Главная страница
Навигация по странице:

  • Нақтамалық сипатбелгілері: Шағымы: іштің төменгі бөлігінің толғақ тәрізді ауырсынуы;Физикальды тексерулер

  • Негізгі нақтамалық іс-шаралар

  • 7. Зәр шығару жиілігі және мөлшері

  • Босанудың 1-ші толғақ кезеңінде

  • Толтыру ережесі Әйел туралы ақпарат

  • Уақыты

  • Тамыр соғысы

  • Дене қызуы

  • Асығуға болмайды, бала бетінің көгеруі қауіпті белгі болып табылмайды!. Босанудың 3-ші кезеңі

  • 17-сурет. Плацентаны түгелдігіне қарау

  • 18-сурет. Екі бөліктен тұратын плацента 19-сурет. Қосымша бөліктерден тұратын плацента

  • Нәрестеге жасалатын алғашқы күтім

  • Физ Босану. Физ босану. Физиологиялы босану


    Скачать 0.56 Mb.
    НазваниеФизиологиялы босану
    АнкорФиз Босану
    Дата07.09.2022
    Размер0.56 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаФиз босану.doc
    ТипДокументы
    #666786

    Физиологиялық босану – жүктілік мерзімінің 37-42 апта аралығында, құрсақ ішінде бір ұрықтың болуымен, өздігімен басталатын, төменгі қауіптілікпен, асқынусыз, ұрықтың басымен келуімен, босанудан кейін босанған әйел мен нәрестенің қалыпты жағдайда болуымен өтетін босану.

    Нақтамалық сипатбелгілері:

    Шағымы: іштің төменгі бөлігінің толғақ тәрізді ауырсынуы;

    Физикальды тексерулер: сыртқы акушерлік тексеруде – жатырдың реттелген жиырылуының болуы және ұрық жағдайының қанағаттанарлық болуы; қынаптық тексеруде – жатыр ернеуінің ашылуы;

    Негізгі нақтамалық іс-шаралар:

    1. Ұрықтың жүрек соғысын тыңдау (қалыпты жағдайда минутына 110-160 рет).

    • босанудың 1-ші толғақ кезеңінде – толғақ аяқталысымен әрбір 30 минут ішінде толық 1 минут аралығында тыңдау;

    • босанудың 2-ші күшену кезеңінде - әрбір күшенуден кейін 5 минут сайын;

    • жаппай барлық әйелдерге (рутинды) КТГ (кардиотохография) жасаудың қажеттілігі расталмаған, өйткені төменгі қауіптілік тобында «жалған» нәтиженің жоғары болуы, соған байланысты әртүрлі әс-әрекеттердің, соның ішінде оперативті босану жиілігінің өсуі байқалады;

    2. Босану өзгерістерін бағалау үшін (жатыр мойнының орташа ашылу жылдамдығы – сағатына 1 см, төменгі көрсеткіші – сағатына 0,5 см ) қынаптық тексеру белсенді сатысында 4 сағаттан кейін, онан жиірек қарау көрсетпе бойынша – окситоцинмен босануды күшейту, судың кетуі, ауырсынуды дәрілермен басу алдында жүргізіледі.

    3. Толғақты бағалау (латентті - жасырын сатыда – 10 минут аралығында ұзақтығы 20 секунд және одан көпке созылған 1 немесе одан да көп жиырылудың болуы). Босанудың белсенді сатысында – 10 минут аралығында ұзақтығы 40-50 секундтан аз уақытқа созылған 1 немесе одан да көп жиырылудың болуы.

    4. Тамыр соғысын есептеу – 30 минут сайын.

    5. Артериальды қан қысымы - әрбір 4 сағат сайын (ерекше жағдай-гипертензияны есепке алмағанда) өлшенеді.

    6. Дене қызуы - әрбір 4 сағат сайын.

    7. Зәр шығару жиілігі және мөлшері - әйелдің өз бақылауында (кіші дәретке жиі шығуды ұсынады) болады.

    8. Босанатын әйелмен 3-ші кезеңді өткізу әдістерімен (күту және белсенді әдістердің артықшылығы, кемшілігі жөнінде) талдау жүргізу, ауызша және жазбаша түрде толық ақпарат беру.

    9. Зертханалық тексерулер: қан тобын және резус-тиістілігін, қанның жалпы талдамасын, зәрдің жалпы талдамасын, қанның биохимиялық талдамасын, көрсетпе бойынша коагулограмма анықтау.

    10. Инструментальды тексеру: босанудан кейін босану жолдарын көрсетпе бойынша қарау.

    Босану ағымының барлық кезеңдерінде медицина қызметкерлері босанатын әйелге, отбасына немесе көмекшілеріне толыққанды психологиялық, әсерлік және физикалық көмек көрсетеді.

    Босанудың 1-ші толғақ кезеңінде босанатын әйелге жеңіл тамақ және сұйықтық ішу ұсынылады.

    Босану кезінде босанатын әйелдің ауырсыну сезімін басу, яғни ауырсынуды жеңілдету медицина қызметкерінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Ауырсыну сезімін жансыздандырудың дәрілік емес әдістерін қолдану арқылы азайтуға болады, атап айтқанда әйел мен оның отбасын барынша психологиялық қолдау, босану ағымының барысы туралы ақпараттандыру. Ақпарат шынайы болуы керек, іс-әрекеттің немесе әдістің оң және теріс жақтарынан да хабардар етеді. Босанудың 1-2-ші кезеңдерінде әйел еркін қалыпты, атап айтқанда толғақ кезінде вертикальды қалыпты немесе бүйір қапталында болуды таңдайды. Медицина қызметкерлері босанатын әйелді құптап, қолдап отырады.
    Партограмма – физиологиялық, яғни қалыпты босану ағымына бақылау жасаайтын бірден-бір құжат болып табылады. Партограмма «Босану» диагнозы қойылып стационарға түскен босанатын әйелге жүргізіледі.

    Толтыру ережесі

    Әйел туралы ақпарат: аты, жөні, тегі, жүктілігі мен босану саны, босану тарихының нөмірі, босану бөліміне түскен күні және уақыты, қағанақ суының кеткен уақыты.

    Ұрықтың жүрек жиырылуының жиілігі: әрбір 30 минут сайын тіркеледі (15 минут сайын тыңдалады) -  (нүкте) белгісімен белгіленеді;

    Қағанақ суы: қағанақ сұйықтығының түсі әрбір қынаптық тексеру кезінде анықталынады:
    I – қағанақ суы бүтін;

    С – қағанақ суы ашық, таза;

    М – суға мекония араласқан (бояудың кез келген қанықтығы);

    B – суға қан араласқан;

    A – судың/бөліндінің болмауы;

    Бала басының конфигурациясы (икемделуі):

    0 – конфигурациясы жоқ;

    + – жіктері оңай ажырайды;

    ++ – жіктері бірінің үстінде бірі тұр, басқан кезде ажырайды;

    +++ – жіктері бірінің үстінде бірі тұр, ажырамайды;
    Жатыр мойнының ашылымы: әрбір қынаптық тексеру кезінде бағаланады және () белгіленеді.

    Қырағылық сызығы: жатыр мойны ашылымының 3 см-лік нүктесінен басталады және сағатына 1 см - лік қадаммен толық ашылым нүктесіне дейін жалғасады.

    Әрекет сызығы: 4 сағатқа оңға қарай өтіп, қырағылық сызығына параллель өтеді.

    Бала басының түсуі: бастың өтуін бағалауды әуелі абдоминальды (іш арқылы) тексеру арқылы, сосын қынаптық тексеру арқылы жүргізу қажет:

    5/5 – басы қасағадан 5 саусақ жоғары – кіші жамбастың кіру жазықтығынан жоғары;

    4/5 - басы қасағадан 4 саусақ жоғары – кіші жамбастың кіру жазықтығына жанасқан;

    3/5 - басы қасағадан 3 саусақ жоғары – қасағадан бастың көп бөлігі сезіледі;

    2/5 - басы қасағадан 2 саусақ жоғары – қасағадан бастың аз бөлігі сезіледі;

    1/5 - басы кіші жамбас қуысында;

    Уақыты: сызықтан солға қарай белгіленеді. Толтыруға ыңғайлы болу үшін 30 минут еселі санмен жазған дұрыс. Мысалы, 13.00 немесе 13.30.

    Жатырдың жиырылуы: жатыр мойнының ашылуы мен бала басының жылжуымен қатар жатырдың жиырылуы (толғақ) босану қызметінің нақты көрсеткіші болып табылады. Толғақтың реттілігі уақыт осінде белгіленеді. Әрбір тор жол бір жиырылуды білдіреді. Штрихтар бояуының әртүрлі қоюлығы толғақ қарқынын білдіреді. Партограммада штрихтардың төмендегідей 3 түрі қолданылады:



    нүктелер – ұзақтығы 20 секундқа дейінгі әлсіз толғақтар

    қиғаш штрих – ұзақтығы 20-40 секундтық бірқалыпты толғақтар

    түгел штрих – ұзақтығы 40 секундтан артық күшті толғақтар



    Окситоцин: тағайындалған жағдайда оның мөлшері/концентрациясы және минутына енгізілген мөлшері (тамшы немесе бірлік) әрбір 30 минут сайын жазылады.

    Дәрілердің тағайындалуы: кез келген қосымша тағайындалған дәрілер тіркеледі.

    Тамыр соғысы:  нүкте белгісімен әрбір 30 минут сайын белгілейді.

    Артериальды қысымы: әрбір 4 сағат сайын тіркеледі және тиісті тор жолдың ортасына сызықпен белгіленеді.

    Дене қызуы: әрбір 4 сағат сайын тіркеледі.

    Протеин, ацетон және зәр мөлшері: кіші дәретке отырған сайын тіркеледі.

    Босанудың 2-ші кезеңінде аяжан босануға қажетті және нәрестені тірілту шараларын жасайтын орынды (жылуды қосу, оттегіні қосу, тыныс алу қапшығы мен маскінің бар екендігін тексеру, электрлік тартқышты қосатын үштікті, бала жаялығын, бас киімін, шұлығын дайындайды) дайындауы тиіс. Әйелдің босанатын орнын дайындайды, әйел таңдаған орынға таза жаялықты немесе босануды қабылдауға арналған бірреттік қолданылатын жинақты жаяды, баланы сүртетін жаялықты жылытады, босануға қажетті құралдарды, соның ішінде кіндікті кесетін қайшыларды дайындайды. Әйел таңдаған қалыпта баланы босандырады.
    Балаға ең қауіпті және қолайсыз қалып - әйелдің арқасына жатып босану болып табылады. 2-ші кезеңнің басы белсенді күшену күштерінің басталуына сәйкес келмеуі де мүмкін. Босануды шыдамдылықпен күтеді, үшену күші әйелдің өзімен реттелетін болуы тиіс. Шатаралығы қорғалмайды. Шатаралығын кесуді қатаң көрсетпе бойынша жүргізеді, алдын ала шатаралығын антисептиктермен өңдейді. Бала басы туылғаннан кейін иықтың өздігінен бұрылуына мүмкіндік беру керек, бұл кезде кіндік оралуының бар немесе жоқ екендігі тексеріледі. Кіндіктің қатты оралуында 2 қыстырғыш арасында кіндікті кесу қажет, егер кіндік оралуы онша қатты болмаса – кіндіктің тартылуын әлсіретіп, келесі күшенуді күту керек. Асығуға болмайды, бала бетінің көгеруі қауіпті белгі болып табылмайды!.
    Босанудың 3-ші кезеңі белсенді өткізіледі. Қалыпты босануда жаппай өткізілетін бірден-бір шара болып табылады. Бұл әдістің босанудан кейінгі қан кетуді 60%-ға төмендететіндігі дәлелденген.

    1) Бала туылғаннан кейін, әйелдің ішін сипап, жатыр ішінде тағы бір баланың бар екендігі тексеріледі, екінші баланың жоқтығында – бала туылғаннан кейінгі 1 минут ішінде 10 бірлік (ЕД) окситоцин әйел санының бұлшық етіне салынады.

    2) Кіндікті бақылап тарту:

    Кіндікті шатаралығына жақын етіп қыстырғышпен қысу. Қысылған кіндікті және қыстырғыш ұшын бір қолмен ұстау. Екінші қолды әйелдің тікелей қасаға үстіне қойып, жатырды ұстап тұрады, бақылай отырып кіндіктен тарту барысында жатырды қасағадан шығарады. Бұл жатырдың сыртқа айналып шығып кетуінен сақтайды. Кіндікті сәл тартып, жатырдың қатты жиырылуын (әдетте 2-3 минуттен кейін) күту қажет. Жатыр жиырылуын немесе кіндіктің ұзаруын сезген бойда, бала жолдасының туылуы үшін қатты сақтықпен кіндікті төмен қарай тартады. Кіндікті тартқанға дейін өте күшті қан кетуді күтпеңіз. Екінші қолыңызбен кіндікті тарту бағытына қарама-қарсы жаққа қарай жатырды қасағадан шығаруды жалғастырыңыз. Егер плацента 10-20 секунд аралығындағы бақыланатын кіндіктен тарту кезінде түспесе (яғни плацента бөлінуінің белгісі жоқ), онда кіндіктен тартуды тоқтатыңыз. Кіндікті сақтықпен ұстап тұрып, жатырдың келесі жиырылуын күтіңіз. Жатырдың келесі жиырылуында жатырды қарама-қарсы бағытқа шығарып бақыланатын кіндіктен тартуды қайталаңыз. Қасаға үстіне қойылған екінші қолыңызбен жатырды қарама-қарсы бағытқа шығармай ешуақытта кіндікті өзіңе қарай тартпаңыз!

    Плацента туылып жатқанда ұрық қабаттарының жыртылып кетуі мүмкін. Сондықтан плацентаны екі қолмен ұстап, оны сақтықпен ұрық қабаттары туылғанға дейін аударыңыз. Толық туылғанша плацентаны жәйләп тартыңыз. Егер ұрық қабаттары жұлынып кетсе, қынаптың жоғарғы бөлігі мен жатыр мойнын зарарсыздандырылған қолғаппен сақтықпен тексеріңіз, анықталынған ұрық қабаттарының барлық бөліктерін ойығы бар қысқаштарды қолданып, шығарыңыз. Плацентаның бүтіндігіне көз жеткізу үшін тиянақты қараңыз. Егер плацентаның ана жақ бетінің бір бөлігі жоқ болса немесе тамырларымен бірге жұлынған қабат бөліктерінің анықталуы жатыр қуысында плацента бөліктерінің қалғандығына күмән туғызады. Егер кіндік жұлынып кетсе, онда жатыр қуысына қол салып плацентаны алуға тура келеді.



    17-сурет. Плацентаны түгелдігіне қарау


    18-сурет. Екі бөліктен тұратын плацента 19-сурет. Қосымша бөліктерден

    тұратын плацента


    3) Бала жолдасы туылғаннан кейін, әйелдің алдыңғы іш қабырғасы арқылы, жатыр жиырылғанға дейін жатыр түбіне массаж жасаңыз. Босанудан кейінгі кезеңнің алғашқы 1-ші сағаты ішінде әрбір 15 минут сайын, 2-ші сағаты ішінде әрбір 30 минут сайын жатырға массаж жасауды қайталаңыз. Босанудан кейінгі алғашқы тәулік ішінде босанған әйел медицина қызметкерінің бақылауында болуы тиіс.

    Бала туылғаннан кейін аяжан бала жағдайын бағалайды. Егер бала жағдайы қауіп (бала тыныс алып жатыр, айқайлайды, тонусы жақсы, жүрек жиырылуының жиілігі минутына 100 реттен артық) төндірмесе, нәрестені жылы таза жаялықпен құрғатып сүртіп ана ішіне жатқызады. Мұрын және ауыз қуысынан шырышты сору, асқазанды зондылау шараларын барлық нәрестелерге жаппай жүргізудің қажеті жоқ. Нәресте басына таза бас киім, аяғына шұлық кигізіледі, таза, құрғақ жаялық пен жылы көрпемен үстін жабады. Нәресте кіндігі соңында зарарсыздандырылған құралмен кесіледі, әкесімен де кесілуі мүмкін, бұл кезде кіндікті антисептиктермен арнайы өңдеу талап етілмейді. Босану жолдары өте сақтықпен тампон көмегімен қаралады. Акушерлік айналар көмегімен босану жолдарын жаппай қарау жүргізілмейді, жатыр мойнын қарау арнайы көрсетпе (қан кету, құралдар көмегімен босандыру, тез және жедел босану) бойынша жүргізіледі. Әйел ішіне мұз торсық қойылмайды, қуықты жаппай катерлеу жүргізілмейді. Қажет болғанда, босану жолдары жұмсақ тіндерінің жарақаттары жергілікті жансыздандырумен (лидокаин) жасанды сіңірілетін тігіс материалдарымен тігіледі. 1-ші дәрежелі жарақаттардың көбі тігіс салынбай өздігінен жазылады. Тігіс салар алдында қолдағы биялайды ауыстыру қажет, жарақат маңайын антисептикпен өңдейді, босану жолдарын қосымша антисептик ерітінділерінің көмегімен өңдеу талап етілмейді.

    Нәрестеге жасалатын алғашқы күтім әйелді босандырған аяжанмен немесе балалар мейірбикесімен бірге жүргізіледі. Алғашқы 1-ші сағат аралығында әрбір 15 минут сайын және 2-ші сағат аралығында әрбір 30 минут сайын жаңа туылған нәрестенің тынысы мен тері жабындысының реңін тексеру қажет. Егер терісі көгеріп немесе тыныс алуы қиындай бастаса (минутына <30 немесе >60) маскі арқылы оттегі беру және жедел түрде неонатолог дәрігерді шақыру қажет. Нәрестенің дене қызуын электронды термометр көмегімен әрбір 30 минут сайын және босанудан кейінгі 2-ші сағаттың аяғына таман өлшейді.

    Нәресте көзіне профилактикалық май жағуды (1% тетрациклин немесе эритромицин майы) туылғаннан кейінгі 1-ші сағаттың аяғында жүргізеді, қыз баланың жыныс саңылауына қосымша май жағу талап етілмейді. Кіндік сақинасынан 0,3 см қашықтықта кіндікке пластикалық қыстырғыш немесе резеңке сақина салынады. Зарарсыздандырылған қайшы көмегімен кіндік қалдығы қыстырғыштың жоғарғы шетінен 0,3-0,5 см қашықтықта кесіледі. 2-ші сағаттың аяғында неонатолог қарауы жүргізіледі, мұнан кейін нәрестеге таза және құрғақ киім кигізіледі немесе құндақтап орайды, қатты орауға болмайды. Жылу сақтаудың барлық ережелерін қатаң сақтай отырып, 2-ші сағаттың аяғында нәрестенің салмағын және бой өлшемін өлшейді. Терінің арнайы өңдеуі, нәресте үстіндегі тоңдақты сүрту, шомылдыру (қан немесе мекония-алғашқы нәжіспен ластанған жағдайлардан басқа) талап етілмейді. 2 сағаттан кейін анасының қанағаттанарлық жағдайында нәрестесімен бірге босанудан кейінгі бөлімге ауыстырылады.







    написать администратору сайта