Главная страница

Прр. менеджмент 7. Жоспарларды жіктелуі олдану рісіне арай жалпы жне жарымжартылай


Скачать 15.91 Kb.
НазваниеЖоспарларды жіктелуі олдану рісіне арай жалпы жне жарымжартылай
Дата08.03.2023
Размер15.91 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файламенеджмент 7.docx
ТипДокументы
#974402

Жоспарлардың жіктелуі:

? қолдану өрісіне қарай – жалпы және жарым-жартылай,

? мазмұнына қарай (кәсіпкерлік саясат аспектіде) стратегиялық, тактикалық және оперативті

? жоспарлау затына қарай- мақсатты, қорларды жоспарлау, бағдарламалық жоспарлау және іс-әрекеттерді жоспарлау

? қызмет ету өрісіне қарай – өткізуді жоспарлау, өндірісті жоспарлау, персоналды жоспарлау, жабдықтауды жоспарлау, инвестициялық жоспарлау, қаржыны жоспарлау және кеңейтілген жалпы жоспарлау

? жоспарлау тереңдігіне қарай – глобальды, контурлы, бөлшекті,

? мерзіміне қарай –қысқа мерзімді, орташа мерзімді, ұзақмерзімді

? құрылымдық ұйымдастыру тұрғысынан жалпы жоспарлау, кәсіпорынның орналасуын жоспарлау, қызмет өту өрісін, жеке бөлімдерде және учаскелерді жоспарлау

? уақытқа қарай жеке жоспарларды координациялау бойынша – жүйелі және біруақыттық

? мәліметтердіғ өзгеруін есебке алу бойынша – қатал және икемді жоспарлау

? уақыттағы реті бойынша – реттелген, ағымдағы жоспарлау, ауыспалы жоспарлау және кезектен тыс, эвентуальды жоспарлау.

Жоспарлаудың әдістері:

  1. Төменнен жоғарыға қарай жоспарлау (down- up).



  1. Жоғарыдан төменге қарай жоспарлау (up- down).



  1. Қарама-қарсы жоспарлау (bottom– up).

Жоспарлау жүйесі деп бір-бірімен байланысқан, үйлестірілген және тәуелді болатын жоспарлау процестерінің жиынтығын айтады.Стратегиялық жоспарлау

Стратегиялық жоспарлаудың міндеттері:

  1. Жағдайды талдау.



  1. Ұйымның дамуының негізгі мақсаттарын және міндеттерін анықтау.



  1. Қорларды шоғырландыру стратегиясын анықтау.

Стратегиялық жоспарлауда бірнеше аналитикалық тәсілдер қолданылу мүмкін. Олардың ең маңыздылары келесі:

  1. Шаруашылық және өнім қоржындарын талдау.



  1. Жағдайлық талдау.



  1. Таңдалған стратегияның пайдалылық деңгейіне әсер етуін талдау (PIMS — the Profit Impact of Market Strategy).

Талданатын аса маңызды көрсеткіштің бірі ретінде нарықтық үлес көрсеткіші анықталады.

Жалпы алғанда кәсіпорынның нарықтық үлесі неғұрлым жоғары болса, оның пайда көлемі солғұрлым жоғары болады. Алайда нарықтық үлес және пайда арасындағы корреляция әрқашанда жоғары болмайдығ кейде байланысы өте әлсіз де болуы мүмкін.

Өте жиі Бостонның кеңестік топ матрицасы қолданылады. Мұндағы графикте әртүрлі өнімдерге салыстырмалы нарықтық үлес және нарықтың салыстырмалы өсу жылдамдығы көрсетіледі.


написать администратору сайта