Сымбат хир 4 презент. Жоспары ан туралы жалпы ым ан топтары ан топтары анытау дістері Адамны ан тобы
Скачать 1.56 Mb.
|
Түркістан 2021 Қабылдаған:Тулежанов Е. Орындаған: Өмірзақ С. Тобы: ЖМ -707 Тақырыбы: ЖоспарыҚан туралы жалпы ұғым Қан топтары Қан топтары анықтау әдістері Адамның қан тобы1930 жылы австриялық иммунолог Карл Ландшейнер қан тобын ашқаны үшін Нобель сыйлығын алды Қан топтарыҚан топтары – бір биологиялық түр дарабастары қанының иммуногенетикалық белгілері. Адамның қан тобы ұрықтың жатырда даму барысында қалыптасып, өмір бойы өзгермейді. Қан белогының құрамында агглютинин деп аталатын ерекше заттар болады. Олар a және b әріптерімен таңбаланады. Барлық адамдардың қаны 4 топқа бөлінеді: I, II, III, IV. 0 тобы (I топ) «Әмбебап донор» 0 қан тобы бар адамның А және В антигендері жоқ. Сондықтан мұндай қанды кез келген қан тобы бар адамдарға құюға болады, себебі ол бөгде қан ретінде қабылданбайды. Сонымен бірге осындай ағзада АВ-антиденелері бар, сондықтан иммундық жүйе өзінен басқа қан тобын қабылдамайды. А тобы (II топ) Бұл ағзада а антигендері мен В антиденелері бар, сондықтан ол 0 және А (I және II топтар) қанын қабылдай алады, В және АВ антигендері бар жасушалар бөгде болып танылады. В тобы (III топ) Осындай қанның құрамында В антигендері мен А антиденелері бар. Ағза 0 және В (I және II топ) қанын қабылдай алады. АВ тобы (IV топ) «Әмбебап реципиент» Осындай ағзада А және В антигендерінің екеуі де бар. Мұндай қаны бар адам кез келген топтағы қанды қабылдай алады, себебі оның қанында антиденелер жоқ. Адамның қан тобыАдамның қан тобы0 (I) қан тобы Адамның қан тобыА (II) қан тобы Адамның қан тобыB (III) қан тобы Адамның қан тобыAB (IV) қан тобы Адамның қан тобыРЕЗУС – ФАКТОР RhРезус фактор Rh Эритроциттердің бетінде резус факторға жауап беретін басқа антиденелердің белгілі бір тобы орналасуы мүмкін. Егер олбар болса, қан резусы оң Rh+ болады. Егер антиденелердің бұл тобы болмаса, резус теріс Rh-. Қан резусы теріс адамдар тек резусы теріс қанды ғана қабылдай алады. Резусы оң адамдар екі түрін де қабылдай алады. Осылайша, кез келген реципиентке құюға болатын ең «әмбебап» қан – резусы теріс 0 тобындағы қан (0(I) Rh-). Қазіргі медицинада қанды тек өз тобына құю қажет деген қағидаты қолданылады. Бұл мақсатпен бүгінде көптеген жағдайларда қанның эритроциттік масса, лейкоциттік масса және т.б. сияқты құрамдас бөліктері ғана құйылады. Егер қан топтары сәйкес келмесе, эритроциттер желімденіп қалады да, аяғы сәтсіздікке ұшырайды. Қан тобын анықтау.Қан, қан компоненттерін, препараттарын құю трансфузиология деп аталады. Қан тобы эритроциттерде және плазмада топтық антиген мен антиденелердің барлығына байланысты, яғни агглютиногендер А және В, агглютининдер α және β. І (0) топ қаны бар кісілердің эритроциттерінде А және В агглютиногендер жоқ, плазмасында β агглютининдер бар. (ІІ) А тобында эритроциттерде А агглютиноген, плазмасында β агглютинин бар. (ІІІ) В тобында эритроциттерде В агглютиноген, плазмасында α аглютинин бар. (IV) АВ тобында эритроциттарда А және В агглютиногендер бар, плазмасында α және β агглютининдер жоқ. Антигендер біратты агглютинендермен агглютинация реакциясына кіріседі. Бұл кезде эритроциттер жабысып гемолиз жағдайы дамиды. Сондықтан организмде бір атты, яғни А мен α және В мен β кездеспейді. 1. Стандартты изогемагглютинациялаушы сарысулар: О (І) (мөлдір түсті), А (ІІ) (көк түсті), В (ІІІ) (қызыл түсті) екі сериялы. 2. Стандартты сарысу АВ (IV) (сары түсті) қосымша бақылау үшін қолданылады. 3. О (І), А (ІІ), В (ІІІ) қан топтарының стандартты эритроциттері. 4. Ақ фарфорды қан тобын анықтауға арналған 7 ойықшасы бар Петри тарелкасы. 5. Пипеткалар 7 дана. 6. Шыны таяқшалар және предметті шынылар. 7. Натрий хлоридының изотониялық ерітіндісі. 8. Зарасыздандырылған скарификаторлар. 9. Құмсағат. 10. Спирт. 11. Зарасыздандырылған мақта шариктар. Қан тобын анықтауға керекті құрал-жабдықтар Қан тобын анықтау ережесі. 1. Қолдарды жуып, қолғаптар киіңіз. 2. Қан тобын анықтайтын тарелкаға науқастың аты жөнін жазыңыз. 3. Науқастың 4-саусағын спиртпен өңдеп, зарасыздандырылған скарификатор мен тесіңіз. Бірінші тамшысын сүртіп тастаңыз. 4. Резиналы грушасы бар шиша капиллярмен саусақтан қан алып 1 кіші тамшыдан тарелкаға 1 санының астына 1 тамшы, 2 санының астына 1 тамшы және 3 санның астына 1 тамшы тамызыңыз. Барлығы болып үш тамшы болады. 5. Әр топқа арналған бөлек пипеткамен 1 қан тамшысының жанына І топ сарысуын, 2 тамшының жанына ІІ топ сарысуын, 3 тамшының жанына ІІІ топ сарысуын 1:10 есебінде тамызыңыз, яғни, сарысу мөлшері қан мөлшеріне қарағанда 10 есе көп болуы керек. 6. Әрбір топқа бөлек шиша таяқша алып араластырыңыз. 7. Сағатқа қарап 5 минут күтіңіз. Сол кезде тарелканы қолыңызға алып шамалы қайқап тұрыңыз. 8. Сонан соң әр қайсы топқа 1 тамшыдан натрий хлоридының изотониялық ерітіндісін тамызыңыз. 9. Егер агглютинация реакциясы (агглютинация реакциясы бұл эритроциттердің жабысып тарелкада тұнба, жапырақша, құм тәрізді болып байқалуы) еш қайсысы тамшыда жүрмесе бұл қанда А және В агглютиногендер жоқ және О топ болып табылады. 10. Егер агглютинация реакциясы 1 және 3 тамшыда байқалып, 2 тамшыда болмаса, бұл қанда А агглютиногены бар және А (ІІ) топ болып табылады. 11. Егер агглютинация реакциясы 1 және 2 тамшыда жүріп, 3 тамшыда байқалмаса, бұл қанда В агглютиногены бар және В (ІІІ) топ болып табылады. 12. Егер агглютинация барлық үш топтағы сарысулармен жүрсе, бұл қанда А және В агглютиногендер бар. АВ (IV) топ болып табылады. Бірақ бұл кезде АВО (IV) топ сарысуымен реакция жүргізу керек. Бұл кезде агглютинация реакциясы АВО (IV) топ сарысуымен жүрмейді. |