Келісілді Балаба_ша ме_герушісі М. Айсарова _й_ыр ауданы Ават ау. Келісілді Балабаша мегерушісі М. Айсарова йыр ауданы Ават ауылындаы жекеменшік
Скачать 121.64 Kb.
|
Келісілді _________________ Балабақша меңгерушісі _________ М. Айсарова Ұйғыр ауданы Ават ауылындағы жекеменшік «Т.Тамерлан» балабақшасының 2020-2021 оқу жылына Жылдық жұмыс жоспар Ұйғыр ауданы Ават ауылындағы жекеменшік «Т.Тамерлан» балабақшаның 2020-2021 оқу жылына жылдық жұмыс жоспар Мектепке дейінгі мекемеде тәрбие мен оқу үрдісін ұйымдастыру жолдары Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады. Баланы тәрбиелеу,дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы. Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты-тұлғаны оқыту,тәрбиелеу,дамыту. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Баланы өмірге дайындау үшін дамытудың маңызы ерекше. Даму барысы зердесін дамыту; эмоциясы мен сезімдерін дамыту; күрт қиыншылықтарға төтеп бере алуын дамыту; өзіне-өзінің сенімділігін; өзін-өзі қабылдау,жақсы көруді дамыту, танымдық үрдісін дамыту; өзін-өзі алып жүре алуын, дербестігін дамыту; дербестігін дамыту; өзін-өзі көрсете алуына, өзін-өзі жетілдіруге ынтасын дамыту. Баланың бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі жүреді. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6жастағы балалар заттарды түсіне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай біліуге, адам баласының бай тәжірбесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш,еліктегіш, әр нарсеге үңіле қарайды, көп нәрселер оларды ойлантады. Қазіргі таңда жеке қоғам үшін белсенді түрде, яғни аз уақытты қамтып, жоғары сапалы дәрежеде дамуы қажет. Сол себепті, бұл педагогикалық жүйені-дамыта оқыту дейміз. Дамыта оқыту жеке тұлғанын дамуына бағыт-бағдар беріп, белсенділігін арттырады. Физиологиялық дамуда бала бойының өсуі, бұлшық еттің дамуы, салмақтың қосылуы, яғни дені сау шыныққан т.б. Қорытындылар айтуға болады. Қазіргі кездегі дамыта оқыту жүйесі балаға өз бетінше ойлана білуге, сырт ортамен қарым-қатынас жасауына ықпал етеді. Қарым-қатынас жасау барысында жоспарлауға, мақсат қоя білуге, қойылған мақсат-міндеттерді жүзеге асырып, қорытынды жасай білуге дағдыланды. Міне осындай «жүйелер арқылы өзіндік даму» жүзеге асады. Соның негізінде өзіндік талдау, жинақтау ,өзіндік бағыт беру, өзіндік тәрбие, білім алу жүйелері қалыптасады. Балалақшаның өзекті мәселелері: тәрбиеші-педагогтардың іскерлігін жетілдіре отырып жана стандарт негізінде тәрбиелеу мен оқыту сапасын арттыру,дамыту. міндеттері: педагогтардың педагогикалық іскерлігін жетілдіре отырып, жаңа білім беру стандарты негізінде тәрбиелеу мен оқыту сапасын арттыру. тәрбие мен оқыту жұмыстарын тиімді ұйымдастыра отырып, тәрбиеші педагогтардың кәсіби шеберлік деңгейін үздіксіз көтеру. жас мамандардың кәсіби тұлғасын қалыптастыруға, кәсіптік шеберліктерін көтеруге көмек көрстеу Күтілетін нәтижелер *ұйымдастырылған оқу қызметінің жоғары деңгейде өткізілуі. *оқу үрдісінде оқу әдістемелік және дидактикалық материалдарды жоспарлы түрде қолдана білу, және ақпараттық кеңістікке лайық жаңа білім мазмұнын қолдану. *оқу қызметі үрдісін жақсарта отырып балабақша тәрбиеленушілерінің интеллектуалдық қабілетін дамыту, отанын сүйетін, рухани жан дүниесі бай,білімді азамат тәрбиелеуге бағыттау. Балабақшамыздағы оқу тәрбие жұмысы заман талабына сай даму үстінде. Балабақшаның жұмыс барысынан болашақ атқарылатын істердің перспективасын аңғаруға болады.ол балабақшада өткізіліп жатқан терең мәнді мағыналы жаңа қолданылып жатқан әдіс-тәсілдерден, оқу- тәрбиенің сапасын арттыруға бағыт талған ұйымдастырудың жаңа формаларынан көруге болады. Бақшамыздағы оқу- тәрбие жұмысы бір тұтас қалыптасып келе жатқан жүйені құрайды: 1. Интеграция- мекемедегі түрлі қызметінің өзара байланысы. 2. Балалармен үлкендердің біріккен әрекеті. 3. Балалардың жас ерекшелік және жеке қасиеттерін ескеру. Бақшадағы әдістемелік оқу жүйесі атқарылып жатқан іс-шаралардың қортындысы негізінде, педагогтардың кәсіби шеберлігі, санаты, тәрбиешілердің сұранысы және жеке қызығушылықтарын ескере отырып құрылады. Әдістемелік жұмысты құру барысында біз төмендегідей мақсаттарды алдымызға қоямыз: 1.оқу-тәрбие жұмысының деңгейін көтеру,нақты нәтижелі жұмыс көрсету. 2.жас мамандарға педагогикалық шеберлікті меңгеруіне көмектесу. 3.әр тәрбиешінің жеке қасиеттерін ескере отырып оқу -тәрбие жұмысын біріккен әрекеттерді ұйымдастыру. Ұжымымызда әр түрлі іс-шараларды дәстүрден тыс әдістерді қолдану арқылы өткіземіз Жалпы мәлімет заңды тұлғаның атауы: ұйғыр ауданы ават аулындағы жекеменшік «т.тамерлан» балабақшасы Іске қосылды: 2018ж сәуір-- ж. Жоба қуаты: --50 қосымша және бір топ дайын тек қаражат жоқ. Бала балабақша аптасына бес күндік жүйемен жұмыс істейді, балалардың келіп-кетуі 8.00.- 18.30 уақыт аралығы. Балабақшаға 3 жас пен 5 жас аралықтағы балалар қабылданады Заңды паспорты: негізгі техникалық мәліметтер: 1қабатты ғимарат, жеке жылыту, су, канализаци «т.тамерлан» балабақшасы мекемелік құжаттар, ішкі тәртіпті ұйымдастыру құжаттарын, соның ішінде: • мемлекеттік № тіркеу куәлігі № 0910-№0001212 • білімді ұйымдастыру жарғысы • техникалық паспорт; • ғимараттың сызба жоспары; • медициналық құжатпен қамтамасыз етілгендігі туралы құжат; лицензия -------------, 23.07.20----ж. • штаттық кесте және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулары; • тәрбие процесін ұйымдастыруға қатысты және ішкі нормативті құжаттар; • ұжымдық келісім-шарт • педагогтар және тәрбиеленушілер жайлы мәлімет. 2. Кадрлар жайлы ақпарат «Т. Тамерлан» жекеменшік балабақшасы Алматы облысы ,Ұйғыр ауданы, Ават ауылында орналасқан. «Т.Тамерлан» жекеменшік балабақшасы 2018 жылдың 04 сәүірінде іске қосылды. Бір типтік ғимаратта орналасқан балабақшада бүлдіршіндерге арнап жабдықталған топ бөлмелері бар. Екі топ бүлдіршіндеріне қазіргі заман талабына сай жабдықталған. Оқу, ойын бөлмесі, шешінетін, жатын бөлме, асхана, жуынатын бөлмелер бар. Сонымен бірге әкімшілік бөлмелері, ыдыс жуатын, кір жуатын, медициналық бөлме, әжетхана, қоймалар бар. Медицина бөлмесі балалардың антропометриялық өлшеулерін анықтайтын құралдармен, дәрі-дәрмекпен жабдықталған. Балабақша ауласында бастырма, ойын алаңы бар. Көгалдандыру жұмыстары жоспарланып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Балабақша өртке қарсы құрал-жабдықтармен қамтылып, сақтандыру жабдықтары дайындалған. Балабақшада 17 қызметкер жұмыс істейді 3-ші бала күтү демалысында ,1 ақысыз демалыста жалпы 21 адам Педагогикалық ұжым –8 педагогтардан құралған, олардың барлығының педагогикалық білімі бар:Педагогтардың білім деңгейі: Жоғары педагогикалық – 90% Оның ішінде мектепке дейінгі -10% Орта педагогикалық – 10 % Оның ішінде мектепке дейінгі 10 % Мамандықтарына санаттары сай: Жоғары –0 % Бірінші–10% ІІ санатты –10 % Санаты жоқ –90 % 1.Педагогикалық ұжымның жас ерекшеліктері
2.Педагогикалық еңбек өтілдері
3.БАЛАЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
ЖЕТІСТІКТЕР 1.Аудандық тәрбиеші-2019 сайысында 3 орын 2.Аудандық балабақша психологтар сайысында 3 орын 3.Аудандық балабақшалар сайысында алғыс хат 4.«Үміт» тобының тәрбиеленушісі Амирдинова Ширина Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай өткізілген сайыста өлең айтып, үшінші орынға ие болды БАЛАЛАРДЫҢ МЕКТЕПКЕ ТҮСУІ
2019-2020 -ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАТЫСУЫ МЕН ДЕНСАУЛЫҒЫНА ТАЛДАУ
№ 2 ҚОСЫМША ТОПТАРДЫ ТОПТАСТЫРУ
|