титулка. Әзілдер. зілдер Жауабы жо сратар Мысытара арналан тышанны дмі бар таам неге жо ызкеліншектер асыкзін бояанда неге ауыздарын ашып трады
Скачать 27.6 Kb.
|
Әзілдер Жауабы жоқ сұрақтар: Мысықтарға арналған тышқанның дәмі бар тағам неге жоқ? Қыз-келіншектер қасы-көзін бояғанда неге ауыздарын ашып тұрады? Неге біз ақшамызды брокерге сеніп тапсырамыз? (broker – ағылшын тілінен аударғанда құртушы, тонаушы деген мағынаны білдіреді). Күнге қыздырына берсе неге тері қарайып, шаш ағарып кетеді? Көріпкелдер неге «Бингодан» ақша ұтпайды? Қалай-қалай сөйлейміз? Көшеде: Привет! Қалайсың? Нормально! Жүрген сол. Не жаңалық бар? Да так, особенно ештеңе жоқ. Біз де ничего, пока бәрі жақсы. Балалар қалай? Үлкені школда, кішісі садикке барады. «Большие дети – большие проблемы» десеңші! Не говори! Біз де жақында дочамызды ВУЗ-ға түсірдік. Үлкен ұлымыз үйленген. Свадьбасының өзіне біраз шашылдық қой. Ладно, мен асығыс едім. Жарайды, звондап тұр. Дүкенде: Не аласыз? Маған екі килограмнан огурцы, помидоры, зеленьнен кішкене өлшеңіз, еще бір пачка чай мен коробка конфет беріңіз. Хорошо! Активке мың единица бар ма? Есеп айырысар кезде: Мелочь жоқ па? І-і... Сдачаңызды алыңыз. Қоғамдық көлікте: За проезд бере салыңыздар. Студенческий, Пенсионный, Проездной. Остановканы объявлять етпейсіз бе? Қазір Абая-Ауезова болады. Назад проходим, орын бос қой. Следующая Жарокова. Заранее дайындаламыз. Үйде: Пап, телевизорды өшіріп, видикті қосайықшы. Мультик көрейін деп едім. Тұра тұршы, ОРТ-да жақсы передача болып жатыр. Осыдан кейін новости басталады. Программада басқа не бар екен? Одан да сабағыңды оқы. Ертең суббота-воскресенье ғой... Мамаң не істеп жатыр? Кухняда обед істеп жатыр. Тіліміздің тірі күйі Жас пен жастың амандасуы: Привет! Привет! Жігіттің ағасымен есендесуі: Ассалаумағалейкүм, ағасы! Қалыңыз қалай, жақсы ма?! Ничего, пойдет! Ақсақалмен амандасу: Ассалаумағалейкүм, ақсақал! Күйлі-қуаттысыз ба? Хорошо и нормально! Қазақ тілі маманының сөзі: Апай, апай! Сыныптың суықтығынан қолымыз жазуға келер емес. Дұрыс айтасыңдар балалар. Действительно класс суық. Отбасындағы әңгіме: Мен понедельникте Жылтыргүлдің школдағы жиналысына барамын. Ал вторникте жұмыстан кейін өзімізде «чай питье» болады. Мен де среда күні жолға шығамын. Четверг, пятница жұмыс бабымен облыста боламын. Командировкадан қашан келесің? Может, суббота келетін шығармын, баня жағып қойыңдар. Баняны өзің келгенде, воскресеньеде жақпаймыз ба? Хорошо! Жыртық қалтаның жыры (Қайрат Нұртастың орындауындағы «Арман» әнінің әуенімен) «Қалай күйдім сенен, Құлай күйдім сенен. Жүрегімді ұстап, Жылай күйдім сенен, сенен..» Қайырмасы: Заман, адастырмай мені қоя тұр, Банк, құшағыңды маған жая тұр. Теңге, сені сақтай алмадым, Нарық, алдадың сен мені тағы да алдадың... Естіген ел көптен, Дағдарыс па жеткен? Қайтару пайызбен, Қиын еді неткен, неткен.... Қайырмасы: Ақша іздеп тынбай, Мына өмірге сыймай. Күлкіден айырған Құрысын өмір мұндай, мұндай..... Қайырмасы: Әзіл-қалжыңдар Баягыда бір окымысты бала болыпты. Ол жолда келе жатып бір балдардын \\"мен мен мен\\" деп айтып жатканын естип калып сол создерді жаттап алады. Тагы да бір жолда келе жатып балдардын \\"балтамен балтамен балтамен\\" деген созин тагы да жаттап алады. Тагы да келе жатканда бир балдар 50 тенге бер дейді. Сосын сол сөзін де жаттап алады. Тагы да бір келе жатканда лагердеги балдардын созин жаттайды: \\"Біз лагерге барамыз\\" деген созин де жаттап алады. Сол кезде бір шалдын журеги устап оліп калады. Сосын милиция келіп: \\"кім өлтірді мына шалды?\\" дейді. Окымысты бала: \\"мен мен мен\\" дейді. Милиция: \\"немен олтирдин?\\" Окымысты бала: \\"балтамен балтамен балтамен\\" Милиция: \\"неше жыл сотталгын келеди турмеге?\\" Окымысты бала: 50 жыл. Сол кезде милиция машинасына отыргызады. Окымысты бала машинанын ишинде отырып: \\"біз лагерге барамыз\\" дейді. *** Кожанасырдын 5 койы болыпты.сол 5 койы жогалып кететиндей кайта кайта санай беріпті.сөйтіп бір куні Кожекең тамақ пиісіріп жатып баласын жұмсапты.Барып қойды санап келші дейді, баласы койды санап үйге келіп папа папа қойлар 4-еу дейді сонда Кожа неге 4-еу 1-і қайда дейді. Сонда БАЛАСЫ 1 КОЙ КАШЫП САНАТПАЙ ЖУР ДЕГЕН ЕКЕН. "Айта салдым" қалжыңдар Еркек ақша бітсе бәрін істейді. Махаббат үшбұрышынан өз бұрышыңды тап. Қазақ балағаттап тұрғанда да, «әкең..», «шешең..» деп ата-анасын еске алып тұрады. «Сұлу» қыздар суретте ақылды боп көрінеді. Қасқырлары болмаса, орманнан тыныш жер жоқ. Жасыңда балықты көп жесең, өскенде жүзуден чемпион боласың, бірақ дәрі ішіп жүрсең, дәрігер бола алмайтының хақ. Әйелді бағындырудың екі жолы бар: бірақ оны әлі ешкім білмейді Махаббат – айлы аспан астында күрсіну емес, көрпе астындағы күрес. Қызықтың қызық болуы қызығында. Балық құйрығынан бастап тазаланады. Түгі жоққа түк шығады. Өлең айта алмасаң домбыраны жаманда. Сұлу сөз кемпірді де қыз етеді. Жетім қыздың жеңгесі көп. Екі жолды таңдасаң қыли боласың. Пойызға мінерде шамаң келсе ең басындағы вагонға мін, жетер жеріңе бәрінен бұрын барасың. Жан-жануарды жақсы көретінім соншалық, ержеткенде тек ет комбинатына барып жұмыс істеуді ұйғардым. Кейде айтар сөз таба алмай қысылатын кез болады, ондай кезде сөздің орнына ақша бере салуға да болады. Әйелдерді тастап, құлақ естімес, көз көрмес жер түпкіріне кеткен еркекте не арман бар екен? Телефоннан айтылатын қалжыңдар Түнгі сағат үште. Телефон шырылдайды: Алло! Сіз ұйықтап қалған боларсыз? Әрине, ұйықтап жатырмын! Онда ғафу етіңіз, таңертең хабарласайын. *** Алло! Болат бар ма? Ондай адам мұнда тұрмайды. Қайтадан хабарласады: Алло! Болат бар ма? Ондай адам мұнда жоқ деп айттым ғой. Қайтадан хабарласады: Алло! Болат әлі келмеді ме? Мынау ұқпайтын адам екен. Болатыңмен қоса.... Біраздан кейін: Сәлеметсіз бе, мен ғой Болат. Маған ешкім хабарласқан жоқ па? ******** Түннің бір уақытында телефон шаласың. Тұтқаны көтереді. Сен ұйқылы дауыспен: Әлі ұйықтаған жоқсың ба? Ұйықта қане. ****** Күлкі күніне арналған ойындар Егер көршіңіздің болмаса әріптесіңіздің бөлмесінің есігі сыртқа қарай ашылатын болса мынандай бір қалжың жасауға болады. Жеңілдеу, жіппен қозғауға болатын (кітап, қаламдар, жеңіл жиһаз) нәрселерді өзара бір-бірімен байлап,содан соң есіктің тұтқасына байлайсыз. Қатер істі білмейтін біреу есікті ашып қалған кезде байланған нәрселер жан-жаққа шашылады. Бөлменің астан-кестені шығады. Ең қиыны жіппен байланған нәрселерді есіктің тұтқасына байлап, абайлап бөлмеден шығып кету. ******* Бір колода карта (54 даналы), ойыншылар және ішімдіктердің көп түрі. Сонымен, карта үлестіріле басталады (жүргізуші оны аса шеберлікпен, асықпай, өзінің іс-әрекетімен ойыншылардың жүйкесін тоздырып, әртүрлі қалжыңдармен тиіскілеп отырады) ойыншылардың біреуіне тұз түскенге дейін. Тұз түскен адам коктейлдің құрамына тапсырыс жасайды (мысалы: қымыз, шұбат, шырын, сарыағаш, айран, лимон, шарап т.с.). Жүргізуші мұның бәрін есінде сақтайды. Әрі қарай екінші тұз түскенге дейін карта үлестіріледі. Екінші тұз түскен адам коктейлдің көлеміне тапсырыс береді (100 грамнан 0,5 литрге дейін). Жүргізуші есінде сақтайды. Карта әрі қарай үшінші тұз түскенге дейін үлестіріледі. Ол ойыншы коктейлдің ақшасын төлейді, не өзі оны араластырады, және де коктейлге қосылатын ішімдіктердің қосылу мөлшері де өз еркінде. Карта үлестіріле береді. Төртінші тұз түскен адам осы коктейлді ішуі тиіс. ******* Жіптен тарт: Бұл ойынды балалар бар жерде де ойнауға болады, бірақ алдын ала дайындық керек. Бірінші пенжагыңыздың қалтасына бір шарғы жіп салып алыңыз. Жіптің түсі пенжактың түсіне сәйкес келгені дұрыс. Жіптің ұшын көзге түсетіндей сыртқа шығарып қойыңыз. Міндетті түрде сіздің салғырттығыңызды аңғаратын біреу табылады. Одан көмек сұраңыз. Үлкен де, бала-шағада күлкіге бір батады. СМС-әзіл-қалжыңдар Ееее, сорлы. Сен мына смс-ты оқып отырған кезде мен сенің сүйіктіңмен қыдырып жүрмін. Сәлеммен, жолы болғыш жігіт. Мына смс үшін сіздің балансыңыздан 100 теңге алынады. Рахмет, бірақ бұл өте аз. Смс-ты тағы бір жауып ашсаңыз бола ма? Тентек баланың әкесіне: балаңыз ауырып қалған ба? Ешкімді мазаламайды, қасындағыларға тиіспейді, қыздарға ыржыңдамайды. Саған жаным ашығандықтан, хабарласып отырмын. Бір адам күшті әсер ететін дәрі беріп қойды. Сондықтан алысқа шықпа. Мен өзгепланеталықпын, сіздің ұялы телефоныңызда тұрамын. Дәл қазір сіз саусақтарыңызбен кнопкаларды басқан кезде мен одан ляззат алып жатырмын. Сізге де ұнағанын сөзсіз. Мен сіздің жүзіңіздегі күлкіңізден түсініп тұрмын. Әй, кнопкаларды қатты баспасаңшы терлеп кеттім ғой, қолыңды әрі тарт, түк көріп тұрған жоқпын. Егерде жігітті орманға жіберсе, ол 3 келі жидек жинайды, ал қыз бала 5 келі жинайды, бірақ екеуін бірге жіберсе олар 8 келі жидек жинайды деп ойлауға болмайды. Құттықтаймыз! Сіз лоторейден сыған қызын ұтып алдыңыз! Егерде сыйлығыңызды 14 күннің ішінде алып кетпесеңіз, біз сізге бүкіл таборды жібереміз. Мен саған түнде келіп, көрпеңнің астына кіремін. Ең тәтті жеріңді тауып алып жаныңды шығарамын. Сенің зиянды масаң. Келіншектердің «құрылтайы» Әңгімелеп астарлы, Керіп қойып қастарды, Келіншектердің кешкілік, «Құрылтайы» басталды Мағынасы майысқан мақалдар Бүгінде маймылдан жаралған адамдардың көлігі бар, Топырақтан жаралған адамдардың түгі де жоқ. ***** Жолың болмаса, қапаланба, үйрене бер, Ендігі жолың болмағанға жаттығып қаласың. ***** «Ұтыссыз» лотореядан ұтыссыз кетесің. ***** Әркімнің ой-қабілеті айлығының мөлшеріндей. ****** Жұмысы үшін ауыратындарды ауруханадан ізде. ****** Аяқ – еркектерге жүруге, әйелдерге жүгіруге керек. ****** «Аузы қисық болса да, байдың ұлына ти». ******* Әйел -ердің терезесі және бет пердесі. ****** Төрлеу үшін «терлеу» керек. ******* Ана тіліңді үйрететін алғашқы ұстазың – құлақ. ******* Маймылдың миы ойнауға жеткенмен, ойлауға жоқ. ******* Кемпірдің де түбі – қыз. ****** Өзгелерді өмір бойы үміттендіру үшін де талант керек. ******* Қатені көбірек жіберген сайын, азы қалады. ******* Камаздан жүк қалмас, Бастықтан түк қалмас. ******* Байы бар, байы бардың, Оптом сатар майы бар. ******* Күйеуі арақ ішсе, Әйелі тұз жалайды. ******* Енеге туған күн, Келінге де туады. ******* Әйел тоймай, Күйеу байымайды. ******* Тонналап сатсаң құтыласың, Грамдап сатсаң тұтыласың. ****** МАИ-ды жамандаған жаяу қалар. ******* Бастықтың «жаманы» жоқ, Дегенмен жел сөзден аманы жоқ. ******* Депутат дауыс жинарда шынығады, Мәжіліс отырысында тынығады. ******* Жаңа қазаққа сын «ауыр» тиеді, Жаман қазаққа мін «тәуір» тиеді. ******* Барды байлық өлтірер, Жоқты айлық өлтірер. ******* Ержеткеннің түсіне, Бойжеткен кіреді. ******* Танысыңа сенбе, Табысыңа сен. ******* Күйеу - қорқақ, Әйел – батыр. ******* Табысы бардың ұзаққа шабысы бар, Танысы бардың билікке шансы бар. ******* Жақсы қатын тамақ берер сорпасымен, Жаман қатын қабақ берер мордасымен. ******* Әйелдің шашы қысқа, Қулығы мен құрығы – ұзын. ******* Қызға барсаң, қызып бар, Қызып барсаң, қызық бар ******* Әйелге айлығыңды берсең де, Шайлығыңды берме. ******* Әйел аузы сөйлесе, Еркек аузы жоқ болады. ******* Атасы бардың жорғасы бар, Әжесі бардың дорбасы бар, Ағасы бардың Вольвасы бар, Тоқалы бардың сор басы бар. ******* Қонақ есіктен, Ұры тесіктен кіреді ******* Ресейдің волгасы озғанша, Шетелдің вольвасы озсын. ******* Ақша – араққа, Тиын – тамаққа. ******* Кәйіп қызығын ішкен білер. ******* Әйелімнің кеткеніне емес, Құтылғаныма жылаймын. |