Главная страница
Навигация по странице:

  • ҚОРЫТЫНДЫ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР Мақсаты

  • Кіріспе бөлім Туризм

  • Негізгі бөлім Әлемнің жеті кереметі

  • 3 ғасырда жасалған, мұнарасының биіктігі 160 м

  • "Әлемнің жеті кереметіне" , "Екінші 7 керемет", "Табиғаттың өзіндегі 7 керемет", "Қиял-ғажайып 7 керемет"

  • Астана ЭКСПО-2017 аясында туризм Қазақстанның Астанасы National Geographic Traveler сыйлығына ие болды

  • Туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

  • 100 шетелдік трэвел-компаниялар үшін Астана ЭКСПО-2017 70-тен астам туристік бағдарлар әзірледі

  • ЭКСПО-2017 мен ТУРИСПАНИЯ стратегиялық серіктес болуды жоспарлады

  • Астана ЭКСПО-2017 аясында туризм мәселелерін талқылады

  • ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  • туризм. Жоспар масаты міндеттері зектілігі кіріспе негізгі блім


    Скачать 290.71 Kb.
    НазваниеЖоспар масаты міндеттері зектілігі кіріспе негізгі блім
    Дата18.12.2021
    Размер290.71 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлатуризм.docx
    ТипДокументы
    #307923

    ЖОСПАР
    МАҚСАТЫ
    МІНДЕТТЕРІ
    ӨЗЕКТІЛІГІ
    КІРІСПЕ
    НЕГІЗГІ БӨЛІМ

    • Алғашқы туристік орындар «Әлемнің жеті кереметің» көрсету

    - Қазақстандағы туристік нысандарын насихаттау:

    1.Табиғи-рекреациялық

    2. Тарихи археологиялық

    3.Тәуіп ету

    - Туризмнен түсетің қаржы саласын қарастыру

    - Астана ЭКСПО-2017 аясында туризм

    ҚОРЫТЫНДЫ
    ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

    Мақсаты: Туризмге жалпы түсініктеме бере отырып , алғашқы туристік орындар мен қазіргі туристік орындарды зерттеу

    Міндеттер :

    • Туризімнің нақты аңықтамасың беру

    • Алғашқы туристік орындар «Әлемнің жеті кереметің» көрсету

    • Қазақстандағы туристік нысандарын насихаттау:

    1.Табиғи-рекреациялық

    2. Тарихи археологиялық

    3.Тәуіп ету

    - Туризмнен түсетің қаржы саласын қарастыру

    - Астана ЭКСПО-2017 аясында туризм

    Өзектілігі:Туризм әлемдік экономиканың қарқынды дамып жатқан секторы және валюталық түсімдердің тиімді көзі болып табылады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Үндеуінде: «Біз бәсекеге қабілеттілігін үнемі арттырып отыратын басым салалары бар бәсекеге қабілетті экономика үлгісін таңдадық, сөйтіп қазақстандық кластерлер жүйесін дамытудың бастамасын көтердік»,– деп көрсетілген. Дүниежүзілік тәжірибе бойынша, осындай басым бағыттағы қызмет салаларына туризм де жатады.

    Кіріспе бөлім

    Туризм (франц. tourіsmetour – серуендеу, жол жүру) – адамның бос уақытында негізінен айтқанда жұмыстық, не мәлім міндеттік мәжбүрлеумен емес, туысшылаумен емес, өз еркінше көңіл көтеру мен демалу үшін, тәуекел жасау үшін, көріп қызықтау үшін, яғни субъективті рухани қажеттілік бойынша басқа бір жерге ерікті саяхаттап, серуендеп бару. Жақын жердегі қысқа мерзімде - серуен болса , алыс жерге аттанған ұзақ мерзімдісі - саяхат делінеді.

    Қазiргi туризм еңбекшiлердiң  жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болды, мұның өзi адамның демалуға және бос уақытын  өткiзуге негiзгi құқығын тану болып  табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсiнiстiктi дамытудың факторына айналды.ДТҰ,туризм жөнiндегi мамандандырылған халықаралық ұйымдардың зерттеулерiнiң талдауына, сондай-ақ мемлекеттердiң туризмдi дамыту саясатына сәйкес, туризм мемлекеттiң әлеуметтiк, мәдени және экономикалық өмiрiне тiкелей ықпал ететiн қызмет ретiнде түсiніледi.

    Қазiргi туризм - бұл әлемдiк  экономиканың құлдырауды білмейтiн  индустриясы. Мамандардың есебi бойынша, орташа есеппен, бiр шетелдiк туристiң беретiн табысын алу үшiн оған парапар, шамамен 9 тонна тас көмiр немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдiк рынокқа шығару керек. Бұл ретте, шикiзат сату елдiң энергия көздерiн азайтады, ал туристiк өндiрiс таусылмайтын ресурстармен жұмыс iстейдi. Шетелдiк экономистердiң есебi бойынша, 100 мың турист қалада орташа есеппен екi сағат болған кезде кемiнде 350 мың доллар немесе адам басына бiр сағатта 17,5 доллар жұмсайды. Сөйтiп, шикiзат сату өзiндiк экономикалық тығырыққа тiрелу болса, ал туризмдi дамыту - ұзақ мерзiмдi, экономикалық тиiмдi болашақ.
    Туризм жалпы алғанда, мемлекеттiң экономикасына үш оң нәтиже бередi:

    1. Шетел валютасының құйылуын  қамтамасыз етедi және төлем теңгерiмi мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткiштерге оң ықпал жасайды.

    2. Халықтың жұмыспен қамтылуын  көбейтуге көмектеседi. ДТҰ мен Дүниежүзiлiк туризм және саяхат кеңесiнiң бағалауы бойынша туризм өндiрiсiнде құрылатын әрбiр жұмыс орнына басқа салаларда пайда болатын 5-тен 9-ға дейiн жұмыс орны келедi екен. Туризм тура немесе жанама түрде экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды.

    3. Елдiң инфрақұрылымын  дамытуға жәрдемдеседi.

    Туризмнiң жылдам және тұрақты  өсуiн, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық секторлары мен қоғамның әл-ауқатына күштi әсерiн назарға ала отырып, Үкiмет Қазақстанның ұзақ мерзiмдiк даму бағдарламасында туристiк индустрияны басымдық ретiнде белгiледi.

    Бүкіләлемдік туристік ұйымның болжамы бойынша Қазақстан  Республикасы тұрақты туризмді дамыту үшін болашағы бар елдер санында. Барлық туристік нарықта Қазақстанның табиғатына, ландшафтарына және ұлттық мәдениетіне үлкен қызығушылық білдіреді. Сондықтан да Қазақстанда туристік индустрия елдің экономикалық дамуындағы басым сала ретінде белгіленді.


    Негізгі бөлім

    Әлемнің жеті кереметі - біздің заманымызға дейін 3 ғасырда Ескендір Зұлқарнайын Кіші Азия, Орта Азия, Мысыр, Оңтүстік Үндістан территорияларын жаулап алып, ұлы империя құрғаннан кейін, саяхатшыларды қызықтыру үшін осы өңірлердегі 7 орыннан таңдаған сәулет өнері ескерткіштері.

    1. Мысыр пирамидалары — ежелгі Мысыр перғауындарының өзіндік үлгідегі мазарлары, біздің заманымыздан бұрын 28 ғасырда салынған.

    2. Бабылдың аспалы бағы, біздің заманымыздан бұрын 6 ғасырда Вавилония әмірі кіші әйеліне арнап жасаткан. Бақ ерекше тәсілмен аспалы текпішекті сәкі-алаңшалар үстіне салынған.

    3. Эфестегі Артемида ғимараты, кезінде әлемдегі ең үлкен ғибадатхана болған. Біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда соғыс алапатынан қираған.

    4. Олимпиадағы Зевстің мүсіні, біздің заманымыздан бұрын 5 ғасырда көне грек мүсіншісі Фидий алтын мен піл сүйегінен жасаған.

    5. Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы, біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда салынған.

    6. Жерорта теңізінің Родос аралындағы күн кұдайы Гелиостың мүсіні, биіктігі 45 м. біздің заманымыздан бұрын 285 жылы жасалған, біздің заманымыздан бұрын 224 жылы жер сілкінісі кезінде қираған.

    7. Александрия шамшырағы біздің заманымыздан бұрын 3 ғасырда жасалған, мұнарасының биіктігі 160 м.

    Бұл алғашқы "Әлемнің жеті кереметіне""Екінші 7 керемет", "Табиғаттың өзіндегі 7 керемет", "Қиял-ғажайып 7 керемет", т.б. "кереметтер" қосылып келеді.[1] [2]

    Мыңдаған жылдар бұрын да қазіргі қазақ жерінде гүлденген қалалар, әсем сарайлар болған. Өнері мен мәдениеті жағынан Еуропадан бірде-бір кем емес елміз. Оның айғайы – әлемді тамсандырған есіктен табылған «Алтын адам». Бұл өнер туындысы біздің жыл санауымыздан бұрын 5-ғасырда дүниеге келгең. Өнер - өмір бұлағы, ізгілік пен әсемдік басатуы. «Әлемнің жеті кереметі» туралы мағлұмат ала отырып Алматы, Республика алаңында орнатылған «Тәуелсіздік монументі» туралы айтпай кетуге болмас. Күндердің күнінде кереметтер қатарынан орын алары сөзсіз. Бүкіл, халықтың тарихын бойына сыйғызған, ойлы да әсерлі, әрлі дүние емес пе?!

    Туристік нысандар

    Қазақстандағы туристік ресурстарға – туристік қызмет көрсету нысандарын қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру нысандары, сондай-ақ туристердің рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын, олардың күш-жігерін қалпына келтіріп сергітуге жәрдемдесетін өзге де нысандар жатады. Олар мәдени-танымдық, экологиялық, спорттық, әлеуметтік, діни, т.б. туризм түрлеріне бөлінеді.

    Қазақстандағы туристік нысандар бірнеше топтарға бөлінеді

    • табиғи-рекреациялық

    • тарихи-археологиялық

    • тәуеп ету



    Алтынемел тау жоталары

    Табиғи-рекреациялық нысандарға Солтүстік Қазақстан аймағындағы Көкшетау, Бурабай, Баянауыл, Ерейментау, Шығыс Қазақстан аумағындағы Зайсан, Марқакөл, қазақстандық Алтай, Оңтүстік Қазақстан жеріндегі Батыс, Солтүстік Тянь-Шань, Алтынемел таулары, Жетісу алабы, Батыс Қазақстандағы Үстірт, Мұғалжар, Каспий ойысы, Жайық өңірі, Орталық Қазақстандағы Қарқаралы, Қызыларай, Бектауата, Ұлытау, т.б. табиғи нысандар жатады. Сонымен бірге Алматы облысындағы ұлттық саябақтар мен қорықтардың туризмді дамытуда маңызы зор. Оларға Іле-Алатауы ұлттық саябағы, Түрген-Шамалған өзендері аралығындағы шатқалдар, Түрген, Есік, Талғар, Алматы, Қаскелең, Шамалған елді мекендері жатады. Алтынемел, Көкшетау, Бурабай ұлттық саябақтарында туризмді дамыту мемлекет тарапынан қолдау тауып, дамып келеді. Қазақстан аумағындағы 9 мемлекеттік қорықта да ғылыми-экологиялық туризмді дамытудың алғы шарттары қалыптасқан.



    Қарқаралы ұлттық паркі

    Тарихи-археологиялық ескерткіштердің туристік-экскурсиялық сапарлардағы орны ерекше. Археологиялық ескерткіштердің кез-келген нысандары туристік-экскурсия жұмыстарында маңызды орын алады. Соның ішінде Жетісудағы Сақ қорғандары, Талхиз қалашығы, Оңтүстік Қазақстандағы Отырар, Сайрам, Батыс Қазақстандағы Сарайшық, т.б. көне қалалардың орнына туристердің қызығушылығы мол. Археологиялық-тарихи ескерткіштердің қазірге дейін жеткен нысандарының ішінде қорғандар мен мазарлардың маңызы зор. Қола дәуір ескерткіштеріне жартастағы петроглифтерді атауға болады. Оларға әйгілі бірегей ғибадатханалар: Аңырақай тауының Таңбалы сайындағы, Көксу өзеніндегі Ешкіөлмес ғибадатханасы, сондай-ақ Шолақ, Кіндіктас, Баянжүрек тауларындағы тастағы суреттер жатады. Біздің дәуірімізге дейінгі 6 – 3 ғасырлардан қалған сақ қорғандары, Бесшатыр қорымындағы жерлеу камерасы және сақ әскері киімін киген “Алтын адам”, 2001 – 2002 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданының Бергіел (Берел) қорғанында табылған “Сақ патшайымы” археол туристік нысандарға жатады. Ортағасырлық Түркістан, Отырар, Тұрбай, Құлан, Мерке, Талхиз, Жаркент қалалары, т.б. елді мекендер қазіргі туристік нысандар болып табылады.

    Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі

    Түркістан – қазақ хандығының алғашқы астанасы. Онда Қожа Ахмет Иасауи кесенесі салынған, кесене іші мен айналасына қазақ мемлекетінің негізін қалаған Тәуке, Тәуекел, Жәңгір, Есім, Абылай, Қазыбек би жерленген.

    Қазақстанда Отырар, Сарайшық, Сайрам, т.б. ортағасырлық көне қалалар туристер үшін тартымды нысандар.



    Арыстан баб кесенесі



    Айша бибі кесенесі



    Шымбұлақ тауы

    Тәуеп ету (діни) туризм нысандары республика аумағында көптеп кездеседі. Оларға түркі әлеміндегі қасиетті Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Иасауи кесенесі, Абаб-Араб мешіті, Гауһар-ана зираты, Әли-Қожа бейіті, т.б. жатады. Адамдар бұл қасиетті жерлерге тәуеп етіп, Аллаға сиыну үшін келеді. Одан басқа Қоғам а. маңында (Отырар ауданы) Арыстан баб кесенесі, Ибраһим-ата бейіті, Қарашаш ана кесенесі, Тұраба ауданыннда – Ысмайыл-ата мазары орналасқан. Жамбыл облысында – Айша бибі кесенесі мен Қарахан кесенесі, Қызылорда облысында – Артық, Айтман кесенелері, Балқаш көлі маңында – Тектау ата, Әуез бақсы, т.б. киелі орындар бар. Қазақ халқының азаттық күресі жолындағы батырларға, қолбасшыларға деген құрмет белгісі мемориалдар мен ескерткіштерде көрсетілді. Бұларға Райымбек пен Қарасай батыр ескерткіштері (Алматы облысы) Қордайдағы (Жамбыл облысы) Өтеген батыр, Ақтөбедегі Есет батыр, Солтүстік Қазақстандағы Ағынтай мен Қарасай ескерткіштері, Астанадағы Қаракерей Қабанбай ескерткіштері, т.б. жатады. Ордабасы мен Аңырақай сағасының жазығы, Ұлытаудағы үш жүздің басын қосқан жер, тарихи орындар ретінде Жошы және Алаша хан кесенелері, Алматыдағы тәуелсіздік монументі, Астанадағы үш би ескерткіштері қастерлі орындар санатында туристік нысандарға қосылады. Қазақ тарихындағы құнды мәдени ескерткіштер қатарына: Қозы Көрпеш - Баян Сұлу, Еңлік-Кебек кесенелері, Ш.Уәлиханов, Қ.Мұңайтпасұлы мемориалдары, Сұлтан Бейбарыс, Құрманғазы және Д.Нұрпейісова, Абай, Абылайхан, Әлия мен Мәншүк, А.Иманов, І.Жансүгіров, С.Сейфуллин, М.Әуезов, т.б. көптеген естелік орындар жатады.

    Қаржы саласы

    Соңғы 20 жыл ішінде шетел  туристерінің көші-қоны өсуінің қарқыны  жылына 5,1%-ті құраса, олардан түскен валюта құны 14%-ды құраған. Туризм қазіргі  қоғамдағы бүкіл инфрақұрылымның  дамуын ынталандырады: экономика, мәдениет, әлеуметтік сала және коммуникациялар. Туризм индустриясының қалыптасуына әсер ететін бірден-бір фактор — туристік өнімді насихаттауға жұмсалған шығындар. Халықаралық туристік ұйымның (ХТҰ) мәліметтері бойынша ұлттық туристік өнімді насихаттауға жұмсалатын шығындар ұлттық туристік бюджеттің орташа алғанда 56%-ін құрайды, мәселен Израиль мемлекеті 203 млн. долларды, Испания — 135 млн. долларды, Таиланд — 92 млн. долларды жұмсайды. Ұлттық туристік өнімді насихаттау барысы кең етек жайып, әр салынған долларға шаққанда табыс көлемі - Францияда 375 долларға, Испанияда 319 долларға, Австралияда 78 долларға тең болады. Ал Қазақстанда мұндай шараларды жүзеге асыруға аз қаржы бөлінеді.Мамандардың есептеуі бойынша бір туристің келуінен түсетін табыс мөлшері біздің елден әлемдік нарыққа 9 тонна көмір, не болмаса 15 тонна мұнай немесе жоғары сапалы бидайдың 2 тоннасын шығарғанмен парапар. Бірақ көмір мен мұнайды өндіру таусылатын байлықтарымыздың азаюына, экологиялық ахуалдың нашарлауына әкелсе, туризм индустриясы қалпына келетін ресурстар негізінде жұмыс жасайды.

    Туризм қазіргі уақытта  сыртқы экономикалық қызметтің жақсы  серпінді дамып келе жатқан салалардың бірі болып табылады . Туризмнің  ұдайы өсуі біртұтас әлемдік экономикаға  әсер етуі сияқты бөлек елдер мен  аймақтар экономикасына әсер етуі және дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы мен құрылымына жалғасатын күрделі, тұрақты ұзақ мерзімді беталыстардың бірі болып табылады. Қызметі халықтың өзгеше қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған туризмнің ұлттық экономикадағы ірі өз алдына салаға айналуы осыдан байқалады. Осы қажеттіліктердің алуан түрлілігі туристік кәсіпорындармен ғана қанағаттандырылып қоймайды, сонымен қатар экономика дамуына мултипликаттық әсері факторларының бірі ретінде туризм мәнісін себепші ететін басқа салалардағы кәсіпорындармен қанағаттандырады. 

    АҚШ Маркетинг Ассоциациясының  анықтамасы бойынша, жарнама дегенiмiз  тауарларды, қызметтердi, идеяларды  тұтынушыларға қарай жылжытуына арналған кез – келген әрекеттер  нысандары және нақтылы жағдайды есепке ала отырып, анағұрлым тиiмдi тәсiлдер мен әдiстердi қолдана отырып, әлеуеттi тұтынушылардың назарларын жарнамалау объектiсiне аудару үшiн орындалатын  ақылы қызметтер деп анықталған. 
    Жарнама науқаны мен құралдарының тиiмдiлiгiн нақты абсолюттi санмен анықтау мүмкiн емес. Осы туралы американдық кәсiпкер Джон Ванемейкер былай дейдi: Менiң жарнамаға жұмсаған ақшаларымның бiрталайы бекерге кететiнiң бiлемiн. Бiрақ оның нақты мөлшерiн анықтай алмадым. Салыстырмалы есеп бойынша жарнама өзiн сонда да ақтайды. Мұнда жарнаманың экономикалық тиiмдiлiгi жарнаманың сату көлемiне тигiзетiн әсерiмен анықталады.

    Астана ЭКСПО-2017 аясында туризм
    Қазақстанның Астанасы National Geographic Traveler сыйлығына ие болды

    2016 жылғы 17 қарашада –National Geographic Traveler (Ресей) журналының редакциясы Қазақстаннның бас қаласы – Астананы қарқынды дамуы және жоғары туристік әлеуеті үшін «Болашақ қаласы» арнайы сыйлығымен марапаттады.

    «Келесі жылы Астана ең жарқын көрмелердің бірі – «Болашақ энергиясы» ЭКСПО-2017-ні өткізеді. Бұл жаһандық іс-шара Қазақстанның астанасына бүкіл жер жүзінен туристерді тартады», – деді марапатты алғаннан кейін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының ілгерілету және туризм департаменті директорының орынбасары Роза Асанбаева.
    Туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

    Меморандумға қол қоюдың мақсаты алда келе жатқан Мамандандырылған ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі шеңберінде туризмді дамыту саласында екіжақты ынтымақтастыққа көмектесу және нығайтуға арналған қолайлы жағдайларды құру болып табылады. Қол қойылған мәміленің маңызды шарттарының бірі ЭКСПО-2017 қонақтарының Қазақстандағы күндерін жайлы жағдайда өткізуін ұйымдастыру үшін өзара әрекеттестікті орнату болып табылады.

    ҚТҚ президенті Роза Асанбаеваның пікірінше, бүгінгі күні Қазақстан туризм қауымдастығы Қазақстандағы туризмнің басты қозғаушы күші болып табылады және ол үшін отандық туризм бизнесін дамыту мақсатында кез келген мүмкіндіктерді пайдалану аса маңызды.
    100 шетелдік трэвел-компаниялар үшін Астана ЭКСПО-2017 70-тен астам туристік бағдарлар әзірледі
    Туристік ақпараттық турлар өткізу шеңберінде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компания Ақмола туризм басқармасымен бірлесе Астана, Алматы, Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының туроператорларына Щучинск-Бурабай шипажай аймағы бойынша «Бурабай – Қазақстанның қазынасы» ақпараттық-жарнама турын ұсынды.

    Іс-шара мақсаты – ЭКСПО-2017 қонақтары мен келушілерге еліміздің көркем жерлерін, сондай-ақ мәдени және тарихи нысандарын көруге мүмкіндік беретін бірлескен турпакеттер ұйымдастыру.

    ЭКСПО-2017 мен ТУРИСПАНИЯ стратегиялық серіктес болуды жоспарлады

    Халықаралық деңгейдегі ауқымды іс-шараларға шетелдік туристерді тарту мен оларды қарсы алу, туристтік бағытты ұтымды жүргізу, туристік брендті тиімді дамыту мен оның оңтайлы жүргізілуі және басқа да мәселелер «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының Ахметжан Есімовтың «ТУРИСПАНИЯ» Бас директоры Марта Бланкомен Мадридтегі кездесуінде талқыланды.     Кездесу барысында ұлттық компания басшысы ЭКСПО сынды халықаралық ауқымды іс-шараны абыройлы өткізу үшін әлемдік туризм нарығында алдыңғы қатардан табылатын мемлекеттермен тәжірибе алмасудың маңыздылығын тілге тиек етті.
    Астана ЭКСПО-2017 аясында туризм мәселелерін талқылады

    ЭКСПО – энергетика мәселелері бойынша ұсыныстарды талқылауға және жасауға арналған тиімді алаңқай ғана емес, біздің елімізге туристердің қомақты санын тарту мүмкіндігі де. Аталған конференцияда осы және туриндустрия саласының өзге де мәселелері мен даму перспективалары жайлы талқыланды.

    «ЭКСПО-2017 туризмді дамыту «локомотиві» болып табылады. Бұрын болып өткен әлемдік көрмелердің тәжірибесі көрсеткендей, ЭКСПО өткізу өз жемістерін әкеледі және қонақ үйлердің, мейрамханалардың, демалу және көңіл көтеру орындарының кірістері түріндегі айтарлықтай экономикалық әсерін де береді»,- деді өз сөзінде ЭКСПО-2017 Комиссары Р.С. Жошыбаев.

    Негізгі бөлім

    Аудан жерінің беті таулы-жазық болып келеді. Аудан аумағының негізгі бөлігін Сарыарқаның солтүстік-шығыс тау-тарамдары алып жатыр. Биіктігімен еркешеленетін таулар: Қызылтау, Ақбет, Ақбастау. Тау бойымен жылғалар мен арықтар ағып өтеді, олар тау етегіндегі жазыққа еніп, көл ойпаттарына жетпей, жоқ боп кетеді. Ең бағалы тұзды су көзі шортан, түрпі, алабұға, табан, қарабалық көп ауланатын Сабындықөл, Жасыбай көлдері болып табылады. Аудан топырағы ашық қоңыр түс реңін беретін ашық түсті қызғылт болып келеді. Механикалық құрамы бойынша жеңіл супес түрінде. Баянауыл ауданы жер қойнауында тас көмір, алтын, мыс, полиметалды кен, ас және глауберлі тұз, кварцті және шыны құм, табиғи құрылыс материалдары және өзге де пайдалы қазбалар бар.

    Баянауыл мемлекеттік ұлттық бағы аумағында 35 демалыс орындары бар, оның ішінде Жасыбай көлінде– 28, Сабындыкөл көлінде – 5, Торыайғыр көлінде – 2 үйлер және жату орнын, қайық, қатамаран, экскурсияға арналған автобустар, жазғы кезеңдегі мәдени шаралары бар 2 балалар лагері бар. Қазіргі кезде ұлттық бақ аумағында 37 археологиялық ескерткіштер, табиғи ескерткіштер және көрсету орындары бар. Туризмді дамыту мақсатында бақ аумағында 208,5 км ұзындықта 11 туристтік бағыттар мен 1 ботаникалық соқпақ әзірленген.

    Аудан климаты— ыстық жазы бар (+35ºС-қа дейін) және қатал қысы бар (−34ºС-қа дейін) қатал континентальды. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 270 мен 277 мм арасында, қаңтардың орташа температурасы −14º-16ºС-қа, шілденің +18º+20ºС-қа тең. Қар жамылғысы қараша айының соңында орнығады.

    ҚОРЫТЫНДЫ
    Егеменді Қазақстан да туризмнің дамуына мемлекет экономикасы мен қоғамында дәрежесін көтеруге көңіл бөлуде. Әлемдік нарықта Қазақстанның түр өнімдерінің қозғалысына әсер ететін туризм индустриясының дамуына және бұл мәселелерді қалыптастыру жөніндегі зерттеулер, сонымен қатар 1992 жылдан бері көптеген заңдар енгізілді. Қазақстанның қазіргі экономикасында туризм рөлі үздіксіз өсуде. Тек соңғы 2003 жылы елімізге келген туристер саны 229 014 адамды құрайды. Өкінішке орай, Қазақстанда туризм саласының әлі де тиімсіздеу екенін айта кетуге тиіспіз. Шығу туризмі бойынша қызмет көрсетілген туристердің жалпы саны - 94 692 адамды құрайды. Ішкі туризм -98 332 адам көлемінде. Ең төменгі көрсеткішті келу туризмі құрайды, ондағы адам саны — 44990. Бұны пайыз тұрғысынан қарасақ, шығу туризмі — 48 % тең,ал келу туризмі тек 19 % ғана көтерілген. Шығу және келу туризмінің арасында үлкен айырмашылық бар екенін сандар көрсетіп отыр, бұл Қазақстанда келу туризмін дамытудың қажеттілігін білдіреді. 2003 жылы туристерге көрсетілген қызметтің жалпы көлемі —16599,9 млн. теңгені құрады. Соның ішінде туристік ұйымдардың көрсеткен қызметінің соммасы — 1093,7 млн. теңге, қонак үйлер мен басқа да орналастыру орындарының қызметі — 2675,7 млн. теңге, санаторий- курорттық мекемелер қызметі — 4729,6 млн. тенхе, театрлар қызметі — 2863,7 млн. теңге, мұражайлар қызметі — 2435,8 млн. теңге, кинотеатрлар қызметі — 1619,1 млн. теңге, табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер мен резерваттар және хайуанаттар паркінің қызметі — 733,3 млн. теңге, жәрменкелер мен ойын-сауық парктерінің қызметі — 449,0 млн. тенге болды.

    Осы таңда Қазақстан Республикасында туризм индустриясын өркендету жөніндегі үлкен проблема туып отыр. Туризм саласы және жүйесі әлі қалыптаспаған кезде бүтін индустрия туралы не айтуға болады? Қоғам бұл мәселені айтып, жоғары деңгейге дейін сұрақ көтеруі тиіс.

    Осы таңда Қазақстан Республикасында туризм индустриясын өркендету жөніндегі үлкен проблема туып отыр. Туризм саласы және жүйесі әлі қалыптаспаған кезде бүтін индустрия туралы не айтуға болады?

    Қоғам бұл мәселені айтып, жоғары деңгейге дейін сұрақ көтеруі тиіс.

    Осы заманғы туризм индустриалды формасы бар, ұлттық экономиканың дамуының негізгі катализаторы болып табылатын, жаңа жұмыс орнын пайда болдыратын, ұлттық кірістің өсуіне әсер ететін, жергілікті халықтың тұрмысын көтеретін экономикалық құбылыс.


    ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

    1.Агентство Республики Казахстан по статистике. Статистический сборник туризм Казахстана в 2003 году. Алматы, 2004. С. 127.

    2. Биржаков М.Б. Введение в туризм. -СП б.: "Герда", 2002. С. 192.

    3. Дуйсен Г.М. Основы формирования и развития индустрии туризма в Казахстане. Алматы, 2002. С. 94.

    4. Ердавлетов С.Р., Назарчук М.К., Кораблев В.А. Мифы и реальность казахстанского туризма. Роль туризма в устоичивом развитии Республики Казахстан,/ Под редакцией С.Р.Ердавлетова. Алматы, "Қазақ университеті", 2001. С. 150.

    5. Журнал "Континет" №19 (131) 13-26 октября, 2004. С. 10.

    6. Алиева Ж.Н. Экологический туризм. Алматы, "Қазақ университеті", 2002. С. 101.

    7. Ұлттық энциклопедия, 7 – том- 2001, 612 б.


    написать администратору сайта