Главная страница
Навигация по странице:

  • Цифрлы сауаттылық

  • Бірінші бағыт

  • екінші бағыт


  • Курстың оқу жоспары

  • Цифрлы Сауаттылық 7 сын. Келісілді Бекітемін Б отырысында


    Скачать 20.2 Kb.
    НазваниеКелісілді Бекітемін Б отырысында
    Дата28.01.2022
    Размер20.2 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЦифрлы Сауаттылық 7 сын.docx
    ТипДокументы
    #344409

    Келісілді: Бекітемін: ӘБ отырысында

    Зеренді ауданы бойынша Ақмола облысы ББ қаралды «Білім бөлімі» ММ Зеренді ауданы бойынша ӘБ жетекшісі:

    ӘК меңгерушісі: «Еленовка ауылының ЖОББМ» КММ Ескендирова Г.Н.

    Маршалко Н.Н мектеп директоры: Хаттама №____

    Нуртазина А.М.

    ________________ ______________ _______________

    «__»__________2021 ж «__»_________2021 ж «__»________ 2021 ж

    Цифрлы сауаттылық

    Күнтізбелік – тақырыптық жоспар

    Информатика пәні мұғалімі: Ернар Ж.

    2021-2022 оқу жылы.

    Түсінік хат

    Цифрлық сауаттылық – цифрлық  технологияларды және интернет ресурстарын қауіпсіз және тиімді пайдалану үшін қажет білім мен дағдылардың жиынтығы. Цифрлық технология қоғам өміріне әсерін молынан тигізуде. Соның нәтижесінде денсаулық сақтау мен білім беру, қала тіршілігі, жалпы адамның күнделікті өмірі айтарлықтай өзгеріп, жаңа сипатқа ие болуда.  «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру кезеңі бастау алып, еліміздегі барлық саладағы жұмыс істейтін халық толығымен ақпараттық технологияларды игеруде.

    ХХІ ғасырға лайықты ізгі қасиеттерге ие болу – бүгінгі таңдағы әрбір жеке тұлғаның алдында тұрған асыл міндет. Қазіргі кезде адамның кәсіби шеберлігіне, білім өрісіне, зиялылық және танымдылық деңгейіне жаңа технология дәуірінің өзі биік талаптар қойып отыр. Өткеннен сабақ ала отырып, болашақтың қоржынына өзіміздің халықтық қасиетімізбен, жаңарған болмысымызбен, терең ой-санамыз және сапалы дүниелерімізбен үлес қосу – жаһандану кезеңінің табалдырығында тұрған біздер үшін аса маңызды іс. Елбасының сөзімен айтқанда, «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет».

    Заманауи технологиялар біздің өмірімізге тұрақты түрде енгізілуде, «Цифрлік» тұжырымдамасын тек ғылыми конференцияларда ғана емес, күнделікті өмірде де жиі кездесетін болдық. Цифрландыру үрдісі, мінсіз білім беру үдерісі мен сапасына әсер етеді. Оқу үрдісінде компьютер оқып-үйрену нысаны ретінде, сонымен бірге оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен оқытудың мазмұнын меңгеруді диагностикалау құралы ретінде әрекет етеді. Мұның өзі ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Бірінші бағыт тұрғысынан алып қарасақ, ақпараттық технологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды, ал екінші бағыт тұрғысында ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.

    Бұл технологияның өзектілігі қоғамның ақпараттандыру жылдамдығының артуымен сипатталады. Жаңа ақпараттық технологияны пайдалану білім мазмұнын жаңартумен, ақпараттық ортаны қалыптастыруымен, сондай-ақ сапалы білім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен ерекшеленеді. Соңғы кезеңде қазіргі заманғы педагогикалық ғылым мен практика түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соның ішінде оқыту үрдісі ақпараттық – коммуникациялық жағдайларда жаңа көрініс алу жолында басқаша жаңалаған жолмен ХХІ ғасыр талаптарына сай білгір, уақытты үнемдей алатын тұлғаны қалыптастыруға бағытталады.

    Ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде – өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайды.

    Қазіргі білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі дамыған цифрлық инфрақұрылым болып табылады. Сондықтан білім беру ұйымдарында ІТ-инфрақұрылымды, цифрлық білім беру ресурстарын, ашық онлайн-курстардың желілері мен платформаларын дамыту, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру жұмыстары іске асырылуда.

    Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты  «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.

    Білім – болашақ бағдары, кез-келген маман даярлайтын оқу орнының басты міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Құзірет - оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру  мақсатындағы табысты іс-әрекетіне қажетті білім дайындығына әлеуметтік тапсырыс. Құзыреттілік – оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Ақпараттық құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру және ақпараттық – коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті.

    Ақпараттық коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.

    Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.

    Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Білім салаларында бұл бағдарламаны жүзеге асыру және тиімді қолдану бүгінгі таңдағы өзекті мәселесі болып табылады.

    Білім саласындағы цифрландырудың ең басты міндеті білім беру сапасын арттыру, яғни халықаралық дейгейде әртүрлі салаларда, оның ішінде «жасанды интеллект» және «ауқымды деректер» жасау саласында бәсекеге қабілетті Ел жастарын дайындау болып табылады.


    Курстың оқу жоспары:



    Тақырыптары

    Сағат саны

    Өткізу мерзімі

    Ескерту

    1

    Цифрлы Қазақстан

    1







    2-3

    Цифрландырудың жаһандық трендтері және халықаралық тәжірибе

    2







    4

    Ағымдағы жағдайды талдау

    1







    5-6

    Экономика салаларындағы цифрлық түрлендірулер

    2







    7-8

    Мемлекеттік органдардың қызметін цифрландыру

    2







    9-10

    Цифрлық инфақұрылымды дамыту

    2







    11-12

    Ақпараттық коммуникациялық инфақұрылым

    2







    13

    Адами капиталды дамыту

    1







    14-15

    Инновациялық экожүйені құру

    2







    16-17

    Экономика салаларын цифрландыру

    2







    18

    Цифрлы мемлекетке көшу

    1







    19

    Цифрлы мемлекет

    1







    20-21

    Цифрлы жібек жолын іске асыру

    2







    22-23

    Басқару жүйесі

    2







    24

    Элкетрондық сауда

    1







    25

    АКТ саласын дамыту

    1







    26

    Байланыс желілерін және АКТ инфақұрылымын кеңейту

    1







    27

    Электронды үкімет

    1







    28-29

    Ақылды қала.

    2







    30

    Экономика салаларын цифрландыру

    1







    31

    Өнеркәсіпті және электр энергетикасын цифрландыру

    1







    32

    Қаржылық технологияларды және қолма – қол ақшасыз төлемдерді дамыту

    1







    33

    Мемлекет - бизнес

    1







    34

    Қорытынды.

    1







    2\
    Әдебиеттер тізімі:
    1. Республикалық ғылыми- әдістемелік журнал, №24, 2020

    2. Г.К.Селевко. Компьютерные (новое информационные) технологии обучения.

    3. Дьяченко В.К. Новая педагогическая технология и ее звения. Изд. "Соло"

    Красноярского университета.

    4. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы

    5. Интернет материалдары


    написать администратору сайта