Главная страница

Жүкті әйелдердегі кеш гестоз немесе гипертензиялық жағдайлар кез. Кеш гестоздар немесе жктілік кезіндегі гипертензивті жадайлар. Жоспар


Скачать 86.5 Kb.
НазваниеКеш гестоздар немесе жктілік кезіндегі гипертензивті жадайлар. Жоспар
Дата02.11.2021
Размер86.5 Kb.
Формат файлаdoc
Имя файлаЖүкті әйелдердегі кеш гестоз немесе гипертензиялық жағдайлар кез.doc
ТипДокументы
#261814

Кеш гестоздар немесе жүктілік кезіндегі гипертензивті жағдайлар.
Жоспар:


  1. Гипертензивті жағдайлардың түрлері

  2. Преэклампсия

  3. Эклампсия.

Код МКБ-10: О-10

010 -гипертензия жүктілікке дейін дамыса және 20 апта жүктілігіне дейін анықталса.

013 – жүктіліккпен шақырылған гипертензия

014 – преэклампсия

014.0- преэклампсияның жеңіл түрі

014.1- преэклампсияның ауыр түрі

015- эклампсия

Гипертензия дегеніміз – бұл диастолық қан қысымының 110мм. сынап бағанасынан тең немесе жоғары болса, бір рет өлшегенде немесе 90мм. сынап бағанасына тең немесе жоғары болса 2 рет өлшегенде 4 сағат арасында

Мақсаты : босанудың тиімді ұақытын және мерзімін анықтау және бақылау

Түрлері:

Созылмалы артериялды гипертензия - бұл гипертензия жүктілікке дейін дамыса және 20 апта жүктілігіне дейін анықталса.

Гестациялық гипертензия – 20 апта жүктіліктен кейін дамиды. Қан қысымы босанғаннан кейін 6 апта ішінде қалыптасады. Гестациялық гипертензия преэклампсияға өтуі мүмкін, сондықтан мониторинг жасауды қажет етеді.

Преэклампсия – бұл көп жүйелі синдром, қан қысымы жоғарылауымен және протеинуриямен сипатталады.

Эклампсия – таралған ерелме (судороги) эпилипсиямен және баска патологиямен бірлеспеген.

Гипертензивті жағдайлардың жіктелуі:

  • созылмалы артериялды гипертензия

  • гестациялық гипертензия

  • преэклампсия

  • преэклампсияның жеңіл түрі

  • преэклампсияның ауыр түрі

  • эклампсия



Жүкті әйелдердің физиологиялық адптациясы.
Жүктілік



Ұрық трансплантанты



Ана мен ұрықтың арасындағы қарым қатынас



Адаптациялық механиканың белсенділенуі



Ағзалардағы қан айналым



Плазма көлемінің жоғарылауы



Жүрек қағысының ұлғаюы



Қан тамырларының сезімталддығының төмендеуі



Жатыр плацентарлық қан айналымы.
Гипертензивті жағдайлардың дамуының қауіп – қатер факторлары:

  • преэклампсия немесе эклампсия алдыңғы жүктілікте дамыса

  • преэклампсия отбасында болса

  • көп ұрықты жүктілік

  • созылмалы соматикалық аурулар:

  • жүрек қан тамыр аурулары

  • қан диабеті

  • семіздік ( ИМТ – индекс массы тела - 35↑)

( ИМТ↓ 19,2. ИМТ=норма19,2-26, ИМТ↑ 26-34, ИМТ патол 35↑)

фор. салмағы бойға (м2)

  • жасөспірім жүкті әйелдер

  • 40 жастан асқан жүкті әйелдер

  • босанудың арасы 10 жылдан көп болса

Диагностикасы:

  • артериалды гипертензия ( жеңіл түрі)

систолық қан қысымы > 140 мм.с.б.б. немесе

диастолық қан қысымы > 90 мм.с.б.б. 2 рет өлшегенде 30минут арасында.

  • артериалды гипертензия (ауыр түрі)

диастолық қан қысымы > 110 с.б.б.

систолық қан қысымы > 160 мл с.б.б. 2 рет өлшегенде, өлшеудің арасы 30 минут.

  • протеинурия > 0,3г/тәул. немесе 0,3 г/л зәр анализын 2 рет зерттегенде 4 сағат арасында

  • ісік – 50%-80% жүкті әйелдерде жеңіл түріндегі ісік байқалуы мүмкін. Преэклампсияда ісік болуы да болмауы да мүмкін. Егер ісік тез тарқаса бел тұсына, бетте көптеу болса преэклампсия ауыр түріне өтеді.

Преэклампсия – бұл артериалды гипертензияға 140/90-160/110 мм.c протеинурия қосылса дамитын асқыну

  • жеңіл преэклампсия – жеңіл гипертензияға протеинурия қосылса+ ісік.

  • ауыр преэклампсия – ауыр артериалды гипертензия + протеинурия немесе гипертензияға протеинурия қосыла және басқа келесі симптомдар (бас ауру, көзі қарауытып көз алдында шіркейлер ұшса, асқазан тұсында ауырсыну, құсу, лоқсу, безгек немесе елермеге дайындық, бүкіл денесінде ісік болса

  • олигоурия – (зәрдің аз бөлінуі) – (1 сағат ішінде 30 мл аз немесе 24 сағатта 500 мл аз.)

  • бауыр тұсында ауырсыну

  • тромбоциттер саны ↓, Ал АТ, Ас АТ ферменттері жоғарылайды және нәрестенің дамуының патологиясы дамыса.

Алдын алуы:

- қауып қатер топтарындағы әйелдерге

аз мөлшерде аспиринды қолдану (75-120мг тәулігіне)

  • қосымша кальций препараттарын қолдану (1г/тәулігіне )

- суйықтықтын және туздың шектелуі жүктілік кезінде

  • жүкті әйелдің тамағына ақұзбен углеводтардын қосылуы

  • витамин Е және С,темір препараттарының,фолий қышқылын және басқаларды қосымша қабылдаудын нәтижесі дәлелделмеген

Негізгі және қосымша іс әрекеттерінің тізімі

БМСК денгейінде:

  • ҚҚ өлшеу

  • Жалпы зәр анализі (ақұыз)

  • Клиникалық қан анализы(гемоглобин, тромбоциты)

Аурухана денгейінде:

  • ҚҚ өлшеу

  • ЭКГ

  • Жалпы зәр анализі, протеинурия тәуліктік зәрде

  • Клиникалық қан анализы(гемоглобин, тромбоциты, гематокрит, қанның үйю ұақыты)

  • Биохимиялық қан анализы(жалпы

ақұыз,креатинин,АЛаТ,АСаТ,мочевина,билирубин)

  • коагулограмма

  • ұрықтын КТГ

  • УДЗ

  • Допплерометрия


Емдеу тактикасы

БМСК

Пациентті «жеңіл дәрежедегі преэклампсия » диагнозы қойылған сон ,жоғары денгейдегі ұйымға диагнозын дәлдеу үшін жіберу.

Жеңіл преэклампсия емдеуді қажет етпейді,тек бақылайды.

Амбулаторлық ем болуы мүмкін,егер келесі шарттар устанылса :

  • пациент өз жағдайын барабарлықпен бағаласа, дәрігердің нұсқауларын орындаса

  • барлық ұақытта медициналық көмекті шахыруға мүмкіншілігі болса

Ауыр преэклампсия белгілерінде - міндетті турде магний сульфатымен ,гипотензивті емді бастау қажет

Міндетті турде ІІІ денгейдегі стационарға жатқызу кажет, егер оған мүмкіншілік болмаса ІІ денгейдегі босану ұймына жедел жәрдем көлігімен жеткізу.

Аурухана

Қабылдау бөлімінде жүкті әйелді преэклампси белгілері болса дәрігер тексереді.жүкті әйелде босану белгілері болса немесе қағанақ суының ерте кетуі болса перзентхананың босану бөліміне жатқызылады,әйелдің жалпы жағдайына байланысты акушер –гинеколог анестизиолог –реаниматологпен бірге гостинализация туралы шешім қабылдайды.Әйелдің тасымалдауы тек қана каталкада болады.

Жүктіліктің 34 аптасында жүкті әйелде ауыр преэкламсияның белгілері болса , босану қызметі болмаса , магнезиалды және гипотензивті емнен кейін ІІІ денгейдегі стационарға жіберіледі.

Ауыр преэклампсияны емдеуінде нәтижелі әдіс босандыру болады.

Мезгілінен бұрын босандырудың көрсеткіштері (жүктіліктің мерзіміне көңіл бөлмейміз).

  1. ауыр преэклампсия;

  2. іштегі нәрестенің жағдайының нашарлауы;

  3. преэклампсияның белгілерінің күшейуі.

Жүктіліктің 37 аптасынан әйелдің ауырлық жағдайына қарамай босандыру қажет.

Операция жасағанша босану жолдары арқылы босанғаны дұрыс деп есетеледі.

Егер жатыр мойны дайын болмаса( бишоп бойынша 6баллдан төмен болса) ПГ Е2 Немесе Е1 қолданылады (қынаптың ішіне салынады).

Жатыр мойны дайын болса (Бишоп бойынша 6 баллда жоғары) окситоцин,амниотомия қолданады.

Босануда ауырсынуды басу үшін – перидуральды анестезия қолданылады.

Ауыр преэклампсияда кесар тілігіне көрсеткіштері:

  • босану жолдары дайын емес болатұрып босануды қоздыруының нәтижесі болмаса;

  • қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын бөлінуі.

Іштегі нәрестенің жағдайына қатан бақылау қажет – ұзақ ұакыт КТГ жасау.Күтім әйелге қауыпсыз болу қажет, әйел бір өзі қалмау қажет.

Ауыр преэклампсияда диагноз анықталғаннан кейін әйелді 24-48 сағатта босандыру керек. Тек егер жүкті әйелдің жағдайы қалыптасса, іштегі нәрестенің жалпы жағдайы қанағаттарлы болса, жүктілік мерзімі 32 аптаға дейін болса жүктілікті жалғастыруға болады ЖСМК ұйымдарында.
Симптоматикалық ем

Казіргі кезеңге емнің 2 түрі қолданылады : елермеге қарсы және гипотензивті.

Елермеге қарсы – магнезиалды ем преэклампсия мен эклампсияны емдеуде ен нәтижелі және қауыпсыз әдіс болып саналады .

Бастапқы доза- 5г магний сульфатын (20мл 25% ерітіндісін ) көк тамырға 10-15мин ішінде баяу жіберіледі.

Сүйемелдеу дозасы- магний сульфатының 1-2г бір сағаттын ішінде инфузомат көмегімен, 12-24 сағат көк тамырға үзбей жіберіледі.

Егер инфузомат жоқ болса 320 мл физиологиялық ерітіндісіне 80 мл 25% Мg сульфат ерітіндісін қосып тамшылатып жібереміз. 11-22 тамшыдан 1 минутта байланысты жіберіледі. Егер к/т Мg сульфатын жіберуге жағдай болмаса б.е жібереміз.

Магний сульфатының дозасының жоғарлауының белгілері :

- Тыныс алуы 16 дан бір мин. төмен болса

- Сіңір рефлекстерінің төмендеуі және жоқ болуы.


Жеңіл преэклампсияда – амбул. бақылау.

а) әйелде гипертензия анықталса жұмыстан босатылады.

б) әйелге күтінуін әсіресе зәрдің бөлінуіне, нәрестенің көңіл бөлуінің

в) егер жоғары белгілер анықталса дәрігерге бару керек.

Лабороториялық тексеру:

Қан анализі: гемоглобин, трамбоциттер.

Егер ауыр гипертензияда – гипертензивті жағдайда емдеу стоционарлы

Преэклампсияны емдеу:

  • науқасты сол жақ бүйіріне жатқызу, жарақатынан сақтау

  • оттегіні қосу

  • Мg сульфат 25% 20мл к/т 10-15 мин ішінде баяу жибереміз.

  • қуықты катетерризация жасау. Сүйемелдеу доза 8 мл Мg сульфат 25% сульфат енгізіледі инфузомат арқылы.

Егер инфузомат жоқ болса 320 мл физиологиялық ерітіндісіне 80 мл 25% Мg сульфат ерітіндісін қосып тамшылатып жібереміз. 11-22 тамшыдан 1 минутта байланысты жіберіледі. Егер к/т Мg сульфатын жіберуге жағдай болмаса б.е жібереміз.

Магний сульфатының дозасының жоғарлауының белгілері :

- Тыныс алуы 16 дан бір мин. төмен болса

- Сіңір рефлекстерінің төмендеуі және жоқ болуы.

- олигоурия магний сульфатының көбеуіне себепкер болады.Олигоурия қатан бақылауды қажет етеді.

- магний сульфатының көбеуінде – магний сульфатының егуін тоқтату, кальций глюконат 10% ерітіндісін 10мл. көк тамырға 10мин. ішінде егу.

Гипотензивті ем

Қан қысымының реттеуін бастайды 160/100мм.сн.бб және жоғары болса,систолық қан қысымын 130-140мм.сн.бб.. диастолық қан қысымын 90-95мм.се.бб.денгейінде ұстау қажет( себебі жатыр- плацента қан айналымының нашарлауының қауіпі бар)

Гипотензивті дәрі дәрмекті жеке ерекшеліктеріне байланысты тағайындайды.

Тез әсер ететің гипотензивті препараттар:

Қ.Қ ↓ дәрілер: нифедипин – тез әсер етеді, бастапқы доза 10мг тіл астына 30мин кейін қайталаса болады (тәулікті доза 120 мг аспау қажет). Натрия нитропуссид – бастапқы доза 0,25мкг/кг/мин к/т тамшылатып,қажет еткенде дозасын әр 5 мин сайын қосу қажет( 4 сағаттан артық қолдану ұрыққа зиян келтіруі мүмкін).
Жәй әсер ететін гипотензивті препарат :

допегит – бастапқы доза 250 мг /тәулігіне,әр 2 күн сайын мөлшерін 250мг/т көтереді.

Босанудан кейінгі кезенді жүргізу

Бақылауы және емдеуі дәрігер акушер-гинеколог пен және анестизиолог- реаниматолог пен интенсивті палатада жалғастырылады.

Магнезиалды ем босанудан кейін немесе сонғы ұстамасынан кейін бір тәулікке дейін жалғастырылады,егер ем он нәтиже берсе.

Гипотензивті терапия жеке ерекшеліктеріне байланысты тағайындалады, дәрі дәрмектердің мөлшері жайлап төмендетіледі.

Эклампсияда елерме басталғаннан 12 сағатқа дейін босандыру қажет.

Елерме кезіндегі көмек:

Қуралдарды дайындау( ауа беретін құралдарды,отсос,маска және қапшық, өттегі) және өттегіні минутына 4-6л жылдамдығымен беріледі.

Әйелді жарақаттардан сақтаңыздар, бірақ белсенді ұстамаңыздар.

әйелді сол жақ бұйіріне жатқызыңыз, құсық пен ,қан мен тұншығып қалмас үшін.Елермеден кейін ауыз қуысын және көмейді отсос пен сорып тазалау.

Ұстамадан кейін тез арада магнезиалды терапияны бастау:

Бастапқы мөлшері 5г магний сульфатын (20мл 25% ерітіндісін) көк тамырға баяу 10-15мин ішінде.

Сүйемелдеу мөлшері 320 мл физ. ерітіндіге – 80мл 25% магний сульфат ерітіндісін көк тамырға 11-22там/мин.

Магний сульфаттын үзбей 12-24 сағатқа дейін көк тамырға жібереміз.

Седативті препараттарды (диазепам) қолдануда абай болу қажет.

Егер елерме 15минуттан кейін қайталанса,магний сульфатты( 10мл-20% ерітіндісін көк тамырға 20 минут ішінде жіберіңіз. Ұстама қайталанса диазепам жіберіңіз.

Диазепамның бастапқы дозасы 10мг көк тамырға 2минут ішінде, және ұстама қайталанса 10мг дизепамды қайталау қажет.

Диазепамның сүйемелдеу дозасы: 40мг диазепамды 500мл физиологиялық ерітіндеге қосып 6-8 сағатқа дейін көк тамырға жібереміз,әйел тыныштану қажет ,бірақ оңай ұйяну керек ,тыныс алуы 16 бір минут ішінде төмен болса, диазепамның сүйемелдеу дозасын тоқтату қажет.

Тік ішеккеде жіберу мүмкіншілігі бар-20мг(4мл) шрицте инесіз.

Магний сульфатымен ем босанғаннан кейін 24 сағатқа дейін жалғасады.

Эклампсия кенеттен босандыруға абсолютты көрсеткіш болып саналмайды.Біріншіден әйелдің жағдайын қалыптастыру қажет.
Жалпы алгоритм

Жалпы жағдайы

Іс шара

Созылмалы артериалды гипертензия,

Гестациалды гипертензия

Жеңіл преэклампсия

Ауыр преэклампсия

Эклампсия

Тактика

Тексеру , Амбулаторлық бақылау

Бақылау, тексеру,қатан бақылау(мүмкін амбулаторлы) 7 күнге дейін

белсенді

Ауруханаға жатқызу

-

Тексеру үшін

Міндетті түрде ІІІ-ІІ денгейдегі ұйымға

Арнайы ем

Көрсеткіштер бойынша гипотензивті ем

Көрсеткіштер бойынша гипотензивті ем

Магнезиалды, гипотензивті

Босандыру

-

Босандыру 37 аптасында. Ауыр түріне өткенде тактикасы басқа

Жүктіліктің мерзіміне қарамай ауыр преэклампсияда 12-24 сағат ішінде

Эклампсияда-

3-12сағат ішінде

Қан қысымының өлшеуінің тәртібі

Қан кысымын сынап сфигмоманометрмен өлшеуі дұрыс.

Әйел босанысып ,демалып 10минуттай.

Орналасуы-отырып немесе жартылай отырып (манжет жүрек денгейінде орналасу қажет), жатып- бір жақ бұйрымен.

Қан қысыменөлшеу үшін манжет иық шенберіне сай болуы керек.

Бір қолында өлшеу жетеді.Систолық қан қысымы Коротковтын бірінші дыбысы бойынша белгіленеді. Ал диастолық – Ү дыбысы бойынша.Көрсеткіштері 2 мм.сн.бб дейін белгіленуі қажет.
Ситуациялық есеп №1

Мерзіміне жеткен жүктілікпен перзентханаға түскен босанушы әйелдің артериалды қан қысымы 180-120 мм с.б., көрсетті. Аяқ қолдары ісінген. Желке тұсының ауырсынуына шағымданады бетінін бұлшық еттер тартыла бастады.
Ситуациялық есеп №2
Перзентхана бөлімінің қабылдау бөліміне Ж. Есімді айел түсті жасы 22, жүктілік-1,тума-1, 38 апталық жүктілік. Түскен кезде айелдін жағдайы ауыр денесі ісінген, басы қатты ауратының және көзі қараутып көруінің нашарлауына шағымданды. Жүрегі айнып құсқысы келеді. Әлсіздік қан қысымы 190-90 мм с.б., оң қолы 190-100 мм с.б., тексерулерді? Леопольдтің тәсілі арқылы тексергенде жатыр түбінде дөңгелек, тығыз қозғалмалы бөлігі анықталды жүрек соғысы нәрестенің кіндік денгейінде

Ситуациялық есеп№3

Бірінші жүктілік, жүктілік мерзімі 35 апта. Шағымы: күні бойы басының ауруы, соңғы сағатта күшейуіне, жүрек айнуы, көз алдында “шіркейлер” пайда болуы. Объективті тексеру барысында анықталған. Бүкіл денесінің ісінуі, қан қысымы 170/110мм сын бағ. Мейіргер прэклампсияның ауыр дәрежесі деп диагноз қойды. Магнезиалды терапия, алғашқы көмегін көрсетуде. Магнезиалды терапияның ұстап тұрушы дозасын белгілеңіз.
Ситуациялық есеп№4

Жедел жәрдем көмегімен перзентханаға жүкті әйел жеткізілді, жағдайы орта соңғы 2 аптада жүкті әйел ауыр гестозымен байқалған. Жүктіліктің 31-32 аптасы .Тамыр соғуы 100рет мин, АҚҚ 160/110 мм. сын бағ. Бүкіл денесінің ісінуі байқалады . Мейіргер прэклампсияның ауыр дәрежесі деп диагноз қайды. Магнезиалды терапия, алғашқы көмегін көрсетуде. Магнезиалды терапияның бастапқы дозасын белгілеңіз.
Ситуациялық есеп №5

Босанушы әйел ретті толғақпен перзентханаға түскен. Жүктілігі – бесінші. Алғашқы жүктіліктері ешқандай асқынусыз өткен, тек төртінші жүктілігі жасанды медициналық түсікпен аяқталған. Босанушы әйелде қан қысымы 160/110 мм сын.б.б. Басының айналуына , асқазан тұсының ауырсынуына лоқсып – құсуға шағымданады.
Тест сұрақтары

1. Әйелдер кеңес мекемесіне жукті әйел кезектегі дәрігер қарауынан өтуге келді. Жуктілік мерзімі 19-20 апта. Тексеру бароысында артериальды Қ\Қ-140\100мм.сын.бағ көрсетті. Аяғында ісігі жоқ. Сіздің болжам диагнозыңыз.

А. Созылмалы гипертензия.

В .Эклампсия.

С. Жеңіл преклампсия.

Д. Ауыр преэклампсия

Е.Гестациялық гипертензия

2. Жүкті әйелдерді диспансеризациялау нәтижелігінің көрсеткіші - бұл...

А. Мерзімінен бұрын босану санының төмендеуі . В.жүктілерді ерте тіркеу көрсеткішін көтеру.

С.Ана мен перинатальды өлім көрсеткішінің төмендеуі.

Д. Жүктіліктің кезіндегі экламсия көрсеткіші төмендету

3. №452. бұйрық бойынша босану жастағы әйелдер неше топка болінеді.

А.3

В.2

С.5

Д.7

Е.4

4 .№452 бұйрық бойынша 2А топшаға жатады

А.Дені сау әйелдер

В. Гиникологиялық патологиясы бар әйелдер

С. Экстрогениталды патологиясы бар әйелдер осы жылы жүктілікті жоспарланған

Д.Әлуметтік топтағы әйелдер

Е. Барлығы дұрыс

5. №452.Бұйрық бойынша 2В топшаға жатады

А. Дені сау әйелдер

В.гиникологиялық патологиясы бар әйелдер

С. Экстрогениталды патологиясы бар әйелдер осы жүктілікті жоспарлаған.

Д. Экстрогениталды патологиясы бар әйелдер жүктілігіне қарсы айғақтар анықталған

Е.Дені сау әйелдер жуктілікті жоспарлаған

6. Әйелдер кеңес мекемесіне жүкті әйел кезекті дәрігер қарауынан өтуге келді. Жүктілік мерзімі 19-20 апта. Тексеру барысында артериальды Қ/Қ -140/100 мм. сын. бағ көрсетті. Аяғында ісігі жоқ. Сіздің болжам диагнозыңыз?

А. Созылмалы гипертензия

В. Эклампсия

С. Жеңіл преэклампсия

Д. Ауыр преэклампсия

Е. Гестациялық гипертензия

7. Босану жасындагы әйелдерді МСАК деңгейінде тексеру алгоритмы

А. №593 бұйрық

В. №452 бұйрық

С. №164 бұйрық

Д.№335 бұйрық

Е. №661бұйрық

8.Босану жасындагы әйелдерді МСАК деңгейінде тексеру ережелері

А.№593 бұйрық

В.№452 бұйрық

С.№164бұйрық

Д.№335 бұйрық

Е.№661 бұйрық

10. №452бұйрықтың мақсаты

А. Ана өлімінің көрсеткішін төмендету

В.Перинаталды өлім көрсеткішін төмендету

С. Аборт деңгейін төмендету

Д. Жүктілік кезінде экстрагениталды ауруды анықтау

Е. Барлығы дұрыс

11. №452 бұйрық бойынша 3А топшага жатады

А. Дені сау әйелдер

В. Гиникологиялық патологиясы бар әйелдер осы жылы жүктілікті

жоспарлаган

С. Экстрогениталды патологиясы бар әйелдер ,осы жылы жүктілікті жоспарлаган

Д. Әлуметтік топтағы әйелдер

Е. Барлығы дұрыс

12. №452 Бұйрық бойынша 3Б топшага жатады

А. Дені сау әйелдер

В. Гиникологиялық патологиясы бар әйелдер

С. Гиникологиялық патологиясы бар әйелдер жүктілікті жоспарламаган

Д.Экстрогениталды патологиясы бар әйелдер , жүктіліке қарсы айғақтар анықталған

Е. Дені сау әйелдер ,жүктілікті жоспарламаган

13. Гестационды гипертензия деп

А. Жүктіліктің 20 аптасынан кейіе пайда болады қан қысымын босанудан кейін 6 апта қайта келуі

В. Бұл көп жүиелі синдром

С. Жүктілікке дейін және жуктіліктің 20 аптасынан пайда болған және босанудан кейін 6 апта сақталатын гипертензия

Д. Қан қысымы 180\90мм сн бағ

Е. Қа қысымы 200\100мм сн бағ

14. Прэклампсияның жеңіл дәрежесінде кездесетін симптомакомплексті атаңыз

А. Қ/Қ 120\180мм сн бағ белок жоқ ісік жоқ

В. Қ/Қ 140\90мм сн бағ белок 0,3 г\л дейін ісік аяқтарында

С. Қ/Қ 140\90 мм сн бағ белок 3г\л бетінде және қолында

Д. Қ/Қ 160\110 мм сн бағ белок 3-5 г\л анасарка

Е.Қ/Қ 110\70мм сн бағ белок 0,033г\л ісік жоқ

15.Перзентханаға басы асказан тұсы аурып көзінің алды қараутвп жүкті әйел түсті . Жүктілігі38 апта. Жамбас өлшемдері қалыпты . Ұрықтың жүрек согысы анық . босану қызметі басталмаған . қағанақ суы түгел. Қан қысымы 170\100ммс.б . кіші дәретінде акуыз бар аяғы ісінген . қандай патология жөнінде ойлану керек

А. Преэклампсия жеңіл дәрежесі

В. Преэелампсия ауыр дәрежесі

С. Эклампсия

Д. Гестациялық гипертензия

Е. Созылмалы гипертензия

16. Перзентханаға түскен босанушы әйелдің артеиальды Қ/Қ-180\120мм.с.б көрсетті . аяқ қолдары қатты ісінген . желке тұсының ауырсынуына шағымданады бетінің бұлшық еттері тартыла бастады. Сіздің болжам диагнозыңыз

А. Созылмалы гипертензия

В. Гестациялық гипертензия

С. Жеңіл преэклампсия

Д. Ауыр преэклампсия

Е. Эклампсия

17. Преэклампсиянын ауыр дәрежесінде магнезиалды терепияның бастапқы дозасы.

А.Магния сульфат 25%-10мл көк тамырга

В. Магния сульфат 25% -20МЛ көк тамырға баяу

С. Магния сульфат 25 % -20 көк тамырға

Д. Магния сульват 25% -+20мл бұлшық етке

Е .Магния сульфат 25% -20 мл тері астына

18. Ультра дыбыстық зерттеудің үш реттік скринингі қай мерзімде жүргізіледі

А. жүктіліктің 10-14, 20-22, 32-34 апта

В. жүктіліктің 11-12, 21-23, 33-34 апта

С.жүкттіліктің 8-10, 19-20, 30-31 апта

Д. жүктіліктің 10-11, 18-17, 28-29 апта

Е. жүктіліктің 9-10, 11-12, 35-36 апта

19. Перзентханаға түскен босанатын әйел ұрық қозғалысын сезбейтіндігіне шағымданады. Стетоскоп көмегімен анықтау мүмкін болмады. Қандай қосымша тексеру әдістерін қолдануға болады

А. УДЗ

В.Доплерометрия

С. КТГ

Д. ФКГ

Е. Барлығы дұрыс

20.Кеш гестоздар қашан пайда болды

А. Жүктіліктің алғашқы 3 аптасында

В. Жүктілік барысында

С. Жүктіліктің 2 жартысында

Д. Жүктіліктің 1 жартысында

Е. Жүктілік соңында

Жүкті әйелді преэклампсияның ауыр дәрежесінде стационарда

бақылау алгоритмі
Мақсаты: преэклампсияның ауыр дәрежесінде жүкті әйелді бақылау

Әзірлеңіз: залалсыздандырылған қолғап, 25% 20 мл, магнезий сульфаты 200 мл физиологиялық ерітіндіні.

Іс әрекет алгоритмі:

  1. Қолыңды гигиеналық деңгейде тазартып жу.

  2. Залалсыздандырылған қолғапты ки.

  3. Бастапқы дозада 25% 20 мл магнезий сульфатын 5-10 мин ішінде көк тамырға жіберу.

  4. Жүктемелі дозада 80 мл 25% магнезий сульфатын 320 мл физиологиялық ерітіндіге қосып көк тамырға тамшылатып, 1 минут ішінде 11-12 тамшы жіберу.

  5. Егер артериалдық қан қысымы 160-110 мм сын.бағ жоғары болғанда әр 20 минутта 10 мг нифедипин тіл астына.

  6. Ұрықтың жүрек соғысының аускультациясын жүргізу (қалыпты жағдайда 1 минутта 110-160 рет соғады).

  7. Баратын стационарға пациентті әкеле жатқандығы туралы хабарлау керек.

  8. Жақын арнайы көмек көрсететін стационарға жеткізу (шок симптомдары болған жағдайда жарықтандырушы шамшырақ пен дабылды қосу).

Жүкті әйелді эклампсия кезінде жүргізу алгоритмі
Мақсаты: жүкті әйелге эклампсия талмасында шұғыл көмек көрсету

Әзірлеңіз: ауыз кергіш, тіл ұстағыш, 25% 20 мл магнезий сульфат ерітіндісі, 1 мл диазепам, 0,9 % физиологиялық ерітінді, 320 мл
Іс әрекет алгоритмі:


  1. Қолыңды гигиеналық деңгейде тазартып жу

  2. Залалсыздандырылған қолғапты ки

  3. Талма кезінде көмектесу:

    • сол жақ бүйірінен жатқызып, керек кезінде ауыз кергішпен, тіл ұстағышты қолдану.

    • Оттегі беруін қамтамасыз ету

    • Зақымданудан сақтану.

  1. Талмадан соң магнезиальды терапияны тез бастау – перифериялық қан тамырға 5-10 минут ішінде 25% 20 мл жіберу.

  2. Интенсивті терапия бөліміне ауыстыру.

  3. Жүктемелі дозада 80 мл 25% магнезий сульфатын 320 мл физиологиялық ерітіндіге қосып көк тамырға тамшылатып, 1 минут ішінде 11-12 тамшы жіберу.

    • егер талма қайталанса көк тамырға 1 мл диазепам немесе 50 мг тиопентал, Трахея интубациясы.

  1. Жағдайы тұрақталған соң 3-12 сағат ішінде босандыру мәселесін шешу, магнезиальды терапияны 24-48 сағат ішінде және эклампсия талмасынан кейін де жалғастыру керек.


написать администратору сайта