курсовая. Курстык жумыс сварка. Кіріспе Алюминий лат
Скачать 1.98 Mb.
|
5.2 Санитарлық-гигиеналық шараларКәсіпорынды санитарлық-гигиеналық абаттандыру - сау және қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге арналған шаралардың маңызды бөліктерінің бірі болып саналады. Өндіріс ғимараты мен жабдықтарды пайдалануға қатысты санитарлық-гигиеналық талаптар санитарлық нормалармен реттеледі. Онда, ғимарат ішіндегі температура, ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы, жарықтану, жұмыс орындарының шаңдану дәрежесі, шу деңгейі мен дірілдер әсері қарастырылған. Өндіріс ғимараты ішінің микроклиматы онда жұмыс істейтін жұмыскерлердің организміне және де жалпы еңбек өнімділігіне әсер етеді. Конвертер бөлімшесі үшін санитарлық норма бойынша температура 180 С кем болмауы керек, ылғалдылық 40-60% шамасында, ауа қозғалысының жылдамдығы: суық кезеңде 0,2 м/с, жылы кезеңде 0,3 м/с аспайтын болуы қажет. Микроклимат нормасын сақтау үшін цех ғимаратында желдету және жылыту жүйелері орнатылған. Артық жылу шығару шамасы 20 ккал/ м3 сағ. аспайтын ғимараттар жылытуды қажет етеді. Жабдықтардан, материалдардан және адамдардан шығарылатын жылу мөлшері 20 ккал/сағ. аспайтын цехтар мен бөлімшелер үшін жұмыс орнындағы температура санитарлық норма бойынша +13-тен +220С дейін рұқсат етіледі. Ал жылдың жылы кезеңінде +17-ден +280 С дейін. Жұмыс орнынан тыс жерлердегі шекті температура нормадан 1,20С төмен болуы мүмкін. [15] 5.2.1 Арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және сақтандыру құралдарымен қамтамасыз етуАрнайы киім – өндірістік жағдайда адам денесін сыртқы ортаның адам денесіні терісі арқылы әсер ететін зиянды факторлардан жеке қорғау ұраы бол табылады. Арнайы киім өндірістік жағдайда үнемі пайдаланылатын күнделікті қолданыстағы және қорғаушы қасиетін арттыру қаеттігін тудыратын қысқа мерзімді қолданыстағы болып бөлінеді. Арнайы аяқ киім адам аяғын сыртқы ортаның зиянды факторлары мен механикалық жарақат алудан сақтайтын құрал болып табылады. Арнайы аяқ киім өндірістік жағдайда үнемі пайдаланылатын және қажет болған жағдайда оның қорғаушы қасиетін арттыратын (бәтеңке, етік, қысқа қоныш етік, галош) қосымша аяқ киімдерге бөлінеді. Қолды қорғаушы құралдар – биялай, қолқап, саусаққап, шынтақтөсем (аралас түрлері). Басты қорғау құралы адам басын кез келген жарақат түрінен қорғауға арналған. Оған жататындар: каскалар, шляпалар, шлемдер, шапкалар, береттер. Көру органы мен бетті қорғау құралдары зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың (шаң, қатты жарықшақ бөлшектер, шашыраулар, көз қаратпайтын сәулелер) әсерінен қорғауға арналған. Оған жататындар: қорғаушы көзәйнек, жартылай маскалар, қолмен ұстайтын және басқа киетін қалқандар, арнайы мақсаттағы қалқандар. Тыныс органын қорғаушы құралдар (сүзуші және оқшаулаушы) – сыртқы ортаның зиянды факторларынан адамды жеке қорғауды қамтамасыз етуге арналған. Сүзуші – сүзгіш материалдарды (картон, талшықты синтетикалық сүзгіш материал) және зиянды газдарды сіңіруші (белсендірілген көмір) . Оқшаулаушы – адамның тыныс органын сыртқы ортаның зиянды факторларынан қорғауды, тыныс алу үшін келетін газ қоспалары арнайы құрылғы көмегімен жүргізіледі. Есту органын қорғаушы құралдар 85 децибелден жоғары жиілікті (ысқыратын, сыңғырлайтын) өндірістік шу әсерінен қорғауға арналған. [15] 5.3 Қауіпті және зиянды факторлар Электр тоғымен зақымдану пісіру аппаратының электр тізбегінде қысқа тұйықталу болып тоқ адам денесінен өткенде болады. Мұндай қысқа тұйықталу себептері төмендегендей: пісіру сымдары мен аппараттарының электр оқшаулауы жеткіліксіздіктен; пісірушінің арнайы киімі мен аяқ киімінің нашарлығынан; бөлменің ылғалдығынан; бөлменің тарлығынан; және басқа факторларға байланысты. Қысқа тұйықталғанда адам арқылы өтетін электр тоғының шамасына байланысты ол келесі жарақаттар алуы мүмкін (тоқтың жиілігі 50Гц): ток күші 0,6-1,5 мА – қолдың женіл дірілдеуі; ток күші 5-7 мА – қолдың тартылуы; ток күші 8-10 мА – қол және саусақтар қатты ауырады және тартылады; ток күші 20-25 мА – қол қозғалмайды, демалу қиындайды; ток күші 50-80 мА – демалу тоқтатылады; ток күші 90-100 мА – демалу тоқтатылады, 3 сек. артық әсер етсе жүрек тоқтайды; ток күші 3000 мА және әсер ету уақыты 10 с болса – демалу мен жүрек тоқтайды, дене құрылымы бұзылады. Яғни адам өміріне қауіпті деп 100 мА немесе 0,1 А шамасындағы тоқтың күшін санау керек. 12В кернеу қауіпсіз деп саналады, ал құрғақ, жылытатылатын және желдетілетін бөлмелерде 36 В қауіпсіз деп саналады. Электр тоғының зақымдауынан қорғануПісірушіні электр тоғының зақымдауынан қорғау үшін төменгі шарттарды сақтау қажет: доғаны нәрлендіру көзінің тұғырлары мен пісіру бұйымын сенімді жермен қосу қажет; жермен қосу сымдарын кері сым есебінде пайдаланбау қажет; электродұстауыштың қолсабын сенімді оқшаулау қажет; құрғақ және мықты арнайы киім және қолғаптармен жұмыс істеу қажет; далада істегенде жауын жауғанда және қар жауғанда жұмысты тоқтату қажет; жабдықтар мен аппараттарды жөндеуге болмайды (мұндай жұмысты электрик жасауы керек); ыдыстардың ішінде істегенде резеңке кілемше мен кернеуі 12В-тан аспайтындай тасылмалы шамды пайдалану қажет. Жермен қосу.Қорғану үшін жермен қосу-бұл электр қондырғылары бөлшектерін жермен металл сым арқылы қосу. Авариялық жұмыс жағдайында тұйықталған тізбекте жер өткізгіш есебінде пайдаланылады. Электр жабдықтарын дұрыс жермен қосқанда екі параллель электр тармағы қалыптасады: біріншісі - аз кедергімен (3-4 ом), ал екіншісі, адам кіретін жағдайға, үлкен кедергімен (2000 ом). Сондықтан, кернеуде тұрған нәрлендіру көзінің тұғырына адам денесі тигенде, тоқ адам денесі арқылы, іс жүзінде өтпейді. Жермен қосу кернеу шамасы мен электржабдықтау жүйесіне (оқшауланған нейтраль немесе жермен қосылған нейтральмен) байланысты орындалады. Жылжитын пісіру қондырғыларында тасымалы жерге қосу құрылымдары пайдаланылады. Электр тоғынан зақым алғанда бірінші көрсетілетін көмек. Бірінші ретте зақымдаушыдан тоқ өтетін сымды ажырату қажет. Бұны құрғақ тақтаймен, ағашпен т.с. алып тасталады немесе сымды өткір қолсабы оқшауланған сайманмен қырқып жіберу қажет. Бәрінен жақсысы, егер мүмкіншілік болса, ажыратқышты немесе сақтандырғышты бірден ажырату. Зақым алған адамға таза ауа ағынын және толық тыныштық қамтамасыз ету керек. Электр тоғымен зақымданғанда барлық жағдайда дәрігерді ертерек шақырған абзал.Электр тоғымен зақымданғанда адам клиникалық (жалған) өлім жағдайында болуы мүмкін. Бұл жағдай -12 минутқа созылады. Бұл уақытта адам медициналық көмек көрсетумен, қолдан демалдыру немесе жүрекке массаж жасаумен бұрынғы қалпына келеді. Адам өлімін тек қана дәрігерлер айтады, оған дейін дәрігер келгенше көмек көрсете беру керек. Зиянды газдар мен шаңдардан улану.Қышқылдан және басқа марганец, көміртегі, азот, хлор, фтор т.с.с.байланыстарынан тұратын пісіру шаңымен ауа қатты ластанғанда пісірушінің улануы мүмкін. Әдетте уланудың белгілері: құсу, бас айналуы, бастың ауруы, әлсіздік, демалудың жиілеуі т.б. Улы заттардың адам организмінің әртүрлі жерлерінде тұрақты қалу қабілеттілігі бар және олар ұзақ ауыратын аурулар болдырады. Ауаның ластығымен күресу үшін келесі шараларды орындау қажет. [12] |