Келісілді Балаба_ша ме_герушісі М. Айсарова _й_ыр ауданы Ават ау. Келісілді Балабаша мегерушісі М. Айсарова йыр ауданы Ават ауылындаы жекеменшік
Скачать 121.64 Kb.
|
Ұйғыр ауданы Ават ауылының жекеменшік «Т.Тамерлан» балабақшасы ересек «Үміт » тобының тәрбиешісі М.Анаятова, қырқүйек айынан бастап 25 бала бір тәрбиеші көмекшісі болып жұмысты бастадық. Тәрбиеші М.Анаятова бастауыш сынып мамандығы бойынша жұмыс істейді. Тәрбиешілер М.Анаятова 2019ж 12-қазанда «Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектепке дейінгі білім берудегі оқу процесін ұйымдастыру және жоспарлау» тақырыбындағы семинар – практикумнан өтті. Тәрбиешінің негізгі міндеттері: 1.Балалардың денсаулығын қорғау. 2.Балаларды ерте жастан әлеметтендіруді қамтамасыз ету. 3.Әр баланың ерекшеліктері мен мүмкіншіліктерін еске ала отырып, балалардың ақыл – ой, адамгершілік, дене бітімі, эстетикалық, эмоциялық танымдық қабилеттерін дамыту. 4.Балаларды күтуді, қорғауды ұйымдастыру. Балабақшада балаларды біз өз – өзіне қызмет етуге, үлкендерге құрмет көрсетуге, әсемдікті сезіне білуге, музыкаға, өнерге ынтасын арттыруға, табиғатты сүйүге тәрбиелейді. Табиғатты қорғау, жер, су, ауа, өсімдіктерді бағалау, сақтауға тәрбиелейді. Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді. Әр жылы мерекелерге ертеңгіліктер өткіземіз «1- қырқүйек білім күні», «Алтын күз»,«1-желтоқсан тұңғыш Президент күні»,«16-желтоқсан Тәуелсіздік күні» ,«Қош келдің, Жаңа жыл»,«8-наурыз аналар мейрамы» ертеңгіліктері өткізілді. Ата – аналармен екі рет жиналыс өткізілді.1.Балалардың білімін дамыту туралы. 2.Балалардың денсаулығы туралы. «Үміт» тобының тәрбиеленушісі Амирдинова Ширина Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай өткізілген сайыста өлең айтып, үшінші орынға ие болды. Тәрбиешілер төмендегі көрсетілген міндеттер бойынша жұмыс істейді. 1.Баланың денсаулығы мен психологиялық жағдайын жасау. 2.Танымдық қабілетін дамыту. 3. Шығармашылық қабілетін дамыту. 4. Әлеуметтік қабілетін дамыту. 5. Коммуникативті дағдыларын дамыту. «Шығармашылық» білім беру саласы «Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны: сүрет салу, мүсіндеу, жапсыру, музыка ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады. Мақсаты: өз ойларын, сезімдерін бейнелей білу дағдыларын, қоршаған ортаны қабылдай білуді, шығармашылық және байқағыштық қабілеттерін дамыту. Міндеттері: балалардың шығармашылық қабілеттерін, қоршаған болмысқа эстетикалық қызығушылығын дамыту: -балалардыңөнер туындыларын қабылдау қабілеттігін, эмоциалы қатынасын дамыту. - халық ойыншықтары туралы түсініктерін кеңейту, бірлесіп жұмыс жасау, жұмысты ұжыммен орындау дағдыларын қалыптастыру. Өз жұмысының нәтижесін бағалауға үйрету. Бұл сала бойынша Тохтасунов Ю, Сауржанов Н, Ренат А Нурахунова Д, Азнабакиев З үлгілі балалар. Бұл сала бойынша Сакеров Ш, Асимов Р, Ризайдинова Я, Турсунов О қийналады. «Денсаулық» білім беру саласы«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны: дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады. Мақсаты: дене бітімі жақсы қалыптасқан, денсаулығын сақтауға және шынықтыруға қабілетті мектепке дейінгі кіші жастағы бала тұлғасын қалыптастыру. Дене шынықтыру жаттығуларына қызығушылығын арттыру, қозғалыс ептілігі мен дағдыларын жетілдіру. Бұл сала бойынша Насирдинов Я, Зайнаудинова Р, Турсунова А, Сауржанов Н үлгілі балалар. Бұл сала бойынша Саурова Л, Кадирданова К, Абдримов И, Турганов И қиналады. «Таным» білім беру саласының мазмұны мен мақсаты мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған орта жайлы қарапайым түсініктері мен танымдық іс-әрекетінің қарапайым дағдыларын меңгеру және игерген дағдаларын күнделікті өмірде қолдануға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Жеке тулғаның дамуы үшін танымның мазмұны Іс-әрекеттерді ұйымдастыру формалары Балалардың өмірлік іс әрекеттері мен тәрбиесін ұйымдастырудың балабақшада қолданатын түрі және іс-әрекеттерді жүзеге асыру жолдары 1.Танымдық іс-әрекеттер барлық ұйымдастырылатын оқу іс-әрекеттері мен тәрбиелеуде 2.Серуендер кезінде балалардың қоршаған орта мен тығыз байланысы 3.Бақылау –қоршаған ортамен күнделікті іс- әрекеттердібақылау 4.Бірлескен – дербес және ересектермен бірлескен іздестіру іс – әрекеттері арқылы; Ең көп қолданылатын көрнекіліктер; Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы Бұл сала бойынша Сауржанов Н, Мухтаров А, Турсунова А, Акрамова Ш үлгілі балалар. Асимов Р, Абдримов И, Насирдинов Я, Кадирданова К, Турсунов О қиналады. «Әлеуметтік орта» білім беру саласы Стандарт: -тәртіпке барабар мінез-құлық тың баламасын таңдайды. Өз мүмкіншілік шегін біледі. -ересектермен және құрбыларымен бірлескен қызметке қосылады. Бала туғаннан бастап ересек адамдармен қатынасы қарқынды дамиды. Баланың бойында алғашқы үйірлігі қалыптасып, әлеуметтік күту пайда болып, бала мен ересек адамның өзара қатынас түрлері құрала бастайды. Сондай –ақ, бала үшін өз эмоциясын басқару сияқты күрделі шеберлік негіздерге, құрдастарымен және ересектермен қарым –өатынасында өзінің тұлға ретіндегі «мен» -ін ұғынуды үйрету аса маңызды. Өзінің эмоцияларыне басқара білетін бала, өзін –өзі ұстау мәдениеті мен адамгершілік дағдыларына ие болып, өзін тек жақын адамдарының арасында ғана емес, өзге де бейтаныс жағдайда, бейтаныс ортада жайлы сезініп, эмоционалды жайбарақаттыққа ие болып, өзін-өзі дұрыс бағалай алады. Әңгімелесу, ойын жаттығулары, тренингтер және ойындар арқылы бала өзінің сезімдерін игеруге үйренеді. Айналасындағылармен қарым-қатынас барысында өз сезімін білдіре алып, негізгі эмоциялары мен сезімдерін айыра және атай алады, им , ишара мимика арқылы білдіріп, өзге адамдардың ым-ишараттары арқылы олардың эмоционалдық көңіл-күйлерін салыстыра алады. Сонымен қатар, бала сезімдердің белгілі бір әрекеттер туғызатындығын және олар адамвның мінез – құлқына, көңіл күйлеріне әсер ететіндігін түсініп, бұл жағдайды ауызша анықтай алады. Ойнау арқылы бала ересектермен және құрдастарымен еркін қатынас жасауға дайындалып, бұл оның мектеп тәртібіне енуімен байланысты көптеген қиындықтардан құтылуға көмектеседі. Баланың балабақша жағдайында толыққанды дамуы үшін мынадай факторлары ескеру қажет: -құрдастарымен, ересектермен қатынаста, қзін – өзі ұстау мәдениетінде, адамгершілік нормалары мен ережелерін меңгеруде және түсінуде, һз әрекеттеріне баға беруде, еңбек әрекетіне деген көзқарасында, өзін тұлға ретінде «Мен - адаммын» деп сезінуде баланың тәжіребесін байыту. -бірден баланың барлық мәселесін шешуге ұмтылмай, оның сол күйге ұшырау себебінің қайдан пайда болғандығын, балаға адам мен табиғаттың біртұтастығын түсіндіру, олардың арасындағы өзара қатынасты көруге, барлық тіршілік атауына ұқыпты қатынасуға және оны сүйе білуге үйрету. -қақзақ және Қазақстан Республикасында тұратын ұлттардың мәдени құндылықтарын түсінеді. Бұл сала бойынша Саурова Л, Турганов Инсаф, Кадирданова Камила қиналады. «Қатынас» білім беру саласы Тіл дамыту Мақсаты: тілдік қарым – қатынас іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру. Сөзді тыңдап және оны түсіну, әңгімеге ароаласып, өзіне қойылған сұрақтарға жауап беріп, өзін қызықтырған сұрақтарды сұрауға үйрету. Тәрбиешінің көмегімен ойыншық туралы, сурет бойынша 2-3 сөзден тұратын қысқаша әңгіме құрау. Балаларға таныс ертегілердің драмалауға қатыстыру. Шығармашылық тілді дамыту Шағын тақпақтар мен өлеідерді айтуға үйрету. Тақпақтап, үйқасты сөздер айтып ойналатын ойындарды балалр қызығатындай етіп өткізу керек, сол арқылы баланың тілі дамиды. Қол мен саусақты жаттықтыруға арналған ойындар мен ойыншықтарды қатыстырып шағын оқиғалар құрастыру, өздері білетін ертегілерді драмалау. Көркем әдебиет Мақсаты: халық ауыз әдебиеті мен балалар әдебиеті шығармаларымен таныстыру. Көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру. Үлкендердің аты-жөнін сыпайы түрде атап, «Сіз» деп айтуға, амандасу, қоштасу, алғыс айту секілді әдептілік қарым –қатынас мідениеті мен сыпайылық дағдыларын қалыптастыру.Үлкендермен және құрдастарымен қарым- қатынаста «көмектесуіңізді сұраймын», «менімен ойнашы» сөздерін қолдануға үйрету. Адамдармен қарым – қатынаста ұлты мен тіліне қарамастан қайырымды әрі жайдары қарым –қатынас жасау керектігін үйрету.Түрлі ұлт өкілдерімен сенімді қарым –қатынас орнатуына жағдай жасау. Бүл сала бойынша Тохтасунов Ю, Ренат А, Нурахунова Д, Сауржанов Н үлгілі балалар. Насиров Ю, Абдримов И, Турдахунова Г, Насирдинов Я, Асимов Р қиналады. Балабақшада білімі педагогикалық қызметі сай емес педагог жоқ. Жыл бойына педагогтар өзіндік білім көтеру бойынша курстарға үнемі қатысып тұрады. Жыл бойын жылдық жоспарды іске асыру мақсатында 4 педагогикалық кеңес өткізілді. 1.Жылдық міндеттермен таныстыру және жылдық жоспарды бекіту. 2. «Театрландырылған ойындар арқылы балалардың тілін дамыту» 3. .«Мектепке дейінгі мекемеде күн тәртібін тиімді ұйымдастыру». 4. Қорытынды педагогикалық кеңес. Жыл бойына 3 семинар өткізілді: 1. Балабақша ішілік «Ойын технологиясының мектепке дейінгі тәрбиелеумен оқытудағы тиімділігі». 2. «Мектепке дейінгі тәрбиеде инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі». 3. Мектеп жасына дейінгі баланы ойын әдісі бойынша дамытуға арналған ақыл- ой жаттығулары. Жас мамандардың оқу қызметіне тоқталып өтетін болсақ: Г.Навердинова сабақтары жоғары деңгейде өткізілді. Алайда әдістемелік кеңестегі жалпы талдау бойынша тәрбиешілер: С.Турдахунованың сабақ деңгейінің талапқа сай еместігіне ескерту айтылды. Осы сұрақ бойынша бірқатар педагогтар өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсете алмады, нақты айтқанда: М.Матниязова , А.Ашимова. Сонымен қатар жаңадан келген тәрбиешілерге әлі де тәжірибе жинақтау мақсатында: ашық сабақтары келесі жылға қалтырылды. Жыл бойына балабақшада қыркүйек айынан бастап, «Күзгі көркем гүл шоқтары» көрмесі, қол өнер бұйымдарының көрмесі , «Алтын күз» мерекесі өткізілді, «Елбасы елдің тірегі» атты ортаңғы, ересек топтарымен мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сондай-ақ тәрбиешілер ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік тұғырың» тақырыбында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне орай патриоттық іс-шара өткізілді. Сондай-ақ «Кел, жаңа жыл», «Туған күн», «Екі жұлдыз» байқауы, «Құттықтаймын анашым», «Қош келдің, Наурыз »мерекесі, «Балабақшамен қоштасу» ертеңгілігі өткізілді. Ал тәрбиешілер арасында «Үздік топ», «Үздік алаң», «Үздік тәрбиеші» «Талантыңмен таныл» шығармашылық байқауы, «Әкем, шешем және мен» атты отбасылық байқауы өткізілді. Сонымен қатар «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында жыл бойын жоспарланған іс-шаралар өткізілді. Сондай-ақ , бес білім саласының міндеттемелерін іске асыру үшін әр түрлі іс-шаралар ойластырылып жас ерекшеліктеріне қарай сахналық қойылымдар, ертегілер кейіптендіріліп, мазмұнды рөлді ойындар, сабақтар мерекелік көңілдендіру шаралары өткізіліп тұрады. Мерекелік ертеңгіліктер ертегілер желісі бойынша құралып балалардың еркін рөлге кіріп, балалар театрларының түрлерімен танысты.Сонымен қатар балалармен әр түрлі ойындарды ұйымдастыру арқылы айнала қоршаған ортаны танып білуге деген қызығушылығын арттыра отырып ертегілерді кейіптендіру, сахналық қойылым көрсетіп мазмұнды рөлді ойындармен салт-дәстүрлермен таныстыру мақсатында әр топтарда .көрнекіліктер қоры жинақталды. Оқыту тәрбиелеу үрдісінде ауыз әдебиетін пайдалану арқылы баланың сөйлеу тілін, сөздік қорын байыту, қарым-қатынас мәдениетін дамыту, сауат ашу негіздерін меңгеруге даярлау міндеті бойынша топтарда салт дәстүрімізбен таныстырып, тілін дамыта отырып қиялын, ой-өрісін кеңейту үшін ұлттық ойындар, ұлттық ертегілер негізінде сахналық қойылымдар көрсетіліп, іс-шаралар өткізілді. Сөздік қорын байыту, қарым-қатынас мәдениетін дамыту мақсатында топтарды желілі-рөлді ойындар дидактикалық ойындар, күннің екінші жартысында концерттік бағдарламалар көрсетіледі. Жылдық мақсатты іске асыру үшін танымдық ойындар арқылы баланың жалпы тұлғалық ой-өрісін дамыту үшін тәрбиешілер балалармен күн барысында топтарда үстел ойындарын лото, домино, тақырыптық ойындар (Мысалы: қайда не өседі ,бұл қай кезде болады, бұл кімге керек, қатесін тап, сыңарын тап т.б) қимыл белсенділігін, ептілікті тілді дамытатын ойындарды күнделікті өткізіп отырады. Жас ерекшеліктеріне қарай сабақты бекіту, сабақта меңгерген материал туралы түсінігін кеңейту, баланың шығармашылығын дамыту, танымдық белсенділігін арттыру, тіл байлығын молайту үшін ойындар сабақтың тақырыбына мақсатына сай таңдалынып алынады.Оқу-тәрбие барысында тәрбиешілер ойындарды дұрыс қолдану үшін ойынның мазмұнымен өткізілу әдістемесін жете білуіне, ойынның тәрбиелік және танымдық мақсатын дұрыс ашуына тәрбиелік бағдарламаның толық қанды орындалып жыл басынан әдістемелік жұмыстар толық қанды жүргізіліп отырады. Жыл бойына бақшада ай сайын ескертпелі бақылау (күн тәртібі, іс-құжаттардың жүргізілуі, балалардың тамақтану деңгейі), тоқсандық жедел бақылау, жаппай бақылау; мектепалды даярлық тобында оқу тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы,пән мұғалімдерінің оқу тәрбие жұмысы, іс-құжаттары қаралып қатемен жұмыстар жүргізілді. Бақылау қорытындысы әр педагогикалық кеңес соңында қаралып, қажетті шаралар ұйымдастырылды. Жыл бойына дөрекі қателіктер жоқ. Сондай-ақ жыл бойы оқу тәрбие қызметін қадағалау мақсатында бес білім саласы бойынша индикатор жүргізіліп тұрады. Қорыта келгенде балабақшаның 2019-2020 оқу жылындағы жылдық жоспарды орындау бойынша орынды қателіктер болған жоқ «Жүжәләрим» тобында бес сала бойынша сабақтар өтіліп келеді: 1 .«Коммуникация» білім беру саласы 2. Таным» саласы. 3 « Әлеуметтік білім беру саласы 4 «Денсаулық» саласы 5. Шығармашылық» саласы Психолог Г.Икрамжанова балалармен психологиялық тренингтерді және жұмыстар жүргізеді. Медбиеке А.Исламярова балаларның денсаулығын қадағалайды. І - жартыжылдықта «Таным» саласы бойынша«Жүжәләрим» тобы балалары заттың сынын (бейнесін) – ақ, көк, қызыл, қара, әдемі, жақсы, үнемі, кіші, ұзын, қысқа, кең, тар т.б. білдіретін сөздерді меңгерді.Геометриялық пішіндерді тануға,уақытты бағдарлауды, заттарды салыстырады.. Қатынас білім саласы бойынша жалпы ұғым беретін – ыдыс, киім, ойыншық, мал, құс, т.б сөздерді меңгерді.Дыбыстарды айта білуге, зат есімдерді көпше,жекеше түрде қолдануды,шағын тақпақтарды жаттайды .Өзіне қойылған сұрақтарға балалар дұрыс жауап береді. Шығармашылық сала бойынша сурет салуды, сызықтарды батыл жүргізу, белгілі бір заттардың пішінін ұқсата біліде..Мүсіндеуден алақан арасына салып айналдыра домалақтау, қысып басу арқылы жалпақтатуды меңгерді. Әр түрлі өлеңдерді айтуды, музыка тыңдауды ,ән айтуды біледі. «Жүжәләрим» тобы қарындашты дұрыс ұстай білуді үйренді. Мүсіндеуде саз балшықпан жұмыс алдында жеңін жүріп алуға, оны ұқыпты пайдалануды меңгерді. Денсаулық саласы бойынша кіші топ балалары қимылды ойындарды ойнауды, сапқа тұру, бірінің артынан бірі жүру, секіру, лақтыру, жүгіру түрлерін, өрмелеудің түрлерін меңгерді. Әлеуметтік білім саласы бойынша отбасы мүшелерін атауға ,балабақша,балабақша қызметкерлері еңбегі туралы,табиғат құбылыстарын ажыратадыі.Рәміздерді атауға ,көлік түрлерін атайды . Осы оқу жылында тәрбиешілер екі ата-аналар топтың жиналысын, «Кел ,жаңа жыл!1 ертеңгілігі және ашық сабақтарды өткізді.Атап өткенді: С. Турдахунова математикадан «Заттардың екі тобын әр түрлі тәсілдермен салыстыру»,суреттен « Қар жамылған бұтақ»,көркемден « Бауырсақ» сөйлеуді дамытудан « Ойыншықтар». Г.Навирдинова экологиядан «Алтын балық», дене шынықтырудан «Орындықтан секіру»,қазақ тілі « Жабайы аңдар»,музыкадан « Аю», қоршаған ортадан « Құртақанды киіндіріміз»сабақтарын өткізді . « Жүжәләрим» тобы тәрбиешілері М.Анаятованың 6 сабағына, сабағына орыс тілі мұғалімі С. Хетахунованың «Домашные животные и их детьенышы» сабағына,қазақ тілі мұғалімі М. Матниязованың «Үй жануарлары»сабағына, А.Ашимованың « Жабайы және үй жануарлары»тақырыбындағы сабақтарына қатысты..Тәрбиешілерге өткізілген сабақтар бойынша төмендігі ұсыныстар берілді: уақытты тиімді пайдалану, балалардан жеке жауап алу,көрнекіліктерді және технологияларды пайдалану Сабақтар бойынша көрнекіліктер жинақталды. С.Турдахунова 16 cабаққа, Г.Навирдинова 18 сабаққа қатысты.Оқу жыл барысында бастапқы және аралық диагностикасының нәтижелерін бақылау жұмыстары жүргізілді. Жекеменшік «Т.Тамерлан» балабақшасы 2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫ Мақсаты: Балабақша және отбасы: жаңартылған білім беру мазмұны аясында табысты түлектің құзыреттілігін қалыптастыру. Міндеттері: 1. Денсаулық сақтау технологияларын енгізу арқылы балалар мен МДҰ педагогтерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру. 2. МДҰ-ның тәрбиелеу-білім беру процесіне жобалау технологиясын енгізу арқылы мектепке дейінгі балалардың зияткерлік қабілеттерін дамыту
|