курсовая. Курстык жумыс сварка. Кіріспе Алюминий лат
Скачать 1.98 Mb.
|
5.4 Техникалық қауіпсіздікӨндiрiстің негiзгi қауiпсiздiк талаптары: Техникалық қауіпсіздік бойынша негізгі нормативті-техникалық құжаттардың өндірістік жұмыс жасау кезінде қажетті тізім: Электр тоғымен зақымдану. Электр тоғымен зақымдану пісіру аппаратының электр тізбегінде қысқа тұйықталу болып тоқ адам денесінен өткенде болады. Мұндай қысқа тұйықталу себептері төмендегендей: пісіру сымдары мен аппараттарының электр оқшаулауы жеткіліксіздіктен; пісірушінің арнайы киімі мен аяқ киімінің нашарлығынан; бөлменің ылғалдығынан; бөлменің тарлығынан; және басқа факторларға байланысты. Қысқа тұйықталғанда адам арқылы өтетін электр тоғының шамасына байланысты ол келесі жарақаттар алуы мүмкін (тоқтың жиілігі 50Гц): Электрдоғалы және газбен пісіру мен кесу жұмыстарына тек жасы 18-ден үлкен, теориялық білімі бар, арнайы дайындықтан өткен, техника қауіпсіздігі ережелерімен танысқан, пісіруші күәлігі бар адамдар ғана жіберіледі. Барлық пісірушілер еңбекті қорғау нұсқаулығынан өту қажет. Нәрлендіру көздерінің өткелдерінің арасындағы арақашықтық 0,8м-ден кем болмауы керек. Пісіру трансформаторлардың арасындағы арақашақтық 1 м-ден кем болмауы керек. Пісіру трансформаторын тоқ реттегішінің үстіне орналастыруға тиым салынады. Егер электрпісіру жабдықтары мен пісіру орнының үстінде шатыр болмаса, онда электрпісіру жұмыстарын жаңбыр мен қар жауғанда жүргізуге тиым салынады. Электрпісіру жұмыстары жүргізілетін жердің ылғалдылығы жоғары болса, онда пісірушінің астында құрғақ ағаш немесе диэлектрлік төсеніш болу керек. Егер пісіруші пісіру орнынан бір себептермен кетсе, барлық пісіру жабдықтарын өшіріп кету керек. Электрпісіру жұмыстарын жүзеге асырғанда әр пісірушінің өзінің қалқаншасы (пісірушінің бетін жарық және ультрофиолеттік сәулелерінің әсерінен және балқыған металдың шашырауынан қорғау үшін қажетті құрал), қолғабы (пісірушінің қолын балқыған металдың шашырауынан және жоғары температурадан қорғайды), пісірушінің киімі жанбайтын және электр өткізгіштігі төмен материалдардан, ал аяқ киімі теріден болу керек. Электр доғасы үш түрлі сәуле шығарады: жарық, инфрақызыл және ультракүлгін. Пісіру доғасының жарық сәулесі көзді көрсетпей қалдыратындай қабілеті бар, өткені оның жарығы көзге қажетті жарықтан 10000 есе артық. Инфрақызыл сәуле шығаруы ұзақ әсер еткенде ғана көзді зақымдандырады. Ультракүлгін сәуле шығару жақын қашықтықта қысқа мерзімді әсер етсе де көз ауруын – электрофтальмия (жарықтан қорқу)деп аталатын ауыру болдырады. Аурудың негізгі белгілері - көздің тілгендей ауруы, жасаурау, көрудің уақытша нашарлауы. Ауру белгілері сәулеленгеннен кейін бірнеше сағаттан кейін білінеді. Электрофтальмияны «Альбуцид» тамшылары немесе мырыш тамшыларымен 2-3 күнде емдеуге болады. Сондай-ақ салқын шәймен жуып, салқын компресс жасауға болады. Электрпісірушілер доға сәулелерін өткізбейтін және сіңіретін жарық фильтрлерімен істеу қажет. Жарық фильтрлері доға қуатына қарай таңдалады. Жарық фильтрі шынысының мөлшері 52х102. Жарық фильтрінің сырт жағынан әдеттегі терезе шынысымен қорғалып, ластанғаннан кейін ол айырбасталып тұрады. Пісіру шеберханаларында жарық сәулелерінің шағылысуын болдырмау үшін қабырғалар мен төбелерді бояудың қара түрлерімен бояу керек. Пісіру жұмыстарын жүргізгенде балқыған металл мен қож шашырайды. Бұл шашырандылар пісірушінің қорғалмаған терісіне немесе киіміне түсіп күйдіруі мүмкін. Пісірушіні күйдірмелерден қорғау үшін, ол арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, қолғаппен және бас киіммен қамтамасыз етілуі қажет. Пісіру жұмыстарын тез жанатын материалдармен жақын жерде орындағанда өрт болу қаупі бар. Мұндай қауіп әсіресе құрылыс жұмыстарында жоғары. Егер пісіру жұмыстары жоғарыда жүргізілсе, онда төмендегі тез жанатын заттарды жоғарыдан түсетін ұшқындардан қорғау қажет. Пісіру жұмыстарын жүргізетін орындарда әртүрлі өрт сөндіретін құралдар: жәшік құммен, келтірілген су, өртсөндіргіш т.с.с. болуы қажет. Газбен пісіру және кесу кезіндегі қауіпсіздік техникасы. Газбен пісіру және кесуде негізгі қауіп көздері төмендегілер: жалынның кері соққысынан (су бекітпесі істен шыққанда) ацетилен генераторының жарылуы; баллонның бұрамасында немесе бәсеңдеткіш клапанының май болуынан оттегі баллонын ашқан уақытта оның жарылуы; газ жанарғысы немесе кескіш жалынын абайсыз пайдалану. Бұл жағдайда пісірушінің киімі, шашы жанып, денесін күйдіруі мүмкін және өрт шығу қауіпі бар; егер пісіруші жарық фильтрлерін қолданбаған жағдайда көзін жарақаттауы; зиянды газдармен улануы (желдеткіш болмаған жағдайда). Өндiрiстің негiзгi қауiпсiздiк талаптарыТехникалық қауіпсіздік бойынша негізгі нормативті-техникалық құжаттардың өндірістік жұмыс жасау кезінде қажетті тізім: Пісіру өндiрiстерi үшiн және оның органикалық емес қосылыстарының қауiпсiздiк талаптары; Химиялық, мұнайхимиялық және мұнайды қайта өңдеу өндiрiстердi жарылыс қауіпсіздіктер үшін жарылыс қауiпсiздiктiң жалпы ережелерi; Ауаның бөлiнуiнiң өнiмдерiн тұтыну және өндiрiс кезінде қауiпсiздiк ережесi; Өнеркәсiптiк кәсiпорын-дарда жабдықтың жөндеуiн және техникалық қызмет көрсету жүйесi. Сонымен қатар тізімде міндетті сары пісіру өндірістің нұсқаулары тiзбеде көрсетiлген, регламенттің 13 бөлімін жасауға қажетті. Технологиялық процестің қауiпсiз жүргiзуiн қамтамасыз ету үшiн келесi негiзгi талаптар орындалу керек: 1. Барлық қызмет көрсетушi қауiпсiз жұмыс әдiстерiне қауіпсідік бойынша бiлiмдерін тексеруін және еңбектi қорғауға, өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi нұсқамалықты өтуге мiндеттi. 2. Ішкi тексеріп қарау, жөндеу және аппараттарды тазалау, сұйық қоймаларды, құдықтарды, бункерлерді және басқа технологиялық жабдықты "Жұмыс қауiпсiздікті өткiзу газ қауіпті жұмыстарын iстейтiн цехтарда, сонымен бiрге 13 бөлiм регламенттің көрсетiлген жалпы зауыттың нұсқаулардың талаптарымен сәйкес" талаптармен дәлме-дәлдiкте толық жүргізілуі керек 3. Цехтың барлық технологиялық және жөндеу қызметкерлер құрамы және мердiгерлiк ұйымдар және салалық нормаларға сәйкес жеке қорғауды тыныс алу органдары (газға қарсылармен, респираторлармен және тағы сол сияқтылар) салалық нормалармен сәйкесті жеке қорғаумен қамтамсыз етілу керек. 4. Пісіру астында жөндеу жұмыстары Пісірудің ажыратылған кезінде ғана өндіруге рұқсат етіліді, барлық қауіпсіздік шараларын орындалумен, "Зауыттың іс-әрекет цехтерінде газ қауіпті жұмыстарды қауіпсіз өткізу бойынша нұсқаулықпен жүргізу". Жарылыстарды ескерту. 1. Сәйкесті п.2.3 ОПВБ 1989 ж. 9 бет. эл.печь жүйеде қысым - эл. сүзгілер-конденсаторлар оңды болу керек (кемінде 30 Па), 500 Па асуға тиісті емес. Инертті газдың қысымы тығыз бекітілген бақылау үшін эл. сүзгілер 1000 Па кем емес болуға тиісті. 2. Электр пештерде суды салқындату жүйеде пешке судың ағып кетуі ретсіз: пешке суды тигізуі оттекке және сутегіне жіктеу себепті жарылысқа келтіре алады. Пешке судың тигізуі күйінді ағынөзендердің күйдің артына көз мөлшерімен бақылау нәтижелер "жұмсарған" суды бакта су деңгей құлау бойынша, пешті газда сутегі бойынша, пештің, қысымын темпеpатуpа бойынша тексеріледі. Пісіру ажыратылған болуға тиісті: а) эл. пісіру кезінде (сутегі құрамының жоғарылауы 6 % артық); б) Бакта "жұмсарған пісірудің" деңгейдің құлауы кезінде. 3. Тазалауға эл. сүзгіні тоқтату кезінде немесе жөндеуде газбөліктері жабылған болу керек, төменгі және жоғарғы газбөліктері бұқтырмаларға қойылған болу керек. Фосфоpжинағыш фосфоpдан бөлек болу керек, ыстық сумен және тұрақтандырылған сумен жуылу керек, ішкі суландыру мұнаралы конденсациялар жұмыс аяқталғанша дейін ажыратылмау керек. 4. Электрмен пісіру ішінде жұмыстарды өткізу кезінде соңғысында азотпен үрленген болуға тиісті, улағыштық газды толық алып тастауға дейін одан көміртек тотықтың жоқтыққа келесі лабораториялық тексеруде ауамен тазартылған. [9] 5.5 Еңбектің шарттарын жақсарту 5.5.1 Механикалық жарақаттардан қорғау Механикалық пісіру жағдайда травмалардан құтылу үшін, жұмыс орны барлық талапты ережелерді және техникалық қауіпсіздікті нормаларды және өндірістік санитария, жабдықты орнату үшін жеткілікті аудан болу керек, құрал-саймандарды, жақсы жарықтандырылу керек, желдеткіш болуы керек, металдың бөліктерінен қорғау үшін (кенді) тұтасты немесе торлы қалқаларды (торлар електі көзімен 3 мм – ге дейін), биіктігімен 6000 мм; - жабдықтың жұмыс істеп тұрған кезінде тазалауға (сүртуге), майлау, қарауға, станоктарды жөндеуге, машинаның муфтасын, барабандарды, роликтерді және басқа жабдықтың бөліктерін жұмыс кезінде болмайды. Бөлшекті тек қана механизмнің толық тоқтаған кезінде ғана және оның сенімді ажыратылғанына көз жеткізіп болған соң жөндеге болады; - жұмыстарды электрлік сымдарын жүргізуге жерқосқыштың дұрыс-тығын тексерусіз немесе жоқтығынан тыйм салынады; барлық қозғалатын немесе айналатын механизмді бөліктерде, станоктарды, агрегат-тарды міндетті түрде қоршау керек. Қауіпті аймақтың қоршауы бойынша бірнеше негізгі ережелері бар: - жабдықтың барлық ашық қозғалысты бөліктері, табанды деңгейінен биіктігі бойынша 2,5 м – ге дейін орнатылғандар немесе жұмыс аймақтарда байқаусыз тийіп кетуден, қоршаулы болу керек. Қоршаулар тұтасты немесе торлы електің көзі өлшемімен 20×20 мм; - тісті, белдікті және шынжырлы берілістер, биіктігіне қарамастан олардың орналасуы және айналу жылдамдығы, қоршаулар тұтасты болу керек. - қоршауды жөндеуге алу үшін жабдық тек қана толық тоқтатылуы керек механизмімен бірге. Механизмдерді жөндеуден кейін қосу, тазалау және тексеру, тек қана қоршауды орнына орнатудан кейін және олрдың барлық бөліктерін бекітіп содан соң рұқсат етіледі. Механикалық травмалар, өндіріспен байланысты, көбнесе ұқыпсыздық жағдайларда сәйкесті жұмыстарды орындағанда, жұмыс орында аңқаулық-тан, сонымен қатар жабдықтың істеп тұрған кезінде жанында травмалар пайда болады. Жабдықтың қозғалушы механизмді бөлшектерден қашық тұру керек. [15] 5.5.2 Электр қауіпсіздікті қамтамасыз ету Электрқауіпсіздігі – адамдарды электр тогының, электр доғасының, электрмагнитті өрістің зиянды және қауіпті әсерінен сақтауды қамтамасыз етуге арналған ұйымдастырушылық және техникалық шаралар жүйесі. Электр тогы әсерінің негізгі себептері: - жабдықтардың ток жүретін кернеулі бөліктеріне кездейсоқ жанасу немесе қауіпті ара қашықтықа жақындау; - электр жабдықтарының металл бөліктерінде-тұрқыда, қорғау қалқанында, оқшаулағыштардың бүлінуі нәтижесінде немесе басқа да себептерден кернеудің пайда болуы; - адамдар жұмыс істейтін жабдықтардың токтан ажыратылған бөлікте-рінде кернеудің пайда болуы; - өткізгіштердің жерге тұйықталуы нәтижесінде адымдық кернеулердің пайда болуы. Электр қауіпсіздігінің техникасы: - кернеуі бар ток өтетін бөліктерге, жалаңашталған өткізгіштерге, шамдардың патрондарына, сақтандырғыштарға, айырғыштарға жанаспау; - жерде жатқан жалаңаш өткізгіш сымдарға 10 метрден кем жақындамау, өйткені адам өміріне қауіпті адымдық кернеуге түсіп қалу мүмкіндігі жоғары; - механизмдер мен жабдықтарда жұмыс істер алдында электр жетегінің жерлестірілуінің жарамдылығын тексеру қажет; - тасымалданатын электр шамдарында 12 немесе 42 вольт кернеу, қауіпті жағдайларда жұмыс істеу барысында 12 вольттен аспайтын кернеулер қолданылады; - электр құралдарын, олардың жарамдылығына қарамастан жылына екі рет бөлшектеп бұзып, тексеріп майлап отыру қажет; - тасымалдамалы электр құралы оның жарамды күйі мен кернеуі 42 вольттен аспаған жағдайда қолданылады. Кернеуі 220 вольттық құралдар мына талаптар сақталған жағдайда қолданылуға рұқсат етіледі: а) тұрқысының жерлестірілуі болғанда; б) жұмыс істеу барысында диэлектрлік қолғаптар мен резеңке аяқ киім немесе төсеніш қолданылғанда; - электр құралдар тұрқының жерлестірілуі қимасы белгілі, ерекше белгіленген немесе өзгеше түсті сыммен тұрқыға болт немесе клемма көмегімен қосылуы керек; - электр құралын басқа жұмысшыға беруге және өз бетінше электр сымдарының жалғамаларын жөндеуге тиым салынады; - электр құралдарымен жұмыс істеуге тиісті оқудан өткен және біліктілік дәрежесі бар жұмысшыларға ғана рұқсат етіледі.[11] |