Главная страница
Навигация по странице:

  • Қан кету бөлінеді: Анатомиялық белгілері бойынша

  • Дене қуыстарына байланысты

  • Тоқтату үшін: Артериялық жгут салу. Жгут жарақаттан жоғары жұмсақ төсеніш арқылы қойылады, 1 сағатқа.Дұрыс салу критериялары

  • Қан кетуді таңғышты байлау арқылы тоқтату

  • Қанның кетуін саусақтармен тоқтату

  • Аяқ-қолдан қан кетуді оны буындарды бүгу арқылы тоқтату

  • Қан кетуді бұраумен немесе орап бұраумен тоқтату

  • Кіріспе2. Кіріспе ан кету


    Скачать 23.31 Kb.
    НазваниеКіріспе ан кету
    Дата17.06.2020
    Размер23.31 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаКіріспе2.docx
    ТипДокументы
    #130986

    Кіріспе

    Қан кету- бұл тамырдан қанның тінге және ағза қуысына немесе сыртқы ортаға төгілуі. Қан кету қандай дәрежеде болса да тамыр қабырғаларының бұзылысы немесе оның өткізгіштігі өзгергенде дамиды.

    Қан кету бөлінеді:

    • Анатомиялық белгілері бойынша: артериялық,веноздық,капиллярлық, паренхиматозды.

    • Шақырылу себебіне байланысты: жарақатты,нейротрофикалық.

    • Дене қуыстарына байланысты: сыртқы, ішкі.

    • Қан жоғалтудың үш дәрежесі бар:

    1-байқалатын әлсіздік, бозару,терісі жылы,тахикардия, минутына 100ге дейін. АҚ100.

    2-айқын әлсіздік,бозару, терісі салқын ылғалды, тахикардия 100,АҚ80

    3-геморрогиялық шок,пульс жіп тәрізді АҚ 80мм ртст

    Жарадан немесе дененің табиғи тесіктерден қан сыртқа кеткен кездегі қан кетуді сыртқы қан кету деп атайды.

    Дененің ішінде қанның жиналуын ішкі қан кету деп айтады.

    Сыртқы қан кетулердің арасында көбіне жарадан кету жиі кездеседі, атап айтқанда:

    капиллярлық – қан көп кетпегендіктен аса қауіп төндірмейді, жарадан қан көп тамшылар түрінде бөлінеді. Қан ұюы қалыпты болса, қан кету өз еркімен тоқтайды..

    веноздық, көктамырдан қан кету – қантамырынан қошқыл -қойғылт түсті қанның шапшусыз,тоқтаусыз жай ағыммен, пульсациясыз ағуымен сипатталады. Көктамырлардың анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты, яғни олардың қабырғаларының жұқалығы, клапандардың болуы, ондағы қысымның төмендігі тромб түзуге жағдай туғызып, таңғыш салғанда қанды тоқтатуға мүмкіндік береді. Кеуде мен мойын аймағындағы орналасқан көктамырлардың зақымында ауа эмболиясының даму қаупі орын алады.

    • Қансырап тұрған жараның аймағына жоғары қысыммен қатты таңу салу;

    • Аяқ-қолдан қан кетуде, аяқ-қолды жоғары көтеріп, содан кейін ғана таңу салу;

    • Ірі тамырлар мағынан қан кетуде\шынтақ,тізе,жамбас\ осы буынды қатты бүгу және осы қалыпта фиксация жасау;

    Мойын және кеуде торының веналары жаралауынан қан кеткенде өте қауыпты. Дем алған кезде көктамырда теріс қысым пайда болады және оларға атмосфералық ауа кіреді, осыдан ауа эмболиясы пайда болу қаупі туады. Мойын көктамырына қарсы жақтан көтерген қолды тіреп, таңу салуға болады.

    артериялық – зақымданған тамырдан алқызыл қанның фонтан тәрізді шапшып немесе пульсациялап ағуы. Ірі артерияның зақымы жіті қан жоғалтуға және тіндердің жедел қансыздануына байланысты өмірге аса қауіп төдіреді.

    Тоқтату үшін:

    Артериялық жгут салу. Жгут жарақаттан жоғары жұмсақ төсеніш арқылы қойылады, 1 сағатқа.

    Дұрыс салу критериялары:

    • -жгуттан төмен артерияда қан кету тоқтап , пульсация жоғалуы керек. Одан кейін ауырсынуды басатын дәрі енгізу, қажет болса шиналау , таңу жасау.

    • -немесе саусақпен қан кетуді тоқтату.

    • -ұйқы артериясын мойын омыртқасына көлденең қойып басады,басу нүктесі төс-бұғана-кеуде-емізікше бұлшық етінің ортасына, оның ішкі жағына орналасқан.

    Бұғана асты артериясын бұғана үстінен 1 қабырғадан басады, сол кезде төс-бұғана-кеуде-емізікше бұлшық етінің төске бекітілген жерінің сыртынан жүргізеді.

    -қолтық асты артериясын қолтық астынан, иық сүйегінің басынан қолтық асты шұңқырынан басады.

    Иық артериясын иық сүйегінің ішкі бетінен , екі басты бұлшық еттің ішкі жағынан басады.

    Сан артериясын қасаға сүйегінің көлденең тармағынан басады, сол кезде шап байламынан төмен, жоғары мықын осі және симфиздің жартылай арақашықтығынан бірге басады.

    аралас – жарақаттану кезінде күре тамырдан және артериядан қан кетуі, мұндай қан кету жиі терең жарақаттану кезінде байқалады.

    Біріншілікті қан кету жарақат кезінде бірден пайда болады. Екіншілікті қан кету тамыр зақымданғаннан кейін бірнеше сағат, күн, аптадан кейін байқалады. Егер алғашқы 3 қан кету болса оны екіншілікті ерте қан кету деп атайды, оның себебі тамыр қабырғасына жабысқан тромбтың тамырдан жылжып кетуі (ол науқасты дұрыс тасымалдамағанда, қан қысымы көтерілгенде орын алады) . 10 – 15 күннен кейін аққан қан еіншілікті кеш деп аталады, оның себебі қан тамырының қабырғасы аррозияға ұшырауы, тромбтың іріңді қабынудан еруі.  

    Қан кетуді таңғышты байлау арқылы тоқтату 

    Қан кетуді тоқтату үшін:

    1. жарақаттанған аяқ-қолды көтереді;

    2. қан ағып тұрған жараны (пакеттің ішіндегі) түйілген таңғыш материалмен жауып, үстінен жараның бетіне саусақтарды тигізбей басып; қолды алмай         4-5 минуттай ұстайды. Егер қан кету тоқтаса, салынған материалды алмай, оның үстіне басқа пакеттен тағы бір түйілген материалды немесе мақтаны салып, аздап күш сала отырып, жарақаттанған аяқ-қолдың қан айналымын бұзбау үшін жарақаттанған жерді бинтпен орайды. Қолды немесе аяқты бинтпен орау кезінде төменнен жоғары қарай –саусақтардан денеге орайды;

    қатты қан кету кезінде, егер оны басатын таңғышпен тоқтату мүмкін болмаса, жарақаттанған жердегі қан тамырларын саусақтармен, бұраумен немесе бұрап байлағышпен басу не аяқ-қолды бүгеді. Барлық жағдайда қан кету кезінде дереу дәрігерді шақыру және оған бұрауды нақты салған уақытты көрсету керек. Ішкі қан кету өмірге қауіптірек болып табылады. Ішкі қан кетуді беттің күрт бозғылттануынан, әлсіздіктен, жиі соғатын тамырынан, ентігуден, бас айналудан, қатты шөлдеуден, есін жоғалту халінен байқауға болады. Мұндай жағдайда дереу дәрігер шақыру қажет, ал ол келгенге дейін зардап шегушінің толық тыныштықта болуы қамтамасыз етіледі. Егер ішкі қуыс органдарының жарақаттануына күдік бар болса, оған ішетін зат беруге болмайды.

    Жарақат орнына «суық» (мұз, қар салынған немесе суық су құйылған резеңке қапшық, суық басуларды) басады. 

    Қанның кетуін саусақтармен тоқтату 

    1. Қанның кетуін тез жарақаттан жоғары тұрған сүйекке (денеге жақын) қан ағып тұрған тамырды саусақтармен басу арқылы тоқтатуға болады. Қан ағып жатқан тамырды саусақтармен жеткілікті түрде қаттырақ басады.

    2. Жарақаттардан қанның кетуін:

    беттің төменгі жағындағы – жақтық артерияны жақтың төменгі шетіне қарай басу арқылы;

    шеке мен маңдайдағы – шеке артериясын құлақтың алдына қарай басу арқылы;

    бас пен мойындағы – ұйқы күре тамырын мойын омыртқасына қарай басу арқылы;

    қолтық асты шұңқыры мен иықтағы (иық тамырына жақын) – бұғана астындағы артерияны бұғана астындағы ойға қарай басу арқылы;

    білектегі – білек артериясын сырт жағынан білектің ортасына қарай басу арқылы;

    қолдың буыны мен саусақтарындағы – екі артерияны (кәрі және шынтақ) үшінші төменгі қолдың буынын білекке қарай басу арқылы;

    жіліншіктегі - жіліншік астындағы артерияны басу арқылы;

    сан жамбастағы – сан жамбас артериясын жамбас сүйектеріне қарай басу арқылы;

    табандағы - табанның ішкі жағындағы артерияны басу арқылы тоқтатады.

    Аяқ-қолдан қан кетуді оны буындарды бүгу арқылы тоқтату

     

    1. Егер аяқ-қол сынбаған болса, аяқ-қолдағы қан кетуді буындарды бүгу арқылы тоқтатуға болады.

    2. Зардап шеккеннің жеңін немесе шалбарын түріп, және қандайда бір материалды түйіп, оны буынды бүккен кезде пайда болатын жарақаттан жоғары орналасқан ойық жерге қойып, сосын түйін үстіндегі буынды қатты күшпен басады. Мұндай кезде жарақатқа қан беретін бүгілген жердегі артерия басылады. Осы аяқ немесе қол бүгілген қалыпта зардап шегушінің денесіне байлайды немесе таңады. 

    Қан кетуді бұраумен немесе орап бұраумен тоқтату 

    1. Егер буынды бүгу тәсілін қолдану мүмкін болмаса (мысалы сол аяқ-қолдың сүйектері сынған кезде) қатты қан кету кезінде бұрау салу арқылы барлық аяқ-қолды тартады.

    2. Бұрау ретінде қандай да бір жұмсақ созылатын матаны, резеңке түтікті, бауды және тағы басқа қолданған дұрыс. Бұрауды салу алдында аяқ-қолды тартады.

    3. Егер көмек көрсетушінің қасында көмекшісі болмаса алдымен артерияны саусақтармен басуды зардап шегушіге тапсыруға болады.

    4. Бұрауды дененің бөлігіне жақын иыққа немесе жамбасқа салады. Бұрау салатын жерді теріні зақымдамау үшін жұмсақ, мысалы бірнеше қабатталған бинтпен немесе дәкемен орайды. Бұрауды жеңнің немесе шалбардың сыртынан салуға болады.

    5. Бұрауды салу алдында оны созып, содан кейін онымен терінің барлық жерін бұрау ортасында ашық жер қалдырмай аяқ-қол қатты оралады.

    6. Бұраумен аяқ-қолды тарту кезінде оны аса қатты байлауға болмайды, себебі олар тартылып жүйке тамырлары зақымдануы мүмкін. Бұрауды қан кету тоқтағанға дейін салады. Егер қан кету тоқтамаса, онда қосымша (қаттырақ байлап) бірнеше қабат бұрау салынады.

    7. Бұраудың дұрыс салынғандығын тамырдың соғуы бойынша тексереді. Егер оның соғылуы сезілсе, онда бұрау дұрыс салынбаған және оны алып қайта салады.

    8. Салынған бұрауды 1,5-2,0 сағаттан артық ұстауға болмайды. Бұл қан бармаған аяқ-қолдың жансыздануына әкеп соғады.

    9. Салынған бұраудан болатын сыздаудың соншалықты ауыр болатындығына байланысты уақытша бұрауды шешуге тура келеді. Мұндай жағдайларда бұрауды шешу алдында қан ағып жатқан артерияны саусақтармен басу және зардап шегушінің дем алуына, аяқ-қолға біршама қанның баруына мүмкіндік береді. Содан кейін бұрауды қайта салады. Бұрауды біртіндеп және ақырын босатады. Егер зардап шегуші бұраудың әсерінен болған сыздауға шыдайтын болса да, бір сағаттан кейін оны 10-15 минутқа шешеді.

    10. Егер қол астында резеңке лента (бұрау) болмаған кезде аяқ-қолды созылмайтын материалдан: галстуктан, белдіктен, ширатылған орамалдан немесе сүлгіден, жіптен, белбеуден және тағы басқа жасалған  орап бұрау арқылы тартуға болады.

    11. Орап бұрауға пайдаланылатын материал жұмсақ (мысалы бірнеше қабат бинтпен) жабылған тартылатын аяқ-қолдың айналдыра өткізіледі және аяқ-қолдың сырт жағынан түйінделіп байланады. Осы түйінге немесе оның астына таяқша түріндегі қандайда бір зат салынады, ол қан тоқтағанға дейін бұралады. Жеткілікті дәрежеге дейін таяқшаны бұрап, өздігінен тарқатылып кетпеуі үшін оны бекітеді.

    12. Бұрауды салғаннан немесе орап бұрауды жасағаннан кейін оны салған уақыт көрсетілген жазба жасайды және оны бинт немесе бұрау астындағы оралған жерге салынады. Аяқ-қолдың терісіне жазуға да болады.

    13. Мұрыннан қан кеткен кезде зардап шегушіні отырғызып, басын алдыға қарай еңкейтіп, ағып жатқан қанның астына ыдыс қойып, оның жағасын ағытып, мұрын қырына салқын басып, 3 % сутегі тотығына суланған мақта немесе бинттің бөлігін мұрынға салып, саусақтарымен 4-5 минутқа мұрын қанаттарын қысады.

    14. Ауыздан қан кеткен (қанды құсқан) кезде зардап шегушіні жатқызу және дереу дәрігер шақырылады

    Үй тапсырмасы: Терминальды жағдай. Қарапайым жүрек-өкпелік реанимация


    написать администратору сайта