Главная страница
Навигация по странице:

  • Жалпы ережелер: 1

  • Актілерді жасау тәртібі

  • Жүкті тасымалдау шарттарын өзгерту және бұзу тәртібі

  • Реф 080. Жк тасымалдау кезіде олданылаты жаттама


    Скачать 40.71 Kb.
    НазваниеЖк тасымалдау кезіде олданылаты жаттама
    Дата31.01.2021
    Размер40.71 Kb.
    Формат файлаrtf
    Имя файлаРеф 080.rtf
    ТипДокументы
    #172839

    Жүк тасымалдау кезіңде қолданылатың құжаттама:

    Жүктерді автомобильдермен тасымалдау келісім арқылы жүзеге асады. Келісім автотраспортты кәсіпорнымен немесе жүк жөнелту ұйымымен және үш жақты(АКК жүк жөнелтуші және жүк алушының арасында) келісім болуы мүмкін.

    Жылдық келісімде тасымалдаудың көлемі, тасымалдау реті, жүкті жөнелту және қабылдау бойынша жұмыс режимі, тасымалдау кезіңдегі жүктің сапсың жоғалтпайтындығы, арту-ьүсіру жұмыстарының орындалу реті, тасымалдаулар үшің есептеулер реті, сондай- ақ жүк ағымының рационалды маршруты мен схемасы анықталады.

    Келісім екі экземплярда келесі ретімен орындалады: АТП келісілген жылдық тасымалдаудың жоспарының келісімнен кейің 10 күн ішінде келісімнің проектісің екі экземплярда құруы керек, ол құжатқа қол қойып жүк жөнелтушіге жіберуі тиіс. Жүк жөнелтуші келісім құжатың алғаннан кейің оны 10 күн ішінде оқып танысу керек. Онымен танысқаннан кейін қол қойып бір экземлярын қайтарып беруі тиіс немесе келісілген құжатпен келіспесе протокол толтырып 2 данада АТП –ға жіберуі тиіс. АКК протоколмен танысып, екінші келісім құрып оны жүк жөнелтушіге беруі тиіс. Егер келісіммен АТП келіспесе онда комиссия құрылады. Оның құрамына жүк алушылардың құрамы және АТП құрамының адамдары кіреді. Егер комисияда екі жақты келісім болмаса онда барлық шешімдер госарбетражда қаралады, ол 10 күн ішінде қарастырылуы тиіс.

    Жүктерді тасымалдау тауар-көлік жүкқұжатымен ресімделеді, ал үйіп тасымалданатын жүктердің кейбір түрлерін тасымалдаған жағдайларда, өлшеу актісімен немесе таразыға тарту актісімен ресімделуі мүмкін. Автокөлік құралдарын уақыттық тариф бойынша төлеу арқылы пайдалану (автокөлік құралының жұмысына ақы төлеу бір жұмыс күні (ауысым) ішіндегі сағаттық есеппен жүргізіледі) автокөлік құралының жүрісін және жүк жөнелтушінің (жүк алушының) қарамағында болған уақытын көрсете отырып, жүргізушінің түскі үзіліс уақытын шегеріп жолдама парақта 4-п нысаны бойынша осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес жазумен ресімделеді. Автокөлік құралдарын, олардың жұмысын кесімді тариф бойынша төлеу арқылы пайдалану (автокөлік құралының жұмысына ақы төлеу тасымалданған тонналар үшін жасалады) жүк жөнелтушінің (жүк алушының) жолдама параққа 4-с нысан бойынша осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес жазуымен ресімделеді.

    Кесімді және уақыттық тарифтер бойынша жолдама парақтарды ресімдеу тәртібі осы Қағиданың 20-22-тармақтарында келтірілген.Жүк жөнелтуші тасымалдаушыға тасымалдауға берілген жүкке төрт данада жасалған тауар-көлік жүкқұжатын ұсынады, ол негізгі тасымал құжаты болып табылады және ол бойынша жүк жөнелтуші осы жүкті есептен шығарады және жүк алушы оны кіріске алады.

    Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдауға арналған тауар-көлік жүкқұжатын жүк жөнелтуші әрбір жүк алушының атына, мынадай деректемелерді: жүк алушының атауын, жүктің атауын, тасымалданатын жүктің санын, салмағын, салмақты анықтау тәсілін (таразыға тарту, трафарет, стандарт, өлшеу бойынша), орама түрін, тиеу және түсіру тәсілін, автокөлік құралының тиелуге берілген уақыты мен тиеліп біткен уақытын, тұрып қалған уақытын толтыру арқылы жасайды.

    Жүк жөнелтуші қажет кезде тауар-көлік жүкқұжаттарының қосымша даналарын жазып береді, олардың саны жүк жөнелтуші мен тасымалдаушының арасындағы келісіммен белгіленеді.

    Жүкті тапсыру кезінде жүргізуші тауар-көлік жүкқұжатының үш данасын жүк алушыға береді, ол әрбір тауар-көлік жүкқұжатының данасында жүкті қабылдағанын өзінің қолымен және мөрмен (мөртабанмен) куәландырады және тауар-көлік жүкқұжаттарының барлық даналарында автокөлік құралының келген және кеткен уақытын көрсетеді.

    Жүк жөнелтушіден жүктерді тасымалдауға қабылдау тауар-көлік жүкқұжатының барлық даналарында тасымалдаушының қолымен куәландырылады.

    1. Бірінші дана жүк жөнелтушіде қалады және тасымалдауға берілген жүктерді есептен шығаруға арналады. Екінші, үшінші және төртінші даналарды жүк жөнелтуші тасымалдаушыға тапсырады.



    1. Екінші дананы тасымалдаушы жүк алушыға тапсырады және алынған жүктерді кіріске алу үшін пайдаланылады.



    1. Үшінші және төртінші даналар тасымалдаушыда қалады. Үшінші дана тасымалдау есебіне тігіледі және жүк жөнелтушімен (жүк алушымен) есеп айырысуға негіз болады, ал төртінші жолдама параққа тіркеледі және көліктік жұмысты есептеу үшін негіз болады.

    Жүк жөнелтуші қажет кезде тауар-көлік жүкқұжаттарының қосымша даналарын жазып береді, олардың саны жүк жөнелтуші мен тасымалдаушының арасындағы келісіммен белгіленеді.

    Жүкті тапсыру кезінде жүргізуші тауар-көлік жүкқұжатының үш данасын жүк алушыға береді, ол әрбір тауар-көлік жүкқұжатының данасында жүкті қабылдағанын өзінің қолымен және мөрмен (мөртабанмен) куәландырады және тауар-көлік жүкқұжаттарының барлық даналарында автокөлік құралының келген және кеткен уақытын көрсетеді.

    Тасымалданатын жүктердің өлшеу актісін немесе таразыға тарту актісін жүк жөнелтуші үш данада жасайды, олардың:

    1. 1) бірінші данасы жүк жөнелтушіде қалады және тасымалдаудың орындалатын көлемдерін есептеу үшін негіз болады;



    1. 2) екінші және үшінші даналары тасымалдаушыға тапсырылады. Екінші дана тасымалдаушының жүк жөнелтушімен өзара есеп айырысуын салыстыру үшін негіз болады және есепке қоса беріледі, ал үшінші жолдама параққа қоса беріледі де, көліктік жұмыс есебі үшін негіз болады.

    Жалпы ережелер:

    1. Осы Жүк тасымалдаумен байланысты тасымалдау үдерісін, операцияларлы жүзеге асыру, құжаттарды ресімдеу және актілерді жасау, арнайы зерттеулер мен сараптамалар жүргізуді жоспарлаудың технологиясы мен қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 маусымдағы 682 қаулысымен бекітілген Темір жол көлігімен жүк тасымалдау қағидасының 23-тармағына сәйкес әзірленді және жүктерді тасымалдаумен байланысты операцияларды, тасымалдау үдерісін жоспарлау, іске асыру тәртібін және технологиясын, құжаттарды ресімдеу және актілерді жасау, арнайы зерттеулер мен сараптамаларды жүргізу тәртібін белгілейді.

    2. Осы Қағидадағы жоспарлау технологиясы дегеніміз жүру маршрутын (соның ішінде үшінші елдерге (экспорт), Достық-Алашанькоу шекаралық өтпесі арқылы экспорт/импорт) ескере отырып, негізгі және жоспардан тыс өтінімдер бойынша жүк тасымалдау жөніндегі айлық жоспарларды жасаған кездегі тасымалдаушы мен жүк жөнелтуші әрекеттерінің кезектілігі және тасымалдау жоспарын орындау (есепке алу карточкасын жасау).

    Тасымалдау үдерісі – тасымалдарды жүзеге асыру кезінде орындалатын ұйымдастырушылық және технологиялық өзара байланысты әрекеттер мен операциялар жиынтығы.

    1. жүктерді, үйіп және ақтарып, ашық жылжымалы құрамда, жолсеріктердің алып жүруімен, жөнелту маршруттарымен, ұсақ және аз тонналы жөнелтілімдермен, контейнерлермен және көлік пакеттерімен, мұз болып қататын жүктерді, тез бүлінетін жүктерді, жануарлар мен құстарды, ветеринарлық, фитосанитарлық бақылауға жататын жүктерді, қауіпті жүктерді, сұйық жүктерді вагон-цистерналарға және бункерлік үсті ашық вагондарға құйып, тасымалдау шарттарын және жүктерді ерекше жағдайда тасымалдау шарттарын сақтай отырып жүзеге асырылады.Тасымалдау үдерісі жүкті тасымалдауға қабылдау, жүкті беру шарттарын, тиеу және түсіру (босату) мерзімдерін, жеткізу мерзімдерін және жеткізу мерзімдерін есептеу ережелерін, жүктің баратын жерін өзгерту, жүк жөнелтушіге қайтару, жаппай жүктерді маршруттармен және бір жүкқағазы бойынша вагон топтарымен, құндылығы жарияланған

    Актілерді жасау тәртібі

    Жүктердің автомобиль тасымалдары кезінде тасымалдаушы мен жүк жөнелтушінің (жүк алушының) арасындағы мүліктік даулар үшін негіз болатын жағдайлар тауар-көлік жүкқұжатындағы және (немесе) жолдама парақтағы жүк жөнелтушінің (жүк алушының) және тасымалдаушының жазуларымен куәландырылады.

    Тауар-көлік жүкқұжатында мынадай жағдайлар куәландырылады:

    1) жүктердің бүлінуі немесе зақымдалуы;

    2) жүктің нақты атауы, салмағы және орындарының саны мен тауар-көлік жүкқұжатында көрсетілген деректердің арасындағы сәйкессіздік;

    3) автокөлік құралының шанағындағы немесе секциясындағы немесе контейнердегі пломбалардың бұзылуы немесе болмауы;

    4) тасымалдаушының жүктің осы түрін тасымалдау үшін жарамсыз немесе санитарлық талаптарға сай келмейтін автокөлік құралдарын беруі;

    5) тиеу және түсіру пункттерінде автокөлік құралдарының белгіленген уақыт нормаларынан артық тұруы;

    6) заңнамаға сәйкес тараптардың мүліктік жауапкершілігі үшін негіз болатын басқа жағдайлар.

    Ожүкқұжаттарындағы жазулар жүк жөнелтушінің (жүк алушының) және жүргізушінің қолдарымен расталады.сы Қағиданың 18-тармағында көрсетілген тауар-көлік

    Тасымалдаушы (жүргізуші) мен жүк жөнелтушінің (жүк алушының) арасында келіспеушіліктер болған жағдайда, мүліктік даулардың туындауына негіз болып табылуы мүмкін жағдайлар осы Қағиданың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша актілермен ресімделеді. Актілер сонымен қатар тауар-көлік жүкқұжаттарында жасалуы мүмкін емес жағдайларды егжей-тегжейлі сипаттау қажет жағдайларда жасалады.

    Жүкті тасымалдау шарттарын өзгерту және бұзу тәртібі

    1. Тасымалдаушылар жасалған шарттардың негізінде жүктерді тасымалдауды жүзеге асырады және тасымалдауға байланысты қосымша қызметтерді орындайды.



    1. Жүкті автомобильмен тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы өзіне жүк жөнелтуші сеніп тапсырған жүкті, оны тасымалдау шарттарын сақтай отырып, межелі пунктіне жеткізуге және оны жүкті алуға уәкілетті адамға (жүк алушыға) беруге міндеттенеді, ал жүк жөнелтуші шартқа немесе тарифке сәйкес автомобильмен жүкті тасымалдағаны үшін ақы төлеуге міндеттенеді. Жүкті тасымалдау шарты осы Қағиданың 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тауар-көлік жүкқұжатын жасау арқылы ресімделеді.



    1. Жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау бойынша шарты тасымалдаушы мен жүк жөнелтушінің арасында Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына, сондай-ақ осы Қағидаға сәйкес жасалады.



    1. Жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау шарты тараптарының бірі екінші тарапқа шартты өзгерту немесе бұзу туралы ұсыныспен, осындай өтініш үшін негіз болатын себептерді көрсету арқылы өтініш жасауы мүмкін. Шартты өзгерту немесе бұзу туралы ұсыныс алған адресат келіп түскен ұсынысты онкүндік мерзімде қарайды және ұсыныстың қабылданғаны туралы, не оның қабылданбағаны туралы хабарлама жібереді.



    1. Тараптар шарттың талаптарын өзгерту туралы немесе оны бұзу туралы келісімге қол жеткізген кезде, шартты өзгерту немесе бұзу туралы келісім де шарттың нысанында жасалады.


    написать администратору сайта