мінездеме. Алишер мінездеме. Жуманов Алишер Тілеклына мінездеме
Скачать 18.56 Kb.
|
Павлодар педагогикалық университеті Өнер және спорт кафедрасының денешынықтыру және спорт факультеті IV курс студенті: Жуманов Алишер Тілекұлына МІНЕЗДЕМЕ Жуманов Алишер Тілекұлы – Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің "Галкино жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 21.02.2022 – 29.04.2022 жж. аралығында өндірістік педагогикалық практикадан өтті. Өндірістік практикадан өту кезінде Жуманов Алишер Тілекұлы өзін жақсы қырынан көрсете білді. Практиканың алғашқы күнінен бастап оқушылармен қатар мектеп ұжымымен танысып, тез тіл табысып, оларды өзінің мәдениеттілігімен, кішіпейілдігімен, қарапайымдылығымен өзіне баурай білді. Бірінші күннен бастап – ақ өз ісіне ұқыптылығымен, жауаптылығымен, тиянақтылығымен көрінді. Берілген жұмысты уақытылы және сапалы орындай білді. Күнделікті мектепке келіп өндірістік практикадан өтті. Мектепте, мектептен тыс болған іс – шараларға белсене қатысты, біліктілігін көрсетті. Мектептегі мұғалімдер ұжымымен жақсы қарым – қатынаста болды. Жуманов Алишер Тілекұлына тәжірибе барысында мектепке үнемі мол дайындықпен, көп ізденіспен келеді. Студент – практиканттың орындауға міндетті қызметтерді: мектептің ішкі – тәртіп ережелерін, қауіпсіздік техникасы мен санитарлық техника ережелерін қатаң сақтады, барлық тапсырмаларды толықтай орындап, мектеп әкімшілігі мен практика жетекшісіне өндірістік практика есебін тапсырды. Практика нәтижесін анықтау мақсатында мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері мен оқушылармен сұхбат өткізілді. Алған теориялық білімін практика жүзінде толықтай қолдана білді деген қорытындыға келді. Ұйымдастырушылық қабілеті бар, мінезі ашық, өз жұмысына ынталы, мектептің барлық мұғалім – қызметкерлерімен тез тіл табыс алды. Ең бастысы, табиғатынан педагог мамандығы бойына беріле отырып, өз мамандығын таңдауда қателеспегендігі. Методикасы мықты педагог біле білді. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзетуге тырысады. Сабақтарында тест тапсырмалары, топтық тапсырмалар, қызықты өткізе білуімен оқушыларды өзіне тарта білді. Өз сабағымен қатар, 9 «А» сыныбына жетекшілік жұмысты да атқарды. Әрбір тәрбие жұмыстары жаңашылдықпен өткізіліп, оқушылар құрметіне ие болды. Өндірістік педагогикалық практика кезінде өткізген іс – шаралары (ашық сабақ және тәрбие жұмыстары), қорытынды есептері мен күнделіктері қаралды, есебі тыңдалды және шынайы бағаланды. Жуманов Алишер Тілекұлына болашақта білімді де білікті, үлгілі еліне адал қызмет ететін азамат болатынына сенеміз. Өндірістік педагогикалық практиканы 100% (үздік) деп бағалаймыз. Практика жетекшісі, денешынықтыру пәнінің мұғалімі: ___________ Смаилханов С.Ж. Сынып жетекшісі: __________ Нугтархан Р. |