Фарм КР-2. Келесі препараттарды шыу трі мен олданылуын білу ажет Золпидем
Скачать 23.15 Kb.
|
КЕЛЕСІ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ ШЫҒУ ТҮРІ МЕН ҚОЛДАНЫЛУЫН БІЛУ ҚАЖЕТ: Золпидем Шығарылу түрі: таблетка 10мг. Қолданылуы: ұйқының бұзылуында: ұйқының қиындауында, ранние и ночные пробуждения. (ұйықтатқыш зат) Нитразепам Шығарылу түрі: таблетка 5 және 1мг. Қолданылуы: Түрлі генездегі ұйқының бұзылуы, сомнамбулизм, хирургиялық операциялар алдындағы премедикация, эпилептикалық (миоклониялық) талмалармен сүйемелденетін энцефалопатия; 4 айдан 1-2 жасқа дейінгі балалардағы эпилепсия - Веста синдромы (инфантильдік түйілу немесе түйілмелі Салаам ұстамалары). (ұйықтатқыш зат) Хлоралгидрат Шығарылу түрі: ұнтақ; таблетка 0,5г Қолданылуы: Ол психикалық қозу кезінде, спазмофилия, сіреспе, эклампсия және т. б. кездерінде ұйықтатқыш және сіреспеге қарсы зат ретінде. (ұйықтатқыш зат) Этосуксимид Шығарылу түрі: капсула 0,25г; флакон 50мл(құрамында 2,5г препарат бар). Қолданылуы: эпилепсияның кіші ұстамасының алдын-алуда. (эпилепсияға қарсы зат) Хлорпротиксен Шығарылу түрі: таблетка(драже) 15 және 50мг; ампулада 1мл 2,5% ерітінді Қолданылуы: Психоз және психотикалық жағдайлар, мазасыздық, қорқыныш, психомоторлы қозу; соматикалық аурулардағы ұйқының бұзылуы; балалардағы невротикалық және мінез-құлық бұзылыстары кезінде және т.б. (психозға қарсы зат/нейролептик) Налоксон гидрохлориді Шығарылу түрі: инъекцияға арналған ерітінді 0,4мг/мл; ампула 1мл. Қолданылуы: Есірткі анальгетиктерімен жедел улану; есірткі анальгетиктерінің әрекетін тоқтату; босанған әйелге опиоидты анальгетиктерді енгізгеннен кейін жаңа туған нәрестелердегі тыныс алуды қалпына келтіру; опиоидты тәуелділікті диагностикалау. (опиоидты наркотикалық емес анальгетик) Промедол Шығарылу түрі: таблетка 25мг; ампула 1мл 1% және 2% Қолданылуы: жарақатта және басқа ауруларда болатын қатты ауырсынуды басу үшін; операцияға даярлау алдында және одан кейінгі кезеңде (ауырсынуды жою үшін талықсуға қарсы); жүкті әйелдер босанғанда ауырсынуды басу үшін және босануды жеделдету үшін. (наркотикалық анальгетик) Сиднокарб Шығарылу түрі: таблетка 10 және 25мг Қолданылуы: астения жағдайлары, жұмыскерліктің төмендеуі, транквилизаторлар мен миорелаксанттардың жағымсыз әсерлерін жою үшін, абстиненция жағдайлары. (психостимулятор) Флуоксетин Шығарылу түрі: капсула 20мг Қолданылуы: әртүрлі этиологиялы депрессия кездерінде. (антидепрессант) Сульпирид Шығарылу түрі: капсула 0,05-0,1-0,2; ампула 2мл 5%; флакон 0,5% Қолданылуы: Монотерапия ретінде немесе басқа психотропты препараттармен бірге жедел және созылмалы шизофрения; жедел делириозды жағдайлар; әртүрлі этиологиядағы депрессиялар; невротикалық бұзылулар; әртүрлі этиологиядағы бас айналу (вертебро-базилярлық жеткіліксіздік, вестибулярлық неврит, Меньер ауруы, бассүйек-ми жарақатынан кейінгі жағдай, отит); асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасына және тітіркенген тоқ ішек синдромына арналған қосымша терапия. (нейролептик) Буспирон Шығарылу түрі: таблетка 5 және 10мг Қолданылуы: Жалпыланған мазасыздықтың бұзылуы, дүрбелеңнің бұзылуы (паническое расстройство), вегетативті дистония синдромы, алкогольді шығару синдромы (көмекші терапия), депрессия (көмекші терапия). (анксиолитик) Кордиамин Шығарылу түрі: флаконда 15м; ампулада 1 және 2мл; шприц-тюбикте 1мл Қолданылуы: Коллапс, қан қысымының төмендеуімен бірге жүретін жағдайлар, тамыр тонусының төмендеуі және жұқпалы ауруларда және қалпына келтіру кезеңінде тыныс алудың әлсіреуі. (тынысты ынталандыратын зат) Глауцин гидрохлориді Шығарылу түрі: таблетка 0,05г Қолданылуы: өкпенің, жоғарғы тыныс жолдарының және бронх инфекциялары мен қабыну ауруларында жөтелді емдеу үшін; бронх демікпесі бар пациенттерге; көк жөтел, плеврит кезінде; өкпе обырын кешенді емдеу құрамында; туберкулезбен ауырғандарға. (жөтелге қарсы наркотикалық емес зат) Бромгексин Шығарылу түрі: таблетка 8мг Қолданылуы: жедел және созылмалы бронхопульмональды аурулар (бронх демікпесі, пневмония, трахеобронхит, обструктивті бронхит, бронхоэктаздар, өкпе эмфиземасы, муковисцидоз, туберкулез, пневмокониоз); тұтқыр қақырықтың алдын-алуда. (қақырық түсіретін зат) Кетотифен Шығарылу түрі: капсула және таблетка 1мг Қолданылуы: бронх демікпесінің алдын алу үшін, шөп қызбасында, ринитте және аллергиялық реакцияның дереу дамитын түрлерінде. (бронхоспазмда қолданылатын зат) Зилеутон Шығарылу түрі: таблетка 0,6г Қолданылуы: бронх демікпесінің алдын алу және емдеу үшін. (бронхоспазмда қолданылатын зат) Зафирлукаст Шығарылу түрі: таблетка 0,02 және 0,04г Қолданылуы: бронх демікпесінің алдын алу және емдеу үшін. (бронхоспазмда қолданылатын зат) Пирензепин Шығарылу түрі: инъекцияға арналған ерітінді; таблетка 50мг. Қолданылуы: Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы; созылмалы гиперацидті рефлюкс эзофагиті; асқазан-ішек жолдарының эрозиялық және ойық жаралы зақымдануы, соның ішінде ревматизмге қарсы және қабынуға қарсы препараттар; асқазан-ішек жолдарының стресстік жаралары; Золлингер-Эллисон синдромы; асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөліктеріндегі эрозиялар мен жаралардан қан кету. (м-холиноблокатор/ асқазан бездерінің секрециясын төмендететін зат) Ондансетрон Шығарылу түрі: инъекцияға арналған ерітінді 2мг/мл; таблетка 0,004 және 0,008г; ампула 2 және 4мл. Қолданылуы: Ісікке қарсы химиялық немесе сәулелік терапия жүргізу кезінде жүрек айну мен құсудың алдын алу; операциядан кейінгі кезеңде жүрек айну мен құсудың алдын алу және емдеу. (серотонинді рецепторлардың антагонисті/құсуға қарсы зат) Құрғақ сенна сығындысы Шығарылу түрі: таблетка Қолданылуы: Созылмалы іш қату, геморрой, проктит, анальды жарықтар кезінде нәжісті реттеу. (өсімдік тектес іш жүргізетін құрал) Кастор майы Шығарылу түрі: флаконда 30 және 50г; желатинді эластикалық капсулада 1г Қолданылуы: жедел дамыған іш қатуларда. (іш айдайтын зат) Жалпы сұрақтар: Ұйықтататын дәрілер Бензодиазепин қосылыстары: нитразепам, лоразепам, нозепам, темазепам, диазепам, феназепам, флуразепам. Бензодиазепин емес қосылыстары: золпидем, зопиклон. Барбитураттар: фенобарбитал (люминал, фенобарбитон), этаминал-натрий (пентобарбитал-натрий, нембутал) т.б. хлоралгидрат??? Опиоидты (наркотикалық) анальгетиктер Опиоидты рецепторлардың агонисттері: морфин, промедол, фентанил. Агонист-антагонисттері: пентазоцин, налбуфин, буторфанол, бупренорфин. Антагонисттері: налоксон, налтрексон. Эпилепсияға қарсы дәрілер Үлкен ұстамаларда: натрий вальпроаты, карбамазепин, фенобарбитал, ламотриджин, дифенин, гексамидин, топирамат. Кіші ұстамаларда: этосуксимид, клоназепам, триметин, натрий вальпроаты, ламотриджин. Психозға қарсы (нейролептиктер) препараттар «Типті заттар» 1)фенотиазин туын/ры: аминазин, трифтазин, фторфеназин. 2)тиоксантпен туын/ры: хлорпротиксен. 3)бутирофенон ту/ры: галоперидол. «Атипті заттар» 1)бензамидтер: сульпирид 2)бензодиазепин ту/ры: клозапин Антидепрессанттар Норадреналиннің нейроналды ұсталуын таңдамалы емес (үшциклді) тежейтін заттар: имизин, амитриптилин. Таңдамалы тежейтін заттар: флуоксетин, мапротилин. МАО-А таңдамалы тежейтіндер: моклобемид. Анксиолитиктер Бензодиазепин рецепторларының агонисттері: әсері ұзақ түрлері: феназепам, диазепам (сибазон, седуксен, валиум), хлордиазепоксид (хлозепид, элениум). Седативті препараттар Натрий бромиді, валериана тұнбасы, Пустырник тұнбасы. Психостимуляторлар Фенилалкиламиндер: фенамин Метилксантиндер: кофеин Ноотропты препараттар ГАМҚ туын/ры: пирацетам ГАМҚ циклды ту/ры: аминалон Тыныс стимуляторлары Тікелей ынталандыратын заттар: бемегрид, кофеин, этимизол. Рефлекторлы ынталандыратын заттар: цититон, лобелин гидрохлориді. Қақырық түсіретін заттар Муколитиктер: ацетилцистеин, карбоцистеин, амброксол (амбробене), бромгексин, кристалдық трипсин, кристалдық химотрипсин, ДНКаза (пульмозим). Жөтелге қарсы заттар Опиоидты (наркотикалық) препараттар: кодеин, этилморфин гидрохлориді. Опиоидты емес препараттар: глауцин гидрохлориді, тусупрекс. Бронхолитиктер Адреномиметиктер: сальбутамол, фенотерол, тербуталин, изадрин, орципреналин сульфаты, адреналин гидрохлориді. М-холинолитиктер: атропин сульфаты, метацин, ипратропия бромиді. Миотропты әсері бар спазмолитиктер: теофиллин, эуфиллин. Қабынуға қарсы және бронхолитикалық әсерлері бар препараттар Стероидты препараттар: гидрокортизон, дексаметазон, триамцинолон, беклометазон. Аллергияға қарсы дәрілер: кромолин-натрий, кетотифен. Лейкотриен жүйесіне әсер ететін дәрілер: зилеутон, зафирлукаст, монтелукаст. Асқазан бездерінің секрециясын төмендететін препараттар Протон насосының тежегіштері: омепразол, пантопразол. Н1-гистаминоблокаторлар: ранитидин, фамотидин, циметидин. М-холинолитиктер: атропин сульфаты, пирензепин. Құсуға қарсы және құстыратын дәрілер Апоморфин гидрохлориді, метоклопрамид, тиэтилпиразин, этаперазин, ондансетрон. Ішектің тонусы мен қозғалыс белсенділігін төмендететін дәрілер Холиноблокаторлар: атропин, пирилен, бензогексоний. Миотропты әсерлі спазмолитиктер: папаверин гидрохлориді, но-шпа. Ішектің жиырылғыш белсенділігін күшейтетін дәрілер (іш жүргізетін препараттар) Тұзды қосылыстар: магний сульфаты, натрий сульфаты. Өсімдік тектес: кастор майы, Сенна жапырағының сығындысы, Крушинаның сұйық сығындысы, Рауғаш таблеткасы. Синтетикалық заттар: бисакодил, изафенин, макрогол. |