|
отбасы. Отбасы - тәрбиенің басты ұясы. Жиналысты масаты
Ата –аналар жиналысының тақырыбы: «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және мектеппен байланысы» Жиналыстың мақсаты:
Ата - ананың баланың оқу-тәрбиесіндегі қарым - қатынасы туралы түсініктерін білу арқылы бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата-ана тәрбиесі, өнегесі және ата-ана баланың бас ұстазы екенін ескере отырып, әр отбасының баланың оқу- тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Баланың мейірімді сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру.
Қаралатын мәселелер:
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Көңіл-күйді көтеру және жағымды сезім мен эмоцияны қалыптастыру. «Кел, танысайық!». «Бес қадам» әдісі. Өзінің немесе баласының есімдерінің бас әріпінен басталатын 5 қасиетті атау. Ролик. «Баланың басты ұстазы ата-ана..Тәрбие - отбасынан басталады!» «Қолынан танып біл» тренинг «Ең әдемі көздер» әрбір бала индивид, жеке тұлға екендігін көрсету. Әр ата-ана өз баласының көзінің суретін жылдам тауып алуы керек. «Бірігіп мұнара құрастыру» тренинг.Мүғаліммен ата-ана әрқашан тығыз байланыста болып, бірігіп жұмыс жүргізу керек. «Тілек шамы» кері байланыс Әр түрлі сұрақтар
I-ІІ тоқсанның қорытындысы, әртүрлі мәселелер. (оқу үлгерімі жайлы, оқу қарқыны жайлы, күнделік кз, сабаққа кешігіп келмеуі, себепсіз сабақтан қалмауы. Мектеп бойынша сыныптың рейтингісі, мектеп формасы, әкімшілік бақылау қорытындысы. Жолда, өмір қауіпсіздік ережелері.
Кезеңдері
| Мұғалімнің іс -әрекеті
| Ата- ананың
іс- әрекеті
| Ресурсттар
| Ұйымдастыру кезеңі:
Ынтымақтастық атмосферасын құру
| Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Көңіл-күйді көтеру және жағымды сезім мен эмоцияны қалыптастыру.
Сәлеметсіздерме құрметті ата- аналар мен оқушылар! Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Біздің кезекті жиналысымызға қош келдіңіздер! (Сыныпқа ата-аналар билеп кіріп өз түсіне байланысты топқа отырады). 2. «Кел, танысайық!». «Бес қадам» әдісі.
|
Билеп келіп орындарына отырғаннан кейін ұстазбен амандасады.
Өзінің немесе баласының есімдерінің бас әріпінен басталатын 5 қасиетті атау.
|
| Барысы
| - Әрбір адам-өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді мағыналы, мазмұнды өту үшін «қамшының сабындай ғана қысқа өмірде» адамдардың бір-бірімен сыйластықта болғанына не жетсін?! Олай болса,бүгінгі ата-аналар жиналысымыз осы қарым –қатынас жасай білудің үлкен өнер екенін ұғынуға мүмкіндік береді.
Барлығымыз «Баланың басты ұстазы ата-ана..Тәрбие - отбасынан басталады!» атты роликке назар аударайық. Ролик. «Баланың басты ұстазы ата-ана..Тәрбие - отбасынан басталады!»
Ардақты ата-аналар! Бала тәрбиесі – ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Туындаған тәлім-тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата-ана әлеуметтік орта, бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Халық «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілерсің» деп тегін айтпаған. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бейім болатыны баршамызға аян.
Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор. Сондықтан ата-ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасау тиіс. Бала тәулігіне 8 сағат мектепте, 16 сағат өз отбасында тәрбие алады. Менің ойымша отбасы – бұл махаббат үйі , ал бала – бақыт. Сондықтан ата-ана сіздің махаббатыңыз балаңыздың өмірге деген құштарлығына жол ашады.
| Роликті көріп, өз ойымен қорытындылайды
| https://youtube.com/watch?v=bSN4Sg2Tg7E&si=EnSIkaIECMiOmarE
| Тренинг
| 1.«Қолынан танып біл» тренинг.
Мақсаты: Ата-ананың баласына қаншалықты мейірім, уақыт бөлетінін анықтау, әр кезде уақыт тауып, мейірімділік көрсетуге баулу. 10 ата-ананы балаларымен ортаға шақырамыз. (Ата-аналардың көздері байлаулы өз баласын қолынан танып алу керек)
-Балаңызды қалай таныдыңыз?
-Балаңызды тани алмаймын-ау деген қорқыныш болды ма?
-Балаңызды тани алмаған кезде қандай сезімде болдыңыз?
-Балаңызды қолынан ұстап танитыныңызға сенімді болдыңыз ба?
Қорытындылау: Аялы алақанға байланысты мен бір өсиет әңгімеге тоқталғым келеді.
Өсиет әңгіме. Жағдайлы бір отбасы баласын ешкімнен кем өсіргісі келмей барлық жағдайын жасайды. Қазіргі заманның озық технологиясымен жасалынған ойыншықтар, компьютер, тіптен қымбат телефонды да алып береді. Бірақ баласы осының бәріне қанағаттанбай, күнде ата-анасының жұмысқа кетпеуін өтінеді. Ата-анасы жұмысқа бармаса болмайтынын, ақша табатынын баласына түсіндіреді. Ал, баласы осы сәтте ата-анасының күніне қанша ақша табатынын сұрап біледі.
Бала сол күннен бастап ата-анасының өзіне тастап кетіп жүрген ақшасын жұмсамай жинай бастайды. Жинаған ақшасы ата-анасының бір күндік табысына жеткен күні бала ата-анасына өтініш жасайды.
— Әке, ана! Бүгін жұмысқа бармай бір күндеріңізді маған қиыңыздаршы.
Бір күнгі табыстарыңызды мен төлейін депті. (Қалай ойлайсыздар бала неге өтінді?) Міне, ата-ананың аялы алақанының әсері балаға күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсе ауыстыру мүмкін емес.
3.«Ең әдемі көздер» әрбір бала индивид, жеке тұлға екендігін көрсету. Әр ата-ана өз баласының көзінің суретін жылдам тауып алуы керек.
| тренингтерге жұмыла қатысады.
|
| Топтық жұмыс
| Әр топқа бала тәрбиесі жөнінде тапсырмалар беріліп, ата-аналар өз ойларын ортаға салады.
I-топ. Бала өмірінде ата-ананың ролі қандай?
II-топ. Балаға мақсат қоюды қалай үйретеміз?
ІІІ-топ. Баланы қалай тәртіпті (әдепті) қыламыз?
Байлаулы бала (тренинг):
Бір ата-ана ортаға шығады. Төмендегідей сұрақтар қойылады.
Сіз балаңызбен көл жағасына бардыңыз. Балаңыз суға қызыққаны соншалық суға қарай жүгіріп кетті.
Сіз қалай тоқтатасыз? (аяғы байланады)
Қарасаңыз балаңыз адамдардың тастап кеткен темекінің тұқылын жинап алып, сонымен ойнап отыр. Сіздің әрекетіңіз? (қолы байланады)
Жұмыстан шаршап келсеңіз бала теледидардан атыс-шабыс, бір сөзбен айтқанда өз деңгейіне келмейтін кино көріп отыр. Сіздің әрекетіңіз? (көзі байланады)
Балаңыз сізге басқа ұлттың қызын ұнатты. Бірақ сіздің қалауыңыз ол емес еді. Сіздің әрекетіңіз? (кеудесі байланады)
Балаңыз досымен келіспей қалды да, жаман сөздермен сыбағасын берді. Сіздің айтар сөзіңіз? (аузы байланады)
Міне, баламыз қандай күйге түсті, құрметті ата-ана. Мұндай күйге түспес үшін баламызға неге болмайтынын, «өйткені» сөзін қолдана отырып түсіндіруіміз керек. Сонда ғана сіз бала тәрбиесінде мақсатыңызға жете аласыз.
|
Ата-аналар постерге өз ойларын жазып, қорғайды
|
| Қорытынды:
| «Бірігіп мұнара құрастыру» тренинг.
Мүғаліммен ата-ана әрқашан тығыз байланыста болып, бірігіп жұмыс жүргізу керек.
« Шығыршықты шеңберден кедергісіз өт»
Мақсаты: бірлескен ұжымдық жұмыстың арқасында ауызбіршілікті дамыту, алға қойған мақсатқа бірлесе жету.
| Стакандағы суды төгіп алмай, бірігіп жұмыс жасау.
Барлық ата-ана дөңгелене қолдарын ұстасып шеңбер құрады. Сол шеңбер бойымен шығыршықты бойларынан қолдарын жібермей өткізеді.
|
| Рефлексия
|
«SMS» жазу
Ата-аналар телефон арқылы ұстаздарына өтілген жиналыс жөнінде қысқа хабарлама жазады немесе өз түстеріне байланысты жүрекшелер жібереді.
|
Хабарлама жазып кері байланыс жасайды.
|
| |
|
|