Главная страница
Навигация по странице:

  • 1. Жалпы мәліметтер: ЖОО атауы

  • 1.3. Пән, пән коды

  • 2.4 Оқытудың нәтижелері: Когинитивті бөлшекті қалыптастыру ( білім )

  • Жедел біліктілікті қалыптастыру

  • Құқықтық компетенция

  • Аксиологиялық (коммуникативті) компетенция

  • Үздіксіз білім алу мен өзін-өзін жетілдіру компетенциясы

  • Барлық сағат саны : 3 сағат Кредит 2

  • Барлық сағат саны : 3 сағат Кредит 3

  • Барлық сағат саны: 3 сағат Кредит 4

  • Барлық сағат саны: 6 сағат Кредит 5

  • Барлық сағат саны: 3 сағат Кредит 6

  • 1 сағат Барлық сағат саны: 3 сағат

  • Барлық сағат саны: 3 сағат Кредит 8

  • Барлық сағат саны: 6 сағат БАРЛЫҒЫ : 30

  • фармация. Кафедра Фармацевтаналитик модулі бекітемін


    Скачать 68.72 Kb.
    НазваниеКафедра Фармацевтаналитик модулі бекітемін
    Анкорфармация
    Дата05.03.2023
    Размер68.72 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаsillabus_farm_khim.docx
    ТипДокументы
    #970273
    страница1 из 4
      1   2   3   4

    Факультет: фармацевтикалық
    Кафедра: «Фармацевт-аналитик» модулі


    «БЕКІТЕМІН»

    Проректор

    профессор Тулебаев К.А. ______________

    «_____» _________ 2013 г.

    СИЛЛАБУС (SYLLABUS)



    Пән «Фармацевтикалық химия»
    Мамандығы - 051103 «Фармация»


    Курс 4
    Семестр – VII – VIII

    Дәрістер -30 сағат
    Тәжірибелік сабақтар - 90 сағат
    Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік

    жұмысы -56 сағат
    Студенттің өзіндік жұмысы - 184 сағат

    Бақылау формасы эмтихан (тестілеу, ауызша эмтихан)

    Көлемі оқу сағаты

    (кредит саны) 360 сағат (8 кредит)



    Алматы 2013 г.
    Жұмыс бағдарламасы «Фармацевтикалық химия» пәнінен 051103 «Фармация» мамандығы (Астана қаласы, 2010 жыл) бойынша типтік бағдарламаға сәйкес профессор Р.А. Омаровамен және доцент А.К. Бошкаева, Г.С. Кунанбаевамен құрастырылған.
    Жұмыс бағдарламасы модулдің «» 2013 г., хаттама № отырысында талқыланды.

    «Фармацевт-аналитик» модуль жетекшісі, профессор Омарова Р.А.
    1. Жалпы мәліметтер:


      1. ЖОО атауы С.Ж. Асфендияров атындаңы Қазақ ұлттық медициналық университет

      2. Кафедра «Фармацевт-аналитик» модулі

    1.3. Пән, пән коды Фармацевтикалық химия

    1.4. Мамандығы 051103 - Фармация

    1.5. Оқу сағаттарының көлемі (кредиттер) 360 сағат/8 кредит

    1.6. Оқу курсы және семестры 4 курс, VII, VIII семестрлер

    1.7 оқытушылар туралы мағлұмат:

    1. Омарова Роза Амиржановна, химиялық ғылымдар докторы, профессор, «Фармацевт-аналитик» модулінің жетекшісі

    Ғылыми қызығушылығының ортасы: координациялық және кванттық химияның, амидқышқылдар химиясының заманауи мәселелері, химиялық және координациялық қосылыстардың кеңістік және электрондық құрылысының және реакциялық қабілеттілігінің мәселелері, комплекстүзу үрдісінің термодинамикасы, жаңа дірілік препараттар мен дәрілік қалыптар шығару мәселелері.

    2. Бошкаева Асыл Кенесовна, фармацевтика ғылымының кандидаты, «Фармацевт-аналитик» модулінің доценті

    Ғылыми қызығушылығының ортасы: биологиялық белсенді қосылыстардың физико-химиялық зерттеулері, жалпы химия (молекулалардың құрылысы, атомның ядросы), органикалық химиядағы электронды түзілулер.

    3.Кунанбаева Галина Сламжановна, фармацевтика ғылымының кандидаты, «Фармацевт-аналитик» модулінің доценті

    Ғылыми қызығушылығының ортасы: ҚР өсімдік шикі затынан биологиялық белсенді заттарды бөлу және физико-химиялық зерттеулер.


      1. Байланыс ақпараттары: Алматы, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, аудиторилық корпус 2, 107 бөлме.

    ұялы. тел. Омаровой Р.А. 87017383859, электронды адрес – omarova_53@mail.ru

    ұялы. тел. Бошкаевой А.К. 87772458111, электронды адрес - kenes 65@mail.ru

    ұялы. тел. Кунанбаевой Г.С. 87013588229, электронды адрес – galina-kunanbaev@mail.ru
    1.9 Пәннің саясаты: аудиториялық сабақтарға үздіксіз қатысу, қарастырылатын сұрақтарды талқылауға белсенді қатысу, деканаттың рұқсатымен босатқан сабақтарды оқытушы белгілеген уақытта қайта тапсыру, сабақтарға қатаң түрде ақ халатпен келу.

    2 Бағдарлама

    2.1 Кіріспе:

    Фармацевтикалық химия – дәрілік заттардың химимялық құрылысы мен фармакологиялық белсенділігінің арасындағы байланысты, физикалық және химиялық қасиеттерін, құрылысын, алынуының әдістерін жалпы химиялық және физикалық заңдарға сүйене отырып жүргізетін ғылым.

    Фармацевтикалық химия арнайы пәндермен қатар негізгі пән ретінде дәрілік заттардың фармацевтикалық анализ ерекшеліктерін және олардың медицина тәжірибесінде алатын орнын анықтайды. Дәрілік заттар анализінде ерекше орынды ароматикалық және гетероциклды қосылыстардың әр түрлі туындылары алады. Бұл қосылыстарды медициналық практикада ауруды емдеу және алдын алу үшін қолдану оларды ерекше орынға шығаруда.

    Ароматикалық және гетероциклды қосылыстарға химиялық, физико-химиялық, биологиялың әдістерді қолдану мүмкіндігі олардың химиялық ерекшеліктеріне негізделген. Әсіресе бұл молекуланың тек қана химиялық құрылысын анықтайтын физиологиялық белсенді бөлігіне ғана емес, сонымен қатар қосылыстың құрылымына енетін жеке функционалды топтарға да байланысты. Бұл топ дәрілік заттарының талдауын анықтайтын негізгі факторларға құрылымдық ерекшеліктер, физикалық және химиялық қасиеттер жатады.

    Бұл аймақтағы зерттеулердің бағыты физико-химиялық қасиеттерді анықтауға, химиялық ерекшеліктерін анықтауға, биологиялық белсенді заттардың биологиялық ерекшеліктерін анықтауға негізделген әдістер арқылы жүргізіледі.

    Фармацевтикалық әдістердің жүргізілу ерекщеліктерін ескере отырып, дәріханаішілік және өндірістік дәрілік заттар үшін арнайы ізділік құрастырылады.

    2.2 Пәннің мақсаты: оқушыларда дәрілік заттардың физикалық және химиялық қасиеттері, олардың фармакопеялық зерттеуі, дәрілік заттарды алу және сақтау кезіндегі фармацевтикалық анализ жүргізу ережесі туралы дағдыларды қалыптастыру.

    2.3 Оқыту мақсаты:

    • Дәрілік заттарға анализ жасауды ұйымдастыру және жүргізу реті туралы білім қалыптастыпу;

    • Дәрілік заттар талдауынде фармакопеялық әдістерді қолдануды үйрету;

    • Дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігін бағалау туралы нормативті-техникалық құжаттардың талаптарына сәкес фармацевтикалық анализді жүргізуді қалыптастыру.


    2.4 Оқытудың нәтижелері:

    Когинитивті бөлшекті қалыптастыру (білім):


    • Дәрілік заттарға қойылатын талаптарды және олардық құрылысна байланысты анализдің әдісін таңдау кезінде жалпы физикалық және химиялық заңдылықтарын қолдануды қалыптастыру;

    • Фенолдар мен хинондар тобының дәрілік заттарының құрысы, талдауы және медициналық қолданылуы;

    • Ароматикалық қышқылдар тобының дәрілік заттарының құрылысы, талдауы және медициналық қолданылуы;

    • Құрамында иоды бар органикалық қосылыстардың жалпы зерттеу әдістері және талдауы;

    • Арилалифатты аминқышқылдарының иодталған қосылыстары дәрілік заттарының қасиеттері, құрылысы, талдауы және медицинада қолданылуы;

    • Арилоксипропаноламиндер тобы дәрілік заттарының дамуы және биотранформациясы;

    • Фенил- және нитрофенилалкиламиндердің дәрілік заттарының қасиеттері, құрылысы, талдауы және медицинада қолданылуы;

    • Дәрілік заттардың бүгінгі номенклатурасы мен жіктелуі;

    • Бензилсульфаниламидтердің сапасына қойылатын талаптар;

    • Гетероциклды органикалық дәрілік заттардың талдау ерекшеліктері;

    • O-, N-, S- гетероциклды қосылыстардың қасиеттері, құрылысы, талдауы және медицинада қолданылуы;

    • Құрамында азоты бар спирттердің күрделі эфирі ретінде және орынбасушы карбон қышқылдары ретінде тропан мен оның аналогтары синтезінің жалпы әдістері;

    • Гетероциклды қосылыстардың сандық және сапалық қасиеттерін, құрылымдық ерекшеліктерін анықтау үшін талдаудың заманауи физико-химиялық әдістерін қолдану.


    Жедел біліктілікті қалыптастыру:

    • Дәрілік заттардың қауіпсіздігі мен сапасын бақылаушы нормативті-техникалық құжатнаманы, анықтамалық және ғылыми әдебиетті қолдана білу;

    • Дәрілік заттардың сапасын көз мөлшерімен және физикалық тұрақтылар бойынша бағалау;

    • Дәрілік заттардың негізділігін химиялық реакциялар бойынша анықтау;

    • Дәрілік препараттағы әсер етуші заттың сандық құрамын талдаудың химиялық және физико-химиялық әдістері арқылы анықтау;

    • Дәрілік препараттардың фармацевтикалық талдауы бойынша хаттамасын толтыру.


    Құқықтық компетенция:

    • «Дәрілік заттар туралы» ҚР заңы;

    • Дәрілік заттардың сапсын регламенттейтін нормативті-құқықтық құжаттар: Мемлекеттік фармакопея, дәрілік заттарды зерттеу әдістеріне және талдауына арналған жалпы фармакопеялық баптар, фармакопеялық бап (уақытша фармакопеялық бап), жеке дәрілік препаратқа аналитикалық нормативті (уақытша нормативті) құжат;

    • Дәрілік заттардың сапасын фармацевтикалық бағалау үшін реактивтермен жұмыс істеу ережелері;

    • Фармацевтикалық тәжірибеде қолданылатын электрқондырғылармен жұмыс істеу ережесі.


    Аксиологиялық (коммуникативті) компетенция:

    • Сұрақтар мен оның жауаптарын құрастыра білу;

    • Өзінің көзқарасын дәлелдей білуі;

    • Коллективта жұмыс істей білу;

    • Топпен жұмыс істегенде көшбасшылық қасиетке ие болу.


    Үздіксіз білім алу мен өзін-өзін жетілдіру компетенциясы:

    • Әдебиетпен, интернет-ресурстармен, ғылыми және оқу материалдарымен жұмыс істеу;

    • Презентацияларды, рефераттарды, баяндамаларды және кқрнекілік материалдарын дайындау және т.б.


    2.5 Пәннің пререквизиттері: бейорганикалық химия, физика, математика, аналитикалық химия, органикалық химия, физикалық және каллоидты химия, дәрілік заттарды талдаудың және зерттеудің жалпы әдістері.
    2.6 Пәннің постреквизиттері: токсикологиялық химия, тдәрілер технологиясы, фармакогнозия.
    2.7 Тақырыптық жоспар: тақырыптар, әр бір сабақтың өткізілу формасы және ұзақтығы (дәрістер, тәжірибелік сабақтар, оқытушының басқаруымен студенттің өзіндік жұмысы, өзіндік жұмыс).
    2.8.1 Дәрістердің тақырыптық жоспары


    п/п

    Тақырып

    Сабақтың ұзақтығы




    Кредит 1




    1

    Ароматикалық қосылыстар. Фенолдар, хинондар және олардың туындылары

    1 сағат

    2

    Пара-, мета- орто-аминобензой қышқылы және оның туындылары

    1 сағат

    3

    Пара-аминосалицил, фенилпропион және фенилсірке қышқылдарының туындылары.

    1 сағат




    Барлық сағат саны:

    3 сағат




    Кредит 2




    1

    Ароматикалық және арилароматикалық аминқышқылдарының йодталған туындылары.

    1 сағат

    2

    Арилалкиламиндер, оксифенилалкиламиндер және олардың туындылары

    1 сағат

    3

    Бензолсульфаниламидтер және олардың туындылары

    1 сағат




    Барлық сағат саны:

    3 сағат




    Кредит 3




    1

    Гетероциклды қосылыстар. Құрамында оттек бар гетероциклдар. Фуранның және нитрофуранның туындылары.

    1 сағат

    2

    Бензопиран туындылары: кумариндер.

    1 сағат

    3

    Хроман және фенилхроман туындылары.

    1 сағат




    Барлық сағат саны:

    3 сағат

    Кредит 4

    1

    Құрамында азоты бар гетероциклдар. Пиррол туындылары

    1 сағат

    2

    Индол туындылары

    1 сағат

    3

    Иохимбан туындылары

    1 сағат

    4

    Лизергин қышқылы туындылары

    1 сағат

    5

    Пиразол туындылары

    1 сағат

    6

    Имидазол туындылары

    1 сағат




    Барлық сағат саны:

    6 сағат




    Кредит 5




    1

    Пиридин туындылары: пиридинметанол туындылары

    1 сағат

    2

    Пиридин-3 карбон және пиридин-4-карбон қышқылы туындылары

    1 сағат

    3

    Тропан туындылары

    1 сағат




    Барлық сағат саны:

    3 сағат




    Кредит 6




    1

    Хинолин және хинуклидин туындылары; 4 – орынбасқан хинолин туындылары

    1 сағат

    2

    8-орынбасқан хинолин туындылары

    1 сағат

    3

    Изохинолин туындылары

    1 сағат




    Барлық сағат саны:

    3 сағат




    Кредит 7




    1

    Пиримидин туындылары

    1 сағат

    2

    Пиримидин-тиазол туындылары

    1 сағат

    3

    Пурин туындылары

    1 сағат




    Барлық сағат саны:

    3 сағат




    Кредит 8




    1

    Птеридин туындылары

    1 сағат

    2

    Изоаллоксозин туындылары

    1 сағат

    3

    Фенотиазиннің алкилтуындылары

    1 сағат

    4

    Фенотиазиннің ацилтуындылары

    1 сағат

    5-6

    1,4-бензодиазепин туындылары

    1 сағат




    Барлық сағат саны:

    6 сағат




    БАРЛЫҒЫ: 30 сағат




      1   2   3   4


    написать администратору сайта