Главная страница
Навигация по странице:

  • Дисциплина: Стоматологиядағы шұғыл көмек

  • Ақтөбе 2021 ж. Дайындаған: Сайлау А.Н. Тексерген: Есенгалиев Е.Т.

  • Алма 5тема СРС. Кафедра Интернатура стоматологиясы жне жоары оу орнынан кейінгі білім беру Дисциплина Стоматологиядаы шыл кмек Факультет Стоматология Топ 606


    Скачать 0.92 Mb.
    НазваниеКафедра Интернатура стоматологиясы жне жоары оу орнынан кейінгі білім беру Дисциплина Стоматологиядаы шыл кмек Факультет Стоматология Топ 606
    Дата22.04.2022
    Размер0.92 Mb.
    Формат файлаpptx
    Имя файлаАлма 5тема СРС.pptx
    ТипДокументы
    #490654

    Студенттің өзіндік жұмысы

    Тақырыбы: Гипертониялық криз кезіндегі науқасқа дифференциалды диагноз және шұғыл көмек көрсету тактикасы

    Кафедра: Интернатура стоматологиясы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру

    Дисциплина: Стоматологиядағы шұғыл көмек

    Факультет: Стоматология

    Топ: 606


    Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті

    Ақтөбе 2021 ж.

    Дайындаған: Сайлау А.Н.

    Тексерген: Есенгалиев Е.Т.

    Жоспары:


    1. Гипертониялық криз туралы
    2. Гипертониялық криз классификациясы
    3. Салыстырмалы диагностика
    4. Алғашқы көмек
    5. ГК кезінде қолданылатын дәрі-дәрмектер


    Гипертониялық криз – жедел медициналық көмекті қажет ететін гипертониялық аурудың қауіпті асқынуы. Гипертониялық аурумен ауыратын әрбір адам гипертониялық криз кез келген уақытта пайда болатынын есте сақтауы қажет. Сондықтан, артериялық қан қысымының күрт көтерілуі кезінде қалай алғашқы көмекті көрсете білуді барлық гипертониямен ауыратындар емес, сонымен қатар олардың жақындары да білуі тиіс. Гипертониялық криз – жүйке-қантамырлық және гуморальдық бұзылыстармен қатар жүретін артериялық қан қысымының айқын күрт көтерілуі. Жедел жүйке-психикалық жағдайлар, алкоголь өнімдерін шамадан тыс қолдану, ауа-райының күрт өзгеруі, гипотензиялық препараттардан бас тарту сияқты тағы басқа факторлар гипертониялық криздің пайда болуына әкеледі.

    Асқынған гипертониялық криз церебральды, коронарлы немесе астматикалық вариант бойынша өтуі мүмкін. Асқынбаған гипертониялық кризден асқынған гипертониялық криздің айырмашылығы – жедел коронарлы(тәждік) жетіспеушілік, жедел сол қарыншалық жетіспеушілік(жүректік астма, өкпе ісінуі), ми қанайналымының жедел бұзылысы(гипертониялық энцефалопатия, инсульт).

    Криздің дамуының негізгі механизмдері

    Симпатоадреналды жүйесінің белсенділенуі
    Организмде натрий иондары мен судың тез немесе біртіндеп жиналған іркілісі
    Артерия мен артериолалардың тегіс салалы бұлшықет жасушаларында кальцийлік механизмнің активациясы
    Ренин-ангиотензин ІІ – альдостерор жүйесінің белсенділенуі


    Негізгі клиникалық көрінісі

    Бас ауруы 22%
    Кеуде қуысының ауырсынуы 27%
    Ентігу 22%
    Неврологиялық көрініс 21%
    Психмоторлы қозу 10%
    Мұрыннан қан кету 5%


    Вегетативтік дисфункцияның белгілері

    Дененің дірілі, қорқыныш сезімі, шөл, тершеңдік, кейде ыстықтау сезімі және криздің соңында кіші дәретке жиі отырып, көп мөлшерде ашық түсті зәр шығару. Бұл белгілердің себебі – симпатоадренал жүйесінің шамадан тыс белсенділенуі.

    Медициналық көмек көрсету тактикасы

    Мақсаты: Өмірге маңызды функцияларды стабилизациялау
    Асқынбаған гипертензивті криз:
    Науқас қалпы- басын жоғары көтеру
    АҚ әрбір 15 минут сайын бағалау
    АҚ біртіндеп алдыңғыдан 15-25% төмендету
    Пероральді гипотензивті дәрілік заттарды қолдану (1 препараттан бастау) нифедипин, каптоприл, пропранолол, бисопролол, метопролол
    Бас миының перифериялық тамыр қарсыласуды төмендету және стабилизациялау – винкамин 30 мг
    Антигипертензивті терапияны парентеральді заттармен жүргізіледі


    Пайдаланылған әдебиеттер:

    Ішкі аурулар пропедевтикасы пәннің клиникалық дәрістері А. Қ. Жалеұл 2009ж

    Ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядағя мейірбике ісі С. Санов 2012ж

    Интернет желісі



    написать администратору сайта