер тәрізді ресми бағалау рәсімдерін атау үшінқолданылды (мысалы, Фучс және Фучс қараңыз, 1986).

    Кейбір авторлар термин мағынасын оқытудағы өзгерістерді дереу енгізілетін жағдайларға байланысты шектеуге тырысады:

    «Қалыптастырушы бағалау – оқудағы қажеттіліктерді анықтап, сәйкесіншеоқыту үдерісін өзгерту мақсатында оқушыныңалға ілгерілеуі мен материалды игеруін жиі, интербелсенді бағалау» (Луни, 2005, 21-б.).

    «Қалыптастырушы бағалау– мұғалімдер оқушылардың өтіліп жатқан тақырыптар мен дағдылардыигеруін бағалау үшін қолданатын құрал. Ол белгілі бір тақырып өтіліп жатқанда ол бойынша оқушының қате түсінігін және түсінбеген мәселелерін анықтаудың«өзегі» болып табылады» (Каль, 2005, 11-б.).

    Суммативті бағалау (Оқытуды бағалау):

    ü Негізгі бағалау белгілі бір  тақырыпты қорытындылау мақсатында орындалады.

    ü  Мазмұны оқылған материалды қамтуы керек.

    ü  Негізгі бағалаудағы оқушының алған бағасы тоқсандық баға болып табылады.

    Егер бағалаудың мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу болса, онда өзінің фукциясы бойынша бұл бағалау жиынтық бағалау болып табылады және кейде оны оқуды бағалау деп атайды.

    Осы бағалаудың өз сабағымда екі түрінде қолданамын, бірақ екі түрін қолданған кезде қандай әдісті алсамда міндетті түрде алдымен бағалаудың критерийін, яғни шәкілін құрастырамын. Беймазалық сезімін жою, керісінше баланың сабақта белсенді болуын арттыру үшін мен сабақтарымда өзін-өзі, топтық, жұптық,  табыс өлшемдері арқылы бағалау түрлерін қолданамын. Бағалаудың бұл түрлері (смайликтер, бағдаршам, жетістік баспалдағы, бағалау парақтары, т.б.) оқушыларға өз білімінің деңгейін анықтауға және  жетістікке жетуіне, тақырыпты игеруде алға жылжуына ықпал етеді. Нәтиже: - бағалау жүргізуде қызығушылық туды; - білім деңгейі анықталды; - қобалжушылық жоғалды; - кері байланыстың нәтижелілігі көрінді; - бағалау оқушының уәждемесіне және өзін-өзі бағалауына әсер етті; - табыс өлшеміне дағдыланды.

    Дәстүрлi сабақтар барысында оқушылардың сыныптағы оқу үдерiсiне түгел қатыспайтындығы байқалатын.  Күнделiктi сабақта   түсiнбей қалған тақырыптар  көлемi ұлғайып, үлгерiмi орташа балалар  сабаққа құлықсыз қатысатын.  Мектеп жұмысы мен оқушылардың жетістіктерін өрістетуде маңызды рөл атқаратын ұстаз. Мұғалімнің шығармашылық белсенділігі ең алдымен өзінің өткізген сабағынан, іс-әрекеттерінен көрініс табады. Әрине алға жылжу үшін, алған мәліметтер мен  істеген жұмыстарды саралап, қорытындылап, бағалау керек. Оқушы жетістігін нақты бағалау мәселесі ─ білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі. Оқушыны бағалау - ол білімнің нәтижесі болып есептеледі. Оқушылардың сабаққа даярлығы мен қабілеті бағамен есептеледі.  Сонымен, бағалаудың түрлерін сабақта әдіс-тәсілдерді тиімді  қолдану арқылы ғана нәтижелі мақсатқа жетуге болатындығы айқындалды. 1. Жұптарда өзара бағалау. Өзара бағалаудың ең қарапайым нысаны: оқушыларға шамамен бес минут ішінде өздігінен орындау үшін тапсырма беріліп, содан соң жұмыстарын алмастыру және бірін-бірі бағалау үшін жұптарға бөлу тапсырылады. Кері байланыс әдетте жазбаша емес, ауызша. Ол ынталандыру нысанында ұсынылуға тиіс екені ескертіледі. Оқушылар өздерінің сыныптастарының жұмыстарын мұғалім ұсынатын бағалау жүйесін қоса алғанда, «жауаптар үлгілері» немесе «дайын шешімдер» арқылы бағалайды. 2.  Топтардағы өзара бағалау Оқушылар топтарға бөлінген кезде олардың достық қарым-қатынаста болмағаны жақсы. Топтық жұмыс кезінде олар талқылайды және төмендегіге қатысты келісімге келуге тырысады:қандай әдіс, жұмыс стилі, негіздеме және жауап және т.с.с. жақсы және неліктен? Топтық бағалауда екі жұлдыз, бір ұсыныс, мадақтау сэндвичі т.б формативті бағалау түрлері қолданылады.

    Интерпретация қызығушылық тудыратын мәселелерге , мәселен ерекше дағдылар, көзқарастар мен оқыту түрлеріне  қатысты жүргізіледі. Мұндай өлшемдерді көбіне критерий деп атап, оларды оқыту мақсаттарына немесе міндеттеріне жатқызады. (МАН.106-бет)  Сабақта балалармен бірлесіп бағалау критерийлерін ойластыруға кірістік. Олар көптеген бағалауларды ұсынды. Нәтижесінде мынандай таңдау жасадық:

    Осы критерийлерді құрастыруға қатысқанда оқушы  қандай сезімде болғандықтарын талдауды ұсындым.     Балалардың бірі «Шынымен өзіміз жасаймыз ба?» десе, біреуі «Апай менікі дұрыс па,сіз көмектессеңізші» деген сұрақтар мен ұсыныстар айтты. Мен оқушыларға «Сендер бәрін де жасайсыңдар, бәрі де дұрыс болады» деп  қолдау  көрсеттім. Оқушылар барлық тапсырманы дұрыс орындау керек шығар десе, кейбіреулері бізде барлығы дұрыс орындай алмайды ғой»деген сияқты дауыстар естіле бастады Бұл дауыстарды мен балалардың сабаққа деген қызығушылығының алғашқы бастамасы  деп білдім. Сөйтіп оқушылармен бірлесе мынадай бағалау критерилерін құрдық.   Егер оқушы: 1. Өлеңді мәнерлеп оқи  білуі:   2. Өлең жолдарын өз сөзімен жеткізе білуі:   3.Жауаптарын  өз бетімен, нақты мысалдармен дәлелдей алуы:  4.Қосымша сұрақтарға дұрыс жауап беруі,-деген критерилерді дайындады.  Осындай  критерийлерді пайдалана отырып өзара  бағалауда әр оқушының бойынан өлең оқуынан, мазмұндауынан, мысалдар келтіруінен өзгешеліктер байқадым. Тапсырмаларды жақсы орындауға, жақсы баға алуға тырысты . Үй тапсырмасын бергенде де осы критерийлермен бағалайтынымды ескертіп отырдым.  Бағалау түрлерін осылайша пайдалану мұғалім жұмысын одан әрі жетілдіре түсетініне көзім жетті. Мен осы әдіспен жұмыс жасағанда  оқушыларды мақтау, қолдау көрсету,  мадақтау, жылылық таныту, ынталандыру,қызықтыру  формативті бағалаудың түрлері болып табылады. Осы кездерде «Керемет!», «Жарайсың !», «Жақсы », «Сенің қызығушылығың өте жақсы», «Сен ынтамен  тыңдай аласың», «Сенің  ойың өте жүйрік» тағы сол сияқты  формативті тіркестерді қолдандым. Байқағаным формативті бағалау оқушының сабақтағы әрбір жұмысын  бағалауға көмектеседі.  Тапсырма орындаған сайын қуанып, мақтау сөздерден   кейін келесі жұмыстарда ынтамен қызыға кірісіп, белсенді болатындығы байқалды.

    Қорыта келе бағалау  жүйесінің  мүмкіндіктеріне тоқталатын болсам:

    ü Оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау;

    ü Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы;

    ü Әрбір оқушының жеке даму траекториясын бақылау;

    ü Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыру;

    ü Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;

    ü Оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз ету.

    Критериалды бағалау  артықшылықтары мынада деп білемін:

    ü Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады;

    ü Оқушының жұмысын бағалау алдын –ала ұсынылған критерийлерге негізделеді. .

    ü Бағалау алгоритмі оқушыларға алдын-ала белгілі;

    ü Оқушы нақты не мақсатта жұмыс істеп отырғанын біледі;

    ü Оқушыға өзінің білімділік деңгейі анық көрініп тұрады;

    ü Критерий арқылы  бағалау мұғалімнің оқушы деңгейін анық біліп отыруына мүмкіндік береді;

    ü Білім берудің сапасы артады.

    Биылғы оқу жылында мектебімізде алғаш 1-сынып оқушыларымыздың критериалды бағалау арқылы ІІІ тоқсандық бағасын шығарды. Оқушыларға да, ата-аналарға да, 1-сынып мұғалімдеріне де алғашында қорқыныш, үрей болғанымен бағалау нәтижесі өте жақсы болып, әр оқушы өзінің тиісілі бағасын ақтап, қуанышты жағдай орын алды. 1-сынып ата-аналарының осы бағалау жүйесінің әділ әрі нақты екенін жалпы ата-аналар жиналысында айтып, басқа ата-аналардың осы бағалау жүйесіне деген сенімділігін арттыруы нұр үстіне нұр болды.

    Оқу жылы

    Пәндер

     

    Қазақ тілі

     

    Жараты-лыстану

     

    Матема-тика

     

    Дүние-тану

     

    Еңбекке баулу

    2017-2018

    1-жартыжылдық

    85%

    88%

    84%

    90%

    95%

    Сондықтан да, критериалды бағалау  бүгінгі білім беру жүйесінде зор маңызға ие.  Өйткені қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынасу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Критериалды бағалау бұл мақсаттар мен міндеттердің барлық талаптарына сай орайластырылған деп 1- сынып мұғалімі ретінде сеніммен айта аламын.

    Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүйелі өткізу -  жиынтық бағалаудың  нәтижелі, сапалы болуының баспалдағы. Жиынтық бағалау тоқсан соңындағы оқушы білімінің жетістігін саралайтын жұмыс, ендеше осы жұмыстың  бастауы негізі  қалыптастырушы бағалауда қаланады. Бүгінгі таңда оқушы білімін критериалды жүйе бойынша бағалаудың өміршеңдігімен де ұтымдылығы де дәлелденіп отыр.

    7. Білім беру процесінде бағалаудың орнв мен рөлі.

    Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден-бір жолы – оқушы білімін критериалды бағалау жүйесі бойынша сараптау.

    Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын-ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығының көмегімен өлшенеді. Бұл нормаға негізделген бағалаудан өзгеше. Нормаға негізделген бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі олардың сыныптастарының үлгерімімен салыстырылып қойылады.

    Оқушылардың пән бойынша оқу жетістіктері екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау.

    Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде жүреді. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді, балл не баға қоймастан-ақ оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Мұғалімдер оны оқушылардың жетістіктерін өлшеп, алдағы сабқтарын жоспарлау үшін қолданылады.

    Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін/ ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан,оқу жылы,орта білім деңгейі) аяқтаған соң оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі.

    Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны бағаланады. Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын анықтау қажет.

    Қалыптастырушы бағалау – оқыту үшін бағалау, жиынтық бағалау – оқытуды бағалау болып табылады. Қалыптастырушы бағалау – бұл білім алушылардың оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен мұғалімдердің қолданатын мәліметтерді іздеу мен түсіндіру үрдісі. Жалпы қалыптастырушы бағалау сабақ – жүйесінде жеке қарастырылмайтын, сабақпен қатар жүретін үрдіс. Қалыптастырушы бағалаудың (оқыту үшін бағалау) маңызы – білім беруді, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту, мақсаты – оқытудың қиындықтарын анықтау, оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру стилін білу, болжау мен сұрыптау, жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс. Бағалаудың мәні – бақылау, алынған мәліметтердің интерпретациясы, бұдан арғы іс-әрекеттерді анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау. Ол оқушының жаңа сабақты, тарауды қалай меңгеріп жатқандығын жүйелі түрде бақылап, қадағалап отыру. Жиынтық бақылау жұмысына дейінгі оқушының білім деңгейін қалыптастыру, дамыту, жетілдіру. Қалыптастырушы бағалау жұмысы сабақтың толық бөлігін қамтуы міндетті емес. Ол сабақтың басында, сабақтың ортасында, сабақтың соңғы бөлігінде жүргізіледі. Уақыт көлемі тапсырма деңгейіне сәйкес 5-10 минут болуы мүмкін. Сабақ барысында қалыптастырушы бағалаудың формальді, формальді емес әдістерін тиімді әрі жүйелі қолдану қажет. Формальді бағалау әдісі нақты оқу мақсатына негізделіп жүргізіледі. Дескрипторлар мен бағалау критерийлері тапсырмаға сай құрылып, оқушы білімінің нәтижесі ауызша немесе жазбаша түрде «мақсатқа жетті», «талпынады» деген бағалау түрі бойынша қорытындыланады.

    Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:

    • Мектепте оқыту сапасын жоғарлату;

    • Мектеп бітірушілердің білімін  халықаралық стандартқа сәйкестендіру.

    • Критериалды бағалаудың міндеттері:

    • Сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;

    • Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;

    • Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;

    • Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға;

    • Әртүрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының әділдігіне көзін жеткізуге;

    • Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға;

    • Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге.

    • Практикалық маңызы:

    • Тек қана оқушы жұмысы бағаланады;

    • Орындалған жұмыс алдын ала белгілі үлгі (эталонмен) салыстырылады;

    • Оқушы өзінің жұмысын бағалауға мүмкіндік беретін нақты бағалау алгоритмін біледі және ата-анасына ақпарат бере алады;

    • Критериалды бағалау белгілі оқу мақсаты бойынша бағаланады.Мұғалімдер үшін:

    • Критериалды бағалаудың маңызы:

    • Сапала нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға;

    • Өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға;

    • Сабақ берудің сапасын арттыруға;

    • Оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлауға;

    • Бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;

    • Оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге.

    • Оқушылар үшін:

    1. Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;

    2. Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге;

    3. Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге;

    4. Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге.

    5. Ата-аналар үшін:

    6. Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға;

    7. Оның оқуындағы табыстылықты бақылауға;

    8. Оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады.

    9. Критериалды бағалау – бүгінгі білім жүйесіндегі жаңа талап. Оқушы сын тұрғысынан ойлау арқылы алдына мақсат қоя біледі. Әрі нәтижеге жетуге үлкен талпыныс болатынын уақыт байқатып отыр. Сондықтан маңызды істі жауапкершілікпен атқарғанда ғана жұмыс жүйеленетіні  белгілі.

    10. Бүгінгі заман талабы – жан-жақты дамыған, өзіндік «мені» қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Оқушы тұлға болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, өзіндік тұжырым жасай білуге, өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, логикалық операцияларды қолдана отырып дәлелдеуге, жалпы алғанда жеке адамның құзыреттіліктері  қалыптасуы қажет.

    11. Қорыта айтқанда, критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы біз оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттаймыз, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұлғалы нәтижеге, бағытқа жеткіземіз, білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез-келген кезеңде анықтаймыз, әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға қол жеткіземіз. Бүгінгі оқушының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіруге болатынына күнделікті оқу үдерісінде қолдануымыздан  көз жеткізуге болады.














    написать администратору сайта