Главная страница
Навигация по странице:

  • Апелляциялық

  • кесте. Кесте таырыбы Апелляциялы іс жргізу, зады кшіне енбеген сот шешімдерін прокурорды тінішхаты бойынша айта арау Апелляция


    Скачать 57.13 Kb.
    НазваниеКесте таырыбы Апелляциялы іс жргізу, зады кшіне енбеген сот шешімдерін прокурорды тінішхаты бойынша айта арау Апелляция
    Дата19.02.2021
    Размер57.13 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлакесте.docx
    ТипДокументы
    #177711

    Кесте тақырыбы: Апелляциялық іс жүргізу, заңды күшіне енбеген сот шешімдерін прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау

    «Апелляция» термині латынның «арреііасіо» - жүгіну» деген сөзінен шыққан, яғни бұл істі қараған төменгі сатыдағы соттың үкімін, қаулысы мен өзге де шешімін қайта қарау мақсатында жоғары тұрған аппеляциялық сотқа жүгіну болып табылады.


    Аппелляциялық тәртіпте істі қарайтын сот үкімнің заңдылығын, негізділігін, әділдігін тек үкімге шағым берілген немесе наразылық білдірілген бөлігінде және тек шағым немесе наразылық білдірілген сотталушыларға қатысты ғана тексереді.


    Апелляциялық (екінші) саты – бұл бірінші сатыдағы соттың занды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларының, өзге сот шешімдерінің зандылығы, негізділігі мен әділеттілігі жөніндегі сотталушыдан, жәбірленушіден, олардың қорғаушыларынан түскен арыздарды, сондай-ақ айып тағушының наразылығын екінші сатыдағы сот тексеретін қылмыстық сот өндірісінің дербес сатысы.


    Апелляциялық (екінші) саты



    Аппеляциялық өндірістің мәні мынада:


    - төменгі тұрған соттардың үкімдері мен қаулыларына жоғары тұрған соттардың бақылау жасауы;

    - жоғары тұрған соттардың жіберген қатесін жоғары сатыда өзгерте алу мүмкіндігі;

    - тараптар жоғары тұрған соттардың барлық үкімдеріне шағымдана алады;

    - үкімдер мен өзге де сот шешімдеріне шағым жасау, наразылық келтіру арқылы адамның құқықтары мен бостандықтарының сақталуын сот өндірісінде қамтамасыз етеді.


    Істерді апелляциялық сатыда қарастырудың маңызы:


    - сотталушының жазалау мерзімінің ұзартылуына немесе оған неғұрлым ауыр қылмыс жөніндегі занды қолдануға жол бермеуде.


    - қосымша дәлелдемелерді қарастыру мүмкіндігінде;


    - іс материаддарын тексеруде;


    - үкімнің зандылығы мен негізділігін міндетті тексеруде;


    -сот шешімдеріне шағым беру мен наразылық келтірудің еркіндігінде;




    Егер іс бойынша үкім және қаулы шығарылса, онда үкімге апелляциялық шағымдар, прокурордың өтінішхаттары және қаулыға жекеше шағымдар, прокурордың өтінішхаттары облыстық немесе оған теңестірілген соттың апелляциялық сатысының бір отырысында қаралады.

    Басты сот талқылауы барысында шығарылатын, бұлтартпау шарасы және ақшалай өндіріп алуды қолдану туралы қаулыларға жекеше шағымдар, прокурордың өтінішхаттары іс бойынша іс жүргізу аяқталғанға дейін апелляциялық сатыда қаралады. Көрсетілген шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын апелляциялық сатыда қарау қылмыстық істі бірінші сатыдағы сотта одан әрі қарауды үзбейді.


    Аудандық және оларға теңестірілген соттардың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың заңды күшіне енбеген үкімдеріне, қаулыларына апелляциялық (жекеше) шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын тиісті облыстық және оған теңестірілген соттың апелляциялық сатысы қарайды.

     Гарнизондардың әскери соттарының, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың заңды күшіне енбеген үкімдеріне, қаулыларына апелляциялық (жекеше) шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын Әскери сот қарайды.


    Заңды күшіне енбеген үкімдерге, қаулыларға апелляциялық (жекеше) шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын қарайтын соттар


    написать администратору сайта