Главная страница
Навигация по странице:

  • 1. Гистологияны зерттеудің заманауи әдістері;

  • 2. Гистологиялық препаратты дайындау кезеңдері;

  • 3. Бекіту және оның мәні;

  • 4. Парафин мен целлоидинге материалды құю;

  • 5. Кесінді дайындау;

  • 6. Гистопрепараттарды бояу ерекшеліктері. Боядың түрлері;

  • 7. Электрондық микроскопияға арналған препараттарды дайындау.

  • гистология. Гистотехника 1 тапсырма (1). ЖМ2100202 Оразбеков Мирас Саба 1 Таырыбы Гистологиялы техника. Гистологияны заманауи зерттеу дістері Тапсырма 1


    Скачать 20.4 Kb.
    НазваниеЖМ2100202 Оразбеков Мирас Саба 1 Таырыбы Гистологиялы техника. Гистологияны заманауи зерттеу дістері Тапсырма 1
    Анкоргистология
    Дата27.01.2022
    Размер20.4 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаГистотехника 1 тапсырма (1).docx
    ТипДокументы
    #343797


    ЖМ21-002-02 Оразбеков Мирас

    Сабақ №1

    Тақырыбы: «Гистологиялық техника. Гистологияның заманауи зерттеу әдістері»
    Тапсырма №1. Берілген сұрақтарға ауызша жауап беріңіздер:

    Хаттамада сабақ тақырыбы бойынша сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз:
    1. Гистологияны зерттеудің заманауи әдістері;

    1) оптикалық (жарық сәулесінің көмегімен) микроскопия — жануарлар мүшелерінің ұлпалары мен жасушаларының ұсақ құрылымын көріп таддаудың негізгі әдісі; 2) фазалық контрасттық микроскопия жануарлардың тірі ұлпалары мен жасушаларынан алынған, боялмаған мөлдір гистологиялық жонындыларды зерттеу әдісі; 3) ультракүлгіндік микроскопия — әдіс қысқа ультракүлгін сәулелерді пайдалануға негізделген. Ультракүлгіндік микроскопияда препараттың көрінісін люминесцентті экранда талдап, анықтап көріп, фотопластинкаларға түсіріп зерттейді;4) Флуоресценттік (люминесценттік) микроскопия — флуоресценция құбылысына, яғни зерттелетін гистологиялық нысанның сәулелі энергия әсерінен қозуына негізделген.
    2. Гистологиялық препаратты дайындау кезеңдері;

    • мүшеден кесінділер алу;

    • мүше кесінділерін бекіту;

    • мүше кесінділерін тығыздау;

    • мүше кесінділерінен қалыңдығы 5-10 микрометр кесінділер дайындау;

    • кесінділерді бояу.



    3. Бекіту және оның мәні;

    Тиісті органның шағын кесектерін кеседі (0,5 x 1 x 1 см) оларды фиксаторға батырады (формалин, метанол және т. б.) - әдетте 24 сағат

    Фиксациялау процесі тіндердің аутолиза (самопереваривания) алдын алу үшін жүргізіледі.

    Бұл белоктардың денатурациясы (коагуляция) арқылы қол жеткізіледі. Фиксацияланғаннан кейін үлгілерді ағынды сумен бірнеше сағат ішінде шаяды.
    4. Парафин мен целлоидинге материалды құю;

    • 1. Кейін материалдарды микротомда кесу үшін оларды тығыздайды.

    • Тызыдайтын материал ретінде парафин немесе целлоидин қолданады

    • 2. Алдын ала үлгілері сусыздандырады (әйтпесе, гидрофобты нығыздағыштар тінге ене алмайды).

    • а) бұл Үшін оларды спирттер батареясынан өткізеді -

    • 70 % , 80 % , 96 % , 100 % этанол -

    • 24 сағат әр спиртке.

    • б) парафин этанолда ерімейтіндіктен, оларды этанол-ксилол және таза ксилолда ұстайды.

    • 3. Құю: үлгілерді алдымен ксилол-парафин, содан кейін сұйық парафинге орналастырады

    • 1-2 сағ 52-56С тұрады.

    • Суыған парафинге нығыздалуға уақыт береді. Содан соң үлгісі бар блок кесіп алып оны ағаш шаршыға орналастырады


    5. Кесінді дайындау;

    • 1. Шаршыларды арнайы микротом атты аппаратқа орналасатырады

    • 2. Шаршынының бетіндегі парафинді өткір микротом пышағының көмегімен парафиннен үлгілерді бөліп кесектеп аламыз

    • 3. кесектерді жылы суға саламыз, одан кейін заттық әйнектің бетіне орналастырамыз



    6. Гистопрепараттарды бояу ерекшеліктері. Боядың түрлері;

    • Боямас бұрын препаратты прарафиннен босатып алады, ол үшін бір қатар ертініділер қолданады

    • ксилол, спирт 100 %, 96 %, 80 %, 70 %, 60 %, су ( 2-5 мин)

    • Заттық әйнектерді бояу үшін оларды

    • гематоксилин ерітіндісіне 2-5минут өңдейміз

    • Оны 2 минут суда шаямыз

    • Эозин ерітіндісіне 2 минутқа өңдеу

    • Сумен шаю

    • Ксилолмен, спиртпен өңдеп, Канадский бальзам тамызып, жұқа заттық шынымен ауасыз етіп бетін жабамыз


    7. Электрондық микроскопияға арналған препараттарды дайындау.

    • Материалды алу және оны бекіту

    • Материалды тығыздау

    • Кесінділерді дайындау

    • Кесінділерді бояу немесеконтрастылау


    написать администратору сайта