ИНФЕКТОЛОГИЯ-1 Каз тіл. 2023ж. Кафедра патологической анатомии с курсом
Скачать 2.54 Mb.
|
Тақырып№ 1. Жедел ішек инфекциялары. Тұмау және басқалары. ЖРВИ (парагрипп, РС-инфекция, аденовирусты инфекция, Коронавирусты инфекция (COVID19). Сабақтың материалын толық оқи отырып, студент өзінің білімін көрсете алады: • ішек инфекцияларының функционалдық мәнін, морфогенезін, макро және микроскопиялық сипаттамаларын білу түсіну және қолдануды қалыптастыру; • тұмаудың, парагрипптің, аденовирусты инфекцияның және коронавирусты инфекцияның (COVID19) негізгі ерекше морфологиялық сипаттамаларын білу. • осы аурулардың патологиялық анатомиялық өзгерістерімен клиникалық көріністерін салыстыруды үйрену; • сабақ тақырыбы бойынша макро және микропрепараттармен жұмыс істеу кезінде пайымдау қабілеттерін көрсету; • жаңа терминдер мен ұғымдарды енгізу арқылы дағдыларды дамыту; • практикалық жұмыста клиникалық-морфологиялық талдауды қалыптастыру үшін мотивацияны дамыту; • топта жұмыс істеу дағдыларын көрсете білу, кәсіби терминологияны үш тілде меңгеруін, өз іс-әрекетіне түсініктеме беру, сабақ тақырыбы бойынша тиімді ауызша және жазбаша дағдыларды көрсету; Қазақ топтарына арналған әдебиеттер: Әдебиеттер: Негізгі: 1.Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. // - Москва, Литтера -2016ж,792б Қосымша: Струков А.М. Серов В.В. Патологическая анатомия. УчебникМ. Медицина, 2013ж Патологиялық анатомия [Мәтін]: Оқулық / А.И. Струков, В.В. Серов; Қазақ тіліне аудар.М.Т.Айтқұлов.- 5-ші басылым, стеротипті.- М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2015.- 984б.: Струков А.И. Серов В.В. Патологиялық анатомия;қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы М.Т. Айтқұлов-5-ші басылым,стереотипті.-М.:ГЭОТАР-Медиа,2014.-984бет.:ил. Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. // - Москва, Лит-ра -2012г,792б V. Kumar, A.K. Abbas, S.N. Fauso. Pathologic basis of disease, 9th edition, 2014 – 1525р. V. Kumar, A.K. Abbas, S.N. Fauso. Basik Pathology, 9th edition, 2014 – 946 р. Harsh Mohan-Textbook of pathology – 2014-600p. Электронды ресурстар: А. И. Струков, В. В. Серов. Издательство. Гэотар-Медиа, 2019 г. Переплет твердый переплет, 880 страниц. Формат книги 70x100/16.Размер (В x Ш x Т). 246 x 170 x 35 (большая).Бумага мелованная ISBN 978-5-9704-4926-4.Язык Русский.Код товара313990. Textbook of PATHOLOGY.Seventh Edition.Harsh Mohan.Seventh Edition: 2015. Assistant Editors: Praveen Mohan, Tanya Mohan, Sugandha Mohan.ISBN: 978-93-5152-369-7. Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. // - Москва, Литтера -2012г,792б Струков А.М. Серов В.В. Патологическая анатомия. УчебникМ. Медицина, 2013г Harsh Mohan-Textbook of pathology – 2014-600p. Зайратьянца О.В. Патологическая анатомия атлас. 2014г.-942с Ақпараттық блок (PowerPoint бағдарламасы дәрістері) kingmed.info› knigi › book med-vvolske.ru › docsPDF kingmed.info› knigi › book_3984 Тақырыптың дайындалуға арналған негізгі сұрақтары: 1. Жұқпалы аурулардың жалпы сипаттамасы мен түсініктері, инфекциялық аурулардың клиникалық-морфологиялық сипаттамасы мен классификациясы. 2. Жедел респираторлы инфекциялар туралы түсінік, классификациясы. 3. Сальмонеллездің этиологиясы, патогенезі, морфологиялық сипаттамасы, сальмонеллездің формалары, асқынуы және өлім себебі. 4. Дизентерияның анықтамасы, этиологиясы, патогенезі, морфологиялық сипаттамасы, кезеңдері, жергілікті және жалпы өзгерістері, асқынулары, нәтижесі және өлім себебі. 5. Тұмау-анықтамасы, этиологиясы, патогенезі, морфологиялық сипаттамасы. Асқынулар, нәтижелері, өлім себебі. 6. Балалардағы тұмаудың ағымының ерекшеліктері және морфологиялық сипаттамасы. 7. Парагрипп-анықтамасы, этиологиясы, патогенезі, морфологиялық сипаттамасы, асқынуы, нәтижесі. 8. Респираторлық синцитиальді инфекция – анықтамасы, этиологиясы, патогенезі, морфологиялық сипаттамасы, асқынуы, нәтижесі. 9. Аденовирусты инфекция – анықтамасы, этиологиясы, патогенезі, морфологиялық сипаттамасы, асқынуы, нәтижесі. 10. Коронавирусты инфекция (COVID19), этиологиясы, ағымының ерекшеліктері және ағзалардағы морфологиялық өзгерістері. Формалары, ағзадағы жергілікті және жалпы өзгерістері, асқынуы, нәтижесі және өлім себебі. 4. Сабақты өткізу форматы: Теориялық білімді жазбаша, ауызша сұрау арқылы бағалау, тақырыптың негізгі мәселелері бойынша пікірталас, сабақ тақырыбы бойынша оқу презентациясымен көрсету, онлайн және оффлайн режимінде оқу консультациялары, альбомдарда жұмыс істеу, тақырып бойынша ситуациялық есептерді шешу, шағын топтарда жұмыс істеу, тапсырмаларды орындау. Оқыту материалдары, тапсырмалар және бағалау парақтары платформада орналастырылған: DO арқылы Moodledis.kaznmu, ZOOM, Microsoft Teams платформаларында ауызша/жазбаша сауалнама. 5. Тапсырмалар: Жазбаша, ауызша сұрау арқылы теориялық білімдерін бағалау. Ағымдағы бақылау сынақтары. 1) Микропрепараттың суретін салу (гистологиялық саны №72) Гриппозды пневмония. 2) Микропрепараттың суретін салу (гистологиялық саны) Дизентерия кезіндегі дифтериялық колит. 3) Микропрепараттың суретін салу (гистологиялық саны №183) Фолликулярлы ойық жаралы колит 4) Макропрепаратқа сипаттама беріңіз - Фолликулярлы-ойық жаралы колит 5) Макропрепаратты сипаттаңыз – Геморрагиялық пневмония. 6) Макропрепаратты сипаттаңыз - Дизентерия кезіндегі дифтериялық колит. 6. Сабақты бақылау: тақырыпты білу мен түсінуді жиынтық бағалау (50%) ауызша сұрау және практикалық дағдыны көрсету негізінде (50%) сабақ бойынша жиынтық баға қойылады. 7.СОӨЖ арналған тапсырмалар: Консультация, сабақ тақырыбы бойынша 3 тілде медициналық терминологиялық 10 сөздік құрастыру, (шағын топтардағы жұмыс). 8.СОӨЖ бақылау: кеңес беру кезеңінде кері байланыс түрінде, ҒТЖ бойынша сұрақтар қамтылған межелік және қорытынды бақылау, қалыптастырушы бағалау сұрақтары. ҚO көмегімен: Moodle dis.kaznmu, Microsoft Teams, ZOOM платформаларында. 9. СӨЖ тапсырмалары: Презентациялар, SRO тақырыптары қатынаста: оқу тілінде – 50%, екінші тілде – 20%, ағылшын тілінде – 30% (Moodle dis.kaznmu.) 1. Коронавирустық инфекция (COVID19) 2. Тамақтан улану 10.СӨЖді бақылау: Қалыптастырушы бағалау (кері байланыс түрінде; жақсартуға болады). ҚO: MS Teams, Moodle dis.kaznmu, ZOOM. №2 бағалау парағы анонимді макропрепарат
Ескерту: Максимальды балл – 100 1.Микропрепарат- Тұмау пневмониясы
2.Микропрепарат- Дизентерия кезіндегі дифтериялық колит
3. Микропрепарат -Фолликулярлы-жаралы колит
4.Макропрепарат -Фолликулярлы-жаралы колит 5.Макропрепарат-Геморрагиялық пневмония.
6.Макропрепарат- Дизентерия кезіндегі дифтериялық колит
СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР КЕЙС №1 Ауыр интоксикациядан және өкпе жеткіліксіздігінен қайтыс болған адамның мәйітін тексеру кезінде трахея мен бронхтың шырышты қабатында эпителийдің сылынып түсуі десквамациясы көптеген нүктелі қан құйылулар, өкпенің ұлғаюы анықталды. Қабат-қабатпен өкпе тіндерін кесу кезінде, өкпе тіндеріндегі қан тамырларының толақандылығының кезектесуіне байланысты өкпе тіні шұбарала сарғыш-сұрғылт түсті көрінеді. Плевраның висцеральды бетінде сұрғылт түсті жабынды көрінеді. Жүректе, бауырда және бүйректе – айқын толақандылық байқалады. Сұрақтар №1 1. Ауруды және қоздырғышты атаңыз. 2. Аутопсиялық материалды гистологиялық зерттеу кезінде анықталған тыныс алу жүйесіндегі морфологиялық өзгерістер қандай? 3. Өкпе асқынуына қандай жағдай себеп болады? КЕЙС №2 Клиникалық іштің жедел ауыру түрі бойынша операция жасалған науқаста құрсақ қуысына операция ішілік ревизия кезінде іш пердесінде массивті фибринозды-іріңді жабындылар анықталды. Сигма тәрізді ішекті қайта қарау барысында ішектің қабырғасының перфорациясы анықталды. Анастомоз қою арқылы резекция жасалды. Морфологиялық зерттеуде барысында шырышты қабатта жабынды түріндегі қабаттары бар терең ақау анықталды. Сұрақтар №2 1. Ауру қалай аталады? 2. Процестің этиологиясы мен сатысы. 3. Асқынулары мен нәтижелері. ТЕСТТЕР 1 - нұсқа 1. Тұмау кезіндегі инфекцияның таралу жолы: 1.Фекальды-оральді 2.Ауа-тамшылы 3.Жанама (контактный) 4. Лимфогенді 5. Гематогенді 2. Тұмау кезіндегі экссудативті қабыну түрі: 1. серозды-катаральді 2.серозды-геморрагиялық 3.іріңді 4.шіріктік 5.фибринді 3. Дизентерияның қоздырғышы: 1.сальмонелла 2.микобактериялар 3. шигелла 4. Вибрион Эль-Тор 5.стрептококк 4. Дизентерияның сатысы: 1.іріңді колит 2.геморрагиялық колит 3.катаральді колит 4. шіріктік колит 5.гранулематозды колит 5. Дизентерияның екінші кезеңі: 1. катаральды колит 2.фибринозды колит 3. ойық жаралы колит 4. жараның жазылуы 5.тесілу (перфорация) сатысындағы жаралар 2 - нұсқа 1. Дизентерия кезіндегі зақымданған асқазан-ішек жолдарының бөлімі: 1.асқазан 2.тік ішек 3.жіңішке ішек 4.12 елі ішек 5.өңеш 2. Дизентерияның қолайсыз нәтижесі: 1. дивертикулалардың түзілуі 2.ішектің тыртықтанған стенозы 3. ішек карциноиды 4. ішек гранулематозы 5. ішектің аденокарциномасы 3. Тұмау кезіндегі өлім себебі 1. бүйрек жеткіліксіздігі 2.механикалық асфиксия 3. миға қан құйылулар 4.жүрек-қан тамырларының жеткіліксіздігі 5. бауыр жеткіліксіздігі 4. Дизентериялық колиттің үшінші кезеңіне тән сипат 1. жаралардың жазылуы 2.катаральды колит 3.ойық жаралы колит 4.фибринозды колит 5. қан кету 5. Дизентерияның асқынуы 1.атрофия 2. метаплазия 3. ішектің тыртықтанған стенозы 4. ішектің түйіндік гиперплазиясы 5.продуктивті гранулематозды колит 3 - нұсқа 1. Тұмау вирусы трахея мен бронхтардың эпителийіне қандай әсер етеді 1.цитолиз 2. атрофия 3.гипертрофия 4.десквамация 5.мүйіздену 2. Тұмаудың ауыр формасына тән көмей мен кеңірдектегі өзгерістер 1.катаральды қабыну 2. серозды қабыну 3.крупозды қабыну 4. фибринозды-геморрагиялық қабыну 5.шырышты қабықтың некрозы 3. Дизентерияның ішектен тыс асқынулары: 1.бронхопневмония 2.глосит 3.перитонит 4. бауырдың абсцесстері 5. амилоидоз 4. Вирустың белгілі бір жасушалар мен ұлпаларды зақымдау қабілеті қалай аталады 1.вируленттілік 2.тропизм 3.патогенділік 4.инвазивтілік 5.фагоцитоз 5. Дизентерияның ішектік асқынуы: 1. амилоидоз 2. гиперплазия 3.перитонит 4. атрофия 5.ішектен қан кету 4 - нұсқа 1. Тұмаудың жеңіл дәрежесіндегі жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабатындағы өзгерістердің нәтижесі. 1.тыртықтың түзілуі 2.шырышты қабаттың толық регенерациясы 3.терең ойық жаралардың түзілуі 4.созылмалы бронхит 5.созылмалы пневмония 2. Тұмау инфекциясының жұғу көзі 1.мысық 2.ит 3.құстар 4. науқас адам 5.шошқалар 3. Тұмау инфекциясының таралу жолы 1. фекальді-оральді 2.ауа тамшылы 3. контактылы 4.лимфогенді 5.гематогенді 4. Дизентерияның үшінші сатысындағы тоқ ішектегі өзгерістер: 1.катаральды колит 2.фибринозды колит 3.ойық жаралы колит 4.іріңді колит 5.серозды колит 5. Балалардағы дизентериялық колиттің түрлері: 1.флегмонозды 2. ойық жаралы 3.фолликулярлы 4.фолликулярлы-ойық жаралы 5. гранулематозды 5 - нұсқа 1. Тұмау инфекциясының жұғу жолы 1. фекальді-оральді 2. ауа тамшылы 3. контактылы 4.лимфогенді 5.гематогенді 2. Тұмау кезіндегі экссудативті қабыну түрі: 1. серозды-катаральді 2. серозды-геморрагиялық 3.іріңді 4.шіріктік 5.фибринді 3. Дизентерияның қоздырғышы: 1.сальмонелла 2.микобактериялар 3. шигелла 4. Вибрион Эль-Тор 5.стрептококк 4. Дизентерияның сатысы: 1.іріңді колит 2.геморрагиялық колит 3.катаральді колит 4. шіріктік колит 5.гранулематозды колит 5. Дизентерияның екінші кезеңі: 1. катаральды колит 2.фибринозды колит 3. ойық жаралы колит 4. жараның жазылуы 5.тесілу (перфорация) сатысындағы жаралар 6 - нұсқа 1. Дизентерия кезіндегі зақымданатын асқазан-ішек жолдарының бөлімі: 1.асқазан 2.тік ішек 3.жіңішке ішек 4.12- елі ішек 5.өңеш 2. Дизентерияның қолайсыз нәтижесі: 1. дивертикулалардың түзілуі 2.ішектің тыртықты стенозы 3. ішек карциноидтары 4. ішек гранулематозы 5. ішектің аденокарциномасы 3. Тұмау кезіндегі өлім себебі 1. бүйрек жеткіліксіздігі 2.механикалық асфиксия 3.миға қан құйылулар 4.жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі 5. бауыр жеткіліксіздігі 4. Дизентериялық колиттің үшінші кезеңіне тән сипаттамасы 1. жаралардың жазылуы 2.катаральды колит 3.ойық жаралы колит 4.фибринозды колит 5. қан кету 5. Тұмаудың асқынуы 1.некроз 2. атрофия 3.дисплазия 4.бронхоэктаз 5. ми тамырларының гиалинозы 7- нұсқа 1. Тұмау вирусы трахея мен бронхтардың эпителийіне қандай әсер етеді 1.цитолиз 2. атрофия 3.гипертрофия 4.десквамация 5.мүйіздену 2. Тұмаудың ауыр кезеңіндегі көмей мен кеңірдекке тән өзгерістер 1.катаральды қабыну 2. серозды қабыну 3.крупозды қабыну 4.фибринозды-геморрагиялық қабыну 5.шырышты қабықтың некрозы 3. Дизентерияның ішектен тыс асқынулары: 1.бронхопневмония 2.глосит 3.перитонит 4. бауырдың абсцесстері 5. амилоидоз 4. Вирустың белгілі бір жасушалар мен ұлпаларды зақымдау қабілеті қалай аталады 1.вируленттілік 2.тропизм 3.патогенділік 4.инвазивтілік 5.фагоцитоз 5. Дизентерияның ішектік асқынуы: 1. амилоидоз 2. гиперплазия 3.перитонит 4. атрофия 5.ішектен қан кету 8 - нұсқа 1. Тұмаудың жеңіл дәрежесі кезіндегі жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабатындағы өзгерістердің нәтижесі. 1.тыртықтың түзілуі 2.шырышты қабаттың толық регенерациясы 3.терең ойық жаралардың түзілуі 4.созылмалы бронхит 5.созылмалы пневмония 2. Тұмау инфекциясының жұғу көзі 1.мысық 2.ит 3.құстар 4. науқас адам 5.шошқалар 3. Тұмау инфекциясының таралу жолы 1. фекальді-оральді 2. ауа тамшылы 3.контактылы 4.лимфогенді 5.гематогенді 4. Дизентерияның үшінші сатысындағы тоқ ішектегі өзгерістер: 1.катаральды колит 2.фибринозды колит 3. ойық жаралы колит 4.іріңді колит 5.серозды колит 5. Балалардағы дизентериялық колиттің түрлері: 1.флегмонозды 2. ойық жаралы 3.фолликулярлық 4.фолликулярлы-ойық жаралы 5. гранулематозды 9 - нұсқа 1. Тұмау кезіндегі инфекцияның таралу жолы: 1.фекальды-оральді 2. ауа тамшылы 3.контактылы 4. Лимфогенді 5. Гематогенді 2. Тұмау кезіндегі экссудативті қабыну түрі: 1. серо-катаральды 2. серозды-геморрагиялық 3.іріңді 4.шіріктік 5.фибринді 3. Дизентерияның қоздырғышы: 1.сальмонелла 2.микобактериялар 3. шигелла 4. Вибрион Эль-Тор 5.стрептококк 4. Дизентерияның сатысы: 1.іріңді колит 2.геморрагиялық колит 3.катаральды колит 4.шіріктік колит 5.гранулематозды колит 5. Дизентерияның екінші кезеңі: 1. катаральды колит 2.фибринозды колит 3. ойық жаралы колит 4. жараның жазылуы 5.тесілу (перфорация) сатысындағы жаралар 10 - нұсқа 1. Дизентерия кезіндегі зақымданған асқазан-ішек жолдарының бөлімі: 1.асқазан 2.тік ішек 3.ащы ішік 4.12 –елі ішек 5.өңеш 2. Дизентерияның қолайсыз нәтижесі: 1. дивертикулалардың түзілуі 2.ішектің тыртықты стенозы 3. ішек карциноидтары 4. ішек гранулематозы 5. ішектің аденокарциномасы 3. Тұмау кезіндегі өлім себебі 1. бүйрек жеткіліксіздігі 2.механикалық асфиксия 3. миға қан құйылулар 4.жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі 5. бауыр жеткіліксіздігі 4. Дизентериялық колиттің үшінші кезеңіне тән сипаттамасы 1. жараның жазылуы 2.катаральды колит 3. ойық жаралы колит 4.фибринозды колит 5. қан кету 5. Дизентерияның асқынуы: 1. шіріктік колит 2.перитонит 3. синовит 4.крупозды пневмония 5.обтурациялық кедергі 11 - нұсқа 1. Тұмау вирусы трахея мен бронхтардың эпителийіне қандай әсер етеді 1.цитолиз 2. атрофия 3.гипертрофия 4.десквамация 5.мүйіздену 2. Тұмаудың ауыр кезеңіндегі көмей мен трахеяға тән өзгерістер 1.катаральды қабыну 2. серозды қабыну 3.крупозды қабыну 4. фибринозды-геморрагиялық қабыну 5.шырышты қабықтың некрозы 3. Дизентерияның ішектен тыс асқынулары: 1.бронхопневмония 2.глосит 3.перитонит 4. бауырдың абсцесстері 5. амилоидоз 4. Вирустың белгілі бір жасушалар мен ұлпаларды зақымдау қабілеті қалай аталады 1.вируленттілік 2.тропизм 3.патогенділік 4.инвазивтілік 5.фагоцитоз 5. Дизентерияның ішектік асқынуы: 1. амилоидоз 2. гиперплазия 3.перитонит 4. атрофия 5.ішектен қан кету 12 - нұсқа 1. Тұмаудың жеңіл дәрежесіндегі жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабатындағы өзгерістердің нәтижесі. 1.тыртықтың түзілуі 2.шырышты қабаттың толық регенерациясы 3.терең ойық жаралардың түзілуі 4.созылмалы бронхит 5.созылмалы пневмония 2. Тұмаудың асқынуы 1.некроз 2. атрофия 3.дисплазия 4.бронхоэктаздар 5. ми тамырларының гиалинозы 3. Тұмаудың түрін көрсетіңіз 1.абортивті 2.созылмалы 3.қайталамалы 4.тұрақты 5.ауыр 4. Тұмау инфекциясының көзі 1.мысық 2.ит 3.құстар 4. науқас адам 5.шошқалар 5. Дизентерияның үшінші сатысындағы тоқ ішектегі өзгерістер: 1.катаральді колит 2.фибринозды колит 3.ойық жаралы колит 4.іріңді колит 5.серозды колит |