Главная страница

ячямвм. Каф биох Силлабус Педиатрия каз 2022-2023 уч год. Кафедра общей и биологической химии


Скачать 90.86 Kb.
НазваниеКафедра общей и биологической химии
Анкорячямвм
Дата02.02.2023
Размер90.86 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаКаф биох Силлабус Педиатрия каз 2022-2023 уч год.docx
ТипДокументы
#917773





НАО «Медицинский университет Астана»



С-4.41


Кафедра общей и биологической химии


Стр из



силлабус

Пәні: Медициналық биохимия
Оқу бағдарламасы: В088 «Педиатрия»

Дәрістер 5 сағат
Практикалық сабақтар 45 сағат

ОБӨЖ 25 сағат
БӨЖ 75 сағат
Барлығы (5 кредит) 150 сағат
Курс 2

Астана 2023 ж.


  1. Оқытушылар туралы мәлімет:



Аты-жөні

дәрежесі/ лауазымы

Телефондары,

электронды адрес

1

Сапиева А.О.

к.х.н., доцент

8-701-922-72-96

frdaksapieva73@mail.ru

2

Сейтембетова А.Ж.

х.ғ.д., профессор

8-701-999-28-29

samankul46@mail.ru

3

Кужатова П.О.

аға оқытушы

8-702-267-70-20

Perne1979 @ mail.ru

4

Идырысова А.А.

аға оқытушы

8-775-697-60-15

idyryssova.akmaral@gmail.com

5

Мадиева Ш.А.

аға оқытушы

8-707-968-49-47

Sharapat.828486@gmail.com

6

Баймурат М.М.

оқытушы

87078913910

mahabbat.muratbekovna@gmail.com


2.Байланыс ақпараты: Астана қ., Бейбітішілік көшесі, 49. Кафедра телефоны: 53-95-37.

Электронды адресі: Biohimiyakafedra@gmail.com
3. Саясат
3.1 Кафедраның саясаты: Оқу пәннің саясаты заманауи оқытудың әдістемесіне негізделіп, білім алушының білім алуда өзіндік (аудиториялық пен аудиториядан тыс) жұмыстарына ынталандырады. Оқытушы консутативті мен бағыт беруші қызмет атқарады. Биохимия пәнінің әрбір тақырыпты өткен кезде білім алушының материалды біртіндеп толығымен игереді: тақырыптың мақсаты мен сипаттамасынан бастап соңғы нәтижені жеткенше дейін. Сабақ қатаң түрде кестеге сай өтіледі, тақырыпқа сай арнайы химиялық құрал-жабдықтар, реактивтермен жабдықталған зертханада жүргізіледі.

1.Дәріске, зертханалық-тәжірибелік сабақтарға білім алушының халатсыз және қалпақтарсыз жіберілмейді.
2.Зертханалық сабақтарға келерден бұрын білім алушының техника қауіпсіздік ережесімен танысады, зертханалық сабақтың жазба жұмысын жазады және өзіндік жұмысқа арналған әдістемелік нұсқау бойынша бақылау сұрақтарына жауап береді.

3.Білім алушының жазба жұмыссыз немесе тәжірибелік жұмыстың әдістемесінсіз жұмысты орындауға жіберілмейді, яғни сабаққа жіберілмей, себепсіз сабақ жібергені туралы белгіленеді,осы сабақты келесі сабаққа дейін білім алушының өтеу керек.
4.Дәріске және сабаққа 5 минуттан жоғары кешіккен білім алушыныңсебепсіз сабақ жіберген ретінде белгіленіп, келесі сабаққа дейін өтемесе сабаққа жіберілмейді.

5.Техника қауіпсіздігін бұзған жағдайда, зертханалық жұмысты дұрыс жасамаған жағдайда, реактивтерді дұрыс пайдаланбай артық шығындаған жағдайда білім алушының жалпы білім бағасынан 1 балл жоғалтады.

6.Химиялық зертханаға, дәріс залына білім алушының кафедра лаборантына құжат тапсырып, бөлмені қабылдап алған топ кезекшісінің рұқсатымен кіре алады.

7.Дәріс немесе сабақ соңында кезекші білім алушының кафедра лаборантына бөлмені тапсырып кетуі тиіс.

8.Топ кезекшісі және басқа да білім алушының жиhаздармен инвентарлық материалдарға аудиторияда болған уақытында жауапты болып саналады. Егерде мүлік бүлінген, сынған жағдайда өтеуге тиіс.

9.Зертханалық-тәжірибелік жұмысты орындау барысында білім алушының (кезекші) партамен столдардың тазалығына, реактивтердің артық жұмсалмауына мән беруі тиіс. Бұл талаптар сақталмаған жағдайда білім алушының сабақтан тыс уақытта сенбілік жасайды.

Білім алушының рефераттар мен БӨЖ өз уақытында қорғамаған жағдайда жалпы бағалаудан 1 балл жоғалтады.

Сабақтан себепсіз қалған білім алушының деканаттан қалған сабақты өтеу рұқсат қағазын алып келсе сол сабақты өтей алады, бірақ жіберілген сабағына баға қойылмайды және білім алушыныңтің жалпы рейтингісіне сол баға кірмейді. Сабақтан себепті қалған білім алушының деканаттан қалған сабақты өтеу рұқсат қағазын алып келсе сол сабақты өтей алады, себеппен жіберілген сабағына баға қойылады және оқытушы осы бағаны арнайы өтеу журналына қойылады. Білім алушыныңтің жалпы рейтингісіне сол баға кіреді.

Білім алушының дәрістерден себепсіз қалса, жалпы рейтингтен қалған сабақтардың көлеміне байланысты 1 % жоғалтады.

13.Білім алушының дәрістерден себепті қалса және де деканаттан сабақты өтеу рұқсатын әкелсе, жалпы рейтингті сақтайды.

Тәжірибелік сабақтардан қарызы жоқ, коллоквиумды өз уақытында тапсырып, 4 кредитті толық меңгерген білім алушының емтиханға және қорытынды тестілеуге жіберіледі (ең төмен ОРД 50 % ).

15.Жұмыстың бөлімдерін істемеген жағдайда білім алушының өз мерзімінде сабақ өтеутиіс немесе тапсырмаған жағдайда олар қайта оқу курсына жіберіледі.

3.2 Академиялық адалдық саясаты:Университеттің барлық білім алушылары академиялық адалдық саясатын қолдауға жауапты. Білім алушылар берілген жұмысты өз бетінше орындауға өз жауапкершілігін түсінуі керек, емтихан жазғанда және басқа да бағаланатын жұмыстарды орындағанда ережелер мен нұсқауларды сақтауы тиіс. Университеттің білім алушылары академиялық адалдық принциптерін бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Университет білім алушыларының жауапкершілігі Академиялық адалдық кодексі (2019 ж) бойынша анықталады.

Академиялық адалдық принциптері:

1. адалдық – білім алушылардың бағаланатын және бағаланбайтын оқу жұмыстарының түрлерін адал, дұрыс орындауы;

2. автордың және оның құқықтық мирасқорларының құқықтарын қорғау – біреудің сөзін, ойын дұрыс беру және бағаланатын жұмыстардағы ақпарат көздерін көрсету арқылы авторлық құқық объектісі болып табылатын туындылардың авторлығын тану және қорғау;

3. ашықтық –айқындық, өзара сенім, білім алушылар мен оқытушылар арасында ақпарат пен идеялармен ашық алмасу;

4. білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу – пікірлер мен идеяларды еркін білдіру құқығы;

5. теңдік – әрбір білім алушы академиялық адалдық ережелерін сақтауды және оларды бұзғаны үшін тең жауапкершілікті қамтамасыз етеді.

Академиялық адалдықты бұзу түрлері.

1. Алдау (белгілі бір жағдайларға, оқиғаларға, фактілерге қатысты саналы түрде жаңылыстыру).

2. Плагиат (басқа бір адамның немесе ғылыми ұжымның ғылыми еңбегін өз еңбегі деп көрсету, сондай-ақ біреудің туындысын өз атынан жариялау, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген авторлық құқықты бұзу).

3. Көшіріп жазу (ағымдық, межелік және қорытынды бақылау, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттау процесінде бағаланатын жұмыстарды орындағанда пайдалануға тыйым салынған материалдарды пайдалану).

4. Бұрмалау (ақпаратты, пікірлерді немесе деректерді әдейі бұрмалау/ауыстыру, жалған құжаттар, жалған медициналық анықтама ұсыну; білім алушылардың оқу жетістіктерінің базасына рұқсатсыз қол жеткізу; жалған оқу құжаттарын, жалған деректер мен есеп нәтижелерін жасау, электрондық және қағаз транскриптінде жалған бағалар және жалған қол қою, барлық деңгейдегі жұмыстар мен құжаттардағы және т. б. құжаттардағы бағаларды түзету).

5. Бағаланатын жұмыстарды орындағанда, тестілеу кезінде ақпаратты немесе техникалық құрылғыларды заңсыз пайдалану және тарату; бағаланатын жұмыстың кез келген жауаптарын заңсыз жолдармен алу; рұқсатсыз жасырын бейнежазба немесе аудиожазба.

6. Жасыру (жұмыстың жосықсыз орындалуы туралы немесе осы Кодекстің нормаларын және Университеттің ішкі ережелерін білім беру процесіне қатысушылардың сақтамауы туралы ақпаратты хабарламау немесе дер кезінде жеткізбеу).

7. Академиялық ақпаратқа заңсыз қол жеткізу және оны тарату – емтихан немесе бақылау жұмыстарының жауаптарын беру; бағалау кезінде қойылатын сұрақтарды білім алушыларға жеткізу, тиісті рұқсатсыз бағаланатын жұмыстардың жартылай немесе толық материалын тарату; дайын баяндамаларды, эсселерді, тапсырмалар мен басқа да академиялық жұмыстарды сату немесе таратудың өзге де әдістері, қазіргі заманғы құрылғылар мен гаджеттерді қолдана отырып, заңсыз жолдармен бағаланатын жұмыстың жауаптарын ұрлау.

8. Сабақта және қорытынды бақылауда тыйым салынған материалдарды немесе электрондық гаджеттерді пайдалану;

9. Пара беру немесе пара алумен байланысты әрекеттер жасау (сыйлық беру, кез келген түрде сыйақы беру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық әрекеттерінде делдал болу).


  1. Сағаттарды бөлу:






Пәннің аталуы/модуль компоненттері

Жалпы сағат саны

Аудиториялық сағаттар

ОБӨЖ

БӨЖ

Қорытынды бақылау түрі

Дәріс

Практикалық сабақтар

1

Медициналық биохимия

150

5

45

25

75

Емтихан

жазбаша

Жалпы

150

5

45

25

75


5. Пәннің мақсаты: білім алушының негізгі метаболиттік процестердің адам организміндегі және ұлпадағы ерекшеліктері мен олардың реттелуі, молекулалық механизмдері, ауруға диагноз қою үшін, және оны тиімді емдеуде биохимиялық көрсеткіштерді қолдану туралы түсінік қалыптастыру.

6. Оқытудың соңғы нәтижелері

А. Білу және түсіну:

  • биоорганикалық қосылыстардың негізгі кластарының өкілдері: көмірсулар, липидтер, жай және күрделі ақуыздар, витаминдердің құрылысы, қызметін және қасиеттерін;

  • метаболизмдік процестің реттелуі және жүру механизмін, клетканың құрамдық және қызметтік ұйымдасуының молекулалық негізін;

  • энергия алмасуының бұзылуы мен энергия айналымының механизмін;

  • организм, ұлпа және мүшелердің қызметтерінің молекулалық механизмдерінің ерекшеліктерін;

  • негізгі қоректі заттардың (ақуыздар, липидтер және көмірсулардың), минералды заттардың және судың метаболизмдегі ролін;

  • адам организміндегі биологиялық сұйықтықтардың патология және қалыпты жағдайдағы негізгі биохимиялық константаларын.

В. Білімдерін және түсініктерін қолдана білу:

  1. негізгі биохимиялық зерттеулер нәтижесінен интерпритациялауға;

  2. метаболизм карталарын және арнаулы анықтамаларды қолдана білу;

  3. биохимиялық процестердің бұзылу ерекшеліктерін алдын-ала болжау және биологиялық белсенді заттар жетіспеушілігі кезіндегі олардың реттеуі;

  4. метаболизм бұзылыстарын ферменттердің құрылымының немесе мөлшерінің бұзылуы кезінде болжау;

  5. алынған негізгі биохимиялық қорытындылар бойынша жеке мүшелер мен тіндердің дамуының патологиялық күйлерін алдын ала болжау.

С. Пікірін білдіру

  • адам организмі биологиялық сұйықтарындағы көмірсулар, липидтер мен азотты заттар алмасуының аралық заттарын экспресс-эдістерімен анықтаy кезінде;

  • адам организмі биологиялық сұйықтарындағы ферменттердің белсенділігін анықтау әдістерін жүргізу кезінде.

D. Коммуникативтік қабілеттілігі

  • шағын топтарда, жұппен, командамен жұмыс істей алуы;

  • өзінің зерттеу жұмыстарын мамандарға арналған әдеби ізденістердің, сабақтын хаттамасы немесе қорытындысын сонымен қатар мамандығы жоқ аудиторияға көрсете білуі;

Е. Оқуға қабілеттілігі

  • өз бетінше оқу арқылы жаңа бағыттарды зерттей білу;

  • жаңа ашылулар мен әдістерден құлағдар болу мүмкіндіктерін пайдалану және биохимиялық зерттеулерді қолдану ықтималдығы бойынша кәсіби кеңес бере алуы керек;

  • жоғары жауапкершілікпен жұмыс істей білу және биохимиялық зерттеулер нәтижелерін бағалау кезінде өз бетінше шешім қабылдай алуы керек.




құзыреттілік

құзыреттілік мазмұны

ЖҚ -1

Жалпы білім беру саласындағы құзыреттіліктер.

Жаратылыстану ғылымдары (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық), биомедициналық және клиникалық ғылымдар саласындағы білімді дәрігердің әр түрлі кәсіби қызмет түрлерінде қолдану.

ЖҚ-2

Жеке және кәсіби даму.

Үздіксіз өзін-өзі бағалауға және өмір бойы білім алуға негізделген жеке және кәсіби өсуді, медициналық көмек сапасын үнемі жақсартуды сақтау үшін қажетті қасиеттерді көрсетіңіз.

ЖҚ-3

Қарым-қатынас дағдылары.

Емделушілермен, әріптестерімен, науқастардың туыстарымен, халықтың әр түрлі әлеуметтік жағдайындағы өкілдерімен тіл табыса білу, топта жұмыс істей білу, өз көзқарасын дұрыс қорғай білу, бір мәмілеге келе білу, өз пікірін ұжымның пікірімен байланыстыру, жаңа шешімдер ұсына білу.

ЖҚ-4

Ұйымдастырушылық және басқарушылық құзыреттіліктер.

Топтың жұмысын, оқу ортасын және денсаулық сақтау жүйесін жақсартатын көшбасшылық қасиеттерін көрсету;


7. Оқытудың нәтижелері


ОН-1

Метаболизмнің биохимиялық негіздері және оны реттеу саласындағы күрделіліктің негізгі категориясында ғылыми білімді көрсетеді.

ОН-2

Биохимия, ағзалар мен ұлпалардың биохимиясы, клиникалық және патологиялық биохимия негіздері бойынша жаңа қолданбалы білім алуға қабілетті.

ОН-3

Көмірсулар, липидтер, белоктар және нуклеотидтердің метаболикалық бұзылуларының пайда болу аумағында күрделіліктің негізгі категориясының проблемаларын түсінеді.

ОН-4

Биохимия, биологиялық белсенді қосылыстардың химиясының күрделілігінің негізгі категориясының қол жетімді және жиналған ақпаратын талдайды.




  1. Пререквизиттер: химия, молекулалар және жасушалар. 




  1. Постреквизиттер: ішкі аурулар, жалпы дәрігерлік практика, хирургиялық аурулар, акушерия және гинекология, балалар аурулары. 




  1. Тақырыптық жоспар

10.1 Дәрістің тақырыптық жоспары




Дәрістің тақырыбы

Өткізу түрі

Сағаты

Медициналық биохимия

1

Энергия және заттар алмасуы.

а)Эндергоникалық және экзергоникалық реакцилар. Макроэргтік қосылыстар.

в)Биологиялық тотығу. Тіндік тыныс алу. Тотыға фосфорлану. ЭТТ ферменттері коферменттері.

Тақырыптық

1

2

Катаболизмнің жалпы жолдары. Метаболизм, катаболизм, анаболизм. Негізгі тамақтың заттардың балалар организмдегі катаболизмі. Кребс циклі, реакциялар тізбегі, ферменттері.

Тақырыптық

1

3

Көмірсулардың, алмасуы және қызметтері.

1)Көмірсулар қорытылуы мен сіңірілуінің жасқа сәйкес сипаттамасы.

2)Глюкозаның катаболизмі. Аэробты және анаэробты алмасу.

3)Лактозаның балалар организмінде сіңбеуі фруктоземия, галактоземия.

Тақырыптық

1

4

Липидтер алмасуы және қызметтері.

1)Маңызды липидтер олардың биологиялық рөлі.

2)Балалардың жасына қарай майлардың қорытылу және сіңірілу ерекшеліктері.

3)Майлардың транспорттық түрі: Жоғары май қышқылдарының β -тотығу және глицериннің тотығуы.

4)Липидоздар, бауырдың май басу, семіздік.

Тақырыптық

1

5

Аминқышқылдарының алмасуы және қызметтері.

1)Ақуыздардың балалар организмінде қорытылуы және сіңірілу.

2)Аминқышқылдарының жасушаішілік алмасуы: трансаминдену, дезаминдену, декарбоксилдену.

Бұл реакциялардың балалар организм үшін маңызы.

Тақырыптық

1

Барлық сағат: 5

Барлығы: 5 сағат







10.2 Практикалық (семинар) сабақтардың тақырыптық жоспары:



Практикалық сабақтың тақырыптары

Тақырыптың негізгі сұрақтары

Өткізу түрі

Сағаты


Медициналық биохимия

1

Ақуыздар, құрылысы, қызметтері.


1)Ақуыздардың аминқышқылдық құрылысы.

2)Ақуыздардың физико-химиялық қасиеттері.

3) Ақуыздардың құрылымдық ұйымдасуы.

Дискуссия, пептидтерді құрау.

Шағын топтардағы жұмыс.


2



Тұздау және тунбаға түсу реакциялары.

Нәруыздардың физико-химиялық қасиеттері.



Лабораторлық сабақ

1

2

Витаминдер, олардың балалар организмдегі рөлі.

1)Суда еритін витаминдер, олардың коферменттік қызметтері.

2)Майда еритің витаминдер. Олардың балалар организмдегі рөлі.

3)Витамин тәрізді заттар. Олардың балалар организмдегі рөлі.

Дискуссия, есептер шығару
Шағын топтармен жұмыс

3

3

Ферменттер, олардың балалар организмдегі рөлі.

1)Ферменттер, олардың жіктелуі, номенклатурасы. Витаминдердің коферментік қызметі.

2)Ферменттердің жалпы қасиеттері, t-ға, ортаның рН-а, тәуелділігі.

3)Ферменттердің белсенділігіне активаторлар мен ингибиторлардың әсері.

Дискуссия, есептер шығару
Шағын топтармен жұмыс

2



Ферментік реакцияларға жылдамдығына активатор мен ингибиторлардың әсері

Адам ағзасындағы ферменттердің белсенділігін реттеу.

Лабораторлық сабақ

1

4

Ферменттер белсенділігінің реттелуі.

1)Қайтымды коваленттік модификация.

2)Қайтымсыз коваленттік модификация.

3)Аллостерлік реттеу.

Дискуссия,

Шағын топтармен жұмыс




5

Аралық бақылау №1

«Ақуыздар. Витаминдер. Ферменттер.»

Ауызша және жазбаша

3


6


Балалар организмдегі энергия алмасу ерекшіліктері.

1)Эндергоникалық, экзергоникалық реакциялар.

2)Макроэргтік қосылыстар, рөлі.

3)Тіндік тыныс алу, ферменттері, коферменттері ТАТ.

4)Тотыға фосфорлану. Тотығу мен тыныс алуды ажыратушылар.


Дискуссия, есептер шығару



3

7

Катаболизмнің жалпы жолдары.

1)Пирожүзім қышқылының тотыға декарбоксилденуі, ферменттері, энергияның шығымы.

2)Үш карбон қышқылдарының циклі, реакция тізбектері, ферменттері, жасушада орналасуы, биологиялық рөлі.

Дискуссия, есептер шығару
Шағын топтармен жұмыс

3

8

Көмірсулар алмасуы мен қызметі.

1)Тағам құрамындағы негізгі көмірсулар.

2)Көмірсулардың қорытылуы мен сіңірілуінің жасқа қарай өзгеруінің сипаттамасы.

3)Глюкозаның аэробты және анаэробты алмасуы, энергетикалық шығым.

4)Глюконеогенез, ұрық метаболизмдегі бұл процестің рөлігликолиз және гликонеогенездің бір-бірімен байланысы.

Дискуссия, есептер шығару
Шағын топтармен жұмыс

2



Қан сарысуы құрамындағы глюкозаны сандық анықтау.

Қан сарысуындағы глюкоза мөлшерінің реттелуі.

Гипо- және гипергликемия.

Лабораторлық сабақ

1

9

Глюкозаның пентофосфаттық жолмен алмасуы, рөлі.


1)Глюкозаның пентофосфаттық жолмен алмасуы, рөлі.

2)Гликогеннің алмасуы гликогеноз және агликогеноздар.

Дискуссия,

Шағын топтармен жұмыс

3

10

Аралық бақылау №2

«Катаболизмнің жалпы жолдары. Көмірсулар алмасуы мен қызметі.»

Ауызша және жазбаша

3

11

Липидтердің алмасуы және қызметтері.

1)Тағамның маңызды липидтері және олардың биологиялық рөлі.

2)Жасқа қарай балаларда майлардың қорытылу және сіңірілу ерекшіліктері.

3)Май қышқылдарының β-тотығу бұл процестің реттелуі. Глицериннің тотығуы.

4)МҚ-биосинтезі, ферменттері.

5)Липидоздар, бауырдың май басу, сезімдік.

Көрсетілмеген

кестелермен жұмыс.

Дискуссия есептер шығару

3

12

Холестериннің алмасуы.


1)Холестериннің биосинтезі, реттелуі. Холестериннің организмнен шығару жолдары.

2)Атеросклероздардың даму себептері.

3)Балаларда холестерин мөлшерінің жасқа қарай өзгерістері.

4)Әр түрлі жастар балаларға қажет майлардың тәулік мөлшері.

Шағын топтармен жұмыс

2

12л


Қан сарысуындағы жалпы холестеринді сандық анықтау.

Қан сарысуындағы холестеринді, анықтаудың диагностикалық маңызы.

Лабораторлық сабақ.

1

13

Аминқышқылдарының алмасуы және қызметтері.

1)Балалар организмінде ақуыздардың қорытылуы және сіңірілуі.

2)Трансаминдену, декарбоксилдену, дезаминделу реакциялары және олардың балалар организмі үшін биологиялық маңызы.

3)Аммиактың түзілу жолдары. Аммиакты залалсыздандыру. Мочевинаның биосинтезі.

Дискуссия, есептер шығару
Шағын топтармен жұмыс

2

13л

Биологиялық сұйықтарда мочевинаның сандық мөлшерін анықтау.

Биологиялық сұйықтарда мочевинаны анықтаудың диагностикалық маңызы.

Лабораторлық сабақ.

1

14

Гормондар, биологиялық рөлі.

1)Гормондардың балалар организмінің дамуындағы биологиялық рөлі.

2)Гормондардың жіктелуі.ОЖЖ рөлі.

3)Рилизинг-факторлар. Ағзалар және нысана-жасушалар.

4)ц-АМФ-гормондар мен жасуша ішілік реттеу механизмінің аралық заты.

5)Қалқанша безі, ұйқы безі, бүйрек үсті безінің қыртысты қабаттарының гормондары, олардың балалар организмінің дамуыну.

Дискуссия, есептер шығару
Шағын топтармен жұмыс

3


15

Аралық бақылау №3

«Липидтер. Аминқышқылдарының алмасуы. Гормондар.»

Ауызша және жазбаша

3

Барлық сағат: 45

Барлығы: 45 сағат


10.3 Оқытушының жетекшілігімен білім алушылардың өз бетінше атқаратын жұмысының тақырыптық жоспары (ОБӨЖ)




ОБӨЖ тақырыптары

Өткізу түрі

Сағаты

Медициналық биохимия

1

Күрделі ақуыздар, олардың биологиялық рөлі. Нуклеопротеидтер, фосфопротеидтер, гликопротеидтер.


Шағын топтармен жұмыс Тестілеу және есептер шығару

2

2

Гипо- және гипер - витаминоздар. Витаминдер жетіспеушілігі кезінде туатын аурулар. Провитаминдер, антивитаминдер.

Есептер шығару

2

3

Ферменттердің медицинада алынатын орны. Клинико-диагностикалық маңызы, балалар ауруына диагноз қою үшін ферменттер белсенділігін аңықтау.

Тестілеу, есептер шығару

2

4

Балалар организмдегі энзимопатиялар. Ферменттер – дәрілік препараттар.


Тестілеу, есептер шығару

2

5

Зат алмасуға кіріспе. Метаболизм, катаболизм, анаболизм. Балалар организмінде жүретін негізгі тамақтың заттар катаболизмнің сызбанусқасын көрсету.

Тестілеу, есептер шығару

2

6

Балалар организмдегі гипоэнергетикалық күйлердің даму себептері.

Тестілеу, есептер шығару

2

7

Тамақтың заттармен организмді энергия мен қамтамасыз етудің жасқа байланысты сипаттамасы.

Тестілеу, есептер шығару

2

8

Лактозаны балалардың сіңіре алмауы. Фруктоземия, галактоземия. Басқа да дисахаридтердің сіңірілмеу себептері.

Тестілеу, есептер шығару

2

9

Балаларда қант диабетінің дамуы. Галактоземияның биохимиялық негіздері.

Тестілеу, есептер шығару

2

10

Эйкозаноидтар: 3,5 жоғары май қышқылдары, простогландиндер, лейкотриендер, тромбоксандар, олардың биологиялық рөлі.

Тестілеу, есептер шығару

2

11

Липидтердің транспорттық түрлері: ХМ, ТТЛП, ТЖЛП, ТӨТЛП, ТӨЖЛП.

Шағын топтармен жұмыс

1

12-13

Аминқышқылдары алмасуының бұзылуының туқым қуалаушылық аурулары: фенилкетонурия, алкаптонурия, альбинизм.

Тестілеу, есептер шығару

2

14-15

Гипо- және гипертиреоз кезінде болатын өзгерістер. Эндемиялық жемсау дамуының себептері алдыналу.

Шағын топтармен жұмыс

2

Барлық сағат: 25

Барлығы: 25 сағат


10.4 Білім алушылардың өз бетінше атқаратын жұмысының тақырыптық жоспары (БӨЖ)



БӨЖ тақырыптары

Өткізу түрі

Сағаты

Медициналық биохимия

1

Дәрілік заттар – фермент ингибиторлары ретінде.

Презентация.

15

2

Простогландиндер, түзілуі, бейтараптануы, биологиялық маңызы.

Презентация.

15

3

Балалардағы қалқанша безінің қызмет ету ерекшіліктері. Туа біткен гипотиреоз және оның көріністері.

Презентация.

15

4

Асқазан сөлі, химиялық құрамы, биологиялық рөлі

1)Асқазан сөлінің минералды құрамы.

2)Ас қорытудағы тұз қышқылының рөлі.

3)Асқазан сөлінің патологиялық компонеттері.

Презентация.

15

5

Биогенді аминдер , түзілу механизмі , физиологиялық қызметтері.

Презентация.

15

Барлық сағат: 75

Барлығы: 75 сағат


11. Білім деңгейің бағалау критерийлері:

Білім деңгейін бағалау критерийлері АБ-100%.

Биологиялық химия сұрағын (коллоквиум) бағалау (ауызша жауап)

Сұраққа жазбаша жауаптың сипаттамасы

Баға

- негізгі оқу материалы мен қосымша әдебиеттерді терең зерттеу,

- жауап беру кезінде негізгі теориялық ережелерді суреттейтін мысалдарды қолдана отырып, материалды дәйекті және логикалық тұрғыдан дұрыс көрсету,

- басқа пәндердің білімін тарта отырып, оқулықта тікелей жауабы жоқ қойылған өзгертілген сұрақтарға толық жауап берушіге,

- биохимиялық процестердің клиникалық маңыздылығын талдай алатын, зерттелетін мәселелердің пәннің басқа бөлімдерімен байланысының дәлелді негіздемесін ұсына алу

25

ең аз дәлсіздіктермен негізгі оқу материалының толық игерілуін көрсету,

- Материалды ұсыну кезінде қосымша әдебиеттер мен ғылыми терминологияны қолдану,

- жауапты мысалдармен өз бетінше суреттей алады,

- оқытушының қосымша сұрақтарына дұрыс және жан-жақты жауап беру

20

- негізгі материалдың игерілуін көрсете алу,

- сұрақтарға еш қиындықсыз жауап беру,

- елеулі қателіктерге жол бермей, қажетті ғылыми терминологияны қолдана отырып, материалды баяндай алу,

- жетекші сұрақтардың көмегімен жеке дәлсіздіктерді жою оңай


15

- сұрақтарға жауап беру жеткілікті анық және толық емес, бірақ жауапта жіберілген қателерді өз бетінше түзетуге қабілетті,

- пән бойынша негізгі ұғымдар мен ғылыми терминологияны меңгерген болу керек

- қосымша сұрақтарға әлсіз жауап беретіндерге нақты мысалдармен жауапты растау қиынға соғады.

10

- сауалнамаға қатысқан материалды толық, үзінді түрде иелену жеткіліксіз

- қойылған сұрақтарға жауап берудегі елеулі қателер

5

негізгі бағдарламалық материалға иелік етпеу

0



Биологиялық химия бойынша сұрақты (коллоквиумды) бағалау (ситуациялық міндет)

Сұраққа жазбаша жауаптың сипаттамасы

Баға

Тапсырмаға жауап мыналарды көрсетеді:

- негізгі және қосымша әдебиеттерді терең зерттеу, толық толық жауап беру,

- биохимиялық терминологияны жақсы меңгеру,

-басқа пәндердің білімін қолдана отырып, себеп-салдарлық байланыстар орната білу, проблеманы нақты және жан-жақты талдай білу,

- биохимиялық процестер мен көрсеткіштердің клиникалық маңыздылығын білу.

- химиялық формулаларды қолдана отырып есептерді шешу

50

Тапсырмаға жауап мыналарды көрсетеді:

- баяндалған мәселе бойынша негізгі материалды игеру,

- биохимиялық биохимиялық процестердің клиникалық маңыздылығын талдау.

- терминологияны меңгеру,

- қойылған сұрақтарға жауап беруде қателіктердің болмауы,

қорытындылардағы, формулалардағы кішігірім дәлсіздіктерді қабылдау.

40

Тапсырмаға жауап мыналарды көрсетеді:

- мәселені шешу кезінде білімнің толық көлемін көрсетпегендерге

мысалдармен жауапты растау.

- формулаларды жазу кезіндегі қателіктер

-Биохимияның негізгі теориялары мен тұжырымдамаларында бағдарланған.

30

Тапсырмаға жауап мыналарды көрсетеді:

- бағдарламалық материалдың ең аз көлемін игеру

- мәселені шешуде олқылықтардың болуы және логикалық реттіліктің бұзылуы

- мәселені шешуде формулалардың болмауы

20


12. Білім деңгейің бақылаудың қорытынды нысанын бағалау

Қорытынды бақылау есептеледі: қорытынды ОРД-60% (қорытынды ОРД 3 аралық бақылау бағаларының орташа арифметикалық мәні ретінде есептеледі), емтихан бағасы-40%.

Биологиялық химия бойынша жазбаша емтихан сұрағын бағалау


Сұраққа жазбаша жауаптың сипаттамасы

Баға

Оқу бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша, сондай-ақ одан тыс негізгі мәселелер бойынша жан-жақты жүйелі және терең білім көрсеткен, биологиялық химия курсының негізгі ұғымдарын еркін меңгерген, бағдарлама ұсынған негізгі және қосымша әдебиеттерді толық меңгерген, материалды стилистикалық сауатты және логикалық тұрғыдан дұрыс баяндайтын студентке қойылады. Студент тірі организмдердің биохимиялық құрамын, ағзаны құрайтын заттардың қасиеттерінің сипаттамасын, олардың негізгі метаболикалық жолдарын, әртүрлі жолдардың өзара байланысын және олардың реттелуін білуі керек. Студент күрделі мәселелерді өз бетінше және шығармашылықпен шеше білуі, биохимиялық процестердің клиникалық маңыздылығын талдай білуі тиіс. Биохимияның теорияларын, бағыттары мен тұжырымдамаларын сыни тұрғыдан бағалай білуі, жауап беру кезінде басқа пәндердің білімін пайдалана білуі тиіс.

25

Оқу бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша толық және терең білім көрсеткен, материалды жақсы баяндайтын, биологиялық химия курсының негізгі ұғымдарын меңгерген, негізгі және ұсынылған қосымша әдебиеттермен таныс студентке қойылады. Студент тірі организмдердің биохимиялық құрамын, ағзаны құрайтын заттардың қасиеттерінің сипаттамасын, олардың негізгі метаболикалық жолдарын, әртүрлі жолдардың өзара байланысын және олардың реттелуін білуі керек. Студент Биохимия бойынша білімнің жүйелі сипатын және одан әрі оқу барысында оларды өз бетінше толықтыру және жаңарту қабілетін көрсетуі, биохимияның негізгі теориялары мен тұжырымдамаларын бағдарлай білуі, мамандықты игерудегі биохимияның негізгі ұғымдарының рөлін игеруі керек.

20

Оқу бағдарламасының көлемінде жеткілікті толық және жүйелі білім көрсеткен, қажетті ғылыми терминологияны қолдана отырып материал баяндайтын, бағдарлама ұсынған негізгі әдебиеттерді меңгерген және негізделген қорытынды жасай алатын студентке қойылады.

Студент тірі организмдердің биохимиялық құрамын, ағзаны құрайтын заттардың қасиеттерінің сипаттамасын, олардың негізгі метаболикалық жолдарын, әртүрлі жолдардың өзара байланысын және олардың реттелуін білуі керек. Студент биохимияның негізгі теориялары мен тұжырымдамаларын бағдарлау, мамандық алуда биохимияның негізгі ұғымдарының рөлін игеру қабілетін көрсетуі керек.

15

Негізгі оқу-бағдарламалық материалды одан әрі оқу үшін жеткілікті көлемде меңгерген, негізгі ғылыми терминологияны дұрыс пайдаланатын студентке қойылады. Студент тірі организмдердің құрамына кіретін заттардың биохимиялық құрамы мен қасиеттерін, негізгі метаболикалық жолдарды жарықтандыру кезінде негізгі әдебиеттерді білуі керек, әртүрлі метаболикалық жолдардың өзара байланысын және олардың реттелуін көрсете білуі керек.

Студент Биохимияның негізгі теориялары мен тұжырымдамаларын басшылыққа алуы керек.

10

Білім беру стандарты шеңберінде білімнің толық көлемін көрсетпеген, негізгі бағдарламалық әдебиеттерді ішінара игерген, тірі организмдердің химиялық құрамын баяндау кезінде елеулі қателіктер жіберген, негізгі метаболикалық жолдарды суреттей алмайтын және олардың сипаттамасын бере алмайтын, метаболизмді реттеу механизмдерін нашар түсінетін студентке қойылады.

5

негізгі бағдарламалық материалды меңгере алмау

0


13. Ұсынылған әдебиеттер:

Қазақ тілінде:

Негізгі:


  1. Биохимия : оқулық / РҒА корр.-мүшесі проф. Е. С. Севериннің ред. басшылығымен, қаз. тіл. аударған және жауапты ред. А. Ж. Сейтембетова. - М. : Гэотар-Медиа, 2014. - 752 бет.https://elib.amu.kz/ru/elib/.


Қосымша:

  1. Тапбергенов, С. О. Медициналық биохимия : оқулық / С. О. Тапбергенов. - Алматы : "Эверо", 2014. - 548 с.

  1. Биохимия сұрақтары мен жауаптары : оқу құралы / ҚР ҰҒА академигі С. М. Әдекеновтың ред. - Алматы : "Эверо", 2014. - 430 с.

  1. Клиникалық биохимия : оқу құралы / Л. Е. Муравлева, О. А. Понамарева. - Алматы : "Эверо", 2014. - 110 с.

  1. Кишкун, А. А. Клиникалық лабораториялық диагностика : оқу құралы / А. А. Кишкун ; қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы А. Ж. Сейтембетова. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2017. - 960 с.


Әдебиеттерге ссылкасы:

https://elib.amu.kz/

https://www.iprbookshop.ru

www.aknurpress.kz

http://www.jaypeedigital.Com

https://www.iprbookshop.ru/epd-reader?publicationId=86156

https://www.iprbookshop.ru/epd-reader?publicationId=87791

https://www.iprbookshop.ru/epd-reader?publicationId=87792

https://www.iprbookshop.ru/epd-reader?publicationId=95382

https://www.iprbookshop.ru/epd-reader?publicationId=74956

https://www.iprbookshop.ru/epd-reader?publicationId=78767

https://www.iprbookshop.ru/epd-reader?publicationId=120964

https://aknurpress.kz/reader/web/1710

https://aknurpress.kz/reader/web/1624 -2016

https://aknurpress.kz/reader/web/1064


написать администратору сайта